Семестрлік жұмыс №3


Тың игерудің жағымды жақтары



бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі38,44 Kb.
#114932
1   2   3   4
Тың игерудің жағымды жақтары

1) Қазақстан елдің астық балансын нығайтуда елеулі рөл атқарды.


Республика бидайдын бағадьққатты және кушті сорттарын өндірудің орта лығына айналды. Аталған бидай сорттарынын 60%-ы тың өлкесінде өсірілді

2) 1954-І977жылдараралығында республикадаауыл шаруашылығынын барлыксалаларына 21,1 млрд. сом каржы жұмсалып, шығын 27,2 млрд. сом болып өтелді. 1990 жылғы акпанның 15-жұлдызында Н.Ә. Назарбаеп (ол кезде республика партия ОК-нің 1-хатшысы болатын) ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде ‘Тың игеру басталғані іан астык өндіру 7 есеге, ет – 5, сут – 3 есеге кебейді. Тың көтеруге жұмсалған қаржы 1977 жылға қарай толықөтелді” – деп атап көрсетті. Сөйтіп, 20 жылдан аса уақытта шығын қайтарымын тапты;


3) әсіресе тың әлкесінде темір жолдар, электр көздері желілері және байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік жасалды.




Тың игерудің жағымсыз жақтары

Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды:


1) тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. ғектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді;
2) Қазақстан топырағы жайындагы 50-жылғы мағлуматтар үстірт және түзілген жер қыртысының картасы сапасыз болды. Бұл аздай, Ресейден, Украина мен Белоруссиядан шақыртып әкелінген ғалымдар, әсіресе шаруашылық директорлығына жіберілген Мәскеу белсенділерінің (шаруашылықты басқаруға Қазақстанда лайықты азаматтар табылмағандай) басым көпшілігі республиканың жер жағдайына жетік, білікті мамандар емес еді;
3) тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бузылуы:

• жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларыла тақап жыртылды;


• егістік көлемін ұлғайтудың салдарынан жайылым жер қыскарды. Асыра сілтеушілікке бой ұрмай Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді жырту көлемі ары кеткенде 10-12 млн. гектардан аспағанда оны интенсивті даму жолына түсіру әлдеқайда оңайтайлы болып, 13 млн. гектардан астам құнарлы жерлер шабындықтар мен жайылымдықтар үшін сақталып, бұл, өз кезегінде, мал басының дамуына жағдай жасар еді.
Мал шаруашылығының жагдайы күрт нашарлады:
• 1951-1965 жылдарда республикада қазақтың ежелгі түлігі – жылқының саны 365,7 мың басқа шұғыл азайып кетті, тек жылқы саны 80-жылдары ғана әсім бере бастады;

• керісінше шошқа басы 4 еседен астам өсіп, Солтүстік Қазақстан, Целиноград (қазіргі Ақмола), Қостанай, Көкшетау облыстарында ерекше қарқынмен жүрді;


• 1941-1951 жылдары соғыс және халықшаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің алапат ауыр киыншылықтарына қарамастан, республикада қой басы 2 еседен астам өскен болса, ал тынмен сәйкес келетін онжылдықта (1951-І961 жж.) оның басы 3 есеге азайыи кетті. Себебі тын игеруге дейін әртұяқтың дұрыс өсіп-өнуіне кажетті деп табылатын жайылым 3-4 гектардан асып жығылса, енді бұл көрсеткіш орта есеппен әртұякқа 2 гектардан ғана келді. I 4) Мыңдаған жылдар топырақ түзілу үрдісіде пайда болган жер құнары үрленіп, шанданып, тозаңданды, сөйтін ұлан-ғайыр жер жел, су эрозиясына ұшырады:


• терістіктегі алқаптар негізінен тегіс болғанымен, оның ой-шұңқыры мол, микро-мезорельефі дамыған, осыған орай топырак түзілімі де біркелкі емес, әдетте сортан топырактар араласа келетін. Тың игеру жылдары сортаң топырақтар тараған шандак жерлерді жыртқанда айналып өтпей,бір ретпен жыртыла берді.Сонын салдарына нәсіресе кұмдақ алқаптар жел эрозиясына ұшырады және 1955-1958 жылдары мұндай жерлер келемі 1,5 млн. гектарға жетті. Бір ғана Павлодар облысында 805 мын га. 5кер жарамсыз болып қалды;


• ғалымдардын. есептеуінше, Қазақстанның солтүстік облыстарында жыртылған жердің көлемі 26,4 млн. га болса, оның 14,5 млн. гектары жел


эрозиясына бейімді екен;

• 90-жылдардыцбасындагы мәлімет бойынша, республикада 106 млн. гектар жер әртүрлі дәрежедегі жел эрозиясына ұшыраган;


• топырақ құнарының негізі, яғни қара шірігі (гумус) тың игерілген жылдарда 15-30%-га кеміген. 90-жылдарда Көкшетау облысында топырақтың қара шірігі 4,3%-дан 3,6%-ға, Қостанай облысында – 3,7%-дан 2,7%-ға азайып кеткен;


• бүгінгі күнде су эрозиясына бейімді жерлер Казакстанда миллиондаған гектарға жетіп отыр.


5) Тың игеру ата мекеннің халқы қазақтардың үлес салмағының кемуіне әкеліп соқтырды.


• Тын өлкесі деген аймақтың құрамына кірген бес облыстың – Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Костанай, Көкшетау, Павлодар-жеріи игеруге 1,5 млн. адам келді, ал жабык әскери объектілер мұның үстіне 150 мың адамды қабылдады. 1954-1956 жылдары тынды игеруге 391,5 мың механизатор әкелінді. 1959 жылғы санак бойынша казақтар республиканың 30%, орыстар 42,7%, 1962 жылы қазақтар сан жағынан өз мекенінде жалпы тұрғыңдарының үштен бірінен де аз немесе 29 пайызды ғана қурады. 1897 жылғы мәлімет бойынша, олар өз жерінде мекендеушілердің 85 пайызына тең еді.


• Тың игеру науканы басқа одақтас республикалардағы қазақтарды ерікті түрде ата мекеніне қайтаруға жағдай жасайтын таптырмас мүмкіндік болғаны сөзсіз. Мұның өзі халықтың тұрактанып, тың өлкесінің демографиялық дамуына, мал шаруашылығының өсуіне игі ықпал жасайтын еді Сөйтіп, біріншіден, тың 2 еседей аз жыртылғанда, екіншіден, одақтас республикалардағы қазақтар өлкелінгенде қазақстандықтар тынды өздерінің күшімен-ақ игеретін жағдайда болды. Бірақ Кеңес үкіметі мұның бірін де жасамағаны белгілі.


• Осы мәселеге калам тартқан авторлардың пікірінше, 954-1964 жылдарда тың өлкесі құрамына енген 5 облыста Ақмола каласын Целиноград және аудандық, облыстық атауларды қоспаған күннің өзінде, тек 200-деЯ астам селолық және ауылдық Кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертіліп аталған.


• Осылардың барлығы қазақ тілі аясының тарылуына, кейіннен тұрғылықты ұлт өкілдерінің ана тілінен гөрі орыс тіліне бейімделуіне, қазақ мектептерінің жабылып, орыс тіліндегі мектептердің қанат жаюына әкеліп соқты.


Тың эпопеясының кейбір тұстарын айғақтай түссек, оңда:


1) Кеңестер Одағында 1954-1960 жылдары игерілген тың және тыңайған, жерлердің жалпы көлемі 42 млн. гектарды құрады, оның 25,5 млн. гектары Қазақстан даласыңда жыртылды;


2) астықты бес – Костанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау жөне Павлодар – облыстарындағы жыртылған жер көлемі 600 мың шаршы шақырымнан асып түсіп, бұл Франция (551 мың шаршы шақырым) тәрізді мемлекеттің аумағынан едәуір ұлкен алқапты қүрады;


3) тынды көтеруге Кеңес Одағының тукпір-түкпірінен адамдар көптеп тартылды. 1954 жылдың мамыр айының езіңде ғана республиканың тың өлкесіне 130 мың адам жөнелтілді. 1954-1955 жылдарда мұңда 360 мыңнан астам механизаторлар мен құрылысшылар жөне басқада мамандық иелері орын тепті. Республикаға 1954-1962 жылдар арасында Кеңес Одағының еуропа-лық бөлігінен 2 миллионға жуық адам келді;


4) Қазақстанның үлесіне 1953 жылы КСРО-дағы бидай егістігі алқабының 11,3 пайызы тисе, 1960 жылға таман ол көрсеткіш 30 пайызға жетті. Сөйтіп, КО-дағы астық алқабының әрбір ушінші гектары Қазақстанның үлесіне тиді;


5)республика 1956 жылы 1 млрд. Пұт астық тапсырып соған орай Қазақстанға алғашқы Ленин ордені тапсырылды.


6) республикада тың экстенсивті жолмен игерілді.


Қазақстанда 2004 жылы тың игеруге 50 жыл толды. ҚР Президенті айтулы оқиғаға орай Жарлық шығарып, "Тыңға-50 жыл” мерекелік медалін тағайыңдады және онымен 3,5 мың тың ардагері марапаттадды.


4.1965 жылғы шаруашылық реформасы және оның Қазақстандагы қорытындалары


60 және 80-жылдардын басындағы тарихи кезенде социализм бірқа-лыпты дамыған жоқ. Дәуір 2 кезеңге бөлінді жөне оның аралық уақыты 70-жылдың басымен айқы ндалды.


Бірінші кезеңде (1960-70 жылдар) елде қоғамдық өмірді жацартудың жолдары табысты ізденістермен ұштастырылды.


Екінші кезенде (1971-1985 жж.) жаңашылдыққа деген ұмтылыс әлсіреп, коғамдық құрылымның әрекет етіп отырған принциптері мен түрлерін, ескі төртіпті сақтау бағыты басым болды.


50-жылдардыңортасынан бастап Кеңес өкіметі иемденіп отырған шаруашылык механизмінің белгілі бір дәрежеде ескіргендігі айқын көрініс тапты. Ол механизм көбіне 20-30-жылдардағы төтенше жағдайларда орнықкан еді. 1966 жылдың қарсанында кеңес экономикасында өнеркәсіптің ЗОО саласы өрекететіп, 47 мың кәсіпорын мекемесі, 13 мың құрылыс ұйымы, 12 мың кеңшар, 37 мың ұжымшар болды. Мүндай жағдайда басқарудың тікелей жұмыс тәртібін белгіленетін әкімшілдік әдіс экономикалық жағынан қолайсыз, техникалық жағынан тиімсіз болып табылды. Өндірісті басқаруда киыншылықтар ерістей бастады. Әрекет етіп отырған орталықтандыру дәрежесі өз кезегінде кайшылықтарды шиеленістірді, мұнын әзі кәсіпорындардың шаруашылык дербестігін улғайтудың қажеттілігін көрсетгі.


Кадр потенциалында да өзіерістер болған еді. Егер бұрын жоғары білімді мамандардың біраз бөлігі басқару жүйесінде шоғырланган болса, ал 50-60-жылдары олардың көп бөлігі ондіріс сферасында еңбек етті. Сондай-ақжұмысшылар мен шаруалардың білімдік және мамандықдәрежесі өсті.Осындай жағдайда өмір енбекшілердің білімі мен тәжірибесін толық және тиімді пайдалануды және бәрінен бұрын, жергілікті жерлерге мейлінше дербестік беруді талап етті.


Оның бержағында, мемлекетте басшылықауысты. 1964жылы қазанда КОКП ОК-нің Пленумы Н.С.Хрущевті (1953 жылғы қыркуйектен бері мемлекет басшылығындагы) шаруашылық мәселелерді шешкенде субъективизмге, волюнтаризмге (омірдің негізі ерік деп түсіңдірді), басқарудын әкім-шілдік әдісіне бой ұрды деп сынаи, оны өз еркімен қызметінен кетті деуге саятын отінішін қанағаттандьфды. Сонымен Пленум Н.С.Хрущевты ОК-тің І-хатшысы, ОК-тің Төралқа мүшесі және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Пленум КОКП Орталық Комитетінің 1-хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, мұнымен қатар КСРО Министрлер Кеңесінің төрагасы болып А.Н.Косыгин тағайыңдалды.

Қазақстандағы тың игеру ісі – Ресей мен Украинаның қара топырақты, ылғалды өңірлеріндегі астық өсіруден анағұрлым өзгеше еді. Сондықтан да Қазақстандағы астық өндірудің ғылыми негізін жасап қалыптастыру, астықтың жергілікті жердің климаттық ерекшелігіне сай келетін жаңа сұрыптарын сұрыптау жолымен шығарып алып, егін шаруашылыққа тиімді пайдалану қажеттілігі туындады. Астық егетін алқаптарды агортехникалық талаптарға сәйкес күтіп баптау, ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мол өнім алу, алдағы жылдарға болжамдар жасау, осы арқылы астық шаруашылығы мәдениетін қалыптастыру жүзеге асырылды.

Астық шаруашылығының қарыштап дамуы қоғамдық мал шаруашылығын жедел дамытуға үлкен мүмкіндік бергендігі анық. Әсіресе сиыр басын өсіру қолайлы болды. Жеткілікті жем базасының болуы мал бордақылауға жол ашты. Сондай-ақ бос жатқан жайылымдарды айналысқа тару, екпе шөптің құрылымын жақсарту, жүгеріден силос дайындау, құдықтар, арықтар қазып мал жайылымының көлемін арттыру сияқты игі шаралар жүзеге асырылды.


Тың игеруді көптеген жылдар бойы пафостық сарында, Н.С.Хрущев бастаған кеңестік биліктің көреген де сарабдал саясатының көрінісі, қажырлы жеңісі ретінде насихаттап келді. Сондай-ақ тың игеруге жіберілген тракторлар мен комбайндар, ауылшаруашылық техникаларының бірталайы тозған, бүлінген жағдайда еді. Мұның өзі еңбек өнімділігіне әсер етті. Сондай-ақ тың игеру кезеңінен бастап сексенінші жылдарға дейін астық ору науқаны кезінде Қазақстанға Ресейден, Украина мен Белоруссиядан іссапармен комбайншылар техникаларымен келіп егін жинауға көмектесетін жағдай қалыптасты. Бұл – техникалардың еңбек өнімділігі төмендігі мен тиісті мөлшерде саны жетіспеушілктен туындаған жағдай болды. Өз кезегінде бұл ресурстық көмек қосымша үлкен шығынға әкеліп соқты. Егін шаруашылығының рентабельділік деңгейі төмендеді. Жыл өткен сайын тың жерлердің топырағы аспанға көтеріліп, эрозияға ұшыраған мың-мыңдаған гектар алқаптардан көтерілген шаңды дауыл Арктикаға дейін жетті. Көптеген жағдайда жоспар орындау үшін ғана мыңдаған гектар алқаптар босқа жыртылды. Мұндай алқаптардан күзде алынған өнімнің мөлшері көктемде жерге себілген дәннен аз болатын жағдай жиі болатын нәтижеге айналды. Экологиялық жағдай күрт нашарлауы адамдардың денсаулығына әсер етті.


Қазақстандағы егін шаруашылығының дамуы

Қазақстандағы егін шаруашылығының дамуы мал шаруашылығына да үлкен серпін бергені анық. Себебі, астық өндірумен қатар, кешенді түрде мол мөлшерде жем-азық дайындауға мүмкіндік туды. Қуатты техникалар мал шаруашылығын дамытуға көмекке келді. КОКП Орталық Комитетінің 1955 жылы өткен пленумында Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың мәселелерін қаралып, осы жылдан бастап бұл салаға көңіл бөле бастады. Нәтижесінде 225 кеңшар мен 47 ұжымшар мал өнімдерін (ет, сүт) өндіретін шаруашылықтар болып арнайы бағытталды. Мемлекеттің баса назар аударуы нәтижесінде Қазақстандағы мал шаруашылығы мен онда жұмыс істеуші еңбекшілердің де жағдайы жақсара бастады. Республикаға әйгілі шопандар туып шығып, олардың еңбектері лайықты бағаланып, күллі одақ көлеміне насихаттала бастады. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылынан шыққан әйгілі шопан Жазылбек Қуанышбаев екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанды. Қазақстанның өзге де өңірлерінде мал шаруашылығы бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізген еңбеккерлер туып шықты. Осылайша 1960 жылы Қазақстандағы мал басы 37 миллион 400 мың басқа дейін жетті.


Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында Қазақстанда топырақтану ғылымы қалыптасып дамыды. Жерді бағалау мен тануда КСРО Ғылым академиясының, жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибе стансаларының тәжірибелі мамандары қатысты. Тың жердің топырағы мәселесімен топырақтанушылар, ботаниктер, гидротехниктер, жерге орналастырушылар өз-өздерінің ғылыми бағыттары бойынша зерттеулер жасап, сынамалар алды. Олар топырақтың дәлме-дәл картасын жасап, топырақты жабатын өсімдіктер тобын анықтап, су көздерін белгіледі.


1956 жылы Қазақстанда үздік нәтиже көрсеткен тың игерушілер арасынан 139 адамға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, қырық мыңнан астам ордендер мен медальдар тапсырылған.


Ғалымдар Қазақстанның жел көп соғатын климат жағдайында топырақтың эрозияға жылдам ұшырау ықтималдылығын ескере отырып, топырақты сақтаудың кешенді шараларын ұйымдастыруды алға тартты. Бірақ жоспар орындауды талап еткен билік орындары мұны ескермеді. Дегенмен, ғалымдар бұған мойыған жоқ. Академик А.И.Бараев бастаған ғалымдар Сарыарқа жағдайындағы топырақты сақтау жүйесін жасап шығарды және бұл 1960 жылдардың басынан ғана кеңінен қолданысқа енгізіле бастады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет