Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» ІІІ (негізгі) деңгей: Үшінші басылым.

«Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру» әдістемелік көмекші құрал. 
Қызылорда 2012ж

«Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі». Алматы «Рауан», 1998ж. Құдаййқұлов М.Қ., 
Жаңабергенов Қ.

Интернет ресурстары, www. kz.45minut
 
     «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» Құтанбекова 
Бейбітгүл
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
                                                                     Ерназаров  Мұрат  Сүйінбекұлы
№132 Т.Айтбаев атындағы орта  мектептің  
 қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сырдария ауданы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА
 (ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ) ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
  Мұғалім   мен   оқушылардың   бір-   бірімен   сөйлесуі,   емін-   еркін   ескертулерді   айтуы,   өз   пікірлерін
қысылмай білдіріп,сөз алмасуда өздерін шынайы ашу тәсілін, мен, мұғалімге арналған нұсқаулықты
басшылыққа   ала   отырып,   мектеп   жұмысы   мен   оқушы   жетістіктерін   өрістетудегі   басты   тұлға   –
мұғалім   екеніне   көзім   жетті.   Себебі   мен   өзімнің   мектептегі   зерттеу   кезінде   мұғалім   сабақ
жоспарлағанда сабақты  ұйымдастыру, жаңа материалды меңгертуді диалог түрінде жүргізгенді жөн
деп таптым.
Диаологтік оқыту, оқушы мен мұғалімнің, оқушы мен оқушының арасында жүреді.
  Сабағымда оқушыларды топқа бөліп, оқушылардың ой- өрісін байқау үшін   оқушыларға мынадай
сұрақтар бердім.
1.Атақты би- шешендерден кімдерді білесіңдер?
2. Неліктен осы би – шешендердің айтқан нақылдары осы уақытқа дейін ұмытылмай келеді? деген
сұрақ   қойып,   оқушылардың   не   білетінін     және   сыни   ойлауға   әрі   оқушыларды   диалогке   тартуды
көздедім. Тапсырманы топ болып ақылдасып, ортақ шешімге келуді тапсырдым. Әр топты  бақылау
барысында оқушылардың арасында диалог жүріп жатқанын да байқадым. «Қ» есімді оқушы  топтағы
сыныптастарына би- шешендерден Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерді білетінін айтты. Осы кезде
мотивациясы жоғары оқушы қазақ халқында есімі елге мәлім  Сырым Датұлы, Майқы би, Жиренше
шешен, Бөлтірік шешен т.б. би-шешендер бар екенін айтты. «Ш» есімді оқушы   олардың есімдері,
нақыл   сөздері   ел   жадында   қалай   сақталып  қалғанына   топ  арасында   жауап  беріп  жатырғандығын
аңғардым. Берілген уақыт аяқталған соң, әр топтың баяндамашылары топ атынан шығып,өз ойларын
91

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ортаға салды. Осы төрт топтың ішіндегі екінші топтың  «Д» есімді баяндамашысының жауаптарына
басқа топ мүшелері өз ризашылықтарын білдірді.  Дәл осы сәтте мен өзімнің тарапымнан «Д» есімді
екінші топтың баяндамашысына: 
-   Осы жоғарыдағы аталған би –шешендердің бірінің ұлағатты сөздеріне мысал келтіре аласың ба?
деген сауал қойдым.
Сонда баяндамашы кідірместен:
- Мәселен Майқы би туралы айтар болсам. Болашақты асқан көрегендікпен болжап айту да осы көсем
билер мен шешендердің еншісінде екенін білеміз.
Мысалы, Майқы би:
....Әлі заман өзгерер,
Өзгергенін көз көрер.
Мінгенің арба болар,
Бар құс қарға болар,
Жансыз арба ат болар,
Өз балаң өзіңе жат болар,
Темірден құс болады,
Ұрпағының көргені сұс болады.
Еркек жасып и болар.
Қатын тұлданып, би болар.
Сарысудан ас болар,
Жұрт пақыр болар,
Жер тақыр болар-
Осындай қилы заман болар,- деп толғаған. Нағыз  көрегендік пен кемеңгерліктің үлгісі осында  жатса
керек деп ойлаймын, ағай.

Жарайсың! Міне, тамаша жауап!- 

Ағай, қазақ халқында мына бір даналық сөзді айта кеткім келіп тұр.

Мақұл, айта ғой.

Майқы би атамыз туралы халық аузында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би»  деген
даналық сөз бар.

Міне, табылған жауап!
Бұл оқушының  мотиватциясы жоғары екендігін іштей сезгеннен кейін, мен тағы да ол оқушыға: 
- Оқулықтағы нақыл сөздерден басқа өзің білетін нақыл сөздерден басқа мысал келтіре аласың ба?
деп сұрадым. Сонда оқушы:
 - Сырым Датұлы жастау кезінде атақты Қанай шешеннен бата алуға ат жалын тартып мініп, жолға
шығады.Сырым Қанай шешеннің ауылына келіп, шешенге сәлем беріп, бата алуға келгендігін айтады.
Сонда Қанай шешен тұрып: 
- Кімнің баласысың?
 Сырым: - Дат баласымын. 
Қанай   шешен:   -   Е,е   қой   жая   алмайтын   Даттан   қолақпандай   ұл   туды   деуші   еді?   Сірә,   сол   сен
боларсың? 
Сырым:-  Болсақ болармыз.
Қанай шешен: - Әкең қой жая алмаса да, анаң түнде келген қырық кісіні де, күндіз келген қырық
кісіні де ренжітпей қарсы алушы еді. Сірә анаңа тартқан ұл болдың –ау ?
Сырым: - Анам түнде келген қырық кісімен, күндіз келген  қырық кісіні қабағын шытпай қарсы алса,
«Қырықтың бірі қыдыр» деген, бәлкім маған қыдыр қонған шығар ата? – деп, айтқан екен деп, оқушы
жауап   берді.   Мен   бұл   оқушының   жауабына   ризашылығымды   айта   келіп,   саусақ   арқылы   өз
мадақтамамды   көрсеттім.   Осы   сәтте   басқа   топ   мүшелері   де   өз   мадақтамаларын   қол   шапалақтау
арқылы білдірді.
       Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен
Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,
олардың   білім   деңгейінің   өсуіне   үлес   қосатындығын   атап   көрсетеді.   Зерттеулерде   ересектермен
интерактивті қарым- қатынас пен достарымен бірігіп   жүргізілген жұмыстың   балалардың   оқуына
және  когнитивті дамуына әсер ететіндігі  айтылған. [МАН, 39- бет].
92

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Менің   сабағымда     диалогті   оқытуды   қолдану   өте   тиімді   екені   байқалды.   Оқушылардың
жұптық,   топтық   тапсырмаларды   орындауда   өзара   пікір   алмасуы,   тапсырманы   бірлесе   шешуі,
оқушыларды ұжымшылдыққа, ойлау қабілетінің өсуіне зор ықпал етеді деп ойлаймын. Топпен жұмыс
жасау барысында оқушылар бір- бірімен пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап іздейді. Осыған
орай мұғалім оқушыларға  тақырыпқа сай сұрақ қоюдың да маңызы зор.  Сұрақ  оңтайлы қойылған
жағдайда   сабақ   берудің   тиімді   құралына   айналады.   Оқушыларға     тақырып   түсінікті   болуы   үшін
мұғалім тарапынан сұрақтың екі түрі қойылады. Бірі ашық сұрақ , екіншісі жабық сұрақ. Сабақта осы
сұрақтың екеуінде пайдаланған дұрыс , тек сабақтың мақсатына қарай өзгертіп отыру қажет. 
Мысалы оқушыларға мынандай жұптық жұмыс бердім.
                                 V.Жұптық жұмыс «Арнайы қатені табу»  (5-7 минут)
Арнайы қатені табу
Дұрыс жауабын жаз
Шешендік сөздер мазмұнына қарай беске бөлінеді.
Шешендік арнауға :     жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар-
намысқа байланысты тапқыр сөздер жатады ма?
Тәуке   ханның   «Жеті   жарғысын»   жасауға     Асанқайғы,
Жиренше шешендер қатысты ма?
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Жиренше» 
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады
және әңгімелесудің  үш түрі бар.
1. Әңгіме-дебат
2. Топтық әңгіме
3. Зерттеушілік әңгіме         [МАН, 40- бет]
Сабақ өту барысында сабағымда диалогтік оқыту моделі оқушылардың   топ болып жұмыс жасау
кезінде   байқалды.    Бұл   сабағымда   оқушылар   тапсырманы   орындау   кезінде   өздерінің     пікірлерін
айтуға ұмтылып отырды. Кей топтарда 1-2 оқушылар жұптың жұмысына мән беріп қарамады.Топтар
арасындағы диалог оқушы мен оқушы арасында өтетін процесс. 
Жоғарыдағы суретте (фото № 1) мотиватциясы төмен оқушы топтық жұмысқа араласпай, өз бетінше
отырды.                                                
Осы  сабағымда     жұптық  тапсырма   кезінде     де   диалогтік  оқыту   көрініс     берді.   Өйткені   жұптағы
оқушылар     өзінің   жұбымен   пікірлесіп,   тапсырманы   орындады.   Тек   екінші   топтағы     жұптың
оқушыларының   арасында диалог байқалмады. Оның себебі жақсы оқитын оқушының жұбы нашар
оқитын оқушы. Тапсырма орындау барысында  ой- пікір айтуға белсене араласпады, ал жақсы оқитын
оқушы одан ештеңе сұраған да жоқ. Келесі сабағымда осындай жағдайларды  болдырмауды ойладым. 
                                         
                                 Жұптық  жұмыс
Кейіпкер сөзі
Қаршыға
Хорен
Жібек
Төлеген
Мен бір сұлу табайын,
Патшамыздың жалғызы-
Аты Жібек сұрасаң,
 Кереметін барып көр.
«Бұл   Жібек   маған   үш   шақырсам,
ақымақ   адамдарға   ұқсап   жауап
бермейді, бұл қалай?»
Атаңа лағынет, ит қарақшы,
Көкжорға   астыңдағы   алдың
қайдан?-
Қызыңды   маған   қалыңдыққа
бересің,   бермесең   еліңді   түгел
шабамын.
Менің іс-тәжірибемде диалог көбіне жұптық және топтық жұмыстарда көрініс тауып жүр. Жұптық
93

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жұмыс барысында оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болып, талқылау әңгімелерін жүргізді.
Бірінің ойын бірі толықтырып отырды. 
Байқап қарасам сабағымның барысында зерттеушілік әңгіме түрін қолданған тиімді екен.
Өйткені   зерттеушілік   әңгіме   барысында   оқушылар   сыныптастарымен   шағын   топтарда   жұмыс
жасайды. Олар зерттеу әңгіме жүргізу үстінде: Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады, әркімнің
идеясы   пайдалы   ретінде   болғанымен,   мұқият   бағалау   жүргізіледі,   тапсырмаға   қатысушылар   бір-
біріне сұрақ қояды, және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді. Топтағы
қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де келмеуі де мүмкін, ең бастысы-
келісімге ұмтылу).  [МАН, 40- бет].
Диалог   көрініс   табу   үшін   мұғалім   оқушыларды   сыни   ойлай   алатындай   белсенді   сұрақ   қоя   білу
керек.Себебі   тақырып   төңірегінде   қойылатын   сұрақ   оқушылардың   білім   алуына,   білім   аясын
кеңейтуге,көркем   де   шебер   сөйлеуге,   біреуді   тыңдай   алуға,   сыни   ойлана   отырып,   ойланатын
тапсырмаларды өздігінен орындай  алуына ықпал етеді. 
Диалогтық   оқытудың   нәтижесінде     оқушылар   арасында   білім   игеруде   бірлескен   іс-әрекет
қалыптасады  және  жоғары деңгейде  ойлау қабілеттері  мен  зияткерлік  қабілеттері  дамиды.  Сосын
менің бір түсінгенім мұғалім оқушылардың сұраққа берген жауабын тек олардың білімдерін тексеріп,
оған баға қою үшін емес, сонымен қатар оқушылардың сол сұраққа деген оз ойларын білдіруге және
оны одан ары дамытуға қолданса, оқушылар сабаққа тек жаттап оқып баға алуға   бола емес, сол
қырық бес (45) минут ішінде өздеріне қажетті білім алып кетуге тырысады деген ойға  келдім. 
Александер   (2004)   Оқытудағы  әңгімелесу  –  қарым   -   қатынас   жасаудың   бірсарынды   үдерісі   емес,
керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға
жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері
де)   келісілген   нәтижеге   жету   үшін   күш-   жігерін   жинайтын   және   Мерсер   (2000)     сипаттағандай,
білімді   бірлесіп   алуда   пікір   алмасу   барысында   тең   құқылы     серіктестер   болып   табылады.   Пікір
алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске  асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу
барысында да анықтай алады. [МАН, 40- бет]. 
Осы   диалогтік   оқыту   моделі   менің   сабақтарымда   үнемі   көрініс   беріп   келеді.   Себебі,   «Жырдағы
кейіпкерлер әлемі» атты  тақырыпты өту барысында балалардың қызу пікірталасқа түсіп, диологтің
өрбіуі   пайда   болды.   Сабақтағы   диалогтің   жүру   барысында   осы   бағдарламаның   «Сыни   тұрғыдан
ойлау»   моделі   де   көрініс   тапты.   Оқушылар   өз   ойларын   айту   барысында   сыни   тұрғыдан   ойлады.
Балалар   Қыз   Жібек   пен   Төлегеннің   арасындағы   сөйлеу   барысындағы   қарым-қатынасты   және   де
Бекжан мен Төлегеннің, одан қалды Қыз Жібек пен Бегежанның арасындағы диалогті өз тілдерімен
айтуларында байқалды. ІІІ топ мүшелері өздерінің арасында Қыз Жібек пен Төлегеннің арасындағы
кездесу сәтінен болған оқиғаны көрініс көрсету арқылы диалогтік сипатта қойылым көрсете отырып,
басқа   топ   мүшелеріне   көрсете   білді.   Осы   сабақтағы   ситуациялық   жағдайдан   шыға   білген   І   топ
мүшелері болды. Олар екі түрлі диалог дайындаған екен. Бірін ІІІ топ мүшелері көрсеткеннен кейін
олара   екінші   сюжеттерін  ортаға   салды.   Бұл  да   болса   сыни  тұрғыдан   ойлаудың   бір  көрінісі   екені
даусыз. 
Сұрақты басқа оқушыларға  қайта бағыттау, Мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?» 
Диалогтік   тәсілін   дамытудағы   сұрақтардың   маңызын   қарастыратын   болсақ,   сұрақ   қою   арқылы
мұғалім:
Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
Оқушыларды білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;
Оқушылардың бір- бірінен үйренуіне,  басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына
ықпал етеді.
Әңгімелесу   және   ой   елегінен   өткізу   көмегімен   ойын   жинақтауға   көмек   береді,   іс-   әрекеттерін
тереңдетеді және шоғырландырады;
Оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды. [МАН, 41- бет].
Өзімнің пайымдауымша диалогті  оқытуда үнемі пайдалану керек. Себебі оқушылардың білімге деген
қызығушылығы оянады.Сабақ  үдерісінде   диалогтің  жүргізілуі  білім  берудің сапасына   жақсы  әсер
94

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
етеді. Менің іс-тәжірибемде диалог көбіне топтық, жұптық  жұмыстарда көрініс тауып жүр. Топтық
жұмыс кезінде оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болып, талқылайтын әңгімелерін жүргізіп
отырды. Бір-бірінің ойларын, толықтырды.  Қорыта айтқанда, сабақ барысында оқушылар арасында,
оқушылармен жүргізілген диалогтің білім беру үдерісінің алға жылжуына көп пайдасын келтіреді.
Осыған орай оқушылардың тілдік қарым-қатынасының, сөйлеу мәдениетінің жоғарылауына көп үлес
қосқанына көзім жетіп отыр.
      Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. 2012 жыл.
2. Дәріс материалдары бірінші бетпе- бет кезеңі
3.
Интернет ресурстары [http:// кк.wikipedia. org/ Дарындылық]
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
 Аймуратова  Замзегуль Аптихалыковна
Жалағаш  ауданы, Жаңаталап ауылы № 119 орта мектептің
 І  деңгей    бағдарламасы  бойынша  
сертификатталған    бастауыш  сынып мұғалімі
                                                     ӘДІСТЕМЕЛІК  БАЯНДАМА
Тақырыбы:   Тәлімгерлік   -     мұғалімнің   кәсіби     өсуі   мен     инновациялық     ойлау   жүйесін
қалыптастырушы  жұмыс әдісі.   2013 – 2014   оқу жылы
                                  Баяндаманың  мазмұны   
Кіріспе бөлім
Мектеп  тәжірибесіне  өзгеріс енгізу тетіктері   - тәлімгерлік  үдерісі
Негізгі бөлім
Жеті ұстанымға негізделген жүйелі тәлімгерліктің  оқу үдерісіндегі маңыздылығы
    Тәлімгерлік циклі     
 А)  1- қадам  Бастапқы  бақылау
Ә) 2-қадам   Сабақ  үстінде
Б) 3-қадам   Бақылаудан  кейін
Қорытынды бөлім   Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім
            Педагогикалық   шеберлік    орталығының   Кембридж  университетінің  бағдарламасы   бойынша
әзірленген   мұғалімдердің   біліктілігін   арттыру   курстарында     мұғалімдер   оқу   көшбасшылары   деп
саналады. Бұл ретте оқу көшбасшылары қолданатын тетіктер  мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне
өзгеріс   енгізуге  назар аударатын  болса,  екінші   деңгей бағдарламасы бойынша   оқыған  мұғалімдер
коучинг  пен тәлімгерліктің көмегімен өз мектептеріндегі әріптестерін оқытып, солардың тәжірибесін
өзгертуге   күш   салады.   Ал   Бірінші   деңгей   бағдарламасы   оқытуды   басқару   мен   көшбасшылық
мәселелерін көтеруге бағытталған. Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын
өзінің үздік  нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Бірінші  деңгей бағдарламасы
мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді  пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы
жұмыс  істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады.
     Тәлімгерлік  -(mentoring)  ұзақ  уақытқа созылатын , тәлімгер  мен тәлім алушы арасында сенімді,
жеке   тұлғаға   бағытталған   қарым-   қатынас   құру   үдерісі.   Ол   тәлім   алушының   педагог   ретінде
қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде
айтарлықтай   қарқын   алуына   көмектеседі.   Тәлімгерлік   ету   барысында   тәлімгер   өзінің   білімімен,
тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің
кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. Тәлімгерліктегі басты ұстаным
қызмет емес, қарым- қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгер объективті тыңдаушы  және
бағыттаушы   болады.   Тәлімгер   тәлімгерлік   үдерісіне   өзінің   тәжірибесін   үлес   етіп   қоса   отырып,
бірқатар міндеттерді орындайды:

Тәлім  алушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді:

Стратегиялық деңгейде өзінің ноу- хоуымен алмасады;
95

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы

Тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.
   Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі   сипаттамасы екі адам арасындағы оқу қарым қатынасын құруға
негізделген     және   түйінді   дағдыларды:   белсенді   тыңдай   білу,   тәжірибені   дамыту   үшін   бірқатар
күрделі   сұрақтар   қоя   білу   дағдыларын   дамытуға     бағытталған.   Тәлімгер   тәлім   алушыға   күрделі
тапсырмалар   беріп,   колдау   көрсетуге;соның   ішінде   қажетті   түйінді   қасиеттерді:   сенімділік,
ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады.  Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен
тәлім   алушының   арасында   орнаған   қарым-қатынас   біліктілігі   төмендеу   мұғалімнің   өзіне-өзі
көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік
түзету  қағидатына   емес,   даму  қағидатына   негізделген.       Бірінші   деңгей   бағдарламасы   тәжірибелі
мұғалімдерді   өз   мектептерінде   құзырлы   коуч   пен   тәлімгер   болуға   үйретуге   бағытталған.   Бірінші
деңгей   бағдарламасы   бойынша   курсты   аяқтаған   мұғалімдер   оқу   қоғамдастығын   құрып,   жаңа
идеяларды іске асыру үшін өз мектебінде тәжірибеге өзгеріс енгізуді және әріптестерімен жүргізілетін
жұмысты ойластырып, оны жоспарлауды бастайды.
    Мектептегі коучинг пен тәлімгерлік негізгі жеті ұстанымға негізделеді.
1. Коучинг пен тәлімгерлік мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің айтарлықтай
тиімді тәсілі болып табылады.
2. Құзырлы   тәлімгер тәлім алушының оқыту мен оқудағы тәжірибесінің сапасын арттыруға
ықпал етеді.
3.  Кәсібилігін жетілдіру мақсатында коуч пен тәлімгерге тренинг қажет.
4. Коучті жаттықтыру  тренерлердің басты міндеті.
5. Оқыту   мен оқу тәжірибесіндегі   болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды
айтарлықтай  өзгертуге қабілетті.
6. Оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекелеген тәсілдер мен әдістер, бір қарағанда
болмашы болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйе ішінде жағымды өзгерістерге ықпал ететін қуатты
қозғалыс күші бола алады.
7. Коучингті іске асырудың бір ғана дұрыс  жолы жоқ.
Құзырлы тәлімгер тәлім алушыға   ол үшін нақты проблеманы   белгілеуге көмектеседі   және оның
жеке тәсіліне, нақты мәнмәтінге, жұмыс тәсілінің  ыңғайына  сәйкес келетін  іс   әрекеттің оңтайлы
бағытын таңдауға   септігін  тигізеді.Тәлімгерлік циклі  қалай  жүзеге  асырылады?  Тәлімгерлік  циклі
жүру үшін алдымен тәлім алушы өзіне тәлімгерді   белгілейді. Тәлімгер өзінің тәлім алушысымен
жүргізетін   жұмыстарының   мақсатты   жоспарын   жасайды.     Таңдалған   сыныптағы     сабақтардың
жүргізілу   әдістерін   сабақ   жоспарлауды   өзгерту   арқылы   тәлім   алушының   қабілеті   мен   мүмкіндік
деңгейін   аша   отырып,   тәлімгер   өзінің   тәлім   алушымен   үздіксіз   жоспарлы   жұмысы   нәтижесінде
жоғары нәтижеге қол жеткізеді. 
Тәлімгерлікке даярлық кезеңінде тәлімгерлік отырысын дайындауға арналған  кесте жасалынады. Бұл
кесте   тәлімгерлік   жұмысының     мақсаттарын   мен   нәтижесін   нақты   көрсетуге   арналған   нұсқаулық
ретінде көрсетіледі.( 1-қосымша) кесте бойынша  төмендегідей кезеңдер қамтылады.
Отырысқа   дайындық   кезеңі    тәлім   алушымен   қай   бағытта     әңгіме   өрбітетініңізді   анықтайсыз.
Отырыс өткізілетін орын тәлім алушыны басқа еш нәрсеге алаңдатпайтын, өзін еркін сезінетін жер
болуын қарастырады.Өткен сабақтарды бақылау дереккөздеріне сүйене отырып, отырыс барысында
көтерілетін  маңызды  мәселені  анықтап  алынады.    Отырыс  кезеңінде  талқыланатын  дереккөздерін
анықтап алу қажет. (рефлексия, кері байланыс, оқушының пікірі,бейнежазбаны қарағаннан кейінгі
пікір)отырыс уақытында қандай тәсілдерді қолдануға болатынын анықтау қажет.
Отырысты өткізу   тәлім алушының өзін емін-еркін ұстауына мүмкіндік беріледі.Оқу мақсаттары
мен   сабақ   жоспарын   талқылау   және   үнемі   тәлім   алушының   жұмысына   оң   көзқарас   білдіру
көзделеді.Тәлім алушының жеткен жетістіктерін атап өтіп, одан әрі көрсетілетін қолдау талқыланады.
Тәлім   алушыға   жоспарды   одан   да   ұтымды   құру   үшін   өз   идеясын   жаңартуға   мүмкіндік   беру,
жоспардың тармақтарын талқылау жүргізіледі.Отырыстың соңында қол жеткен нәтижелерді анықтау.
Тәлімгерден қандай көмек қажет ететіндігін сұрау, келесі отырыстың күні белгіленеді.
мақсаты
 Тәлімгердің  түсініктемелері/ cұрақтарының мысалдары
Көз жеткізу үшін
Сабағыңызды маған көрсеткеніңіз үшін рахмет.
Сіздің пікіріңізше, не жақсы өтті .Неге?
96

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Менің ойымша  , аса пайдалы болды.
Назарды   мұғалімнен
оқушыларды
оқытуға
шоғырландыру
Өзіңіз неге қол жеткізгіңіз келеді?
Сіз оқушыларға не үйреткіңіз келеді?
 Мұғалімнің сабақты
түсінуін   анықтау
және оны жетілдіру
Жоспар сізге қаншалықты  көмектесті?
Жоспарға қатысты не жақсы өтті? Неге?
Не жоспардан тыс өтті? Неге?
Қандай әрекетке  көңіліңіз толмады?
Сіз нені басқаша өзгертер едіңіз? Неге?
Өзгертер тұстарыңыз туралы көбірек айтыңызшы?
Сізге қандай қолдау қажет?
Сізге қандай жоспар құру қажет?
Сіздің ойыңызша, жағдайды қалайша түзетуге болады?
Тәлімгердің   тиімді
педагогика
 
мен
балалардың   қалай
оқитындығын
түсінуі
Сіз басқаша әдістерді қолдануды қарастыра алар ма едіңіз?
Қ  оқушыға қатысты не айтар едіңіз?
Деректер   сізге қандай әрекеттер жасауға көмектесті?
Қандай
 
білім
алынды     және   одан
әрі   оқыту   үшін
қандай
 
мақсат
тұжырымдалды?
 Егер сіз бұл сабақты қайтадан өткізсеңіз, нені басқаша істер едіңіз?
Сіз не істейсіз?
Мұны қашан жоспарлайсыз?
Сіздің алдағы қадамдарыңыз қанда?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет