Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті.
Қуыршақ-матадан, қағаздан, ағаштан, пластиктен дайындалатын адам бейнесіндегі ойыншық.
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі айтып тұрады.
Сюжетті-ролдік ойын – қоғамдық тәжіибені құруға және меңгеруге бағытталған ойын іс-әрекетінің бір түрі.
Пирамида – 7-8 сақинадан тұратын түрлі-түсті ойыншық
Доп – негізінен спорттық ойындарда қолданылатын зат.
Сергіту сәті «Сиқырлы доп» Қажетті құрал: доп Шарты: жүргізуші әр педагогке допты алма кезек лақтырады да бір әріпті, яғни дыбысты атайды, қағып алған педагог сол әріптен басталатын ойыншықтың атауын айтуы тиіс.
3.Педагогикалық сыр-сандық: заттық дамытушы ортаның ерекшеліктері
Сыр-сандықта заттық-дамытушы ортаның ерекшеліктері бар. Әр топ сандықшадан бір сұрақты алады және оған жауап береді, ал қалғандары толықтырып көмек береді.
Сұрақтар: - Заттық ортаның негізгі элементтерін атаңыздар. (сәулетті – ландшафтық және табиғи - экологиялық объектілер; ойын және спорт алаңдары, олардың жабдықтары; ойыншықтардың тақырыптық жинақтамаларымен, ойын материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері). - Заттық ортаға қойылатын бастапқы талапты атаңыз.
(Заттық ортаға қойылатын бастапқы талап - оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай - ақ участкені заттық кеңістікке ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал - жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал, т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс).
- Топта заттық-дамытушы ортаны құру неге байланысты? не Топта
заттық-дамытушы ортаны құруда нені ескеру қажет? (баланың жас ерекшелігіне, даму деңгейіне, тәрбие мазмұнына, іс-әрекет тәжірибесіне, білім беру ұйымының типіне)
- Неліктен орта дамытушы деп аталады? (Орта таяу арада даму аймағын қамтамасыз етіп, әр баланың шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай құруы тиіс) - Заттық-дамытушы ортаның негізгі принциптерін жіктеп көріңіздер. (қауіпсіздік, эстетикалық, көп функциялылық т.т.б.)
- Топтардағы негізі аймақтарды (зоналар) атап беріңіздер. (Ойын, табиғат, қимыл-қозғалыс, танымдық даму, музыкалық-театрлық)
- Қалай ойлайсыздар, қабылдау бөлмесіне және әжетхана бөлмесіне
бұрыш орнатуға бола ма, неліктен?
- Барлығымен қандай түстер үйлеседі? (Ақ, сұр, қара)
Біз заттық дамытушы ортаның ерекшеліктерін тұтастай сипаттадық. Дамытушы орта құра отырып, тәрбиеші «бала өмір сүретін орта оның тәрбиесінде орасан, еш теңдесі рол ойнайтынын» әрқашан ескеруі қажет.
4. Топпен жұмыс: жас ерекшелік топтарына сәйкес заттық-дамытушы орта құру жобасын үлгілеу (тәрбиешілер өз жобаларын қорғайды)