Семинар латынның «seminarium»


Талқылауға арналған сұрақтар



бет5/18
Дата23.09.2023
өлшемі0,51 Mb.
#109945
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Семинар Биологияға кіріспе

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Тіршіліктің өздігінен пайда болу түсінігінің мәнісі неде?

  2. Л. Пастер организмдердің өздігінен пайда болу теориясының сәйкессіздігін қалай дәлелдеді?

  3. А. И. Опариннің химиялық эволюция туралы теориясының негізгі идеясын сипаттаңыз

  4. Дж. Берналдың Жердегі тіршіліктің пайда болу жөніндегі теориясының негізгі кезеңдеріне қысқаша сипаттама беріңіз

3 семинар сабағы


Тақырыбы: Тірінің негізгі қасиеттері
Мақсаты: Тірінің негізгі қасиеттерін сипаттау
Сабақтың жоспары:

  1. Тірінің негізгі қасиеттерінің ерекшеліктері

  2. Тіршілікке қажетті үдерістер



Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе.
Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
Жасушалардың әрқайсысы органоидтардан құралатын күрделі биологиялық жүйе болып саналады. Жасушалардың барлық органоидтарының құрылысы күрделі, бірімен-бірі өзара әсерлеседі және белгілі мүлтіксіз қызмет атқарады. Тек бір ғана органоид қызметінің өзгеруінен жасуша ішіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіпті жасуша тіршілігін жояды. Жасушаларданұлпаларданмүшелерден, мүшелер жүйесінен тұратын көпжасушалы ағзаның да жоғары деңгейлі жаралымы болады. Ағзаның барлық мүшелерінің құрылысы күрделі және өздеріне тән қызметті өзге мүшелерге мүлтіксіз үйлесімдікте орындайды. Бір мүше қызметіндегі өзгеріс біртұтас мүшелер жүйесінің бұзылуына әкеледі, тіпті ағзаның тіршілігі жойылады. Тіршілік иелерінің химиялық құрылымының бірлігі. Тірі ағзалар органикалық және бейорганиқалық заттардан түзілген. Жасуша ағзалық заттарының негізгі массасы нәруыздардан, майлардан, көмірсулардан, нуклеин қышқылдарынан, АТФ және өзге заттардан құралады. Жасушаның бейағзалық заттары - су және минералды тұздар. Органиқалық зат молекулалары жасушаның органоидтарын түзеді. Еріген заттары бар су жасушаның ішкі ортасын құрайды.


Тапсырма:
Төмендегі ұғымдарға түсінік беру және мысалдар келтіру:
Зат және энергия алмасу -
Өзін-өзі реттеу -


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет