Семинар "Балабақшада заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру"



бет5/7
Дата25.01.2023
өлшемі35,57 Kb.
#62854
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
семинар дамытушы ортаны жобалау

1ТОП ТӘРБИЕШІЛЕР кіші –орта топ сенсорлық бұрыш
Біздің ортаның, топтың моделі екі қарапайым мақсатқа негізделді:
1.Балабақша – балалар үшін екінші үй, сондықтан оның ішінде балаларға қуанышты және жайлы болу керек;
2. Балалардың толық және жан-жақты дамуы үшін, ойнауға, демалуға және оқуға арналған ұйымдастырылған орта болу керек.
Біздің топтағы сенсорикалық бұрыш келесідей жабдықталған: достық ағашы, үй, жануарлар, көбелектер, құстар, шөп, гүл, күннің көзі салынған қабырға. Бала үйін сағынған кезде алақанын анасының салынған алақанына қоюын сұраймыз, осылай анасымен амандасып, оның жылуын және жақын екенін сезінеді.
Үйшік «Ковролин» - ойын арқылы оқыту құралы, осы үйге балалар түрлі-түсті жіптер, геометриялық пішіндер, қыстырмалар, жанында түрлі-түсті вагондары жабыстыра алады. Қолдың ұсақ моторикасын дамытып, заттардың қасиеттері, түстері, өлшемдермен таныстырады.
Сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін – қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды қолданып театр ұйымдастырады, туған күндерде, ерекше күндерде ертегілер ойналады.
Көру қасиеттерінің дамуы үшін: түстерді атап, анықтайтын, контрастылы өлшемдерді (үлкен, кіші), формаларды қарастыратын ойындарды ойнау.
Біз келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз:
Түске байланысты ойындар: «Кесеге сәйкес келетін қасық таңдау», «Ауа шарлары», «Қуыршақтарға моншақтар мен ойыншықтар таңдау», «Сиқырлы қапшық», «Әдемі қоршау», «Гүлді отырғыз», «Қоңыз адасты» және т.б.
Формаға байланысты ойындар: «Кез келген затты құрастыр», «Құрлысшы», «Сиқырлы мозайка», «Түрлі-түсті пішіндер» және т.б.
Өлшемге байланысты ойындар: «Сиқырлы көбдиша», «Шарлар», «Құрлысшы», « Затты құрастыр» және т.б.
Қолдың ұсақ моторикасының дамуы үшін және заттардың әр-түрлі қасиеттерімен таныстыру үшін келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз: «Моншақ жаса», «Қысқышты сыйла», «Жапырақтарды қой», «Сиқырлы таяқшалар», «Түймелі алаң», «Баулар», «Баланы ора» және т.б.
Құммен, сумен, қармен ойнау барысында балаларды осы материалдардың қасиеттерімен таныстырамыз (құм шашылады, сулы затты жабыстыруға болады, ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз).
Әр-түрлі жазу құралдары арқылы түрлі-түсті және қасиеті әр-түрлі заттардың бетіне жазу, қамырдан әр-түрлі заттарды жасауды үйрету.
Балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналасқан.
Әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды,
баспалдақтарға мініп, одан түсуді,
гимнастика жасауды,
тастармен ойнағанды,
суарғанды, арам шөп жұлғанды,
ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді.
Сонымен қатар әр-түрлі қимылдар жасайтын ойындарды ұнатады: «Допты қуып жет», «Өзен арқылы», «Ұшақтар», «Мені қуып жет», «Қақпаға», «Ақ қоян отыр», «Қайда дауыстайды», «Пойыз» және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет