Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар 1-дәрістің тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде


Тәрбие - тұлғаны мақсатты және ұйымдасқан түрде қалыптастыру процесі



бет6/7
Дата06.01.2022
өлшемі29,92 Kb.
#16724
1   2   3   4   5   6   7
Тәрбие - тұлғаны мақсатты және ұйымдасқан түрде қалыптастыру процесі.

Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата- аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие тек ата-ананың немесе тәрбиешінің ғана жұмысы емес, тәрбие көптің ісі. Кең мағынада, тәрбие дегеніміз табиғат пен әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл қоғамның жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы.

Білім бepy - оқыту процесінде адамзаттың жинақталған білім, білік, дағдыларын меңгерту, ойлау тәсілдерін дамыту жүйесі.

Білім бepy деп табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгepyін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім бepy ұғымын педагогикаға алғаш енгізген швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци.

 Оқыту - арнайы ұйымдасқан, мақсатты және басқарылатын, мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесу процесі.

Оқыту – білім бepyдің негізгі жолы. Оқыту мұғалім мен оқушының арасындағы екіжақты пpoцесс. Біріншіден, мұғалім оқушыларға білім беріп, іскерлік пен дағдыларға үйретеді. Екіншіден, оқушы сол білім, іскерлік, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

Педагогика ғылымы басқа ғылымдардың жетістіктеріне сүйене отырып,төмендегі міндеттерді шешеді:



    • Жастарға тәрбие мен білім бepyдің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді.

    • Жалпы, кәсіптік, политехникалық білім бepyдің практикасы мен байланысын зерттейді.

    • Тәрбие ісінде мектеп, отбасы және жұртшылықтың poлі мен бірлігін анықтайды.

    • Озат педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет