Тақырыбы: Көбею формалары
Мақсаты: Көбею формаларының негізгі типтерімен танысып, оларға сипаттама беру
Сабақтың жоспары: Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме: Көбею–тірі ағзалардың ортақ қасиеті. Жыныссыз көбею - өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа ағзаның өсіп шығуы ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі.Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе біржасушалы ағзаларда кеңінен таралған, бірақ кейбір көп жасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарларда жүреді.Жыныссыз көбеюге споралану, бүршіктену, вегетативті жолмен көбеюді жатқызамыз.
Споралану балдырларда, саңырауқұлақтарда және жоғары сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбею кезінде түзіледі.Бір не көп клеткалы болады. Балдырларда талшықтармен суда қозғалып жүретін споралар зооспоралар деп аталады.Кейде бұл көбеюді вегетативті көбею деп есептейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде тамыры, сабағы жапырағы бар жыныссыз ұрпағы мен жынысты ұрпағы ауысып отырады.
Бүршіктену кезінде аналық жасушада ядросы бар төмпешіктер пайда болады, кейін ол бөлініп, өз бетінше организмге айналады. Бүршіктену біржасушалы өсімдіктерде де, мысалы ашытқыларда, сонымен қоса бір клеткалы жануарларда да, мысалы инфузорияларда кездеседі.
Жыныстық көбею кезінде барлығы өзгеше өтеді. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі – гаметалар қалыптастыру.
Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі (партеногенез). Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан дамиды.Ұрықтанбай көбейгенде аталық дарақтар қатыспайтындықтан аналық дарақтың әр алуан ата тектерінің белгілерін құрамдастыруға ғана мүмкіндік бола алады. Бақбақ,темекі мен қызылшаның көптеген іріктемелері, орхидеяның кейбір түрлері бұған мысал бола алады. Жануарларда бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары осылай көбейе алады. Паразит құрттар формасының көпшілігі осы жолмен көбейеді. Ондай кезде иесінің ағзасындағы дернәсілдер ұрықтанбастан келесі ұрпақтарды береді.
Қосылу үдерісі (коньюгация) бактериялардың қосылуы арқылы көбеюі. Бұл- бактериялардың генетикалық материалдар алмасу жолдарының бірі.
Жынысты жолмен көбейетін ағзаларда клеткалардың диплоидты және гаплоидты деген екі түрі болады.Диплоидты клеткаларға соматикалық клеткалар мен жыныс клеткаларының бастама кезеңдері жатады,ал гаплоидты клеткаларға жетілген жыныс клеткалары-гаметалар жатады.Жыныс клеткаларының хромосома сандарының екі есе азаюын қамтамасыз ететін мейщз үрдісі.Оның құрамына бірінен кейін бірі жүретін екі бөліну кіреді.Гаметалар қосылғаннан кейін жаңа бір клеткалы диплоидты ағза зигота пайда болады.