Селиванов П. В., Тастембеков Т. А. Аналогты және санды электрондық Қондырғылар



бет9/16
Дата15.11.2023
өлшемі5,45 Mb.
#123672
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
7.3 Жұмысты орындау тәртібі

7.3.1 Жұмысқа дайындық кезінде орындалады.


а) Зертханалық стенд сипаттамасы мен схеманы жинау ережелерімен танысыңыздар.
б) Статикалық D-триггердің ауызша суреттемесімен оның ақиқат кестесін құрастырыңыздар. Соны пайдаланып, қуғындаудан еркін статикалық D-триггердің теңдеуін қорытып шығарыңыздар. Соның схемасын ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ элементтерінде құрастырыңыздар.
в) Жекелей берілген асинхронды тура кірісті және синхронды RS, статикалық және динамикалық D, асинхронды және синхронды Т триггерлердің кіріс сигналдарының уақыт диаграммалары бойынша олардың шығыс сигналдарының уақыт диаграммаларын сызыңыздар. Кіріс сигналдардың варианттары 7.4-суретте келтірілінген.
г) Баяндама дайындап, оған ЛЭ-дегі асинхронды және синхронды RS-триггердің схемасын; D-триггердің ақиқат кестесі мен схемасын ( б) бөлімшеде дайындалған); К155ТМ2 D-триггер негізінде жасалған Т-триггер схемасын; уақыт диаграммасын ( в) бөлімшеде дайындалған) енгізіңіздер.
7.3.2 Зертханалық сабақта орындалады.
а) Кезекпен асинхронды және синхронды тура кірісті RS-триггерді құрастырыңыздар және зерттеңіздер. Диаграммадағы шығыс сигналдардың нақты сигналдармен сәйкестігін тексеріңіздер.
б) Дайындалған D-триггердің схемасын құрастырыңыздар және шығыс сигналдардың кестедегімен сәйкестігін тексеріңіздер. Осы D-триггерді зерттеп, диаграммадағы шығыс сигналдардың нақты сигналдармен сәйкестігін тексеріңіздер.
в) Панелдегі К155ТМ2 динамикалық D-триггерін зерттеңіздер. Диаграммадағы шығыс сигналдардың нақты сигналдармен сәйкестігін тексеріңіздер.
г) К155ТМ2 триггер негізінде асинхронды Т-триггер құрастырып, оны зерттеңіздер. Диаграммадағы шығыс сигналдардың нақты сигналдармен сәйкестігін тексеріңіздер.


7.4 Тапсырмалар варианттары

Уақытша диаграммаларды, сигналдардың өзгеру кезеңін қатаң қадағалай отыра, сызып алыңыздар.


Тапсырмаларда бірінші цифр – синхронизациялаушы С кірістегі сигнал, екінші цифр – S кірістегі сигнал, үшіншісі – R кірістегі сигнал, төртіншісі – D кірістегі сигнал, бесіншісі – Т кірістегі сигнал. Кіріс сигналдардың уақытша диаграммалары 7.4-суретте көрсетілген.

1) С1,1,2,1,1 2) С1,1,3,2,2 3) С1,1,4,3,3


4) С1,1,5,4,4 5) С1,1,6,5,5 6) С1,1,7,6,6
7) С1,1,8,7,7 8) С1,1,9,8, 8 9) С1,2,3,9,9
10) С1,2,4,10,10 11) С2,2,5,1,10 12) С2,2,6,2,9 13) С2,2,7,3,8 14) С2,2,8,4,6 15) С2,2,9,5,6
16) С2,3,4,6,5 17) С2,3,5,7,4 18) С2,3,6,8,3
19) С2,3,7,9,2 20) С3,6,7,7,9 21) С3,4,5,1,3
22) С3,4,6,2,4 23) С3,4,7,3,5 24) С3,4,8,4,6
25) С3,5,6,5,7 26) С3,5,7,6,7 27) С3,6,7,7,9
28) С3,6,8,8,10 29) С3,5,8,9,1 30) С3,7,8,10,2

7.5-сурет Жеке тапсырмалардың уақыт диаграммалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет