5. Видео презентация: «Балабақшадағы заттық-дамытушы орта»
6. Семинар қорытындысы «Жеделхат» («Телеграмма») технологиясы. Жұмыс аяқталған соң әр қатысушыға жеделхат парақшасын толтыру ұсынылады, осы орайда келесі нұсқаулар беріледі:
- Өткізілген шара туралы сіз не ойлайсыз?
- Сіз үшін не маңызды болды?
-Сіз не үйрендіңіз?
-Сізге не ұнады?
- Сіз үшін не түсініксіз болып қалды?
- Әрі қарай бізге қандай бағытта қимыл-әрекет жасау қажет?
Осы нұсқау сұрақтарын қолдана отырып, маған қысқаша жеделхат жазыңыз. Мен сіздердің пікірлеріңізді алдағы жұмысымда ескеретін боламын.
Түйін сөз. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің басты міндеті балалардың эмоционалды жайлылық және психологиялық қорғаныс сезімін туғызу. Балабақшада бала өзін сүйкімді, әрі қайталанбас тұлға ретінде сезінуі тиіс. Сондықтан тәрбие процесі жүретін орта маңызды болып табылады.
Осы семинарда біз балабақшадағы заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында ескерілуі тиіс ең маңызды сәттерге назар аударуға тырыстық. Сіздерге және сіздердің бүлдіршіндеріңізге осы бағытта шығармашылық тілейміз!
Просмотрено: 0%