8.3 Жұмысты орындау тәртібі
8.3.1 Жұмысқа дайындаларда орындалады.
а) Зертханалық стенд және схемаларды құрастыру ережелерімен танысыңыздар.
б) Стендтегі бар триггерлер мен басқа элементтерді пайдаланып дербес тапсырмалар бойынша 0,1 ауысуы бойынша істейтін тікелей байланыстылы төмендегі екілік санауыштардың біреуін жобалаңыздар; екі разрядты реверсивті; үш разрядты азайтушы; екі разрядты қосқыш асинхронды жүктемелі. Жұмыстарының уақыт диаграммаларын тұрғызыңыздар.
в) К155ИЕ5 санауыш негізінде санау модулі берілген санауыш жобалаңыздар. Жұмыстарының уақыт диаграммаларын тұрғызыңыздар.
г) К155ИЕ7 санауыш негізінде, алғашқы күйді жүктеу тәсілін пайдаланып санау модулі берілген санауыш жобалаңыздар. Жұмыстарының уақыт диаграммаларын тұрғызыңыздар.
д) Баяндама бекітпесін даярлаңыздар, оған б…г бөлімшелерде жобаланған уақыт диаграммалары мен схемаларды енгізіңіздер.
8.3.2 Зертханалық сабақта орындалады.
а) 8.3.1 б) бөлімшесіндегі жобаланған схеманы құрастырып оның дұрыс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізіңіздер.
б) К155ИЕ5 және К155ИЕ7 санауыштарының жұмыстарын зерттеңіздер.
в) Кезекпен 8.3.1 в), 8.3.2 г) бөлімшелерде жобаланған санауыштарды құрастырып олардың дұрыс жұмыс істейтіндеріне көз жеткізіңіздер.
г) Баяндаманы мұғалімде қорғаңыздар.
8.4 Тапсырмалар варианттары
8.4.1 К155ИЕ5 санауышы үшін санау модулі
-
1) 4
|
2) 5
|
3) 6
|
4) 7
|
5) 8
|
6) 9
|
7) 10
|
8) 11
|
9) 12
|
10) 13
|
11) 14
|
12) 15
|
13) 3
|
14) 2
|
15) 4
|
16) 5
|
17) 6
|
18) 7
|
19) 8
|
20) 9
|
21) 10
|
22) 11
|
23) 12
|
24) 13
|
25) 14
|
26) 15
|
27) 3
|
28) 2
|
29) 7
|
30) 11
|
|
|
8.4.2 К155ИЕ7 санауышы үшін санау модулі
-
1) 2
|
2) 3
|
3) 4
|
4) 5
|
5) 6
|
6) -14
|
7) -13
|
8) -12
|
9) -11
|
10) -15
|
11) 7
|
12) 8
|
13) 9
|
14) 10
|
15) 11
|
16) -2
|
17) -3
|
18) -4
|
19) -5
|
20) -6
|
21) 12
|
22) 13
|
23) 14
|
24) 15
|
25) -7
|
26) -8
|
27) -9
|
28) -10
|
29) 9
|
30) -12
|
|
|
8.4.3 « Минус» таңбасы санауыш азайтқыш, ал таңба жоқтығы санауыш қосқыш екендігін білдіреді.
8.5 Әдістемелік нұсқаулар
Т- триггерлер стендтегі бар D-триггерлер негізінде құрастырылады. Асинхронды жүктелетін және реверсивті санауышты жасау үшін дайын мультиплексорды пайдалануға болады. Санауыштар санау кірісіне с игналдарды S түймесі немесе генератордың шығысынан беруге болады.
Санауышқа түскен импульстар саны индикатор арқылы тіркеледі. Индикаторды іске қосу үшін К155ИЕ7 санауышы шығарылымының Х1 ұясындағы 1 және 2 түйіспелері арасына жалғау қою керек.
Уақыт диаграммаларын 8.3.1 б) және в) бөлімшелерінде алғашқы күйден, ал 8.3.1 г) бөлімшесінде қосқыш санауыш үшін 14 саны кодынан, азайтқыш санауыш үшін 1- ден бастап салу керек. Диаграммалар 1,5…2 санау циклін қамту кажет.
8.6 Бақылау сұрақтары
8.6.1 Санауыш деген не және ол қайда қолданылады? Олар қандай болады?
8.6.2 Берілген санауыш негізінде санау модулі М санауыш добалаңыздар.
8.6.3 Импульстер санауышының санауыш–бөлгіштен қандай айырмашылығы бар?
8.6.4 Тікелей байланыстылы санауыштар қандай принцип бойынша жасалады? Параллель тасымалдаулы ше? Синхрондылар?
8.6.5 Еркін санау модульді санауыштарды жасаудың қандай тәсілдері бар және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
8.6.6 Санау модулі М берілген санауыш негізінде шығыс импульс ұзақтығы кіріс немесе тактілік импульстің ұзақтығына тең санауыш–бөлгіш жобалаңыздар.
К155ИЕ7 (К155ИЕ5) санауышының М1 санау модулін М2 санау модуліне ауыстыратын (екі позициялы ауыстырып қосқыш пайдаланады) схеманы жобалаңыздар.
9 ТІРКЕУІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ
№ 6 Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |