Семинар барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі Тренинг «Қар тілектері»



бет5/6
Дата11.10.2023
өлшемі35,89 Kb.
#113633
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БАЯНДАМАБУЛЛИНГ БАЛАНЫҢ БАРЛЫҚ ҚАТЫГЕЗДІКТЕН ҚОРҒАЛУҒА ҚҰҚЫҒЫ

Бейнеролик: Буллинг.


I I I. Қорытынды
Педагогтың буллинг жағдайында жүрген балаға көмек көрсету:

  • Педагог осы жағдайдағы сезімін жақсы түсінетінін білдіру. Сонда оқушы өзін жалғыз сезінбейді, қолдау мен көмек алатынына көз жеткізу.

  • Өзін бағалауының көтерілуін қажет етеді. Сен болған оқиғаны айтып нағыз батырлық жасадың” оның батырлығын бағалаңыз.

Ата- аналарға жадынама
Егер бала буллинг жағдайына түскенін мәлімдеп берсе, ата- ана сабырлы болып, ашуды көрсетпеуі қажет, өйткені ата- ана ашу мен мазасыздығын байқатуы- әлсіздіктің белгісі. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып оны жұбату қажет. Бәрін білгішсініп ақыл үйретуден аулақ болу, өйткені баланың өзін- өзі бағалауы, өзіне деген сенімі одан ары қарай жоғалып кетуі мүмкін.
Шұғыл түрде әрекет жасау: баланың көзінше мұғалімге телефон шалып сөйлесу.
Мұғаліммен сұхбат жүргізу барысында өзін сабырлы ұстау (эмоцияларға ерік бермеу), дегенмен ата- ана ретінде балаңызға жауапты екенін білдіре отырып келеңсіздіктерге жол бермейтінін жеткізу.
Балаға зорлыққа жол бермейтінін көз жеткізу. Ата- ана қамқорлығын сезген бала өз ойын басқаға жеңіл аударады. Өзіне сенімділікті оята алады.
Буллингтің алдын- алуының психологиялық көрінісі:
Буллингті болдырмау шартын құру. Баланы сәйкес күйзеліс әсерінен жылдам және сауатты бөлектеу. Дені сау және сол сияқты соматикалық немесе психикалық патологиясы бар балаларда және жасөспірімдерде қудалауға қарсы тұруға денсаулықтың және тұлғаның күшін нығайту. Әрбір адам өмір сүруге құқылы. Олай болса неге арамызда өз өлімінен бұрын өмірден озатын адамдар кездеседі? Қиыншылыққа төзбей өмірден өте салу оңай. Бірақ, осының артында қаншама қайғы-қасірет, мұң бар десеңізші! Сондықтан да мұндай нәрседен аулақ болайық !
Балаға қатысты зорлық – бұл дене немесе эмоционалды қатал қарым-қатынас, сексуалды қорлық, қаңғыбастық немесе ата-ана міндеттерінен ауытқу, коммерциялық немесе басқа да қанау, баланың денсаулығына, дамуына немесе намысына, сеніміне зиян келтіретін барлық формалардың түрлері. Бала құқығы туралы Конвенция балалардың барлық зорлық түрлерінен қорғалуға құқығы бар, балаларға қатысты зорлық көлемінің ауқымын мойындайды және көрсетеді. Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, өлім, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты «тәртіп шаралары» сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр.  Балалардың құқығы туралы Конвенция балаларға қатысты зорлықтың қандай түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды дейді. Конвенцияға сәйкес балалардың «тұлғалық және психологиялық зорлықтың кез-келген түріне» тұлғалық және жеке қол сұғылмаушылыққа құқығы бар. Конвенция зорлықтың барлық түрі зиянды және баланың өміріне кері әсерін тигізетінін мойындайды. Зорлық көрген балалар көбінесе дұрыс тамақтанбайды да түрлі ауруларға душар болады, мектепте нашар оқиды, өзін-өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын көрсетеді. Зорлық-зомбылық келесі құқықтарды бұзады: 
- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын; 
- қатал қарым-қатынасқа берілмеу құқығын;
- өмір сүруге және жеке өміріне қолсұғылмашылық құқығын
-тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандарттыры құқығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет