БАЯНДАМА: «БУЛЛИНГ. БАЛАНЫҢ БАРЛЫҚ ҚАТЫГЕЗДІКТЕН ҚОРҒАЛУҒА ҚҰҚЫҒЫ»
Тақырыбы: «Буллинг. Баланың барлық қатыгездіктен қорғалуға құқығы»
Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, бояулар, А4.
Мазмұны:
Тренинг «Қар тілектері»
Баяндама «Буллинг. Баланың барлық қатыгездіктен қорғалуға құқығы» Слайд.
Артерапия
Семинар барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Тренинг «Қар тілектері»
Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Жүргізуші ортаға шығып, қағаздан дайындалған қарларды шашады. Қатысушылар қолына түскен кардағы жазылған жақсы, жылы тілектерді көршісіне тілейді.
II. Негізгі бөлімі
Буллинг дегеніміз не?
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:
адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
сол жайында өсек тарату
оны елемеу немесе жекелету
ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:
уайымдау
ұйқының бұзылуы
тәбеттің болмауы
өзі жайлы жаман ойлау
өз-өзіне физикалық зақым келтіру
өлім туралы ойлау
сабақ үлгерімдерінің нашарлауы
ауыру
“маған ешкім көмектесе алмайды” деп ойлау
өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану
қорқу
Достарыңызбен бөлісу: |