Д (мак 5)
Картамен жұмыс
|
0
|
Төмендегі талаптардың ешқайсысы қамтылмаған.
| |
1-2
|
Картамен мүлдем жұмыс жасай алмайды. Есте сақтау қабілеті төмен. Ізденімпаздық қабілеті жоқ.
| |
3
|
Ізденімпаздық қабілеті бар, бірақ дұрыс қолдана алмайды, есте сақтау қабілеті нашар.
| |
4
|
Ізденімпаздық, есте сақтау қабілеті жақсы. Картаны жақсы біледі, картамен жұмыс жасай алады.
| |
5
|
Картамен жұмысты тез орындай алады. Логикалық ойлауы жақсы, берілген тапсырмаларды тез қабылдай алады.
|
0-50% -«2» 55-65% -«3» 70-80% -«4» 85-100% -«5»
0-4 5-6 ұ-«3» 7-9ұ-«4» 10-15ұ-«5»
| | |
Оқушының аты-жөні Ұпай: Баға:
| | |
А___________________
В___________________
С___________________
Д___________________
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға ( принциптері) сәйкес жүзеге асырылады:
1. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
2. Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
3. Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
4. Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
5. Дамыту бағыты. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |