Селиванов П. В., Тастембеков Т. А. Аналогты және санды электрондық Қондырғылар



бет6/16
Дата15.11.2023
өлшемі5,45 Mb.
#123672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
5.5 Бақылау сұрақтары

5.5.1 Мультиплексордың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіздер.


5.5.2 Берілген функцияны мультиплексорда реализациялау схемасын сызыңыздар.
5.5.3 Пайдаланылатын мультиплексорларда: шығыс жоғарғы омды күйлі; рұқсат кірісі бар; екеуі де жоқ болған жағдайларда, m ақпараттық кірісті мультиплексорларды қолдана отыра, 2m ақпараттық кірісті мультиплексордың схемасын жасаңыздар.
5.5.4 Кіріс сигналдары берілген мультиплексордың шығыс сигналдарының мәндерін анықтаңыздар.
5.5.5 Қосарланған К155КП2 мультиплексордың, екі тәуелсіз 2 1 мультиплексорын алу үшін кірістерін, қалай жалғау керек?
5.5.6 Берілген функцияның ықшамдалған ақиқат кестесін құрастырыңыздар.
5.5.7 Ықшамдалған кесте бойынша толық ақиқат кестені қайта тұрғызыңыздар.


6 ДЕШИФРАТОРДЫ, ДЕМУЛЬТИПЛЕКСОРДЫ ЖӘНЕ КОД

ТУРЛЕНДІРГІШТІ ЗЕРТТЕУ


№3 Зертханалық жүмыс




6.1 Жұмыстың мақсаты

Дешифраторлар мен демультиплексорлардың жұмыс істеу принципімен танысу. Код түрлендіргіштерді синтездеу дағдыларын қалыптастыру.




6.2 Қысқаша теориялық мәліметтер

Дешифратор - n кірісі және шығысы бар комбинациялық схема. Мұндай схемаларда актив сигнал, кірісте екілік кодта номері көрсетілген шығыста қалыптасады. Сондықтан кірістерді жиі адрестік деп атайды. Дешифратордың жұмысын сипаттайтын теңдеу түрі




, (6.1)
мұнда, i - шығыс номері
К - i - ші минтерм (екілік кодта номері i - ші шығысты өрнектейтін n кіріс айнымалылардың конъюнкциясы, осы жағдайда бірге тең).
Келтірілінген (6.1) теңдеуі бір ғана шығысты сипаттайды,сондықтан теңдеулер саны шығыстар санына тең. Шығыстар саны -ден аз болуы мүмкін. Бұл жағдайда дешифратор толық болмайды. Мысалы, дешифратор бір кірісті, екі шығысты. Осындай дешифраторды сипаттайтын функцияның түрі төмендегідей:
; .

Көптеген дешифраторлардың рұқсат етуші деп аталатын қосымша кірістері болады. Осы кірістегі сигнал актив деңгейде болғанда дешифратор кәдімгідей жұмыс істейді. Ал, актив емес деңгейде – адрестік кірістердегі сигналдарға тәуелсіз, барлық шығыстарда актив емес деңгей қалыптасады. Бұл жағдайда дешифратор


,

функциясын реализациялайды. Мұнда, Е-рұқсат кірісіндегі сигнал.


Егер, рұқсат кірісін ақпараттық деп есептесек, онда мұндай дешифратор демультиплексор функциясын атқарады.
Демультиплексор –бір ақпараттық кірісі, n адрестік кірісі және шығысы бар комбинациялық схема. Демультиплексор мультиплексор орындайтын амалдың керісін орындайды, яғни, номері екілік код комбинацияда адрестік кірісте көрсетілген шығысқа кірістегі сигналды береді. Демультиплексор реализациялайтын функция төмендегідей


,
мұнда DOi -шығыстағы сигнал;
DI - ақпараттық кірістегі сигнал;
Ki(v) -кірістегі сигнал берілетін шығысты анықтайтын минтерм.
Мысалы, демультиплексордың ( -ге деп оқылады) бір ақпараттық, бір адрестік кірістері, екі шығыстары бар. Оның жұмысын анықтайтын теңдеу төмендегідей
;
DO1 = DI  X.

Дешифраторлар интегралдық (жинақ) түрінде шығарылады. Рұқсат кірістері барлары дешифратор-демультиплексорлар деп аталады. Оларды екі сапада да қолдануға болады. Негізінде ТТЛ сериясындағы микросхемаларда рұқсат кірістері мен шығыстағы сигналдардың актив деңгейлері –төменгі деңгей (нөл).


Қосарланған 531ИД14 дешифратор-демультиплексорды қарастырайық, ол 2х4 дешифратор есебінде және демультиплексор есебінде жұмыс істей алады. Бір дешифратор-демультиплексордың шартты графикалық таңбалануы 6.1-суретте көрсетілген.



6.1-сурет 6.2-сурет 6.3-сурет

Дешифратор режимінде жұмыс істеу үшін Е кірісіне 0 беріледі. Демультиплексор режимінде Е кірісіне ақпарат, ал адрестік кірістерге ақпарат берілуге тиісті шығыстың номерін анықтайтын екілік комбинация беріледі.


Дешифраторлар мен демультиплексорлар микропроцессорлық және ақпараттық-өлшеуіш жүйелерін тұрғызғанда, басқару жүйелерінде объектілерді таңдағанда, ақпараттық сигналдар мен синхроимпульстарды таратушылар есебінде, берілгендерді демультипликациялауға ж.б.ж. қолданылады.
Дешифратор код түрлендіргіштер деп аталатын комбинациялық схемалардың дербес түрі болып табылады. Код түрлендіргіш n-кірісі және m-шығысы бар комбинациялық схема, мұнда кіріс айнымалылардың әрбір комбинацияларына шығыстардағы айнымалылардың белгілі бір комбинациялары сәйкестендіріледі. Олардың, яғни, n мен m арасындағы қатыс кез келген болуы мүмкін. Екілік кодты екілік-ондық кодқа, екілік кодты жеті сегментті индикаторды басқаруға ж.т.б. код түрлендіргіштер бар. Дешифраторды екілік кодты унитарлық кодқа түрлендіргіш есебінде қарастыруға болады. Еркін код түрлендіргіштің шартты графикалық таңбалануы 6.2-суретте көрсетілген.
Түрлендіргішті дербес ЛЭ арқылы синтездегенде функциялар әрбір шығыс үшін ақиқат кестемен беріліп, басқалармен бірге біркелкі желімдеулер саны көбірек болатындай, минимизацияланады (ықшамдалады). Осы жағдайда түрлендіргіш аз санды ЛЭ көмегімен реализацияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет