Семестрлік жұмыс



бет2/20
Дата09.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#91162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Өмірбек Жан КД-21-12К Семестрлік жұмыс (1)

НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2.1 Жер-кадастрлық істің теориялық негіздері

Жер-кадастрлық iс - жер учаскесiнiң қалыптасуы туралы iс, оған жер учаскесi туралы құжаттар кiргiзiледi.


Мемлекеттік жер кадастрының базалық құжаттарының бірі жер учаскесінің жер-кадастрлық ісі (кадастрлық іс) болып табылады.
Кадастрлық іс-жер учаскесі туралы құжаттар орналастырылған жаңа жер учаскесін қалыптастыру немесе қолданыстағы жер учаскесін қайта ұйымдастыру туралы іс.
Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден берiлетiн жер учаскелерiне жер-кадастрлық iстердi Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң шешiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жүргiзедi.
Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне жер учаскесi туралы мәлiметтердi енгiзу үшiн негiз болады. Бiрнеше жер учаскелерi бiрге қосылған кезде жаңа кадастрлық iсi ашылады, оған осы учаскелерге бұрын жүргiзiлген кадастрлық iстер жинақталады. Бiрiктiру нәтижесiнде құрылған жер учаскесiне жаңа сәйкестендiру құжаты дайындалады.
Кадастрлық іс мыналарды қамтиды:

  • жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін берілетін жер учаскесіне арналған ақпарат тізбесі;

  • жер учаскесін заңды ресімдеу құжаттарын;;

  • жер учаскесін техникалық ресімдеу материалдарын;

  • жер-кадастрлық ақпарат;

  • тексеру парағы (куәландыру).

Жер учаскелерін есепке алу кезінде мынадай деректерді тіркеу міндетті болып табылады:

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірінің құрылымы мынадай кодтармен берілген:

  • алғашқы екі сан Облыстың немесе Республикалық маңызы бар қаланың кодын білдіреді;

  • алғашқы екеуінен сызықша белгісімен бөлінген келесі үш сан әкімшілік ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың кодын білдіреді;

  • алдыңғы үш саннан сызықша белгісімен бөлінген келесі тағы үш цифр әкімшілік аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы есептік кварталдың кодын білдіреді;

  • алдыңғы үш саннан сызықша белгісімен бөлінген соңғы үш сан есептік орам ішіндегі жер учаскесінің нөмірін білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет