Нормативті қызмет Ақпараттық-диагностикалық қызмет Ынталандыру қызметі Критериалды бағалау
Бағалау мақсаты кім жақсы, кім нашар екенін анықтау емес, әркімнің жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасау;
Критериалды бағалау қағидалары
Бағалау «жоспарлау- оқыту -бағалау»үдерісінің ажырамас бөлігі;
Бағалаушы мен бағаланушы бағалау шарттары мен критерийлерін алдын ала білуі және айқын түсінуі керек;
Даму мен жетістіктер туралы нақты ақпарат алу үшін бағалау шарттары мен критерийлері алуан түрлі болуы керек;
Бағалау үдерісінің басты кезеңі бағалаушы мен бағаланушы арасындағы кері байланыс болып табылады;
Мұғалім ғана емес, оқушы да жақын арада не жасау қажеттігін нақты түсінуі керек;
Өз қабілеттерін бағалауда оқушыға нақты ролдік үлгі керек
Критериалды бағалау оқыту мақсаттарына негізделуі керек және оқыту үдерісінде мұғалім оқушылар назарын үнемі аударып отыруы керек;
Критериалды бағалау талаптары
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктеріне бағыттала отырып, оқуды мақсатты, бағалауды ашық етеді;
Критериалды бағалау оқушыларға түсінікті болуы керек;
Критериалды бағалау барысында үштен артық емес критерий қолданылуы керек;
Бағалау критерийлері тексеру жұмыстарын орындаудан бұрын хабарлануы, түсіндірілуі керек;
Бағалау критерийлері мүмкіндігінше, оқушылармен бірге дайындалуы, жасалуы керек;