а) Зертханалық стенд пен схеманы құрастыру ережелерімен танысыңыздар.
б) Стендтегі бар триггерлер мен басқа элементтерді пайдаланып дербес тапсырмалар бойынша темендегі жылжыту регистрін жобалаңыздар; екі немесе үш разрядты реверсивті; параллель жүктемелі екі немесе үш разрядты және оңға қарай ығыстырушы.
в) К155ИР1 регистріне берілген комбинацияны DS кірісі арқылы тіркес енгізу процессінің уақыт диаграммасын тұрғызыңыздар.
г) К155ИР1 регистрі негізінде санау модулі берілген Джонсон санауышын жасап оның уақыт диаграммасын салыңыздар.
д) Баяндама бекітпесін дайындаңыздар, оған жобаланған схемалар мен уақыт диаграммаларын енгізіңіздер.
9.3.2 Зертханалық сабақта орындалады.
а) Жоғарғыдағы 9.3.1 б) бөлімшесіндегі жобаланған схеманы құрастырып, жұмысының дұрыстығын тексеріңіздер.
б) Берілген екілік комбинацияны тізбектей және параллель тәсілдермен жазыңыздар. Уақыт диаграммасын салып, оның дұрыстығын тексеріңіздер. Оны екі разрядқа оңға жылжытыңыздар.
в) Жобаланған Джонсон санауышын құрастырып, оның жұмысының дұрыстығына көз жеткізіңіздер.
9.4 Әдістемелік нұсқаулар Регистрді триггерлер негізінде жасағанда стендтегі дайын К155КП2 мультиплексорын пайдаланыңыздар, егер, ол жеткіліксіз болса, қосымша ЛЭ –ден құрастырыңыздар.
Санауыштың уақыт диаграммасы 1,5 …2 циклды қамтуы керек. Оны тұрғызуды кіші разрядта бір, қалғандарында нөлдер болғаннан бастау қажет. Санауыш жұмысын тексерместен бұрын осы комбинацияны регистрге жазу керек.
К155ИР1 регистрі негізінде схемаларды жобалап және оны тексерерде CL(С2) және CD(С1) біріктіріп ортақ параллель жазу мен ығыстырудың синхронизациялаушы кірісі ретінде пайдаланылады.
Егер, регистрдің шығыстарын индикатордың A …D ұяларына (D кіші разрядқа ж.т.б.) қосып, Х1 ұясының 5 және 6 түйіспелері арасына жалғау қойса, онда индикатор он алтылық кодта регистрдегі екілік комбинацияны көрсетеді.