Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45

Сұрақ-
жауап
мысалы
 1.Отан 
деген 
ұғымға не 
жататынын 
ата.
Отан деп 
нені 
айтамыз?
Сен тұратын
өлкеде 
қандай 
қандай 
байлықтар 
бар?т.б...
Сыни 
тұрғыдан 
ойлау: 
топтық 
тапсырма 
орындау 
барысында 
ой 
қорытады.
Топ 
ішінде 
оқушыла
рдың 
бір-
біріне 
үйренуі
Отан 
туралы 
жайында 
білімдері 
кеңейді.,  
Өз 
ойларын 
ашық 
айтып,кө
зқарасын 
ашық 
білдіргені
рефлекси
я 
парақтар
ынан
көрінді.
Топтық 
бағалау: 
«Екі 
жұлдыз, 
бір тілек» 
арқылы
Тест 
тапсырма
лары
Оқулық, 
интербелсе
нді тақта, 
үлестірмелі
қағаздар 
Қазақстан 
картасы.
4
Сабақ
Тақырыбы: «Астана»
Мақсат
ы : Отан
туралы  
түсінігін
қалыпта
стыра 
отырып,
дұрыс 
түсінік 
Диалогтік 
оқыту: 
мысалы: 
өткен 
тақырыптар
ды қайталау,
үй 
тапсырмасы
н талдау, 
Сөйлеу 
мәдениет
ін 
қалыптас
тыру 
үшін 
сұрақтар
қою, 
жауап 
Бір-біріне
сұрақ 
бере 
отырып 
Отан 
ұғымын 
түсіндіре
ді. 
ажырата 
Өзін-өзі 
критерийл
ер арқылы
бағалау
Диалог 
арқылы, 
ой туғызу,
миға 
шабуыл, 
топтық 
жұмыс 
арқылы.
Оқулық, 
үлестірмелі
қағаздар, 
стикерлер
Қазақстан 
кар  
тасы.Астан
а қаласы 
туралы 
41

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
беру.
Ой 
туғызу,миға 
шабуыл,Сы
ни 
тұрғыдан 
ойлау, 
мысалы: 
топпен 
жұмыс;Венн
диаграммас
ы.
алуүлгер
імі 
төменіре
к 
оқушыла
рға жеке 
тапсырм
а беру
алады.
слайттар.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
  Күні:                                         Тізбектелген сабақтар топтамасы 32 сабақ
Мұғалімнің аты-жөні
Ағайдарова Райхан Бабаққызы
 12 орта мектеп
17-апта
   2-күн
7"ә","б","в" сыныптары
Сабақ атауы
Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар
Сілтеме
Білім стандарты, пән бағдарламасы, 7 сыныпқа арналған
"Биология" оқулығы, интернет материалдары, биология 
әдістемелігі
Жалпы мақсат
-
Қосмекенділердің 
сыртқы және ішкі 
құрылысының 
ерекшеліктерін түсіну, 
тіршілік ортасына 
бейімділігімен танысу.
-
Қосмекенділердің 
түрөзгерістері, 
дернәсілдерінің 
балықтарға ұқсастығын 
ажырату.
-
Қосмекенділердің 
табиғаттағы және адам 
өміріндегі маңызын 
меңгеру.
Күтілетін нәтиже
-
Қосмекенділердің 
сыртқы және ішкі 
құрылысының 
ерекшеліктерін түсінеді.
-
Тіршілік ортасына 
бейімділігін ұғынады.
-
Қосмекенділердің 
алуантүрлілігін, 
қоректенуі және мінез-
құлығы жайлы біледі.
-
Көбеюі мен дамуын 
ажыратады. 
-
Қоршаған ортаны қорғаудағы қосмекенділердің 
маңызын нақтылайды;
-
Қосымша деректерге 
сүйеніп, 
қосмекенділердің 
42

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
маңызы туралы ой 
түйіндейді.
Негізгі идеялар
Баланы ойлауға, ұғым түсініктерді зерделеуге, 
мағлұматтарды жинақтауға ынталандыру.
Тапсырмалар /Wikiматериалдары Ғаламтор,POWER POINT
Кіріспе
Уақыты
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
3минут
1. Ұйымдастыру
Сыныпта жағымды психология-лық ахуал 
туғызу, сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. 
Ынтымақтастық атмосферасын 
қалыптастыру.
Сабақтың кезеңдерін нақтылау.
Оқушыларға бағалау парақшаларын 
тарату.
Бір-біріне жақсы 
тілектер айтады. 
Оқу құралдарын 
дайындайды.
Қосмекенділердің 
түріне қарай топқа
бөлінеді:
1-топ: «Аяқсыз»;
2-топ: 
«Құйрықты»;
3-топ: 
«Құйрықсыз»;
5 минут
2. Үй тапсырмасын тексеру
"Сұрақтары бар қорап" әдісі
«Мадақтау» сэндвичі -
Оқушылардан үй тапсырмасымен 
жұмысты бағалау сұралады.
Кабинетте қорап 
қойылып, оған 
оқушылар 
сабақтың соңында 
өз сұрақтарын 
қалдыра алады. 
Бұл сұрақтар 
келесі сабақтың 
басында 
талқыланады.
Тұсау-кесер 5 минут
"Он сұрақ" әдісі
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және 
оның маңдайына негізгі сөз жазылған 
стикерді жапсырады 
Қатысушы 
сыныпқа 10 сұрақ 
қоя алады, оған 
жауап не ИӘ не 
ЖОҚ деп беріледі.
43

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Негізгі 
бөлім
10 минут
2 минут
12  минут
2 минут
5.Мәтінмен жұмыс
"Пазл" ойыны – мәтін тақырыпша-лар 
бойынша топтарға бөлініп беріледі:
1-топ: «Аяқсыз»;
2-топ: «Құйрықты»;
3-топ: «Құйрықсыз»;
«Қазылық» - 5-қадамдағы жұмыс 
бағаланады.
"Сергіту сәті"– топтар өздеріне сәйкес 
қосмекенділердің  пантомима-мен  
көрсетеді.
«Білімпаз» ойыны
1-топ – Салыстырмалы кесте толтыру  
"Балықтар", "Қосмекенділер"
2-топ - Венн диаграммасы
 Балықтар мен қосмекенділерге
3-топ -  Эссе  "Қосмекенділердің 
табиғаттағы және адам өміріндегі 
маңызы"
 «Табыс ағашы»
Тақтаға табыс ағашының суреті ілінеді, 
оқушылар сондағы ұяшықтарға сти-
кермен өзінің тапсырманы қаншалықты 
орындағанын түсіреді
1-қадам. Әр 
оқушы мәтінді 
жылдам және 
мұқият оқып 
шығып, кемі 2 
сұрақ құрасты-
рады.
2-қадам. Өзінің 
сұрақтарымен 
жұбымен бөліседі.
3-қадам. 
Тақырыпша 
бойынша қай топ 
көп сұрақ 
құрастырса,сол 
жеңімпаз болады.
4-қадам. Топтар өз
сұрақтарын келесі 
топқа береді. Топ 
өзіне келіп түскен 
сұрақтарға жауап 
дайындайды.
5-қадам. Әр топ 
өзі дайында-ған 
сұрақтардың 
дұрыстығын 
бағалайды.
Берілген 
тапсырмаларды 
орындауға 
кіріседі.
1-қадам: жеке 
жұмыс
2-қадам: жұппен 
жұмыс, өзара 
бағалау
3-қадам: топтық 
жұмыс жасайды.
Оқушылар өзінің 
түсінік деңгейіне 
сай өз атын жазып 
іледі.
Қоры-
тынды
5 минут
"Раунд - Робин" әдісі 
Әрбір оқушы 
сабақ туралы не 
біледі, бір сөйлем 
немесе сөз тіркесі 
арқылы бір-бірінің
айтқанын 
қайталамай, 
тақырып түсінігін 
44

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
айтып 
шығады.Оқушыла
р түгел қамтылуы 
тиіс.
Бағалау 
парақшасына 
топтық, жұптық, 
өзін-өзі 
бағалаужүргізеді
1 минут
Үйге тапсырма:Тақырыпты оқып келу.
Сабақтың жабдықтары
Мультимедиа, интерактивті тақта арқылы POWER POINT , 
маркет, қарандаш, бағалау парағы.
Келесі тапсырма-
лар(портфолио)
Мәтінді оқу, сұрақтар дайындау
Келесі оқу
Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар.
Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген түрлер 
жайында хабарлама дайындау.Балықтар мен 
қосмекенділердің қаңқа бөлімдері туралы салыстырмалы 
кесте жасау.
Сабақты  талдау
1. Сұрақтарға нақты жауап берді.
2.Мысалмен жұмыс жасады, түйіндеме жасады.
3. Топтық жұмысқа барлық оқушылар белсенді қатысты.
Тәжірибелік сабақты бағалау 1.Сабақ барысында тапсырмаларды орындауда 
қызығушылық болды.
2. Өздерін бағалау арқылы түсініктерін өздері мойындады.
Сабаққа өзгертулер енгізу
Алдағы уақытта топтық жұмыстарды қорғау мен жұптық 
жұмыстар-дағы белсенділіктерін арттыруда жаңа әдістер 
ойластыру.
-----------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда қаласы. №43 Ж. Махамбетов атындағы 
қазақ орта мектебінің бастауыш сынып 
мұғалімі Серікбаева Роза
Қазақ тілі                        Сыныбы:4
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ
Сабақтың мақсаты:
а/білімдік:шақтың түрлерін ажырата алуға,оны практикада қолдана білуге үйрету.
ә/дамытушылық:шығармашылық қабілеттерін дамыту,жаңа технологияларды пайдалана отырып, 
білім сапасын арттыру, сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
б/тәрбиелік:сөйлеу мәдениетін әдеппен қолдану арқылы ізгілікке, ізеттілікке, ынтымақтастыққа 
баулып, жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: «Ойтолғау» ,сұрақ-жауап
Сабақтың типі: білім мен дағдыны іскерлікті қолдану
Көрнекілігі:интерактивті тақта, плакат, сөзжұмбақтар
                                             Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп. Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс
Интерактивті тақтадан   суреттерді көрсетіп,етістікке байланысты сөйлемдер құрату
 
  Оқушыларды топқа бөлу.   
45

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
 «Осы шақ»  «Өткен шақ»    «Келер шақ»        
«Кім жылдам?» ойыны 
                            «Осы шақ» тобына:
Ұйқысы келіп ...
Ұйықтап жатып ... көрді
Түйсінде кітабын жоғалтып алып, ...
Оған әкесі кітап ...
Таңертең орнынан  ...
Түсінде ... кітабы үстел үстінде жатыр екен ...  көріп көңілі жайнады.
«Өткен шақ» тобына                                                                   
               1.Тиянақты ойды білдіретін                                
               2.Тоқтамай ағатын су                                            
               3.Кім?не? деген сұрақтарға жауап алатын         
               4.Бас киім                                                                                                                                              
              5.Ең жақын адамың                                            
              6.Мектеп мүлкің                                               
              7. Беті бор-бор қасқа                                                  
              8. Ата сөзі                                                                   
              9.  Алғыс сөзінің синонимі
 «Келер шақ» тобына
1.Ұзын құлақты,есепке шорқақ не?
 2.Ұйқышыл,маймақ не?    
3.Шақса қауіпті бірақ адамға пайдалы не?
4.Өзіңе дос,құшағы кең кім?                                                                                                                              
5.Адамға адал,қасқырға қатал не?
 6.Өзі ала,өзі биік не?
 7.Өзі терең,өзі тұзды ала не?
      8.Өзі талды,өзі қорған не?
Оқулықпен жұмыс
15. жаттығу.
    Өлеңді түсініп оқы. Өлеңді көшіріп жазып, осы шақтағы етістіктердің астын сыз.
     Анау қырда жастар тұр,
     Алға қарай бастап тұр.
     Оян дағы тез жүр деп,
     Дамыл таппай қақсап тұр.
     
   2-жаттығу. Мына сөздерден сөйлем құрастыр.
Жиналып жатыр,жақындап тұр,тазалап жүр.
                 1-тапсырма
Етістіктің шақтарына байланысты сөздер ойлап айтыңдар.
«Осы шақ» тобына             «Өткен шақ» тобына          «Келер шақ» тобына
  Жүр                                          жүрді                                     жүресің
  Тұр                                           тұрды                                    тұрасың
Кел                                           келді                                      келесің
Оқып жатыр                                        оқыды                                    оқисың
Жазып отыр                                           жазды                                     жазасың
2-тапсырма
Жапырақ сөзіндегі дыбыстарды пайдаланып, зат есім,сын есім, етістік сөздер құрастырыңдар.
«Осы шақ» табына                 «Өткен шақ» тобына          «Келер шақ» тобына
    Зат есім                                     Сын есім                                 Етістік  
қар                                                     ақ                                         жап
парақ                                                 қара                                      қыр
жар                                                   жарық                                    қара
арық                                                 арық
46

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
     Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосқанда
Болады екен он саусақ.
Жаза-жаза сауағым
Әлсіреді шаршады.
Оңға, солға бұрамыз,
Сосын қайта жазамыз.
3-тапсырма  Төмендегі сөздерді жіктеп жазыңдар. 
Осы шақ» табына                 «Өткен шақ» тобына          «Келер шақ» тобына
            Футболшы                               суретші                                    құрылысшы
   
   4-жаттығу Етістіктерді осы шақ етістіктеріне  айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
    Баян мен Нұргүл қысқы табиғаттың суретін салды.Оқушылар мұғаліммен бірге музейдің барлық 
бөлмесін аралады.Әжесі немересіне арнап жылы шұлық тоқыды.Айгүл журналдың әр бетін мұқият 
оқыды.Асланның әкесі оқушылардың өнерін бейнетаспаға  түсірді.Әсет ауылға барды.
   VI.Сабақты қортындылау 
           Ой қозғау «Біліміңді көрсет»
2. Етістік дегеніміз не?
3. Етістіктің шақтарын ата.
4. Осы шақ дегеніміз не?
5. Келер шақ дегеніміз не?
6. Өткен шақ дегеніміз не?
7. Оқы сөзін үш жақта жіктеп айт.
      VII.Үйге тапсырма беру,бағалау: Осы шаққа    байланысты 5 сөйлем құрап жазып келу
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«БАСТАУЫШ СЫНЫПТА «ҮӘЖ» педагогикалық 
технологиясының ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
Абишева Лиза Инаятқызы. Қызылорда қаласы. 
№ 173 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп
Оқытудың   «Үшөлшемді   әдістемелік   жүйе   (ҮӘЖ)»   педагогикалық   технологиясының   басқа
педагогикалық   технологиялардан   айрықша   ерекшелігі   –   әдістемелік   жүйенің   барлық
компоненттерінің   (мақсат,   мазмұн,   әдіс-тәсілдер,   формасы   мен   құралдарының)   үшөлшемділігінде.
Оның мәні: әдістемелік жүйенің әр компонентінің үш деңгейде бір-бірімен иерархиялық байланыста
болуында.   Соның   ішінде   бірінші   кезекте,   үш   меңгеру   деңгейлерінің   мақсаттары   бірінен-бірі
туындайды және біртіндеп жететін аралық нәтижелері болжамды түрде (белгілі бір балл санымен
өлшенетіндей   етіліп)   нақты   қойылады.   әрбір   деңгейдің   мақсаттарына   сәйкес,   бірін-бірі
толықтыратын,   тереңдететін   және   күрделендіріп   отыратын   деңгейлік   тест   тапсырмалар   тізбегі
іріктеледі. 
ҮӘЖ технологиясын оқыту үдерісінде қолдану барысында:
а)   зерттеушілік   әдіс   арқылы   өз   бетімен   білім   алуға   дағдыланады;
 
ә) міндетті түрде әр тақырып бойынша бағаланады. 
Ол үшін сабақтың соңында бірін-бірі толықтырып, тереңдетіліп, күрделеніп отыратын үш деңгейлік
тест  тапсырмалары  орындалады.  Орындау   барысында   оқушы   қабілетіне   қарай,   оған   сәйкес   балл
жинайды. Бірінші деңгейдің барлық тапсырмалары дұрыс орындалса 5 балл, екінші деңгей үшін 4
балл, үшінші деңгей үшін 3 балл қосылып, барлығы 12 балл жинаса, оның білім, біліктілік деңгейі
«берік» деп бағаланады және ол дәстүрлі оқытудағы «бестік» бағасына сәйкес келеді. Мұндай әр
оқушымен әр пәннің тақырыбы бойынша кері байланысты міндетті түрде жүргізіліп, тиісті бағасын
47

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қою   –   оқытудың   «үшөлшемді   әдістемелік   жүйесі»   технологиясының   айрықша   белгісі   мен   басқа
технологиялардан артықшылығы болып табылады. 
Нәтижесінде әр оқушы барлық пәннен: 
- екіліксіз оқуға кепілдік алады;
- оқушының бір бағытта болса да қабілеті ашылады (қабілетсіз бала болмайды!);
- дарынды бала жан-жақты дамуға мүмкіндік алады;
- рейтинг жүйесі бойынша «қосу» әдісімен балл жинау арқылы оқуға деген қызығушылығы артады.
Қазіргі   кезде   республикада   білім   беру   ісінің   жаңартуың   негізгі   ұстанымдары   ретінде
демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдары  анықталды. Олардың талабы бойынша оқытудың
басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылардың әр деңгейдегі қызығушылығын қанағаттандыру алмаған жағдайда оқытуды даралау,
саралау қажет.   Әр  деңгейден  өткен  сайын  оқушы бойындағы мүмкіндіктермен  қабілеттері   ашыла
түсіп,   меңгерген   білімі   мазмұны   жағынан   тереңдейді,   тапсырма   көлемі   мен   сапасы   жағынан
жоғарылай береді.
Осы принциптерге сүйене отырып деңгейлік тапсырма арқылы оқыту-сапалы білім берудің тиімді де
ұстамды   тәсілі   болмақ.   Білім   сапасы   жетілдірудегі   жетістіктер   деңгейліп-саралап   оқыту
технологиясында төмендегіндей жүйелі әрі үзілсіз дамытуды көздеген жұмыстар құрылымымен іске
асады.

 Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып ұғындыру әрекеті.

Жаңа тақырыпты игерудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері.

Қиындық деңгейі әр түрлі тест тапсырмалары.

Өздік жұмыстар

Қатемен жұмыс

Көп деңгейлік бақылау жұмысы

Рейтинг, мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау
Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат:
баланың қабілетін ашу,
шығармашылығының шыңдау іздендіру,
пәнге қызығушылығын арттыру.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:
1.   Оқушылардың өздігінен білімін толықтыру, жетілдіру отырып, жаңа білім алуы
2.    Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы
3.    Берілген білімді пысықтау
4.    Оқушы білімін тексеру, бақылау
5.    Шығармашылық қабілетін арттыру
6.    Байланыстыра сөйлеуге жағдай жасау
7.    Сөздік қорын байыту
Ұлттық   рухта   тәрбиелеу,   яғни   оқушыларды   халқымыздың   салт-дәстүрі   және   әдет-ғұрпы   мен
таныстыру
Міне осындай міндеттерді жүзеге асырар болсақ, онда осы технология арқылы:
Оқушыға пәндік ғылыми негіздерін меңгертуге болады
Халқымыздың салт-санасын, әдет-ғұрпын, ұлттық асыл мұрасы, рухани азығы болар бай тілі, ұлттық
шешендік билермен баба даналығын үйретуге мүмкіндік туады.
Ертеден келе жатқан шешен де дана, баба тіліміздің бал бұлағымен сусындаттырып, сөздік қорларын
молайтып, тілі байлығын игеруге де болады
Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәденитін арттырып баланы еркін сөйлетуге, жазбаша ойын
жүйелі жеткізуге дағдыландырады.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты оқушыларға жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай
сатылы   түрде   орындалатын   жұмыстар   жүйесін   ұсына   отырып   оқушыны   ізденушілікке,
шығармашылыққа баулу. Менің осы технологияны өз тәжірибеме еңгізудегі басты мақсатым сынып
оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әртүрлі топтарға бөлуді болдырмау.
Осы   арқылы   деңгейлік   және   дербес   оқыту   принциптерімен   қатар   барлық   оқушыға   қатысты,
48

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ізгілендіру принциптерінде сақталады.
Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады:
Оқушылық деңгейдегі тапсырмалар
а) жаттап алуға лайықты болуы керек
ә) жаңа тақырыпта меңгерілген білімінің өңін өзгертпей қайталап, пысқтауына мүмкіндік беруіне тиіс
б) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек
2. Алгоритмдік деңгейдегі тапсырмалар
Өтіп   кеткен   материалдырды   реттеуге   және   жүйелеуге   берілген   тапсырмалар.   Бұлар   өзгертілген
жағдайлардағы тапсырмаларды талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін
алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
Эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар
Оқушылар   жаңа   тақырып   бойынша   меңгерген   алғашқы   қарапайым   білімдерін   жетілдіріп,
тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика-анализ-синтез салыстыру. Негізгісін анықтау, қорытындылау, ой жұмыстарын қажет етеді.
Шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар
Оқушыға берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Қорытып айтқанда бұлар:
бірінші   деңгей   үшін   игерілген   материалды   пысықтаумен   қайталауға,   ережелер   мен   формулалар
жаттауға арналған.
Жоғарғы деңгейлер үшін- алған білімдерін өз бетімен тереңдетіп қортуға, жүйелеуге және тәжірибеде
қолдануға арналған тапсырмалар.
Өз тәжірибемде сынып оқушыларын 1-сыныптан бастап, бақылау жасай отырып, профессор Қараев
Жауынбайдың «Деңгейлік оқыту   технологиясын» таңдап алдым. Мұндағы мақсатым – өз бетімен
дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу.
Бұл  технология  біріншіден дамыта   оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға    мүмкіндік береді.  Өйткені  ол
оқушының ойлауын елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына
көмектеседі.  Әр оқушының кемінде мемлекеттік деңгей алуына көмектеседі.
Бұның басты ерекшілігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың
меңгерген   білім   мен   іскерліктеріне   қойылатын   талаптардың   деңгейленуі,   яғни,   материалды
меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық.
Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама
бойынша білім ала отырып, қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді таңдауға мүмкіндік табады.
Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету екені
бәрімізге   мәлім.   Бұл   технологиямен   жұмыс   істегеніме   көп   уақыт   бола   қойған     жоқ.   Сынып
оқушыларының   арасынан   кімнің   қай   пәнге   қабілетті   екенін   байқай   бастадым.   Менің   ойымша,
баланың жас ерекшелігіне қарай деңгейлік тапсырмалар неғұрлым қызықты етіп құралса, соғұрлым
олар   оны   үлкен   қызығушылықпен   орындайды.   Деңгейлік   оқыту   технологиясы   оқушының   да,
мұғалімнің   де   шығармашылық   қызметін   дамытуға   бағытталған.   Осыған   байланысты   әр   пәндер
бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп, оқушыларды қалыптастыра бастадым.
Деңгейлік   тапсырмалар   оқушының   өзін-өзі   сезінуіне   және   шығармашылықпен   айналасуына
жетелейді. Оқушылардың оқу материалын меңгерту үшін үш деңгейге бөлінеді:
1. Міндетті деңгей.            
2. Мүмкіндік деңгей.
3. Жоғарғы деңгей.
Мысалы:   12   жылдық   бағдарламамен   оқытатын   2-сыныптың   қазақ   тілі   пәніне     арналған
тапсырмаларды алатын болсақ:
Тапсырмалар деңгейлік оқыту технологиясы бойынша төрт деңгейде беріледі.
«Дыбыс және әріп» тақырыбы бойынша:
І деңгей.
1. Суреттегі заттардың атын жазып, әр сөздегі дыбыс және әріп санын анықта.
2. «Садақ» сөзінің ортаңғы дыбыстарын өзгерту арқылы бірнеше сөз шығарып жаз.
«Бала» сөзінің бірінші дыбысын өзгерту арқылы бірнеше сөз шығарып жаз.
Қандай қорытынды жасауға болады?
ІІ деңгей.
3.Берілген сөздерді дыбыс санына қарай топтап сәйкес түспен боя:
49

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Жапырақ, алма, жеміс, күз, жел, жаңбыр, өрік, топырақ, қабық, қарбыз.
4. Дауысты дыбыс әріптерін жаз:
Дауыссыз дыбыс әріптерін жаз:
ІІІ деңгей. 
5. Керекті әріптерді қойып, дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыздарды көк түспен боя:
IV деңгей.
6.Төмендегі сөздерде у дауысты болса-қызыл, дауыссыз болса –көк түспен боя:
Уақыт, тауық, уық, сауысқан, жуан, белбеу, серуен, ауа, жусан, қауын.
Қорытынды жаса:
Деңгейлік оқыту технологиясының тиімділігі:
әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
оқушыныың жеке қабілеті айқындалады;
іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
тапсырмалардың күрделену деңгейіне сәйкес оқушылардың ойлау қабілеті арта түседі;
әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
сынып оқушылары толық бағаланады;
бір ғана сабақта тапсырманың  бірнеше түрін орындайды;
жаңа буын оқулықтарындағы берілген тапсырмалар деңгейлік оқыту технологиясына сай берілген.
Жас  ұрпақты оқыту және  тәрбиелеу барысында  деңгейлік оқыту технологиясын   үнемі  қолданып
келемін.
Бірінші   деңгей   тапсырмалары   білімнің   минималдық   шегі,   ол   мемлекеттік   стандарт   талабына   сай
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болады. 
Екінші деңгей кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі.
Үшінші деңгей тапсырмаларында оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстар
жүргізеді.
Төртінші деңгей тапсырмалары – қабілетті, дарынды, ізденгіш талантты оқушыларға арналған саты.
Шығармашылық   деңгейдің   тапсырмасын   оқушы   бойында   қызығушылық   туу   үшін   оқушының   әр
алуан мүмкіндігін ескере отырып, түрлі тапсырмалар беремін. Сыныпта барлық балалардың ойлау
қабілеті бірдей емес.Сондықтан сабақ кезінде әрқайсының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап,
сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы.
Мен   өз   тәжірибеме   осыларды   енгізіп,   жұмыс   жасап   келемін.   Менің   басты   мақсатым   –   сынып
оқушыларының ерекшілігін анықтау.
Осы технологияны оқу үрдісіне еңгізу барысында білім сапасының айтарлықтай артқаны байқалады.
Мысалы: 2 сыныпта қазақ тілінен оқу жылының 1-ші тоқсан аяғанды білім сапасы 51 пайызда болса,
2-ші тоқсанда ол 58 пайызға жетті. 3-ші тоқсанда 61 пайыз болса, 4-ші тоқсанда 64 пайызға жетті. Бұл
технологияны тәжерибеме еңгізгеніме бір-екі жыл ғана болғандықтан үлкен жетістіктерге жеттім деп
айта   алмаймын,   әйтседе   бұл   технологияны   жүйелі   әрі   үзілсіз   дамытып   отыратын   болсақ,   онда
деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың түрлі, яғни
ойлау, есте сақтау, ізгілік, инабаттылық, дұрыс байланыстыру сөйлеу, шығармашылық жауапкершілік
ұлт-жандылық,   өзін-өзі   дамыту,   бағалау,   азаматтылық,   адамгершілік   қабілеттерін   дамыта   отырып,
ұлттық   рухани   санасын,   көркемдік-эстетикалық   биік   талғамын,   кітап   оқуға   деген   дамытуға
болатындығына көзім жетті.
1 сыныпта 5 оқушылық деңгейдегі бала.
2 сыныптың 1-ші жарты жылдығында 3 оқушы алгоритмдік деңгейге көтерілді.
2 сыныпта 7 оқушы алгоритмдік деңгейдегі оқушы 2-ші жарты жылдықта 2 оқушы эвристикалық
деңгейге көтерілді.
2 сыныптың 1-ші жарты жылдығында 3 оқушы алгоритмдік деңгейге көтерілді.
2 сыныпта 7 оқушы алгоритмдік деңгейдегі оқушы 2-ші жарты жылдықта 2 оқушы эвристикалық
деңгейге көтерілді.
Оқушыларға деңгейлеп тапсырма берген кезде мынандай нәтиже көрсетті:
Сыныптағы 18 оқушы 1-ші сыныпта 1-ші деңгейде 5 оқушы болса, 2-ші деңгейде 8 оқушы болды.
2-ші сыныпта сынып оқушыларының 18 пайызы эвристикалық шығармашылық деңгейге көтерілді.
Қорыта келгенде мынандай нәтиже шығады
Оқушы өз ойын еркін жеткізе білді
50

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Өз қабілетіне сенім артады.
Басқа оқушының пікірін тыңдайды
Өз бетімен реферат әзірлейді
Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі
арқылы   жүзеге   асырлады.   Бұл   технологияда   бірінші   оқушы   тұрады   және   оның   өз   бетімен   білім
алудағы  белсенділігіне  баса  назар  аударылады.   Деңгейлеп  саралап оқыту  технологиясың оқытуды
ізгілендіру   мен   демократияландыру   принциптері   жағдайында,   өздігінен   даму   бағдарын   анықтап
дамитын   және   өздігінен   дұрыс   шешім   қабылдай   алатын,   өзін-өзі   жетілдіріп   өсіруші,   өзін-өзі
тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болатындығына кәміл сенеміз
    Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы  оқушының ақыл-ойы дамиды,
өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және
жауапкершілігін арттырады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет