Отырыстан кейін
Талқыланған мәселелер қысқаша жазылады.тәлім алушымен қандай қарым қатынас жасау әдісі тиімді
екендігін бақылау, келесі жолы қалай жұмыс жасау қажеттігін анықтау. Қандай бағытта кәсіби өсуін
жетілдіру қажеттілігін анықтау және нәтижелі жұмыс жасау үшін барлық ресурстарды пайдалана
отырып, бірлескен жоспар құру. Тәлім алушының қандай жетістіктерге жететінін болжау. Тәлімгер
мен тәлім алушының бірлескен жоспарының жүзеге асуына бірігіп жұмыс жасау. Келесі отырысты
белгілеу.
Тәлімгерлік циклі 3-қадамнан тұрады.
1- қадам Бастапқы бақылау. Бұл қадам бойынша тәлімгер тәлім алушының бастапқы сабағына
қатысады. Әрбір оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мұғалім сабақта қандай мақсаттар
қойған және сабақта қандай әдістерді қолдануда, бағалауды қалай жүргізеді. Сыныптағы
оқушылардың сабақтағы белсенділіктерін арттыру мақсатында қалыптастырушы деректер жинау
жұмыстары жоспарланады.
Оқушыларды оқыту мақсаты
Қалыптастырушы деректер жинау
Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау
кезіндегі іс- әрекетке түсуі, оқу жұмысының
жүргізілуі.
Тәлімгер топтағы оқушылардың жауаптарын
тыңдайды және оқуға реакциясын жазып
отырады.
Тәлімгер мұғалім пайдаланатын білім
стратегияларын және оқушылардың бұл
стратегияларын және оқушылардың бұл
стратегияларға реакцияларын жазып алып
отырады.
2- қадам Сабақ үстінде. Тәлімгер сабаққа енгенде
Сабақ уақыты белгіленеді. Сабақ кезінде оқушыларды оқыту үдерісіне мұғалім қандай әдісті және
қаншалықты тиімді пайдаланды, оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыруға қолданылған әдіс
қаншалықты оң нәтижесін көрсете алды,әрбір оқушының жеке дара сабақтағы ойлау, сөйлеу, баяндау
97
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қабілеттері бақыланады. Әрбір тапсырманы орындаудағы оқушының әрбір сөзі мен қарым-қатынасы
тәлімгер үшін өте маңызды өйткені ол деректер сабақтан кейінгі кезеңде қажетті болатыныны
тәлімгер жіті қадағалауы қажет.
3- қадам Бақылаудан кейін
Оқу стратегиялары
Оқушылардың реакциялары
Кері байланыс/ сұрақтар
Сабақ
жоспарының
құрылымының
сақталуы,
уаықттың тиімді пайдалануы,
әдістердің тиімді тұстары,
бағалаудың
жүргізілуі,
мұғалімнің оқушымен қарым
қатынасы
Оқушылардың
оқыту
үдерісіндегі жеке, жұптық,
топтық жұмыстарын жүргізуі,
тыңдалым, айтылым, сұрақтар
қою
дағдыларының
қалыптасуы,әрбір оқушының
ойлау жүйесінің дамуы,
қолданылған
әдістердің
оқушының сыни тұрғыдан
ойлау қабілетін дамытудағы
орнын көре алу
Сабақ туралы тәлім алушының
рефлексивті есебін талдау,
оқушылардың кері байланыс
жасауы, дереккөздер арқылы
кері байланыс, тәлімгер мен
тәлім алушының арасындағы
кері байланыс
Қорытынды бөлім. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан
мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін
міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып
бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре
алатындай, пікір көзқарастарын нақытылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістете алатындай етіп
орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние жекелеген оқушылардың
тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында
олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы
бірегей тәсілдермен меңгеретіндгін жете түсінуі.
Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы
І (ілгері ) деңгей
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оразалиев Тимур Оразалыұлы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектептің
технология пәні мұғалімі. Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылы
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ САБАҒЫНДА «ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ
ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ»
МОДУЛІНІҢ ОҚУШЫ МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ
Технология пәнінің тізбектелген сабақтар топтамасында «Оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау» модулінің идеясын басшылыққа ала отырып, Бағдарламаның басқа модульдерімен
қаншалықты ықпалдастырылғаны туралы, сол кезеңіндегі қиыншылықтары және де сәтті тұстарын
ескере отырып, алдағы уақыттағы өзгерістері туралы зерттеу жұмыстарымды баяндама ретінде
бастағалы отырмын. Зерттеу жүргізер алдында мені бірнеше сұрақтар мазалады.
Мен неге «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін зерттеу тақырыбым ретінде
таңдадым?
Аталмыш модуль бойынша формативті бағалау оқушы мотивациясын арттырады ма?
Бұл модульді таңдағанымның себебі бүгінгі таңда әрбір адам ең алдымен өзіне-өзі баға бере
білуі, қоршаған ортаны, жолдастарын шынайы бағалай білуі қажет және де біздің әрбір күніміз
бағалаусыз өтпейтінін барлығымыз жақсы білеміз. («Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді
білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам
98
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын,
түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады /МАН 57-бет/).
Біріншіден, жаңаша бағалау жүйесі мен үшін үлкен жаңалық. Олай болса формативті бағаладың
оқушы мотивациясына ықпалы зор. Өйткені: менің байқағаным бұл бағалаудың түрі оқушының
мотивациясын арттырады. Себебі: формативті бағалау негізінде оқушы өзін–өзі бағалауды үйренеді.
Өзіне тақырыпты қаншалықты меңгергеніне баға береді, кері байланыстың әсерінен сабақтың
соңында рефлексия жазу үстінде ненің қиын болғанын түсінеді.
Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға
бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. [МАН 56-бет]
Осы кезге дейін дәстүрлі оқыту мен сабақ жүргізіп, бағалап келгендіктен оқыту үшін бағалауды
сабағымда қолдану мен үшін алғашында «Қалай болады екен?; Оқушыларға өз деңгейінде түсіндіріп
бірін-бірі, өзін-өзі бағалауын шынайы жүргізуіне қол жеткізе аламын ба?» деген аз да болса
қорқыныш ұялағаны жасырын емес.
Мен Бағдарламаны игеріп келіп, алғашқы өткізген яғни, «Еденге және қабырғаларға плитка жапсыру
технологиясы» тақырыбындағы сабағында оқушылар сыныпқа кіріп келгеннен бастап менің іштей
оқушылардың бүгінгі көңіл-күйлері қалай, сабаққа деген ынталары бар ма екен деген бағалау процесі
жүріп жатты. Менің оқушыларға берген алғашқы тапсырмам оқушылардың ойлау қабілетінің
жылдамдығы мен күрделілікке деген сүйіспеншілігін анықтап, бағалау мақсатында оқушылардың
ортаға келіп үш топқа бөліну үшін алдарына қағаздың қиындыларына плитканың суреттері
бейнеленген және араластырылған плитканың бөліктері мен түстері таратылды, плитка түстері мен
формаларын таңдау арқылы 3 топқа топтасуларын сұрадым. Топтасу барысында «Н» есімді оқушы
өзінің сыни тұрғыдан ұтқырлығы мен дарындылығы жағынан өзінің икемділігін көрсетіп бірінші
болып өз тобын жинақтап үлгерді. Сол уақытта мен оқушыларды мадақтап «Жарайсыңдар! Өздерің
жылдам екенсіңдер», «Қандай тапқырлық» деп формативті бағалау жүргіздім. Өздерін мадақтағанды
жақсы көріп алдағы тапсырмаларда да алғашқы болып орындайтындарын қуанышпен айтты. Осы
сәтте формативті бағалаудың қаншалықты тиімді екенін, сонымен қатар оқушылардың
қызығушылығын арттыратынын байқадым.
Келесі үй тапсырмасын сұрау барысында оқушыларға тізбектелген сұрақтар кестесі таратылды.
Тізбектелген сұрақтарға оқушылар иә/жоқ деп және де неге екенін түсіндіріп дәлелдемелер арқылы
жауап берді. Өздерінің жауаптарын дұрыс жауаппен салыстыра отырып дұрыс белгілегендеріне қарай
өздерін «Бағдаршам» арқылы бағалауларын ұсындым. Он үш оқушының оны жасыл түс көрсетіп, ал
үш оқушы сары түсті көрсетті. Бұдан қорытынды жасайтын болсам үй тапсырмасын оқушылардың
«77%» өте жақсы меңгергенін, ал қалған «33%» орта деңгейде екенін анықтадым. Жауап берген
кестелерін талдау барысында оқушылардың өзін–өзі бағалауы шынайы емес екенін байқадым,
олардың бойында «мен неге басқадан кем боламын» деген ой барын көрдім. Алдағы уақытта
оқушылардың өзін–өзі бағалауы мен бірін–бірі бағалауын шынайы жүргізуі үшін, оқушыларға
шынайы бағалау мен жалған бағалаудың айырмашылығын, егер шынайы бағалай білсек онда өзімізді
де өзгені де оқуға деген ынта-ықыласымыз артатынын түсіндіріп, шынайы бағалауға
машықтандыруым қажет екенін түсіндім.
Оқушылардың өзін-өзі қаншалықты шынайы бағалай алатынын байқау үшін, келесі сабақтың
басында үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушылардан өткен сабақ бойынша жеті сұрақтан
құралған тест тапсырмасын бердім және де орындауға 5-минут, тексеріп бағалауға 2-минут берілгенін
ескерттім. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың қаншалықты өткен тапсырманы есте
сақтағандарын (Есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты
біліп қана қоймай, оны пайдалана алады; Montgomery 1996; Freeman 1991;) [МАН 73-бет]білу
мақсатында оқушылардың тестке қалай жауап беріп жатқанын бақыладым. Бақылау барысында «Ж»
есімді оқушы берілген уақыттан бұрын жеті сұраққа да жауап беріп, өзінің есте сақтау қабілетінің
жоғары екені және де дарындылығын көрсетіп, мені таңқалдырды.
Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін, өздерінің жауаптарын интербелсенді тақта арқылы
дұрыс жауаппен салыстырып, қателерін сызып қоюларын болатынын айттым. Жауап берулеріне
байланысты өзін-өзі «Бармақпен» бағалауды, егер «6-7» сұраққа жауап берсе бармақтарын жоғары
қарай, «3-5» сұраққа жауап берсе, бір жағына қарай, ал «1-2» сұраққа жауап берсе төмен қарай
көрсететіндерін түсіндірдім.
1-2 сұраққа
3-5 сұраққа
6-7 сұраққа
99
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
1 - оқушы
3 - оқушы
9- оқушы
Бағалаудың шынай жүргенін бақыладым, әр оқушы өзінің жауап беруіне байланысты өзін-өзі
шынайы бағалағаны мені қатты қуандырды.
Тізбектелген сабақтар топтамасында жаңа сабақты меңгертуде жеке, жұптық және топтық жұмыстар
болды. Оқушылар топ болып мәтінмен жұмыс жасап, өз ойларын біріктіріп, алынған ақпараттарды
постер арқылы тұжырымдамалық карта жасауға және сарамандық жұмыстар барысында берілген
тапсырманы топтасып жасауға машықтанды.
Формативті бағалау барысында оқушының дарындылығы көрініс тапқан ең бір сәтті шыққан тұсы,
тізбекетелген сабақтар топтамасындағы екінші сабақта (Сарамандық жұмыс. Еденге және
қабырғаларға плитка жапсыру) көрініс тапты. Мұнда оқушылар өздеріне берілген тапсырманы
(қабырғаға плитка жапсыру) орындап болысымен, бір топ екінші топтың жұмысына баға беру
мақсатында «Бармақ» арқылы бағалауды жөн көрдім. Бірінші топ баға беру кезінде екі оқушы жоғары
ал, екі оқушы бір бағытқа жартылай деп баға берді.
Бағалауының себебі неде? –деп, сұрау кезінді І топтың «М» есімді оқушының ІІ топтың жапсырған
плиткаларының бір тегіс емес екендігін және де жік-жігінің үйлесімділігі ескерілмегені жөнінде өз
пікірін айтып, шынайы бағалауын жүргізді. Осы жерде «М» есімді оқушымның бойынан пайымды
(Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама
жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау. /МАН 54-бет/)
көре білдім және де топ мүшелерінің ішінен суырылып алға шығуы, өзінің дарынды екенін көрсетті.
Мен осы топтық жұмыстар аясында оқушылардың бірін-бірі яғни, топ мүшелерін және топтар
арасындағы критерийлер арқылы бағалауды жүргіздім. Мектептегі тәжірибе кезеңі болғандықтан мен
критерийлерді өзім айқындап, оқушыларға осы критерийлерді басшылыққа ала отырып бағалауларын
ұсындым. Алдағы уақытта бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып айқындау керектігін,
критерийлерді оқушылардың өздері ұсынған жобасы бойынша жасауды басшылыққа алуым қажет
екенін түсіндім.
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы алғашқы екі сабақта ұқсас түрде жүрді. Менің ойыма осы жерде
бағалауды өзгертіп, енді өзінің тобын емес, екінші топты «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы
формативті бағалау жүргізуді көздедім және де ол өзінің жемісін берді. Осы жерде «Қалай?» деген
сұрақ туындауы мүмкін. Оның дәлелі ретінде «Ж» есімді оқушының бақылаушы болып сөйлеуі мені
таңқалдырды. Ол:
«Ағай, бағалау парағыңыздың кестелері кіші болғандықтан ІІ топты қалай бағаланымның барлығын
жазу мүмкін болмады, сондықтан жазғанымнан бөлек айтып өтсем болады ма?» – деген маған
ұсыныс-сұрағын тастады. Мен, «Әрине болады, менің көздеген мақсатымда осы, бір-біріңді шынайы
бағалап үйренулерің» - деп жауап бердім.
Осы жерде оқушының ұтқырлығын (Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді
жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез-келген дәлелді есепке ала
отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу; /МАН 53-бет/) байқадым. Бағалау кезеңінде өзінің сөз
қорының бай екенін және шынайы бағалай білетінін көрсетті.
Бағалау жүргізу барысында мен дәстүрлі сабақ жүргізуде тек қана белсенді отырған оқушы
бағаланып, көп жағдайда үндемей, сабақ барысына қатыспай шеттеп қалған оқушылар бағаланбай
қалатынын байқайтын болсам, ал оқушылардың бірін – бірі формативті бағалауында барлық топтың
мүшелері шынайы бағаланып, бүкіл оқушының сабақ барысында қамтылып, шынайы бағалануы өте
тиімді тәсіл екеніне көзім жетті.
Үш айлық курста теорияны меңгеру барысында «Блум таксономиясының» тиімді жақтарына
көзім жеткеннен кейін, атап айтар болсам: оқушыларды сыни тұрғыдан ойлай білуге; оқушының
талантты және дарындылығын анықтауда; оқушылардың қай деңгейде білім алғандығын бағалауда;
сондықтан оқушыларға жеке жұмыс және сабақты бекіту мақсатында «Блум таксономиясы» арқылы
деңгейлік сұрақтар мен тапсырмалар беріп, сыни тұрғыдан ойлау деңгейін, дарындылығын анықтау
мақсатында бірінші және үшінші теориялық сабақтарымда пайдаландым.
Сабақ үстінде тапсырманың орындалу барысын бақылау кезінде, өзімнің зерттеуімде жүрген
«А», «В», «С» деңгейлі оқушылардың тапсырманы қаншалықты орындап отырған зерттеп отырдым.
100
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«А» «В» «С»
«А» деңгейлі «Н» есімді оқушының тапсырманы толық орындағанын көрдім. Ал, «В» деңгейлі «Қ»
есімді оқушымның тапсырмасын тексеру барысында, бұл оқушы берілген тапсырманы толық
орындай алмағанын байқадым.
Зерттеуімдегі «С» деңгейлі оқушымның берілген тапсырманы орындауда өзі жауап беруге
қиналып, мотивациясы жоғары оқушыдан көшіріп жазып жатқанын көрдім. Қасына барып «Блум
таксономиясының» жеке тапсырма екенін айтып, бағыт бағдар беріп кеттім.
Жеке-жеке берілген тапсырма «Блум таксономиясы» арқылы оқушылардың деңгейін анықтап,
бағалау мақсатында оқушылардың жұмыстарын тексеріп, әр деңгейге пайыздық мөлшерін шығардым.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы
алғашқы сабақта «Бағалау» деңгейіндегі
тапсырманы бір ғана оқушы орындаса, келесі
сабақтарда 2 оқушы өздерін жоғары деңгейде
көрсете білді.
«Блум таксономиясы» арқылы оқушылардың деңгейін
анықтап, бағалау үшін әрбір оқушының жазған
жауаптарының мәнін аша білуіне, нақты жауап
бергеніне қарай саралап бағаладым. Алдағы уақытта
оқушылардың берілген сұрақтың мазмұнына мән
беріп, түсініп оқуларын дағдыландыру үшін
түсіндірме, арнайы сұрақтармен жұмыс жасауым
қажет екенін түсіндім. Яғни осы тапсырма арқылы
сыныптағы дарынды оқушыны анықтауға мүмкіндік туды. «Блум таксономиясының» Бағдарламаның
жеті модулінің төртеуіне ықпалдасуына мүмкіндік тудырып, өзінің жаңа тәсілдер ішіндегі ең тиімді
екенін көзім жетті.
Әрбір сабағымда оқушылардың сабақты қандай деңгейде түсінгенін; жартылай түсінгенін;
түсінбегенін; кері байланыс (Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс; мұндай кері байланыс
«әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге жейін түрленуі мүмкін, бірақ
негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды
туралы хабарлама беру болып табылады./МАН 56-бет/ ) арқылы бағалау үшін стикерлер таратып
беріп, берілген стикерге сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сыни тұрғыдан ойланып, жазып,
тақтада ілулі тұрған плакатқа жапсыру керектігін айттым.
Жалпы тізбектелген сабақтар топтамасында кері байланыстың екі түрлі тәсілмен жүргізілді. Яғни
өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен түсіну деңгейлерін стикерлерге жазып, арнайы
дайындалған плакатқа жапсыруларын ұсындым және де арнайы кесте «Түсіндім; Түсініксіз болған
не?; Түсінбедім» тәсілі арқылы жеке-жеке таратып, бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен түсіну
деңгейлерін жазуды ұсындым. Осы кері байланысты жинап алып текесеру барысында қанша
оқушының теория жүзінде түсінгендерін, практикада қолданып көргеннен кейін сабақты өте жақсы
меңгергендерін жазыпты. Тек бір ғана «А» деңгейлі «Н» есімді оқушының барлығын түсінгенін,
алайда өзінің түсінігін жетілдіру мақсатында кестедегі «түсініксіз болған не» деген бағанына сұрақ
қойып, ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылыпты және де өзінің ұтқырлығын(Ұтқырлық: ең жақсы
түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді
талап етіп, кез-келген дәлелді есепке ала отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу; /МАН 53-бет/)
көрсете білгеніне мен өте қатты таңқалдым.
Әрбір сабақтың соңында оқушылармен кері байланыс орнату, өзінің жақсы нәтижесін көрсететініне
көзім жетті. Оқушылардың жазған кері байланыстарын оқу барысында олардың қаншалықты сабақты
101
Білу
13
100%
Түсіну
13
100%
Қолдану
7
54%
Талдау
3
23%
Жинақтау
2
15.5%
Бағалау
1
7.5%
Білу
13
100%
Түсіну
13
100%
Қолдану
6
46%
Талдау
3
23,%
Жинақтау
2
15,5%
Бағалау
2
15,5%
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
меңгеріп, түсінгендерін, түсінбей қалған жерлерін жазып білдіруге мүмкіндік туғызатын бірден-бір
таптырмайтын тәсіл екенін түсіндім. Дәстүрлі сабақ жүргізуде сабақ соңында тек қана ауызша түрде
жабық сұрақтарды қоюмен шектеліп, бұл жағдайда көптеген оқушылар түсінбеген күйі қалып, сұрақ
қойып, өздерін қинамау мақсатында үнсіз отыратын және де сабақтың тез біткенін қалап тұратын. Ал
қазіргі уақытта мен:
Бүгінгі сабақта туындаған қиындықтар болды ма?
Сабаққа байланысты қандай сұрақтарың бар? - деген ашық сұрақтарды қойып, кері байланыс
орнату арқылы әрбір оқушының өзінің сабақтан алған әсері мен түсініп, түсінбегенін жазуға
мүмкіндігі туды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) басылым, ІІІ деңгей
Технология оқулығы 9-сынып 2005 жыл
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕН БІЛІМ АЛУДА
СЫНДАРЛЫ ТЕОРИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Досмаганбетова Фарида Калдыбаевна
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №44 орта мектеп
ІІІ деңгейлі биология пәні мұғалімі
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған Қазақстандық білім беру реформасының
басты мақсаттарының бірі инновациялық технологияларға сүйене отырып, оқушының бойында
шығармашылық ойлауды, тұлғаны үйлесімді дамуына қолайлы жағдай туғызу нәтижесінде оның өз
мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу арқылы тұлға біліктілігін қалыптасытыру.
Осы мақсатта қазіргі білім саласында оқытудың озық әдістері, түрлі технологиялар көптеп енгізілуде,
солардың ішіндегі ең тиімдісі және бірегейі жаңа форматтағы әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген
танымал сындарлы теориялық оқытуғы негізделген тәсіл болып отыр.
Сындарлы оқытудың мақсаты –оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін
сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда пайдалана білуін қамтамасыз ету. (Мұғалімге арналған
нұсқаулық)
Бұл бағдарламада сындарлы оқыту теориясына негізделген жеті модуль қамтылған. Бұл теория
бойынша оқушылардың ойлауын дамыту, бұрынғы алған білімдерінің сыныптағы түрлі
дереккөздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла
жүргізуге негізделген. Сындарлы теорияның тиімділігін қазіргі таңда дәстүрлі сабақтармен
салыстыра отырып, көптеген ұстаздарымыз дәлелдеп отыр.
Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние - жекелген оқушыларлың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін
ескеруі, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу
қажеттігін мойындауы, сондай-ақ жалпы оқушылардың тақырыпты меңгеруіне жағдай тудыру.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылған екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке
тұлға ретіндегі келешегі, екіншіден,оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы нәтижесі
қарастырылады.
Сындарлы оқыту териясы төмендегідей бағытта жұмыс жасайтын мұғалімдердің дамып, жұмыс
жасауына жол ашады:
1) жаңаша әдістермен оқыта отырып, зерделей ізденетін, оқушыларға белсенділік пен қамқорлық
көрсетіп, ықпал етіп, бағдар беретін мұғалімдер;
2) әрбір оқушының пәнді түсінуін қалай құру керек екендігін ойлайтындығымен және білетіндігімен
санасатын, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын, сондай-ақ
оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында
мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдер;
3) оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін білетін, бүкіл оқушылардың
бұл өлшемдерге тиісті дәрежеде сәйкес келуіне қолдау көрсететін, ағымдағы білім мен «Біз қайда
бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасап жатырмыз?», «Одан әрі не істеу керек?»-деген сияқты
оқушылар мойындаған табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек
102
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
екендігін білетін мұғалімдер;
4) бастапқы идеядан басқа да идеяларды өрістете байланыстыра алатын және сол идеяларды
оқушылары зерделеп, қарастырып, жандандыра алатындай мүмкіндіктерге жол ашатын мұғалімдер.
Біліктілікті арттыру курсы бағдарламасының мазмұны жеті негізгі модуль түрінде қамтылғанымен
оқыту барысында олар аралас түрде беріледі.
Қазіргі таңда курстан алған теориялық және тәжірибелік білімдерімізді нақты сыныптағы тәжірибеде
қолдану міндетіміз болып табылады. «Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулі
бойынша сыныптағы диалогтің маңыздылығы; сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту; зерттеушілік
әңгіме; сұрақ қою; оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру мәселелері, әлемдік тәжірибемен
танысып, қолдану тәсілдерін меңгердік. «Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып
табылады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
- білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
- жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
•
міндеттерді орындау стартегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
•
нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.
Осы жоғарыдағы талаптар орындалғанда оқушы ақпартты енжер қабылдамай, оқу үдерісіне
белсене қатысады. «Қалай оқу керектігін үйрету» модулі барысында өзімнің қолданып жүрген
тәжірибеммен бөлісуді жөн көрдім. Тақырыпты өзігінен меңгертудегі тиімді әдістерін ұсынып
отырмын.
Оқушыларға жадынама
•
Мәтінді мұхият оқып, оқу барысынды негізгі ойларды қысқаша түртіп алу
•
Мәтінге қатысты суреттер мен олардың бөліктерін түсінуге тырыс
•
Қысқаша жазуға тырыс
•
Бір ойды екінші ойдан бөліп ал
Оқулықпен жұмыс тапсырмалары
•
Оқу материалдарындағы жаңа терминдер мен ұғымдарды бөліп алуға тапсырмалар
•
Мәтінді талдау, басты ойды бөлу
•
Мәтінге сұрақтар құру
•
Конспектілеу
•
Оқулық мәтіні бойынша кесте құру
•
Мәтіндегі қателерді анықтауға берілетін тапсырмалар
•
Мәтіндегі басқа пәндерге де қатысы бар сөздерді анықтау
Бағдарламаланған карта құру
І кезең: мәтінді зерттеу және оған баға беру
ІІ кезең: мәтіннің құрылымдық- логикалық сызбанұсқасын құру
ІІІ кезең: бағдарламаланған карта құру
ІҮ кезең: бағдарламаланған картаға кілт құру
Ү кезең: тексеру тестісін құрастыру
Мысалы: “Буылтық құрттар”тақырыбына арналған оқулықпен өзіндік жұмыс бағдарламалық
картасын құру
1. (жеке тапсырма) Оқулықтың “жорғалаушылар класы” тақырыбын мұқият оқыңдар, мәтінде қандай
жануарлар сөз етіледі? Олар туралы не білесіңдер?
2. (жұптық тапсырма) Танымдық сұрақ
Күздің салқын күндерінің бірінде Вьетнамнан Ресейдің зоологиялық орталығына 24 айдаһар жылан
әкелінді. Жыландарды қабылдап алған маман қорықпай, олардың әрқайсысын қарай бастады.
Жыландардың тыныштық сақтағанына қарап, кедендегілер оларды зоолог сиқырлап
қойған болар деп шешті. Айдаһар жыландардың осы мінез –құлқына дұрыс түсініктеме беріңдер 1-
топ: мәтнді оқып сұрақтар дайындау
2- топ: мәтінді оқып, жаңа түсініктер мен термин сөздерді жазып, анықтама беру
3-топ: мәтінді оқып, тірек сызбалар құрастыру
Тек мәтіндермен шектеліп қана қоймай топтық тапсырмаларды орындауда түрлі тірек-сызбаларды
құрастыруды үйрету арқылы оқушылардың таным белсенділіктерін арттыруға болады.
103
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Достарыңызбен бөлісу: |