Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпашалықтар жоқ Жер учаскесінің бөлінуі: бөлінбейтін Акттің берілу негізі:Жаңақорған а/әкімінің 2021 жылы 27 желтоқсандағы №62 шешім (атқарушы орган актісінің нөмірі және тіркелген күні) Тексерді:Жаңақорған ауданы бөлім басшысы: Тулегенов А.________
Жерге орналастыру жобасының түсіндірме хаты
Осы жерге орналастыру жобасы 2020жылғы "03" 09 №647 жерге орналастыру жұмыстарын орындау шартының негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бекіткен нормативті құқықтық актілерге, жерге орналастыру жұмыстарын орындау технологиясы мен тәртібіне сәйкес дайындалған.
Жерге орналастыру жұмыстарын дайындау Қазақстан Республикасы Жер кодексінде бекітілген жерге орналастыру процесі сатысын сақтай отырып жүзеге асырылды:
жерге орналастыру қызметінің өндірісін қозғау;
дайындық жұмыстары;
жерге орналастыру жұмыстарын өңдеу;
жерге орналастыру құжаттарын қарау, келісу және бекіту;
жерге орналастыру жобасын орындау.
Жерге орналастыру жобасының құрамында жер учаскесінің алаңы, оның шекарасы және орналасқан жері, көршілес жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары, сонымен қатар, кадастрлық (бағалау) құны, жер учаскесінің ауыртпалықтары және сервитуттары анықталған.
Жер учаскесінің бұрылыс нүктелері координаттарын анықтау спутникалық геодезиялық қабылдағыштармен, электрондық тахеометрлермен жүзеге асырылады.
Жер учаскесінің көлемі жер учаскесінің координаттары бойынша есептеліп шығарылады. Есептеп шығарылған жер учаскесінің көлемі құқық белгілейтін құжаттарда көрсетілген көлеммен салыстырылады.
Жерге орналастыру жобасы негізінде:
Жерге тиісті құқығын беру туралы Алматы қаласы әкімдігінің жоба шешімін дайындауға;
Жер учаскесінің сәйкестендірілген құжаттар әзірлеуге мүмкіндік туады.
Тапсырыс беруші немесе оның сенімді өкілі өзара меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен жер учаскесінің шекарасын келісуді қамтамасыз етіп, ортақ меншікке (ортақ пайдаланушыларға) қатысушылар арасындағы ортақ меншікке жататын (ортақ жерді пайдалану) жер учаскесінің пайдалану тәртібі туралы шартпен қамтамасыз етті.
Шекараны келісу және бекіту қортындысы көршілес жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылардың қол қойған актісімен рәсімделді.
Тапсырыс беруші орындалған жұмысқа талап қоймайды, жерге орналастыру жобасы олардың ескертуінсіз қабылданды.