2.1 Салмалы карамелъ алу технологиясы Жеміс салмалы оралған карамель өндірісінің механикаландырылған ағынды желісі екі плунжерлі сорғыш-мөлшерлегіш шәрбатты вакуум аппараттың ирек түтікті қайнатқыш бағаншасына айдайды.
Бұл жерде шәрбат құрғақ заттарының концентрациясы 98,5% жеткенше, карамель массасына айналғанша, қайнатылып қоюландырылады. Шәрбатты қайнату нәтижесінде пайда болған қайталама бу вакуум-камерадан конденсаторға түседі, ол жерде түзілген конденсат пен салқындатқыш судың қоспасы ылғал ауа сорғыш арқылы сорылып алынады. Дайын карамель массасы вакуум-камерадан мезгіл-мезгіл салқындатқыш машинаның жүктеу құйғысына беріліп тұрады, ол жерден ол жұқа қабат болып еңкіш орнатылған салқындатқыш плитаға шығарылады.
Карамель массасының қозғалыстағы қабатына мөлшерлегіштерден үздіксіз эссенция, лимон қышқылы және бояуыштар беріліп тұрады. Карамель массасы 90–95˚С дейін салқындатылып конвейермен созу машинасына беріледі. Ол жерде масса бояуыш және хош иістендіргіш қоспалармен араласып, үздіксіз созылады және ауамен қанықтырылады. Созылған масса таспалы конвейер арқылы үздіксіз карамель есу машинасына беріліп тұрады. Салма жинақтағыш салманы иілгіш 243 шланг пен түтік арқылы карамель батонының ішіне айдайды. Карамель батоны есу дәрежесіне қарай білемге айналдырылады.
Карамель есуші машинадан шыққан салмалы карамель білемі өнімді қажетті диаметрге дейін калибрлейтін білем созғыш машинадан өтеді. Калибрленген карамель білемі үздіксіз карамельді қалыптап, тиісті пішіні мен бетінде суреті бар жекелеген өнімдерге бөлшектеп тұратын карамель қалыптаушы машинаға беріліп тұрады. Температурасы 60–65˚С қалыпталған карамель жұқа ұстатқышы бар үздіксіз тізбекпен жіңішке таспалы салқындатқыш конвейерге барып түседі, ол жерде ұстатқыштар суып, карамель сырты алдын ала салқындайды (қабыршақ пайда болады) да, ол салқындатқыш шкафқа жіберіледі. Салқындатқыш ауа 8–10˚С желдеткіштер арқылы ауа түтіктерімен жіңішке суытқыш конвейерге және шкафқа беріледі. Салқындатқыш аппараттарға ауаны арнайы кондиционерлерде дайындайды, ол жерде оның температурасы ғана емес, салыстырмалы ылғалдылығы да реттеледі.
Салқындатқыш конвейер мен шкафта карамель тізбегі жекелеген өнімдерге бөлініп, 40–45˚С температураға дейін салқындатылады. Салқындату ұзақтығы 4 минут, салқындататын ауа шығыны 8 мың м3/сағ дейін жетеді. Салқындатылған карамель шкафтан бойына карамель орайтын машиналар орнатылған үлестіру конвейеріне түседі. Үлестіру конвейерінің астына оралған өнімді жинайтын таспалы конвейер орналасқан. Карамель үлестіру конвейері арқылы қозғала отырып, еңкейтіп орналастырылған қақпағы реттелетін науалар арқылы орау машиналарының автоматты қоректендіргішіне түседі. Оралған карамель аралық конвейер немесе құлама арқылы таразыға түседі де, сол жерде өлшеніп, картон жәшіктерге салынады да, аузы машинаның көмегімен бандерольмен желімделеді. Салманы былайша дайындайды. Жеміс қойыртпағын сақтайтын резервуардан қойыртпақ сорғыш арқылы десульфитаторға беріледі. Бұл жерде ол араластырылады және буландырылады, ол күкірт (IV) оксиді – күкіртті газдан арылады.
Содан соң қойыртпақ ұнтақтағышқа ал одан сорғыш арқылы үйкелеу машинасына беріледі. Үйкелген жеміс жұмсағы (езбесі) сорғыш арқылы езбенің қатпарланбауы үшін қалақты білікпен жабдықталған жинақтағышқа түседі. Жинақтағыштан езбе сорғыш арқылы араластырғышқа айдалады. Сол араластырғышқа басқа сорғыш арқылы жинақтағыштан шәрбат жіберіледі. Алынған 42% ылғалдылықтағы рецепттік қоспа сорғыш-мөлшерлегіш арқылы жылантүтікті қайнату аппаратына (үздіксіз әрекет ететін бағаншаға) беріледі де, онда ылғалдылығы 16-30% түскенше қойылтып қайнатылады. Бағаншаның бу бөлгішінен қайталама бу желдеткішпен сорылады не вакуумда қайнату кезінде қайталама бу конденсаторға түседі. Бу бөлгіштен салма жинақтағышқа құйылады, ол жерде эссенциямен қосылып, карамель есуші машинадағы карамель массасының температурасынан 10˚С төмен температураға дейін салқындатылады.
Салқындатылған салма сорғыш арқылы аралық жинақтағышқа жіберіледі, ол жерден мөлшерленіп, қажетіне қарай, шығын жинақтағышқа айдалады. Сорғыш-мөлшерлегіш бойымен салма жіберілетін құбыр арқылы темперирлеуші жинақтағышпен жалғанған. Құбыр бірнеше есу машиналарының үстімен өтеді. Қысқа бұру жеңдері арқылы салма салматолтырғышқа берілуі мүмкін.