Зорлық-зомбылықтың құрбандары – отбасында, білім беру және қорғаншылық мекемелерінде (физикалық, жыныстық, психологиялық зорлық, кемсітушілік немесе қиянат жасаушылық, қамқорлықтың болмауы, дөрекі қарым- қатынас пен қанаушылық ) жағдайға тап болған балалар.
Зорлық – зомбылық түрлері
Физикалық зорлық: Соққы, жармасу, алақанмен немесе жұдырықпен не болмаса басқа да нәрселермен ұру, ешқайда шығармау, тұншықтыру, соққыға жығу, ұрып – соғу, қару- жарақ қолдану, отпен зақымдау, әлеуметтік немесе медициналық көмектің жәбірленушіге қолжетерлік жағдайда болмауы және т.б.
Жыныстық зорлық: Күшпен, қорқыту немесе бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа көндіру, зорлау; жыныстық қатынастағы әрекет арқылы жәбірленушінің денсаулығына қиянат жасау және т.б.
Психологиялық зорлық: Сөзбен кемсітушілік, бопсалау, құрбандарға және басқаларға өзіне қатысты зорлыққа қоқанлоқы, жеке заттар мен үй жануарларына қатысты зорлық арқылы қорқыту; аңду; жәбірленушінің қызметін бақылау; жәбірленушінің араласатын ортасын бақылау; зәбірленушінің әр түрлі орындарын (әлеуметтік және медициналық көмегін, жолкөлігін, достарымен араласуын, білім алуын, жұмысын және т.б.) бақылау.
Эмоциялық зорлық: жәбірленушіні өзін кемсітетін әрекеттерге күшпен көндіру, жәбірленушінің күн тәртібіне бақылау жасап отыру т.б.
Экономикалық зорлық: Балаларды қамтамасыз етуден бас тарту; табысты; отбасылық қаражатты оң- солды жұмсау, көптеген қаражаттық шешімдерді өз бетімен қабылдау ( азық – түлік алуда балалардың қажеттіліктері есептелмейді).
Балалар еңбегін қанау: күшпен жұмыс істету, құлдық, қорқытып алу, қайыршылық.
Артерапия «Мұңымды тарқатамын» «Алгоритм решение проблем» Берілген тақырыпқа қатысушылар сурет салады және талқылайды.