Семинар латынның «seminarium»



бет13/18
Дата23.09.2023
өлшемі0,51 Mb.
#109945
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Семинар Биологияға кіріспе

Тапсырма: Кестені толтыр



Эктодерма

Мезодерма

Энтодерма

1

Тері

Қан айналу жүйесі

Ас қорыту жүйесі

2

Жүйке жүйесі

Зәр шығару жүйесі

Тыныс алу жүйесі

3

Сезім мүшелері

Жыныс жүйесі

Ас қорыту бездері

4




Бұлшық ет




5




Қаңқа






Талқылауға арналған сұрақтар:
Жануарлар онтогенезі, Өсімдіктер онтогенезі, Бластула, гаструла, нейрула сатыларына сипаттама
11 семинар сабағы


Тақырыбы: Түр, түрдің критерийлері
Мақсаты: Түрдің морфологиялық критерийін зерттеулерімен танысып және оған сипаттама беру
Сабақтың жоспары:

  1. Морфологиялық – генетикалық, физиологиялық, биохимиялық критерийлеріне анықтама беру және олардың ерекшеліктері

  2. Географиялық-экологиялық, этологиялық критерийлеріне сипаттама және олардың айырмашылықтары



Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Түр критерийлері: Түрлер бір-бірінен өздеріне ғана тән белгілер жиынтығы арқылы ажыратылады, ондай белгілер жиынтығын түрдің критерийлері дейді. Түр критерийлері: морфологиялық , генетикалық, физиологиялық , биохимиялық, географиялық, экологиялық және этологиялық деп бөлінеді.
Морфологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыс белгілерінің ұқсастығын көрсетеді.
Генетикалық критерий — әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны, пішіні, мөлшері болады. Сондықтан бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды. Егер тұраралық шағылысу бола қалған жағдайда, олардан тіршілік етуге кабілетсіз гаметалар, зиготалар, ұрықтар және ұрпақтар пайда болады.
Физиологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың тіршілік әрекеттерінің (зат алмасу, көбею, тітіркену және т.б.) ұқсастығын сипаттауға негізделген.
Биохимиялық критерий — түрлердің сан алуан болуы нәруыздың құрылысы мен құрамының түрліше болуына байланысты байқалады. Сондықтан биохимиялық критерий әр түрдің жеке топтарында олардың өзіне тән жоғары молекулалық органикалық қосылыстар синтезделуімен ерекшеленеді.
Географиялық критерий — түрдің таралу аймағын анықтайды. Әрбір жеке түр белгілі бір кеңістікте тіршілік етеді. Кейбір түрлер көбірек көлемді жерлерге таралса, екінші бір түр шағын кеңістікте кездеседі. Түрдің таралу аймағы үлкен немесе кіші, тұтас немесе оқшау болуы мүмкін. Мысалы, мамонт ағашы мен мәңгі жасыл секвойя мезозой заманының бор кезеңінде пайда болған.
Экологиялық критерий - әp түрдің нақты алып жатқан орнын (мекен ортасын) анықтайды. Мысалы, қоян туысының 3 түрі бар: орқоян - далалы аймақты, аққоян -орманды алқапты, ал құмқояны - шөлді, шөлейтті жерлерді мекендейді. Бір түрге жататын даралардың басқа түр дараларынан айырмашылығы қоректенуі мен мекен ететін ортасына байланысты ажыратылады. Бір түрге жатса да қасқырлардың тундрада және орманды дала аймағында мекендейтіндерінің тіршілік жағдайында айырмашылықтар бар. Сондықтан тек экологиялық критериймен түрлердің ерекшеліктерін анықтау жеткіліксіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет