Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45

2.1.Мұқағали Мақатаев жырларының көркемдік ерекшелігі өте мол.Онда троп пен фигураның түр-
түрі,   бірнеше   жолдармен   жасалған   теңеу   мен   эпитет,   жансыз   нәрсеге   жан   бітіре   суреттеу,   арнау
түрлері, диалог тәсілі өте шебер әрі орынды көріне білген. Мысалы,ақын диалог тәсілін, яғни сұрақ-
жауап түріндегі әдістің поэзияда қолданылуында өте шеберлік танытады.Оның «Махаббат диалогы »,
228

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Менің анкетам» секілді өлеңдері тек диалогқа құрылған.
-Құс болып ұшып жоғалсам, не етер едің?
-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
-Күл боп бірге соңыннан кетер едім.
-Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?
-Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
-Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?
-Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін,-деп келетін осы жолдар сырлы сезімнің құпиясын ашып, бар
асылын көрсетуде басы артық сөзге, қиялға бой ұрмайды.Тек қана бір-біріне ұмтылған қос ғашықтың
тілдесуі   бұл.Бар-жоғы   сегіз   ғана   жолдан   тұратын   бұл   өлең   бүкіл   бір   поэманың   жүгін   арқалап
тұрғандай.Әр сұрақ-жаңа бір жол, тың бастама, яки бір қасіреттің шоқтауындай болса, әрбір берілген
байсалды,сезімге толы жауап-сол жолдың жарқын қорытындысындай.
О,муза!
Мәңгі жастық!
Қайран досым!
Қай күні ауар екен сайран қосым,- депағынан жарыла бар құпиясын алдына жайып салса, бірде:
О,Жастық,
Сен өлгенде, мен өлемін,
Сенсіз мен қиылған бір бөренемін.
Енді бірде:
О,Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің,
Гүлім едің...
Елтіген түнім едің,
О,Махаббат!
Сен әлі  тірі  ме  едің?-  деп,  ақын  жүрегі  табына  жырлайды.Ақын күйкі  тірліктің  қоңыр  тірлігінен
көрінбей ескерусіх қалған дүниелерді асыл сүзгендей жүрегінен өткізіп, от тілімен жалынды жырға
айналдыра біледі.
Ақынның   жайшылықта   тумаған   әрбір   өлеңінен   оқырман   қауымының   әрқайсысы   өз   дегенін,   өз
қажетін,   тіпті   айтылмаған  сырын,   мұңы  мен   арманын,   қанатты   қиялын  да   таба   алады.   Мұқағали
поэзиясын оқи отырып,іштей  де болса «мен ғой мынау», «мынау менің өмірім ғой », «мынаны мен де
осылай дер едім-ау» деген ой туса ақын міндетінің орындалғаны.
Ақын   мақсаты-шындықты   жазу.Себебі,   ақынның   ақындығы-шындығында,   жүрек   сөзінде.Ол   не
туралы   жазбасын,   не   нәрсені   жырына   арқау   етпесін,   өз   құбыласын   әділдікке   қарап   түзейді.Ал
әділдіктің   жолы   қашан   да   бұралаң..   өлең   жолдарын   айшықты   етудің   тағы   бір   тәсілі-
қайталау.Мұқағали поэзиясында ақындық дарындылық осы тәсілдерді ойната қолдану арқылы өлең
құрылысын қарапайым әрі ерекше тілге жатық етіп қолдана білген.
Сағыныштай сарғайып сара қайың,
Жапырақтар шертеді сары уайым.
Сара қайың мен сары уайым да жанды заттай, сезімге толы тіршілік иесі. кейіптеу тәсілінің поэзияда
мүмкіндіктері   мол,   әдеби   әлемнің   жұмбағын   шешіп   беруші   де   осы   дәстүр.Себебі,   ақын   жеткізе
алмаған сағынышы мен арманын ақ қайыңға тіл бітіру арқылы, сонау көкте ұшқан қарлығашымен
тілдесуімен жеткізе білген.
Мұқағали   қазақтың   бай   ауыз   әдебиетін,   одан   кейінгі   жазба   әдебиетінің   озық   үлгілерін,   әлемдік
әдебиет   жетістіктерін   бойына   толық   сіңіріп,қабылдай   отырып,   поэзияда   қалыптасып   орныққан
өлшем-өрнекті керек жерінде қырнап-өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан шеберлік танытты. Осы
негізде   жаңа   өлшем,Ұйқас   түрлерін   қолдана   отырып,   ұлттық   поэзияның   ырғақтық,   әуезділік
байлығын да молықтыра түсті. Мұқағали поэзиясының көркемдік түрін құрайтын бөлшектерге, яғни
композиция,   сюжеттік   құрылыс,   жанрлық   өзгешелік   пен   бейнелеу   тәсілдері,   тіл   кестесі,   өлең
өрнегі,өлеңге тін ырғақ пен интонация жүйесі, шумақ, ұйқас түрлерін қарастыру, олардың тұтастығын
229

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
көркемдік жүйе дәрежесінде қалыптасуын және сол шығарманың идеялық мазмұнымен ажырамас
бірлестік табуын анықтау, ғылыми түрде дәлелдеу ақындық құпияларына үңілу зертеу жұмысының
өзектілігін көрсетеді.
Мұқағали   жырлары   тақырып   ауқымының   кеңдігі,   көркемдік   қуатының   өзгешелігі   жағынан   да
оқшауланады.Ақындық   табиғаты   күрделі,   шығармашылығының   қыры   да,   сыры   да   мол.   Ақындық
болмысы   мен   ерекшелігіне,   бейнелеу     шеберлігіне   көз   жіберер   болсақ,   ол   күшті   ағасы   мол,   тау
суындай тасқынды. Сан тармақтан табысып, дала төсіне бауырын жазып жөңкіле аққан иірімі мол,
жылым дарияға айналады да сусап, сұраныс жасағандарды қуатты ағыс құшағына алып, бауырына
басады.Жыр   дариясы   жиһан   кездіріп,қилы-қилы   тағдырлармен   табыстырып,   сан   қиырға   саяхат
құрғызады.
Мұқағали-тума талант.Шабытты шағында өлең нөсерін селдетіп, жыр топанын тұрғызады.Қиналып,
өлермеңденіп жазбайды.арам тер боп тыраштанып, тыртаңдамайды.Жетінші дәптердегі он күнде 27
өлең жаздым дегеніне қарап-ақ өлеңсіз күні өтпейтінін, жұтқан ауа, ішкен ас пен барабар қорегіне,
қажетіне   айналғанын   аңғару   қиын   емес.Оның   өлеңдерін   мектеп   оқушысынан   зейнеткерге   дейінгі
барлық   буын   басына   жастанып   оқиды,   асабадан   академикке   дейін   жаттап   жанын
азықтандырады.Үзінділер   тыңдаушысын   рухтандырады.Сөйтіп   өзін   де,   өзгені   де,   авторын   да
биіктетеді. 
Мұқағали-ұлт   ақыны.Оның   өлеңдерінде   қазақ   қаны   атқақтап,қаракөздер   жүрегі   лүпілдеп   соғып
тұрады,ұлттық   намыс   атойлап   көрініс   береді.   Бізге   сонысымен   құнды,   сондайлығымен
нәрлі.Ұлылығының-ариадна   жібіндей   алтын   арқауы   осында.Танымал   талант   Марат   Қабанбай:
«ұлылар-  өз ұлтының микроатом, микроклеткаларынан тұрады» деуінің мықты себебі бар. Әрине
жазушы мұнда бүтінді бөлшектеп, бөлшекті бөлекше кішірейтіп көрсеткен. Алайда ұлттық белгілер
неғұрлым   көп   болса,соғұрлым   сапалана   түспек.   Бірақ   жадағай   ұран   салған  жалаң  ұлтшылдықтан
сақтану   қажет.Жаңағы   М.Қабанбай:   «Махамбет,Абай,Мұхтар,Мұқағалилар   ұлт   өкілі   ретінде   ары
қарай өмір сүре береді,олардың шығармаларына ұлтымыздың өлмес  коды жазылған,әлем бізді он
ғасыр өтсе де сол кодтар арқылы тауып, танып алады»деуі білгір ой қорытындысы. Ұлт ақыны болу-
ұлттың тарихына,ұлыстың шежіресіне жазылу.оның мәңгілікке өлмесі, өшпесі мәлім.
Мұқағали-үлкен   суреткер.Суреткерлік   сегіз   қырлы,   сансыз   сырлы   болуы   мүмкін.Соның   бір   ғана
көрінісі   кемел   қайыру-Мұқағалиға   тән.Мәселен   «Мен   күрсінсем,күңіреніп   тау   жылаған».Қандай
ғажап шендестіру.Адам мен табиғат бір-біріне әсер береді,ықпал етеді.Ақын күрсінісі мен таудың
күрсінісі үйлесім тауып, үндесіп кеткен. «Қалауын тапса» дейтін шеберлік осындай-ақ шығар.Бірінен
бірі зарядталып, бірінен-бірі рухтанып жасампаз күш пен құдіретке айналған поэзия патшалығы бұл.
Ығысыңдар,
Ей,таулар!
Ығысыңдар!
Орын сайла ортаңнан жұмысым бар.
Ата болып не маған ұрысыңдар.
Адам болып немесе ығысыңдар.
Әлемдік поэзияның інжу-маржандарында ұшырасар мұндай суреттеу-қазақ жырының қолынан келіп,
қабілет қарымынан туындап тұр. Ұлықталар жетістігіміз, ұлттық ұтысымыз. «Ығысыңдар» деген сөз
үш   рет   қайталанса   да,   өлең   шырайына   селкеу,   сезік   келтірмейді.Қайта   лептілік,   үстемелік
дарытқан.Мұндай   жайыт   жиі   ұшырайды,   өйткені   ол   ақының   сүйікті   тәсілі,   ой   айшықтар   әдісі.
«Тауына   сүйенемін,   жоқ   болса   сүйенерім,   келеді   тауымды   да   күйелегім»-нағыз   табиғатқа   тартып
туған, ұлылыққа, ұстаздыққа бой ұрған жолдар.Халқына арқа сүйеген, одан ұланғайыр   нәр алып,
қуат жинаған нар ақын ғана осылай айта алады.
Ақын Мұқағали Мақатаев ақ пен қара түсті, боз, күрең түсті жиі өолданған. Ақын жарларында ақ
түстің басқа түске қарағанда өте көп кездесетініне көзіміз жетеді.ақын көктем бейнесін, ауылдың
мамыражай   тіршілігін   ақ   түспен   бедерлейді.Ақынның   «Көктем   де   келер»   атты   жыр   жолдарында
көктемдегі көшіп жатқан бұлттар бейнесін «Ақ көңіл бұлттар, ақ нөсер төгіп өтсін де»деп жырлайды.
Кірсіз көңіл ақ туын
Жоғары ұстап, ағайын,
Ақ киімге оранып,
230

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Алдарыңа барайын.
2.2.Мұқағали Мақатаев- қазақ поэзиясының табиғат лирикасында өзіндік дербестік танытқан, өзгеше
поэтикалық әлем ашқан жаңашыл ақын, асқар тау мен дархан даланың, олардың жаны жарқын асыл
адамдары  мен  таңғажайып  табиғаттың   үлкен  жүректі   асқақ   жаршысы.Ақын  табиғаттың  әсемдігін
жырлай отырып, өзінің сол табиғатқа деген пәк сезімді көзқарасын білдіреді:
Мен саған арамтамақ масыл емен,
Жаңбыр болып гүліңнің шашын өрем.
Аспаныңды арқама құлатсаң да,
Кеудеммен жеріңді басып өлем.
Бұдан тазалық пен тұнықтықтың, тектілік пен тегеурінділіктің өлшемі мен бірлігін көреміз.
Жарықтық
Жаздың т аңы-ай!
Жадырап қанатымды жаздым талай.
Жарықтық,
Жаздың таңы-ай белден асқан!
Бауырын жерге басқан шөлдеп аспан.
Қия алмай жаз төсегін, жар төсегін,
Қиылып бозаруда жер мен аспан.
Жаздың арайлап атқан таңының көркем сөздегі сұлу көрінісі. Ақын сөзге жан аңдамас сұлулықты
байқайды.Сол сұлулықты сұлу сөзбен кестелейді.
Лирикадағы адамның жан диалектикасы ақынның бір сәтте жалт еткен нұрлы ойының сол мезетте,
жарқ етіп тұтас көрінген ішкі сырлы дүниесінің бір саздан басқа бір сазға ауысып, ұласуы, жан-жақты
қимыл-қозғалысы.Лирика     ішкі   сезімді   терең   бейнелесе,   сол   өмірдің   де,   ойдың   да   суреті   болып
шығады. Мұқағали Мақатаевтың қуаныш сезіміне бөленген көңіл-күйін «Біздің көктем»өлеңінен де
көруге   болады.Көктем   мезгілі   жер   –дүниенің   жасырып,   тіршілік   атаулының   басталар   тұсы   және
табиғат ананың бусанып, айнала әртүрлі  гүлдерге көміліп, жасыл желекке бөлінер сәті болғандықтан
ақын көктемді өмірдің, жаңа тіршіліктің басы ретінде қайталанбас сәттерін бейнелеп береді. Күзді
суреттеудегі ақынның әдісі өзгеше.
Тағы да күз, тағы міне сары таңды ұзақ түн,
Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың.
Ой-хой, шіркін, тағы да  бір күзді міне ұзаттым
Немесе:
Сен менің тынысым ең, тұрмысыс ең,
Сен үшін өмір сүріп тырмысып ем.
Жыл құсымен оралған жаным менің,
Бірге аттанып кетесің жыл құсымен.
Қызылы жоқ қырманды күзде міне
Қайтқан құстың қараймын тізбегіне- деп өз сағынышын, күрең күзгі күндерін мүңдана еске алып,
құлазыған көңілін қайтқан құспен сабақтастырады.
Таулар менің таусылмайтын бақытым,
Ал,ырысым-ұлан-ғайыр кең далам.
ақын суреттеуінде дала дидары әр қырынан жақсы жарқырап көрінеді. Өзінің шалқар қөңіліне жазира
даласын сыйғызады.
Боз далам, күрең далам, жасыл далам,
Кісі емес саған келіп бас ұрмаған.
Құныға құшырым бір қанбай қойды-ау,
Қалай ғана құшармын ғашық далам?!
«Таудай болғым келеді»өлеңінде:
Өлмесін де берген ғой тауды маған,
мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран,-дейді.
231

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ақынның   туған   жерінде   табиғатқа   тән   табиғи   сұлулықтың   бәрі   бар,   жер   жаннаты   Қарасаз
өңірі.Хаңтәңірінің бір сілеміндей болған Елшенбүйректің бауырындағы бұл мекенді ақын табиғаттың
падишахына бағалаған. Оның суреттерін көркемсөзбен өрнектеп, мәңгілікке қалдырған.
Аспанда қыран қалықтап, тастарында арқар, құлжа, тауешкі ойнаған жақпар таулары, әр сайынан
құлдыраңдап   жылжып   аққан   ботакөз   бұлақтары,   Қрасу   иірімінен   ұшқан   үйрек-қаз   бен   жиегінде
бұғынған құндызы, қалың тоғайында қырғауыл ұялайтын ну орманы бар осындай қасиетті жердің
ғажап көріністері ақын жүрегінен тамылжыған жыр болып төгіледі.
Тамаша еді жазғы орман,
Құстар сайрап мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
2.3  Табиғат-Мұқағали   Мақатаев   шығармашылығының   жаны.Ғажап   табиғат   суреттері   болмаса,
Мұқағали өлеңдері сондай тамаша қайталанбас, сұлу болуы мүмкін бе?
Табиғат ақынға  қанатты шабыт  береді.Ақынның  жер,  аспан  күн мен сәуле,  ай мен жұлдыз,  ағаш
сияқты   табиғаттың   перзентін   суреттейтін   өлеңдері   бір-біріне   ұқсамайды,   әр   өлеңге   автор   жай
бояу,мазмұн,   сөздердің   жаңа   реңкьерін   енгізеді:   «Тау   бұлағы   ағады»,   «Сап-сары   жапырақтар»,
«Соқпақ», «Жалғыз терек», «Тағы да күз,міне тағы, сары таңды ұзақ түн »
«Соқпақ» өлеңінің екінші шумағына анафора қолданысын көруге болады.
Бұл соқпақпен әкем менің қан майданға аттанған,
Бұл соқпақпен әжемді де қабіріне ап барган.
Бұл соқпақпен баламды да ұзартып сап мезгілсіз,
Бәрісінің жүрген ізін ескерткіш қып ап қалған.
Ал, «Тау бұлағы да ағады» өлеңінен эпифора мен анафорасы жарыса қолдануын байқаймыз.
Тау бұлағы да ағады,
Ой бұлағы да ағады.
Әрқайсысы өзінше тепкілейді жағаны.
Бірі жылжып барады,
Бірі мөңкіп барады,
Бәрісі де , не шара, аға алмайды жоғары.
Осы   өлең   жолдарында   «бұлақ»,   «ағады»,   «бірі»,   «барады»,   «жатыр»   сияқты   сөздер
қайталанады.Автор   табиғат   суреттерін   көрсете   отырып,   оқырман   белгілі   бір   ой   салады,   сезім
туғызады, адамның рухани, ішкі дүниесіне жол тартады.
Мұқағали жыл мезгілдерін адам өмірінің кезеңдерімен теңестіріп, көктем, балалық шақ, күз есейген
шақ, қыс көрініс шақ деп қарастырады.
Ақынның   «Сап-сары   жапырақтар»өлеңі-өмірінің   соңғы   жылдарында   жазылған   өлең.   Мұнда   да
анафора қолданысы бар.
Сап-сары жапырақтар...
Сап-сары жапырақтар...
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Мұқағали Мақатаев-ұлағатты ақынымыз, сегіз қырлы, бір сырлы азамат.Ақынның әдеби мұрасы мол
әрі мәңгі.
Қорытынды
Ақын жыры- оның жан сыры, ішкі дүниесі. Ақын сол сырын қағаз бетіне өлең жолдарымен түсірді,
яғни сол өлең арқылы оқырмандарына ішкі жан сырын шертті. Ақынның өлеңдерін оқыған сайын
терең ойға батасың, бүгінгі бұралаңы көп өмірдегі адам тағдырының көп қатпарлы көріністері көз
алдыңа елестейді.
Поэзия құдыреті- адамның рухын биіктетіп, адамның жан-дүниесін күнделікті күйкі тірліктің шаң-
тозаңынан   аршып   алуға   көмектеседі   десек,   бұл   тұрғыда   Мұқағали   атамыздың   әрбір   өлеңі
оқырманның жүрегіне жол тауып жатады.Оқырманын ойландырады. Рухани дниесіне жарық түсіріп,
ізгілік себеді, тазартады, тағылым береді.
Мұқағали     Мақатаев   шығармашылығынан   қазақтың   нағыз   ұлттық   поэзиясын   көреміз.   Мұқағали
Мақатаев жырларындағы қазақтың жері мен суы, тауы мен даласы көрініс тапқандығы өз алдына,
232

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
өзгеше   пайымдау   ерекшелігі,   өзіндік   өрнек   салар   тілі,   шалқыған   шабыты   сөзге   шебер   халықтың
ұрпағы екенін аңғартады. Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің өзегінен ақиқат өмір шындығын көреміз,
көркемдік өрнегі өзгеше өрілген сөз өнерінің үлгісін танимыз. Ол халықтың ұлттық сипаттағы көркем
бейнесін,   сол   арқылы   адам   болмысын,   оның   жан   дүниесін,   сезімін,   яғни,   адам   өмірінің     асыл
шындығын ерекше тебіреніспен толғайды. Ақын әрбір кейіпкерін өзінің   сезім елегінен өткізіп, сол
күйде өзі тұрғандай етіп шебер бейнелейді. Сондықтан да оның қаһармандары шынайы, оқырманды
бірден баурап алады. Сол себепті де Мұқағали мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде  болашаққа
апарар құнды қазына болып қала береді.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайды өлеңді ешкім,-деп тума талантымен өлең әлемінде өз қолтаңбасын қалдырған
Мұқағали мұрасы- ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, қазақ поэзиясының алтын қорынан орын алатын,
өлмейтін, өшпейтін мәңгі мұра.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мұқағали поэзиясының көркемдік жүйісі.ғаламтордан алынды.
2.Оңғарова Г.Мұқағали поэзиясының көркемдік қуаты// Қазақ тілі мен әдебиеті, №10-2006
3.Мұқағали Мақатаев.Аманат.2002
4.Байшалова Ө.Жүрегі табиғаттың тілін білген//Мұқағали №3-2006
5.Нұрмаханова Р.Мұқағали құдыреті. 20009
6.Носкова А. Мұқағали өлеңдеріндегі анафора мен эпифораның қолданылуы// Қазақ тілі мен әдебиеті
№ 3-2004
7.Әдебиеттану. терминдер жинағы.2006
8.Кемелбаева А.Мұқағали //Абай№3-2003
9.Аңыз-адам.Мұқағали Мақатаев 2010
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
 ПРОБЛЕМНОЕ ОБУЧЕНИЕ КАК ФАКТОР РАЗВИТИЯ 
ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ АКТИВНОСТИ  ШКОЛЬНИКОВ
                                                                                                 Фазылова М.Д.
                                                                     учитель русского языка и литературы
   
Базовое   звено   образования   –   образовательная   школа,   модернизация   которой   предполагает
ориентацию образования не только на усвоение обучающимися определенной суммы знаний, но и на
развитие его личности, его познавательных и созидательных способностей.
Основная цель образовательного процесса   -   обеспечить возможности каждому ученику для
развития своих склонностей, познавательных интересов.
Проблема   познавательной   активности   –   одна   из   вечных   проблем   педагогики.   Педагоги
прошлого и настоящего по-разному пытались и пытаются ответить на извечный вопрос: как сделать
так, чтобы ребенок учился с  охотой и желанием?   Каждая эпоха в силу своих социокультурных
особенностей предлагала свой путь решения. 
Анализируя свою педагогическую деятельность, и я довольно часто задавала себе вопросы:
Почему   не   всегда   можно   увлечь   ребят   учебным   материалом?   Почему   на   уроке   нет   атмосферы
творческого   горения,   которая   необходима   для   познания   нового,   интересного?     Почему  учащиеся
безынициативны?   Как   научить   ученика   самостоятельно   находить   необходимую   деятельность   в
любой ситуации?  Почему результаты обучения оставляют желать лучшего?  Уверена, что подобные
вопросы «терзают» многих моих коллег. 
На мой взгляд, достаточно успешно позволяет решать эти вопросы проблемное обучение. Идея о
важном   значении   проблемного   изложения   знаний   в   активизации   познавательной   деятельности
школьников высказывалась еще падагогами-классиками. В частности эту идею выдвигал немецкий
педагог   А.Дистервег.   Из   наших  отечественных  деятелей   ее   четко   формулировал   К.Д.   Ушинский,
считавший,   что   в  обучении  серьезное   внимание   надо   обращать   на   возбуждение   самостоятельной
мысли ребенка, на побуждение его к поискам истины. 
233

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Хочется ли ребенку брать от учителя готовые, разжеванные знания и глотать их без усилий?   Как
правило, не хочется. На таких уроках ему становится скучно, неинтересно, он начинает отвлекаться,
теряет интерес к предмету. Учиться с увлечением и охотой он будет в том случае, если учитель будет
вовлекать его в разнообразную деятельность, в которой учащийся сам добывает знания, наблюдая,
исследуя, делая выводы, свободно высказывая свои мысли.
Успешное учение требует от учащихся активной познавательной деятельности. Овладеть знаниями,
действительно   усвоить   их   учащийся   должен   сам,   собственным   умом.   Для   глубокого   и   прочного
овладения знаниями ученик должен совершать полный цикл умственных действий, включающих в
себя действия по восприятию изучаемого материала, его осмыслению, запоминанию, по выработке
умений и навыков, по обобщению и систематизации знаний.  
Исходя из данных положений, я сформулировала цель и определила задачи опыта: 
Цель: организовать процесс обучения русскому языку на основе технологии проблемного обучения,
направленной на развитие познавательной активности школьников            
 Задачи:
-  изучить особенности технологии проблемного обучения;
-  спланировать процесс обучения русскому языку с  использованием технологии проблемного 
обучения;
-  разработать дидактическое обеспечение для внедрения  технологии проблемного обучения на 
уроках русского  языка;
- выявить влияние технологии проблемного обучения на развитие познавательной активности 
учащихся;
- воспитывать личностные качества;
         
В общем плане под активностью понимается деятельное состояние субъекта, т.е. действующего
лица.   Следовательно,   познавательная   активность   есть   деятельное   состояние   ученика,   которое
характеризуется стремлением к учению, умственным напряжением и проявлением волевых усилий в
процессе овладения знаниями.  Все это неизбежно меняет взгляд на положение ученика в процессе
обучения. Из объекта, на который воздействуют, он превращается в активно действующий субъект, в
деятельного   участника   процесса   обучения.   Главным   принципом,   лежащим   в   основе
взаимоотношений учителя и ученика, становится сотрудничество.
Развитие учащихся включает в себя   усиление потребности в овладении знаниями, проявление
увлеченности учением, а также совершенствование   как общих, так и специальных познавательных
способностей. Все это ведет к совершенствованию личности в целом, обогащению ее познавательных
и духовных запросов. Таким образом, в основе данного опыта лежит идея развивающего обучения,
направленного на то, чтобы каждый ученик на основе своих возможностей осваивал новый опыт на
базе   целенаправленного   формирования   творческого   и   критического   мышления,   опыта   и
инструментария учебно-исследовательской деятельности, ролевого и имитационного моделирования.
Все это позволяет сделать общий вывод: только стимулируя познавательную деятельность самих
ребят и повышая их собственные усилия в овладении знаниями на всех этапах обучения, можно
добиваться повышения качества их образовательной подготовки.
В своей педагогической практике для того, чтобы активизировать познавательную активность 
учащихся, использую технологию проблемного обучения. 
Под   проблемным   обучением   понимается   такая   организация   учебных   занятий,   которая
предполагает   создание   под   руководством   учителя   проблемных   ситуаций   и   активную
самостоятельную   деятельность   учащихся   по   их   разрешению,   в   результате   чего   происходит
творческое овладение знаниями, навыками и развитие мыслительных способностей.
Что   же   такое   проблемная   ситуация?   В   философской   литературе   познавательная   проблема
определяется как противоречие между знанием и незнанием, которое разрешается путем поисков
ответов на возникающие вопросы. Познавательная проблема характеризуется тем, что она выводит
ученика   за   пределы   имеющихся   у   него   знаний,   что   в   ней   есть   что-то   неизвестное,   что   требует
творческого поиска, мыслительной деятельности.
234

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Проблемное   обучение   должно взаимосвязано  включать  в себя  как  способы создания  проблемной
ситуации,   так   и   способы   организации   умственной   деятельности   учащихся   по   решению
познавательной задачи. Рассматривая методику проблемного обучения, известный советский дидакт
М.Н.   Скаткин   выделяет   три   основных   способа:   а)   способ   «проблемного   изложения   знаний»,   б)
частично- поисковый способ, в) метод «исследовательской работы школьников». Такой подход, на
мой взгляд, методически ясен, практичен и удобен.
Схема основных структурных компонентов проблемного обучения
Создание проблемной ситуации и  определение познавательной задачи
Активный мыслительно-познавательный поиск учащихся под руководством учителя,  
самостоятельный подход к выводам
Тренировочные упражнения, применение знаний в новых условиях с целью возбуждения мышления  
Творческое,   самостоятельное   овладение   знаниями,   а   также   способами   активной   познавательной
деятельности,  интенсивное умственное развитие.
Проблемные   ситуации   создаю   на   всех   этапах   обучения:   целеполагании,   при   введении   нового
материала, закреплении, контроле. Учебное занятие является формой реализации конкретных целей
образования,   при   этом   под   целью   понимается   планируемый   результат.   Уверена,   что   учащиеся
должны   знать   цель   учебного   занятия,   четко   представлять   себе   цель   того,   в   чем   им   предстоит
участвовать, цели для учащихся должны находиться в сфере ближайших интересов ребенка. Только в
том случае, когда ребенок имеет представление о том, для чего ему необходимы знания, когда и где
он   сможет   применить   приобретенные   умения   и   навыки,   повышается   его   учебная   мотивация,
активизируется деятельность.
На этапе целеполагания учу ребят самостоятельно формулировать цели и задачи учебного занятия.
Так, на уроке русского языка по теме «Имена существительные собственные и нарицательные» в 5
классе   предлагаю   детям   придумать   задание   к   словам:   город,   календарь,   Астана,   рябина,   Султан,
Сырдарья, окно, доска, «Айголек». 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет