“Сана соқпағы” жинағына енген “Туған ауыл түтіні” өлеңінде ақын “үйлердің моржасынан
шыққан түтін түзулігн “тілейді, өйткені
Кең далада көзін ашқан мен үшін,-
Сол түтіннен басталады ұлы Отан!-дейді.
Ауылым десе есіне Аралы түсер ақынның “Мен туған ауыл” өлеңінде
Сабырлы Сырдың аяғы,
Аралға құяр тұстағы...
Төсінде құстар шарқ ұрып,
Тарқамаушы еді базары...,
Тамыры жатса тартылып,
Тайғанда шығар ажары,- деп лирикалық кейіпкер Аралдың мүшкіл халіне күйзеліп үн қосады.
Бұл өлеңдерден ақынның өз “Менін” анық байқағандаймыз. Сондай-ақ ақын ауылын тек сағынып
қана қоймайды, кейбір жақтарына улы тілдерін түйреп, мысқылдап та қояды.
1975-1981 жылдары Әбдіраштың Жарасқаны КСРО жазушылары одағы жанындағы кеңсенің мүшесі
ретінде жылына екі рет шақырылатын мәжілістерге қатысып, қазақ поэзиясы, сыны туралы
8
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
баяндамалар, хабарламалар жасап отырады. Осы жылдары жас ақындардың Бүкілодақтық
фестивальдарына (Ташкент-1975; Душанбе -1976; Ереван -1979 жылдары), жас жазушылардың
Бүкілодақтық кеңесіне (Мәскеу-1979) қатысып, одақтық көлемде танылды.
Әбдіраштың Жарасқаны –қазақ әдебиетіне эпиграмма жанрын жан-жақты дамытып, түбегейлі
орнықтырушы ақын десек артық айтқандық емес. Оның қазақ ақын-жазушыларының
шығармашылық, азаматтық, пенделік «Минипортреттері» іспетті қысқа да нұсқа эпиграммалары
«Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» газетінде үзбей жарияланды, ал 1985-1989 жылдары өз еркімен
шығармашылық жұмысқа кетуге мәжбүр болды.
Ал, эпиграммалар жинағы 1989 жылы «Әзілің жарасса» деген атпен жарыққа шығып, қолдан-қолға
тимей, тез тарап кетті. Жарасқанның өз сөзімен айтсақ:
«... эпиграммаларда сенің біреуге деген ықыласың дұрыс танылмай қалуы мүмкін, сондықтан өзммен
замандас ақын – жазушы қайраткерлердің тек қана жақсы қасиеттері айтылатын «Аманат» деген
одалар кітабын шығару шығару ойымда бар.»- дейді.
Кітап іштей бес бөлімнен тұрады. Бесінші бөлімі «Құлын-тайдай тебіскен» деп аталады.
Серікбаев Байбота-
Қашанкөрсең жай бота.
Жампоз шығар деп едік,
Бұл ботамыз қай бота? – деп, усыз достық әзіл айтады.
Кезінде Жарасқанның өзіне де эпиграмма жазғандар болды. Мысалы, Кеңшілік ақын:
Даланың арманы дейсің,
Даланың гүлімін дейсің.
Дала – жүрегім,
Дала – жұлыным дейсің.
Далаға қонбайсың,
Мәскеуге барасың.
Далаға бармайсың,
Тәшкенге барасың,
Қаладан ұшып, қалаға қонасың,
Өзің не қылған баласың? - дейді.
1989 -1990 жылдары – аудармашы Қазақстан жазушылар одағы жанындағы әдеби байланыстар және
көркем аударма бас редакциясының бөлім меңгерушісі, бас редакция алқасы төрағасының
орынбасары қызметін атқарып, шығармашылыққа ауысқанға дейінгі алты-жеті жыл бойы «Тамаша»
ойын-сауық отауының бас редакторы болды.
Әдебиетіміздің әр қилы жанрларында отыз жылдан аса жемісті еңбек еткен Әбдіраштың Жарасқаны
нақтылап айтсақ, «Тұңғыш кітап» (1969) «Найзағайлы жаз» (1971), «Дала сенің ұлыңмын» (1975),
«Соғыстан соң туғандар» (1977), «Перзент парызы» (1980), «Летние грозы» (орыс тілінде, аударған
Ф. Казакова 1985 ж), лирикалық өлең кітаптары «Парасат пен парыз» (1993) атты әдеби-сын
мақалалар жинағының, балаларға арналған «Ол не ?» (1969 ж, орыс тілінде-1975), «Ақ қайран»
(1970), «Саяхат» (1972), «Школьный звонок» (орыс тілінде, аударған Г.Кругляков 1988)ь атты
туындылардың авторы. 1993 жылы «Соғыстан соң туғандар» атты бір томдық таңдамалысында
жарық көрген көптеген өлеңдері «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» т.б оқулықтарға, әдістемелік
нұсқауларға еніп, хрестоматиялық сипат алды.
«Өзінің тұлғаластарымен салыстырғанда, Жарасқанның талант ретінде, үлкен ақын ретінде айырып
айтар және бір артықшылығы, өзгешелігі бар. Жарасқан- ақындығы өз алдына, -тамаша сыншы,
ғажайып аудармашы»,- дейді Қ.Мұхамеджанов. Аударма саласында Әбдіраштың Жарасқаны үндінің
ұлы ақыны Р.Тогордың (1969), француздың ұлы ақыны Т.Элюардың (1972), белорустың ұлы ақыны
Я.Купаланың (1982), Палестинаның көрнекті ақыны М.Бейсудың (1981) таңдамалы өлеңдер
жинағын, әйгілі балалар ақындары К.Чуковскийдің «Дәрігер Айболит», Б.Бартоның «ойыншықтар»,
«Өсіп келем» сияқты үздік туындыларын аударған.А.С.Пушкиннің, А.Блоктың, Г.Гейненің
таңдамалы өлең кітаптарын аударуға атсалысқан, қазіргі орыс поэзиясының көрнекті өкілдері
Б.Окуджава, Е.Евтушенко, Р.Рождественский сынды ақындар шығармаларын аударған.
Ақынның өлеңдері неміс, венгер, орыс, украин, өзбек, белорус, тәжік, әзербайжан, түркімен, саха
тілдеріне аударылған. «Еуропа» баспасынан шыққан КСРО ақындар антологиясына Қазақстаннан он
ақынның бірі болып енген. Әбдіраштың Жарасқаны – М.Әуезовтың туғанына жүз жыл толуына
9
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
арналған Республикалық ақындар мүшайрасының, «Қарабура әулиеге» арналған жыр жарысының бас
жүлдегері. 1998 жылы ақынның «Шөберелі шаңырақ», «Көңіл көкпары», «Сана соқпағы» атты
таңдамалы өлеңдерінің үш томы жарыққа шығады.
Әбдіраштың жарасқаны өмірінің соңына қарай ауыруына байланысты өндіртіп жаза алмады.
«Кейінгі кезде неге көп жазбай кеттіңіз?» - деген сауалға ақын:
-
Бұны «дауылдың алдындағы тыныштық, шығармашылықтағы (теңіздегідей) штиль» - деп
жауап береді. Сөз көзінің тірісінде жарыққа шықпаған, алайда жазылып, бөлімдері бірнеше
рет «Қазақ әдебиеті» 1997 жылы, «Заман-Қазақстан» 1997 жылы газет бетіне жарияланып та
үлгірген «Құлыптас» атты кітабы жайында болмақ. Осы кітаптың жазылуы жайында ақын
былай дейді:
-
Ауырып жатқан кезімде үлкен балама: «Басыма құлыптасты сен қоятын шығарсың?», - деген
едім. Балам кеткеннен кейін «Мен кімге ескерткіш қойып жарыттым?»- деп ойладым. Осы ой
мені құлыптасты жазуға жетеледі.
Азаматтық, перзенттік парызы ретінде ақындық қиялымен тәуелсіздік жолында құрбан болған
арыстарға, қуғын-сүргінге ұшырағандарға арнап орнатқан ескерткіш- құлыптасы. «Құлыптас»
кітабының «Арманда кеткен арыстар» бөлімінде:
Кім едік ?
Кім болдық біз ?
Халық таныр!
Әйтеуір, ұмтылғанбыз жарыққа біз!
Марқұмбыз – бәріміз де болашаққа,
Жер деген – адамзатқа алып қабір!- деп ақын арыстардың өздерін сөйлетеді, келер ұрпақ
«Еңіреген ер!»- ме екен, жоқ әлде «Көкірегі көр» деп жазар ма екен? Деп сауал қойып, өздеріне жауап
бергізеді.
Қалай деп атаса да қазақ мұны,
Еңсесін езіп ауыр азап мұңы,
Бабалар бізден бұрын арман еткен-
Алаштың мәңгі-бақи Азат күні!
Эпитафия – сығымдалған көз жасы сияқты, жоқтаудың қысқа ғана айтылар түрі.
А.Байтұрсыновқа:
Тіршілігің тәубесіз...
Қай тіршілік?
Бас иіп тұр Күн жылап, Ай күрсініп!
Бұл арада ұлы атаң –ақын атаң:
Жатыр (Ахаң) Ахмет Байтұрсынов! – деп Ахмет Байтұрсыновқа т.б осы сынды ұлы ақындарға
өлеңдерін арнап, осылай «Арманда кеткен арыстарға» құлыптас қойып, дұға оқыған еді. 1997
жылыдың маусымында Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ өңірінде Қарабура күмбезді кесенесі
ашылып, Қарабура рухын, тұлғасын әспеттеуге арналған ақындар мүшайрасы өтеді. Елуден асқан
ақын қатысқан бұл жыр жарысында бас бәйгені Әбдіраштың Жарасқаны жеңіп алады.«Қазақ
әдебиетінің» 1997 жылғы 24 маусымда шыққан нөмірінде «Арылу мен Қарабура әулиеге мінәжат»
атты өлеңі жарияланған.
Созақ жұрты -Әлиелер, Әнбиелер өнген жер,
Менің анам - Бегім ана дүниеге келген жер!
Қысылғанда мұсылманға демеп медет берген жер,
Желеп-жебеп Қарабура желмаядай желген жер,
Әлиелер бері қара! Әнбиелер бермен кел!...
Бұл ертеден келе жатқан ақындық дәстүр, мүшайра. Мұндай мүшайраларға ақын Әбдіраштың
Жарасқаны жиі қатысып, жүлделі орындарға ие болып отырған. Атап айтқанда: 1997 жылы Мұхтар
Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына арналған негізгі мерейтойлық мүшайра өткізілді, жыр
жарысына қатысқан 79 ақынның М.Әуезовке арналған 130 өлеңі жарық көріп, солардың ішінен
Әбдіраштың Жарасқаны бас бәйгені жеңіп алады.
Ақынның 50 жасқа толған торқалы тойында «Көңіл көкпары» атты «Ана тілі» баспасынан шыққан
таңдамалы шығармалар жинағында Зейнолла Қабдоловтың ақын Жарасқан жайында айтқан оңды
10
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
пікірі бар: «Шын ақын! Қазір біз әлде біреулерді ұлы ақын, данышпан ақын деп жатамыз ғой.Олар
болса – бола жатар... Алдымен шын ақын болу керек! Міне Әбдіраштың Жарасқаны –қазір саусақпен
санайтын өзінің буынындағы маңдай алды ірі ақын»- деп Жарасқанның көзінің тірісінде-ақ әділ
бағасын берген болатын.
«Екі күндігін ойламаған ерден без!» - дегендей көп ақын-азаматтарымыз өлең-жырының өмірінің
ұзақ, қысқалығын ойлап қайғырған. Атап айтатын болсақ, кешегі өткен Қ.Аманжолов, М.Мақатаев
сынды ақындарымыздың бәрі дерлік «өлеңім өзімменен бірге өлмесе екен»- деп толғанумен кеткен-
ді. Дәл осы ой Әбдіраштың Жарасқанын да толғандырумен кеткен сияқты. Осы бір ой «Ақырғы өлең»
деген өлеңінде айқын көрінеді.
Кей-кейде ешкімде жоқ қуат дарып,
Оңаша ой сапырам, күй ақтарып!
Еріксіз салады еске ертеңімді!
Әр өлең ақырғы өлең сияқтанып!
Ақырғы,
Ең ақырғы,
Ақырғы өлең,
Сұсты еді,
Суық еді атың неден!
Сонда да қорықпастан,
Торықпастан,
Жыл санап, мен өзіңе жақын келем!
Иә, бұл фәниге кімдер келіп, кімдер кетпеген?! Бір қарағанда өлеңнен «ақырғы күннен» сескену де
бар сияқты, алайда ақын бұл мәселеге де философиялық тұрғыдан қарап, қорықпастан, торықпастан
нық басады. Ақын өткеннің бәрі өзі емес, сөзі өлмеуін армандап өткен ғой, Жарасқан ақын да:
Қалай да жанарыммен қатар сөнбе,
Тамшы бол торыққандар татар шөлде!
«Өмір» -деп өрекпіген жүрегімнің,
Жан даусы жаңғырығып жатар сенде, -дейді.
Бұл жолдардан ақынның өмірге құштарлығы, сондай-ақ артымда қалған өлеңімнен арттағылар
керегін тауып алса болар дегенді айтады. Дәл осы ойын ақын 1997 жылы «Парсат» журналына берген
қысқа ғана мақаласында, сірә ауруы жанына батып жүрген кезі болса керек. Ақын былай дейді: «Шаң
басқан архив арасында жиналған шағын кітаптарымызды кім іздеп, кім тауып оқыр? Осындайда
көкірек түкпірінде көз ашқан сезім:
Жылдарым менің –жырларым!
Жырларым менің - сырларым!
Жолында әрбір жырымның
Теңіздей толқып тұр жаным! ...- деген сияқты шабыт хабаршысындай өлең шумақ болып тосыннан
тілге оралды ...» Қазір ақын да көп, кітап та көп, алайда кітапты жазған, өлеңді шығарған ақын
болғанымен оның әділ бағасын беретін халық, оқырман.
Жарасқан ақынның өзінің оқырман қауымы бар ақын және оның сыр мен сезімге толы , терең ой мен
мағынаға толы өлеңдері кейінгі ұрпақтың жүрегіне жол табары сөзсіз.
53 жасқа қараған шағында көрнекті ақын, Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты
Жарасқан Әбдірашұлы ұзаққа созылған науқастан дүние салды. Кей адам өмірден өтсе де, ол
жайындағы естелік ешқашан жойылмайды. Керсінше, ол өмірден өткеннен кейін: «... биік нәрсе,
алыстан көрінер» - дегендей, оның жарқын бейнесі айқындала түсіп, қалдырған мұрасы қымбаттай
түсетіні бар. Сондықтан біз де «Қалдырған ізің мәңгілік!», -дей отырып, Әбдіраштың жарасқаны
жайында ақынның оқырмандарына, Жарасқан ақынның өлеңдерін оқитын, байыптайтын ұлы
оқырманға арнап жазбақшымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әбдірашев.Ж Әзілің жарасса... А. 1989 Әбдірашов.Ж 1 Соғыстан соң туғандар А. 1993
«Дәуір данасы» №31. Қазақ әдебиеті газеті , 1997 тамыз
Әбдірашев.Ж «Көңіл көкпары»А.1997 ж
--------------------------------------------------------------------------------------------
11
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ӨЗГЕРІС ТУРАЛЫ ОЙЛАР
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№ 1 орта мектеп. физика пәні мұғалімі
Қайралапова Қуаныш Байдрахманқызы
Іс-әрекеттегі зерттеу – өзгеріс енгізуге түрткі болатын
проблемаларды қалыптастырып, оны шешуді қамтитын
әлеуметтік жағдайлардағы оқыту үдерісі. Элейн Уилсон
Қоғамның даму деңгейі мен өзгерген әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу үшін әлем елдері
соның ішінде Қазақстан білім беру жүйесін реформалауда. Мектепті зерттеуші мектеп етіп түрлендіру
мектепке ғылыми дәлелдемелерді енгізу және зерттеу жүргізу жөніндегі міндеттеме алу дегенді
білдіреді. Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады. Тиімді
көшбасшылық мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса
да ,қатты ықпал ететіндігін ескере отырып,өзіме де өзгеріс қажет екендігін сезіндім.
Олар - өз бойымда мұғалім көшбасшылығының сипаттамаларына сай дағдыларды
қалыптастыру.Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастық, кәсіптік оқу мүмкіндіктерін дамытып,
мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер етеді.Біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби
беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу
тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз.
Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан тәуелсіздікке орнықты, қуатты және ширақ мемлекет
ретінде қадам басып отыр. Тәуелсіздік жылдарында сезім, әдет, дағды, сана өзгеріске түсті.
Біздің қоғамның басты мәселесі жас ұрпақтың түсінігін, тілегін, арманын, білімін, көзқарасын,
ең бастысы, оның қазақ еліне деген патриоттық сезімін тәрбиелеп, қалыптастыру, себебі, ол
Қазақ елінің Ренессанс ғасырының азаматы, қазағы. Қазақтың Ренессанс ғасыры деген елдік
тілектен туған ізгі сана – идея. Оның болмысы – Қазақ елінің бүгінгі күні. Ренессанс идеясы –
өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастау алып, 1991 жылы егемен ел атанғанда айқындалып,
бүгінгі тұрмыс, болмысымызбен толығып, жетіліп, келешекке бастайтын елдік идеяның сара
бағыты.
Қазақтың Ренессанс ғасыры басында тұрған ұрпақ – Тәуелсіздікке құрдас, қазіргі жас
ұрпақ. Бұл – Ренессанс-ұрпақ. Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-
шаралар оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларының рөлін, өзара қарым-қатынасын
қайта қарауға мүмкіндік беретін оқу ортасын түзеуге тәуелді. Ең бастысы – қазіргі заманда
ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де басты бәсекелес уақыт екенін есте ұстауымыз керек.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ӨЗГЕРІП ОТЫРУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ
Қызылорда қаласы, №176 орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі
Төлбасиева Айсұлу Мүсәйқызы
Қазіргі кезде алғашқы орында білім сапасы тұруы тиіс екенін елбасымыз да әр сөзінде айтып
өтеді. Қазіргі заман талабы өте күшті болып тұр. Қазіргі күш тек білімге жұмсалуы тиіс. Мен
бастауыш сынып мұғалімімін. Бала мектеп табалдырығынан аттаған сәттен бастап –ақ
айналасындағы ақиқат шындықты танып білуге ұмтылады. Кішкентай бүлдіршін алдыма келгеннен
бастап оны оқушы емес, жеке тұлға деп қараймын. Оқушымен үлкен кісіше сөйлесіп, ой бөлісе
білсең, оның да бір ашылмаған жұмбақ екеніне көз жеткізесің. «Әрбір бала –бір жұлдыз,
жарқырауына жәрдем ет» деген аталы сөзді ұстанамын. Оқушыларымның жеке тұлға болып
қалыптасуына бар күш –жігерімді жұмсап, білім алуына бар жағдайын жасап жүргенімде 3 айлық
курсты оқып алудың тиімді екенін ұқтым. Бұл курстың жаңашылдыққа ұмтылған мұғалімге берері
мол. Өзіндік қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл курсты бірден меңгере қою алғашқыда қиын,
әрине. Дегенмен өз уақытын аямайтын, өзгенің уақытын аялайтын ұстаздар қауымы үшін қиындыққа
12
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қарсы тұру –міндет. Өйткені мұғалім алдына келген әрбір шәкірттің көкірек көзінің ашылуына, оның
өмірлік мақсатын айқын қоя алуына, сол мақсатына жету үшін болатын қиындықтарды жеңе алуы
үшін жауапты. Алдынан шыққан әрбір шәкірті өмірден өз орнын тауып, кетігін тауып кірпіш болып
қаланғанын көру –қандай бақыт десеңізші! Ендеше сол бақытқа жету жолында аянып қалмайық,
әріптестер!
Мұғалімдік мамандықты таңдауыма бірден – бір себеп болған адамның ішкі жан –дүниесін
тереңінен түсініп, сол қоғаммен бірге өмір сүріп, үнемі ізденіп жаңашылдыққа ұмтылып отыру еді.
Міне, қазір менде сол жаңашыл мұғалімнің бірімін. Оқушыларыма білім беру, бойына білім нәрін егу
тұрғысында аянбай еңбек етіп келемін. Білім беру – оқушыға өзі білмейтін тың нәрсені үйрету.
Жаңашыл заманның баласы кітаптағы мәліметті оқымайды, оған қызықпайды. Оқушыға тың мәлімет
беріп, мектепке қызығушылығын арттыру үшін мұғалім әмбебап болуға тиіс.Сондықтан қазіргі
кездегі «Ұстаз» деген ұлы есімге лайық боламын деген әрбір мұғалім әрқашан кез – келген жағдайға
да, жаңалыққа да сақадай сай тұруымыз керек. «Сындарлы оқыту теориясының» атап көрсеткен 7
модулі бар. Сол 7 модуль арқылы оқушыларды заман талабына сай, өзіндік көзқарасы қалыптасқан,
кез- келген қиындықтан шыға алатын жеке тұлға етіп тәрбиелей аламыз. Менің әр сабағым қызықты
өтеді. Оқушылар қазір топқа, жұпқа бөлінуге, өз –өздерін бағалауға, өзара диалог жасауға төселіп –ақ
қалды. Жыл мезгілдері тақырыбында сабақ өткен кезінде, сосын әр сабақтың соңында оқушыларыма
кейде ауызша, кейде жазбаша түрде сол сабақ жайлы рефлексия жаздырамын, айтқызамын.
Мұғалім ізденісін тоқтатқан күні кәсіби біліктілігін тоқтатады. Үкіметіміз білім беру
мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы зор талабына тұғыр
боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңалықпен толықтыру, жаңа саналық өзгерістер деңгейіне
көтеруді талап етіп отыр. ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың заманы емеспе? Заман талабына
сай шәкірт тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Еліміздің білім беру құрылымдары әлемдік білім беру
кеңістігінен беделді орын алуда. Осы жұмыстың нәтижелі болуына жаңадан құрылған
«Педагогикалық шеберлік орталығы» өзінің үлесін қосуда. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой,
адамгершілік, әдептілік және ұлттық сана-сезімді сіңіруші «мұғалім» мамандығын таңдағаныма
қуаныштымын және мақтан етемін. «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім» деп
Мұхтар Әуезов атап көрсеткендей дамыған мемлекеттердің қатарына осы білімнің арқасында
жетеміз. Шәкірт бойына нұр құйып жүрген әріптестеріме шеберліктерін шыңдау жолында толағай
табыстар мен жемісті жеңістер тілеймін. Егемен еліміздің кемел келешегі жарқын болсын.
Сабақтың тақырыбы Қ қ дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды анық, таза
сөйлеуге үйрету. Сөйлем
құрастыру арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сюжетті ойын арқылы
балаларды ата-бабамыздың
кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге
үйрету.
Әдіс-тәсілдер
Диалогтық оқыту сын тұрғысынан ойлау топтық жұмыс, жеке жұмыс,
жұптық жұмыс АКТ (слайдтық жұмыс,
бейне көрініс, ән тыңдау)
Күтілетін нәтиже
Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен танысты. Балалар анық, таза
сөйлеуге үйренді. Сөйлем құрастыру
арқылы байланыстырып сөйлеуге үйренді
Сабаққа қажетті құрал
жабдықтар
Суреттер, түрлі-түсті маркерлер, слайдтар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі . Психологиялық дайындық.
-
Мына суреттен нені көріп тұрмыз?, оны
неден жасайды?
Балалар, мына сырмақ қандай оюлармен әшекейленген?
Сендер білесіңдер ме, сырмақты, тоқылған шидің арасына қойдың жүнін
салып, киіз басып, оның бетіне
неше түрлі ою-өрнектерді пайдалана отырып жасайды. Балалар, қазақтың
ою-өрнегімен, сырмақпен
13
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
таныстық.
ІІ. Жаңа сабақ.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
Бүгінгі сабағымызды Қ дауыссыз дыбысымен танысамыз.
-
Дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?
-
Ал біз әріптерді көреміз бе?
-
Өте дұрыс, енді әріптер туралы жұмбақ жасырамын, сендер
шешіңдер:
Әжемнің қолында шыр айналар,шыр айналса, өзіне шыр байланар.
-
Бұл жұмбақтың шешімі не туралы?
-
Қ дыбысы «ұршық» сөзінде қай жерде орналасқан?
-
Қ дыбысы дауысты дыбыс па, жоқ әлде дауыссыз дыбыс па?
-
Неліктен дауыссыз? Қане, бәріміз қайталап айтайық. Қарақат, ұршық
сөздерін тақтаға текшелер
арқылы жазады, қалған балалар, орындарында дауыстап айтады.
-«Ұршық» сөзінде неше буын бар?Балалар шапалақ арқылы екі буынға
бөледі.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып жүгірді, - деген тақпақ арқылы қоян болып жаттығулар
жасау.
Бойымыз сергіп қалды, ал енді «Ойлан-тап» ойынын ойнайық.
Ал, қане, кім айтады, менің қолымдағы ыдыстың атын білесіңдер ме?
Тостаған.
Бұл қандай ою түрімен әшекейленген?
Ал мына бұйымды атап өтіңдерші. (Сандық, торсық).
Өзіміз ұйықтарда жамылатын көрпені, жастанатын жастықты неден
жасайды екен? (Сандық Жастық Қасық
Сюжетті ойын «Аукцион».
- Балалар, мына дайындаған көрмелеріңе қарағанда қазақтың ұлттық
бұйымдарын, киімдерін жақсы білетін сияқтысыңдар.
- Сараптаңдар білімді,
Алмай тағы тынбаңдар.
Жасырамын бес жұмбақ
Шешуін жаңылмай табыңдар.
1.Кіруге адам батпайды,
Аман-есен сақтайды. Балалар жауабы: (Сандық)
2.Бала көтерген қаңбақты,
Батыр лақтыра алмапты. Балалар жауабы: (Мамық)
3.Әсемделіп істелген,
Көздің жауын алады.
Жата кетсең үстіне,
Ұйқың келіп қалады. Балалар жауабы: (Көрпе)
Достарыңызбен бөлісу: |