Тілдің таңбалық сыпаты туралы мәселе сөздің лексикалық мәні туралы мәселемен тығыз байланысты. Ф.Де Соссюррдің пікірі бойынша, сөздің екі жағы бар: оның бірі – таңбалаушы /означающее/, екіншісі – таңбаланушы /означаемое/. Таңбалаушы-сыртқы жақ, ол – дыбыстардың тіркесі, комплексі. Таңбаланушы – ішкі жақ, ол – ұғым, мазмұн. Ф.де Соссюр сөздің осы екі қырын ешуақытта бірінен бірін жеке бөліп қарауға болмайды олар бір-біріне байланысты шықкан деп есептейді. Ал, шындығында, мұның қайшы пікір екендігі, таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы қатынастың ешқашан бөлінбейтін біртұтас еместігі кейіннен шешілді. Бұл байланысты /таңбалаушы мен таңбаланушы/ бір жақты, шартты ғана екендігі жөнінде А.Ельмелев ашып айтады: “Это линейность означающего и означаемого сама по себе оказывается абсолютно условной, немотивированной и, по существу, принципиально несущественной
Тілдің таңбалық сыпаты деп сөйлесімді құрайтын элементтердің жиынтығын /морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем т.б./ және тілдік тұлғалардың құрылысын айтамыз. Тілдегі таңбалық қызметті осы сөздердің дыбыстық жамылғышы атқарады. Дыбыстық таңбалардың бәрі бірігіп келіп бір жүйе – таңбалар жүйесін құрайды. Бірақ тілдегі таңбалық бөлшектердің жүйесін таңбалардың басқа түрлерімен, мысалы, жол бойы белгілерінің жүйесімен, цифрлар жүйесімен немесе әскери сигналдар жүйесімен бірдей деп есептеуге болмайды. Олардың арасында көп айырмашылықтар бар.
Тіл- ойды білдірудің, пікір алысудың адамдар арасындағы қатынастың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы. Осы қоғамдағы күллі адамдар өмірдің, іс-әрекеттің барлық саласында қолданылады. Ал басқа таңбалар жүйесінің қолдану өрісі қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау мүмкіндігі анағұрлым аз болады. Бұл – бір.
Екіншіден, тілдің көптеген басқа таңбалар жүйесінен айырмашылығы сол: тіл мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамдардың хабарланатын жайға қатысын, қалай қарайтынын, ұнатуын немесе ұнатпауын, эмоцияның т.б. түрлерін білдіреді. Мәселен, стилистикалық синонимдер сөздердін эмоциональды және экспрессивті сапасына негізделеді. Мысалы, “қуаныш” дегеннен гөрі “шаттық” дегеннің эмоциональды – экспрессивті жағы күштірек. Сондай-ақ “жарық” дегеннен гөрі “сәуле” дегеннің эмоциялық бояуы қалыңырақ, экспрессивті қызметі күштірек болса, “сәуле” дегеннен гөрі “нұр” дегеннің эмоциональды-экспрессивті сапасы басымырақ. Жазушы көркем шығарма жазуда көп жағдайда сөздерді осы аталған эмоционалды, экпрессивті сапасы мен қызметіне қарай таңдайды, оларды, бейнелеудің құралы ретінде пайдаланады. Тіл, сөйтіп, логикалық ойлаумен ғана емес, сонымен бірге адамдардың психологиялық дүниесімен де байланысты. Мұндай қасиет таңбалардың басқа жүйелерінде, мысалы, транспорт /автомобиль, темір жол, су жолы/ сигнализациясында жоқ.
Үшінші айырмашылық мынада: тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады. Олар келісім бойынша жасалып, келісім бойынша өзгере алады. Таңбалардың мұндай жүйесі қоғамдағы барлық адамдардың қатысуымен емес, сол мамандықтын уәкілдерінің қатысуымен және олардың келісімі бойынша жасала береді.
Тілдегі таңба мәселесін сөз еткенде, оның бір қалыпқа жетпеген қайшы жақтары жоқ емес. Таңбалық сипат тілдегі тұлғаның қайсы элементіне қатысты деген сұрақ әлі күнге толық шешімін таппай келеді. А.А.Уфимцева тілдегі таңбалық сипат дегеніміз – тілдік элементтердің: морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем т.б. байланысы десе,В.М.Солнцев сөз бен таңбаны тең құбылыс деп санайды:
Пайдаланған әдебеттер:
Қалиев Ғ. Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы 2006жыл
Сарекенова Қ.Қ Қазақ тілінің лексикологиясы. - Алматы 2014 жыл