Азаматы Өмірбек Жан Қайырғалиұлы жер учаскесiнiң нақты көлемiн бекiту туралы Азаматы Өмірбек Жан Қайырғалиғұлы өзiндiк қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн уақытша өтеусіз қысқа мерзімді (5 жыл) жер пайдалану құқығына бөлiнiп берілген жер учаскесiнiң нақты көлемiн бекiту туралы құжаттарды қарай келе, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiнiң 50 бабының 2 тармағының 1) тармақшасының және Қазақстан Республикасынық «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасының негiзiнде ауылдық округiнiң әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1.Азаматша Өмірбек Жан Қайырғалиұлы өзiндiк қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылы №1010063941990 жер учаскесiнiң нақты көлемi 0,15 га болып бекiтiлсiн.
2.Жер учаскесi бөлiнедi және сервитут жоқ деп белгiленсiн.
3.Егер де 5 жыл ішінде жер учаскесіне тұрғын үй салынбаған жағдайда, жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылады.
4.Азаматы Өмірбек Жан Қайырғалиұл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жер кадастры және тіркеу бөлiмшесiмен келiсiм-шарт негiзiнде жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау, оны жылжымайтын мүлiктердi есепке алу орталығына тiркеу ұсынылсын.
Аудан әкiмi: Тілеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы
Қаулы Қ Р Азаматтық Кодексіне, басқа да заң шығару актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару органдары мынадай жарлық құжаттар шығарады: Министрлер Кабинеті – қаулылар; Премьер-Министр және оның орынбасарлары – жарлықтар; министрліктер – министрлердің бұйрықтарын, алқа шешімдерін; комитеттер мен комиссиялар – қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар; кооперативтік ұйымдар – шешімдер; қоғамдық ұйымдар – қаулылар, жарлықтар.
Үлесі жағынан әр түрлі құжаттар шығаруға өкілетті органдардың бірлескен жарлық құжаттары «бірлескен шешім» түрінде шығарылады және ол шешім бұл құжатты қабылдаған ұйымдардың әрқайсысы үшін құқықтық күшке ие болады.
Мәселелерді талқылаудың барысы және алқалық органдар отырыстарында, кеңестерде, жиналыстарда, мәжілістерде қабылданған шешімдер хаттамаларда белгіленіп отырады.
Хаттамалар мәжіліс барысының жазбасы, стенограммалар, мәжілісті өткізуге дайындалған дыбыстық жазбалар мен материалдар (баяндамалар, сөйлеулер, анықтамалар мәтіндері, қаулы), шешім жобалары ( күн тәртібі, тіркелім қағаздары, келісім қағаздары т. б.) негізінде толтырылады.
Қаулы – алқалылық негізінде жұмыс істейтін мекемелерді шешідерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың орындалуы міндеттеледі.Ірі мекемелерде, министрліктер мен ведомостволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдан ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешімінің жобасы әзірленеді.