Дәріс 3. Ұлттық шешендік өнердің бастаулары: түркілік кезең.
|
Семинар 3. Ежелгі жазба әдебиет үлгілеріндегі шешендік өнер ұстанымдары (Қорқыт Ата, әл-Фараби, М.Қашқари)
|
Жaлaң сөз зeйiн бaйлығына қaрaйтын нәрсe, көркeм сөз қиял бaйлығынa қaрaйтын нәрсe. Жaлaң сөз дүниeнi тұрғaн қaлпындa aлып aйтaды. Көркeм сөз дүниeнi көңiлдiң түйгeн, қиялдың мeңзeгeн әлпiнe түсiріп айтады
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге құрылады. Оның негізгі құралы-сөз. Шешендік сөз мәдениетінің негізі –тіліміздегі сөз байлығы. Осыған орай, А.Байтұрсынұлының : «Көркeм сөз – көңiл тiлi, жaлaң сөз- зeйiн тiлi.» деген сөздерін келтіре кеткен дұрыс болады. Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлы шешендік сөздерді бес топқа бөлген : саясат шешен сөзі, ділмар шешен сөзі, билік шешен сөзі, қошемет шешен сөзі және уағыз шешен сөзі.
Шешендер қай заманда болсын халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін терең білген, халықтың ортасында сөзі өтімді, болашаққа болжам жасайтын мықты жандар деп білемін. Бір сөзбен айтсам, халықтың өкілі, қоғам қайраткері, жаугершілік заманда елші, дауда билік айтушы және тағы да басқа қасиеттерімен танылған тұлғалар.
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата.
Қорқыт Ата-ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де “Қорқыт ата шығармаларын” “Қорқыт Ата кітабы” деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырлар, дастандар жинақталып, 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады. “Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ, аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеялар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс әлеуметтік тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері сөз болды. Қорқыт Атаны жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады. Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен салты, жанұядағы тәрбие, тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары мен жырларында да жақсы айтылады. “Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас”, “Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес”, “Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса”. Қорқыт атадан қалған тағы бір нақыл сөздерінен мысал келтірсек: “Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. “Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді”. Қорқыттың ой-пікірін философиялық тұрғыдан тұжырымдайтын нақыл сөздер, өсиеттер, қанатты сөз тіркестері өте көп. Қорқыт ата есімімен байланысты осындай үлгі-өнеге сөздер ел аузында көп сақталған. Мәселен ата салты, оның сабақтастығы мен өмір сүру тәсілі: қабылдап алу, сақтау, кейінгіге жеткізу сияқты уақыт бойынша ұрпақтар алмасуының кезеңдеріне негізделген үш сатысы туралы өсиетнамаларымен қатар жырларынан да көрінеді. Оны Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздерінен көз жүгірткенде анық байқаймыз.
Қорқыт ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер ғана емес, түркілік дүниетанымның мәйегін жасап кеткен ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өз орны бар философ-гуманист. Оның айтып кеткен мақалдары мен нақыл сөздерінің мәнін жоймағандығы соншалық, оның кейбірі әлі күнге дейін қазіргі қазақ өмірінде қолданылып келеді.
Махмұд Қашқари – түркі халықтарының тұнғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. «Диуани лұғат ат- түрік» еңбегінде тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған. Көне түркі әдебиет ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көп көмек көрсетіп келеді. Мәселен, осы «Диуани лұғат ат- түрік» табылғаннан кейін ғана «Құтты білік» дастанын оқу, аудару және транскрипция жасау кезінде бұрын жіберілген қателер түзетілді.
М. Қашқаридің бұл сөздігі шын мәнінде энциклопедиялық туынды деуге болады. Мұнда тек тіл мен әдебиетке ғана емес, сондай-ақ сол кездегі ру-тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне, т.б. қатысты аса бағалы деректер берілген. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат- түрік» атты зерттеуі тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге ол ежелгі түркі тілдері мен мен ауыз әдебиетін зерттеп, танып-білу үшін аса қажетті, теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып табылады. Біз үшін ең маңыздысы- біздің жыл санауымыздың бұрынғы қадым замандарда жасаған сақтар мен ғұндар дәуірінде және түрік қағанаты тұсында өмірге келген тұрмыс-салт жырларының үлгілерін, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер мен афоризмдерді М.Қашқари өз «Сөздігіне» мысал ретінде енгізген.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны –Қарахан мемлекетінің саяси-әлеуметтік бағыт-бағдарын айқындайтын Ата заңы сипатында жазылған этикалық-дидактикалық сарындағы көркем туынды болса, Махмұт Қашқаридің «Түрік тілдерінің жинағы»-бүкіл түркі халықтарының тіл мәдениетіне ортақ тілтану энциклопедиясы еді.
«Түрік тілдерінің жинағында ерлікті, батырлықты мадақтайтын өлең-жырлары көп. Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамы үрейлі аңдармен арпалыста немесе тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерлігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен жұрт көзіне түсуді өзіне биік мәртебе санаған. Дәл осындай халық батырларының тұлғасын жасау – барлық халықтар эпосына тән құбылыс. «Сөздікте» мысал ретінде келтірілген шағын өлең жолдары қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрлі дастандары- батырлық жырларындағы сюжетті баяндау сарынын, батырларды таныстыру тәсілін, жекпе-жекке шақыру мәнерін, қазалы үйге ат шаптырып келу дәстүрін т.б. еріксіз еске түсіреді.
Қорыта айтқанда, М. Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрік» сөздігінде лингвистикалық, этнографиялық мағұлматтар ғана емес, орта ғасырдағы сан алуан түркі халықтарының дүниетанымы, олардың сенімдері мен өмір салты, тілі, діні, мәдениеті жөніндегі құнды мәліметтерді кездестіреміз. Сөздік тілін зерделей келе сөздікте жиі ұшырасатын түркілік дүниетанымды танытатын ұғымдардың бүгінде қазақ халқында да өз маңызын жоймағанын, әлі де сақталып тұрғанын айтуға болады. Қазіргі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ саналатын Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина және Әбу Райхан әл-Бируни сияқты ақыл- ой кемеңгерлері жазып қалдырған ұлағатты сөздер, даналық ойлар, хикметтер, өлең-жырлар бертін келе қазақ ақын-жырауларының поэзиясында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапқандығы дәлелденіп шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |