Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»


 Зерттелетін бөлме өсімдіктерінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

2.1 Зерттелетін бөлме өсімдіктерінің сипаттамасы.
Зерттеу объектісі ретінде 4 бөлме өсімдігі алынды: 
1.Ақгүлді традесканция – Традесканция белоцветочная.(tradescantia albifloca), Отаны – Америка. 
Традесканция туысқанының 90-ға жуық түрі бар. Традесканция тропикалық Америкадан келген. XVII
ғасырда өмір сүрген ботаник Д.Традесканттың фамилиясымен аталды. Өте нәзік болсада күй 
талғамай өсе береді. Жапырағынан хлорофилл дәндері жақсы көрінеді. Сазды батпақты жерден 
шыққандықтан, суды жақсы көреді.
Ақгүлді традесканция, жапырағы ақшыл – жасыл, пішіні сопақша жылтыр.Жапырақ тақтасы орташа 
пішінді, мөлшері 5-6см. Жарық сүйгіш өсімдік, бірақ тікелей күн көзінде қалдыруға болмайды.(Күйік 
пайда болады). Ал көлеңкелі жерде жапырақтары реңін жоғалтады. Көктемнен күзге дейін мол суару 
керек. Қыста суаруды қысқартады. (сурет №1)
2.Батпақты аққанат – Белокрыльник болотный. (zanfedeschia alfhiopica) Ароид тұқымдасына 
жатады. Отаны-Африка. Өсімдік бөлмені тек гүлдеу кезінде ғана емес, улы өсімдік, Солтүстік 
Америка Еуропа мен Азияның батпақты жерді немесе су жағасында өседі.Қолайлы жағдайда бөлме 
температурасы 15-17 С. Тіке түсетін күн сәулесін қаламайды, бірақ жарық жерде орнығуы керек.Жаз 
айларында далада ұстаған жөн. Топырағы ылғалды болуы керек. (сурет №2) 
3.Жағалы бегония – Бегония воротничковая (begonia manicata).Отаны – Оңтүстік Америка, Азия, 
Африка, Малай архипилагының аралдары. Қазір селекция әдісімен 2000-ға жуық бақшалық түрлері 
алынды. Бегония. Африка мен Американың субтропикалық ормандарында өсетін көп жылдық өсімдік
Бегонияны XVIIғасырда натуралист Шарль Плюмье Антиль аралдарына жасаған экспедициясында 
ашты. Сан – Домингоның губернаторы Мишель Бегонның (1630-1710ж) құрметіне аталды. Көп түрлі 
сукулиентті шөптер, бұталар. Жапырақтары жай және күрделі, ұсақ және ірі әдемі реңді, ашық –
қызыл мамықтары бар. Қыста гүлдейді, 5-ке жуық гулшоғыры бар. (сурет №3).
4.Қазтамақ – Герань. Қазтамақ тұқымдасы — қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы. Көпшілігі
көп жылдық шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта немесе шала бұта түрінде де кездеседі, Қазтамақ 
тұқымдасының негізінде қоңыржай аймақта таралған 10 туысқа жататын 800-дей түрі белгілі, ал 
Қазақстанда қазтамақ, құтаншөп және биберштейния (қоқтын) туыстарына бірігетін 21 түрі бар.
Қазтамақ тұқымдасының сабағы қалың түкті, жиегі тілімденген жапырақтары кезектесіп 
немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос-жынысты көпшілігінде оларды қос қабатты гүлсерігі 
қоршап жатады. Тостағаншасы 4-5 түбі біріккен тостағанша жапырақшасынан тұрады. Күлтесі 
қызыл, көкшіл, күлгін түсті. Аталығы әдетте 10, кейде 5, аналығы біреу. Жемісі - бес тұқымды. 
Қазтамақ тұқымдасының кейбір түрі парфюмерияда және медицинада қолданылады, араларында 
арам шөп түрінде өсетіндері де кездеседі, әсемдік үшін де өсіріледі. (сурет №4) 
290

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2.2 Зерттеу әдістері.
Жұмыс барысында кохтың седиментациялық әдісі қолданылып, ауаның ОМК (общее микробные 
количество) мен фитонцидтердің әсері де анықталды.
Седиментацияланған - ең қарапайым кәрі әдіс, қарапайымға және қол жетерлікке кең таралған әдіс. 
Кохом Р. ұсынған әдіс және ауырлық күштері әрекет астында шағын организмдердің қабілеттілігінде 
болады және ықпал жасау астында ауа қозғалыстары бірге кішкентай бөлшектермен шаң және 
аэрозоль тамшыларымен жеуге жарамды орта бетіне шөгу.(Петри ашық шыныаяқтары). 
Шынаяқтарды горизантальдық беттерге сұрыптау нүктелерінде орналастырады. Шыныаяқтарды 
жалпы обсемененностисі 5-10 минутқа мясо-пептонный агармен ашық қалдырады. Санитарлы-
көрнекті микробтардың табуылуына арналған Гарро ортасын немесе Туржецконы қолданылады.
(стрептококктардың табылуына арналған).
10-15 мин ішінде ашық шыныаяқтарды санитарлық-көрнекті шағын организмдердің анықтамаларын 
қалдырады. Шынаяқтарды тәуліктерге термостатқа жабады. 
3.1 Қоректік ортаға зерттеу объектілерін себу.
Құралдар мен материалдар: Петри чашкаларына құйылған МПА (мясо-пептонный агар) бөлме 
өсімдіктері (Ақгүлді традесканция, батпақты аққанат, жағалы бегония, қазатамақ ), қайшы, маркер, 
химиялық кесе, үккіш таяқ.
Зерттеу барысында ауа микрофлорасының сапалық анализі жасалды. (1м³ ауадағы микроағзалардың 
саны).
Алдын – ала аудандық СЭС бөлімінде стерильденген Петри чашкаларына қоректік зат МПА (мясо- 
пептонный агар) құйылды.Осы петри табақшаларын: 
№1-жаңа ғимарат
№2-№4,5,6,7 үлкен фойеде (сурет-5-6)
№3-жоғары сыныптың біріне (оқушы саны көп) қойып, 5-10мин ашық күйінде ұстадық. 
Традесканция, герань, бегония, белокрыльник жапырақтарын қиып, ұсаттық (т=1гр) (сурет-7-8). 
Химиялық фарфорлы кеседе үккіш таяқтың көмегімен:
№4, №5, №6, №7 петри чашкаларының қақпағына гераньның, традесканцияның, белокрыльниктің, 
бегонияның, қоймалжын массасын тегістеп (сурет-9), жағып, қақпағын, жоғары қаратып жауып, 40 
мин ұстап, +25 С жылы жерге – СЭС термостаттына қойылды (сурет-10).
Ал,№1,2,3 Петри табақшаларын уақыты өткен соң, қақпағын жауып, СЭС-қа тапсырдық.. 
№1,2,3-тәжірибелеріндежаңа ғимарат, жоғары сыныптардың, фойенің жалпы микрофлора саны жеке -
жеке анықталды.
3.2 Микроорганизмдердің колонияларын санау.
Петри табақшаларында пайда болған колонияларды микроскоп арқылы астына қара түсті қағаз салса, 
жақсы көрінеді (сурет №11-14). Табақша төңкеріліп тұрады түбіне колонияларды маркермен 
белгілейді. Санау кезінде келесі ережені ұстанады. 
а) егер 100-ге жуық колония болса барлығын санайды. 
ә) 200-500 болса, 1/3 бөлігін табақшаның (қарындашпен секторларға бөледі) есептеледі.
СЭСжасаған анализ қорытындысы.
Табақшалардың 
диаметрі
Табақшаның ауданы
1м³ ауадағы 
микроорганизмдердің саны
9см
63см²
80
Бөлме өсімдіктерінің фитонцидтік белсенділігі.
Тәжірибе типі
Өскен колониялар саны 
(дара саны)
Ауаның 1м³ 
микроорганизмдердің саны
Традесканция
24
1920
Герань
46
3680
Калла 
52
4160
Бегония
20
1600
Микрофлора саны
291

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Колония
1м³
Таблица №
Фойе
98
4840
№1
Бастауыш
106
8480
№2
Жоғарғы сынып
121
9680
№3
Нәтижені талдау. Бөлме өсімдіктерінің колонияларын санау кезінде, петри табақшаларында пайда 
болған колонияларды микроскоп арқылы, астына қара түсті қағаз салып, табақшаны төңкеріп 
түбіндегі колонияларды маркермен белгіледім. 
Петри табақшасындағы гераньның колония саны 46 болды. Колонияның түсі ақ және сары түсті 
болды. Ал шеттері кедір бұдыр болды.
2 Петри табақшасындағы традесканцияның колония саны 24. Колонияның саны 52 қаныққан сары 
түсті. Шеттері тегіс.
3 Петри табақшасындағы калланың колонияның саны 52. Колонияның түсі қаныққан сары түсті. 
Шеттері кедір бұдыр.
4 Петри табақшасындағы бегонияның колония саны 20. Колонияның түсі ақ және сары түсті. Бірақ 
ақ түсі басымырақ. Ал шеттері тегіс.
3.3 Мектептегі өсімдіктердің тізімі мен фитоэкологиялық карта жасау.
Мектепте 14 бөлме өсімдіктерінің түрлері бар.

Қош иісті пелоргония

Ақгүлді традесканция 

Батпақты аққанат

Жағалы бегония

Ферро кактусы

Бөрітарақ 

Кассандра

Каланхе

Каштан талшын

Хлорофитум

Алоэ

Қырықжапырақ

Шегіргүл

Плюш
Әдебиеттердегі мәліметтер мен СЭС қорытындысына сүйене отырып, мектептің фитоэкологиялық 
картасын жасадым (кесте №1).
«Фитоэкологиялық карта» дегеніміз, табиғаттың негізгі факторлары мен өсімдік жамылғысының 
байланысын анықтайды.(Кюхлер 1971 ж)
Биоәртүрліктің геоботаникалық ақпаратты ұйымдастыруда әр түрлі масштабтағы фитоэкологиялық 
карта. Негізгі Құрам болып табылады. (Ильина 1999).
Ендеше мекемелермен кәсіпорындар орындардың басты қызметі – бөлме өсімдіктерінің дұрыс 
жинақтау арқылы фитоэкологиялық негізде, ғимараттардың фитоэкологиялық негізде картографиясын
жасау.
Нәтижені талдау. №1,2,3 Петри табақшалары микроорганикалық (бақылау сызығы) №4,5,6,7 
табақшаларын салыстырып, микрофлора қаншалықты кемігені дәлелденді.
№ 1,2,3 Петри табақшаларының микрофлора саны 7840, 8480,9680. Ең лас ауа жоғағыры сыныпта 
екені анықталды. №1 Петри табақшасының микрофлора санының (яғни фойеде) аздығының себебі, 
өйткені ол жер әр дайым хлоркамен жуылып отырады. Ал №2 Петри табақшасының , яғни бастауыш 
сыныптарындағы микрофлора саны 8480, ал ол №3 жоғарғы сынып микрофлора санына қарағанда 
төмен көрсеткішті көрсетті. Себебі, бастауыш сынып оқушылары сынып жетекшілерінің қаруы 
бойынша жүреді.Қоңырауда бастауыш сынып оқушылары сыныпта көп отырмайды. Ал жоғарғы 
сыныпта микрофлора саны №1, №2 Петри табақша сандарына қарағанда көп. Өйткені, жоғарғы 
292

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
сыныптарда әр пәнен әр түрлі пән мұғалімдері болады. Сонымен қатар оқушыларда сыныпта көп 
жүріс болады. 
2. № 4,5,6,7 Табақшаның мәліметтерін салыстырып, микрофлора санының төменделуі байқалды. 
3. Мәліметтерге сүйене отырып, мектептің фитоэкологиялық картасы жасалып, мектеп ерекшелігін 
ескеріп, фитобелсенді түрлерді орналастыру, ретін ұсындық. Ал фойеде традесканция мен бегония 
түрлерін өсіруге болады. Бұл өсімдіктер тек фитонцидтік қасиеті жағынан ғана емес, биологиялық 
тұрғыдан да қолайлы деп есептеледі.( Топырақтың күйін талдамайды, суық желдерге әсер етпейді).
4. Микроорганизмдердің саны зерттеу өсімдіктерінің әсерінен азаятынына көз жеткіздік. 
5. Фитонцидтік қабілеті жоғары өсімдіктер: герань және калла. 
Қорытынды. Ізденіс жұмыстары кезінде бөлме өсімдіктерін тек сәнділік үшін, деген көзқарасты 
жойып, бұл объектілерін жан – жақты түсіну, биология, экология пәндерінде кеңінен пайдалануға 
мүмкіндік берді. Зертханалық жұмыс барысында, СЭС-ң мамандарынан тәжірибе алып, ғылыми 
әдебиеттермен жұмыс істеудің әдіс – тәсілдері қамтылды. Келешекте ауа экологиясы тақырыбында 
зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаймыз.
Қолданылған әдебиеттер:
Бликин С.А., Рудницкая Т.В. Фитонциды Вокруг нас.-М., 1981 ж
Ведьмина Е.А., Власова И.В. Санитарно-биологическое исследование воздуха. – М.:Наука, 1978 ж.
Головкин.Б.Н. Комнатные растения, - М.: Лесная промышленность, 1990 ж.
Герань папулярное комнатное растение
Методические указания к лабораторному практикуму по курсам «санитарная микробиология», 
«Санитарна-микробиологический контроль на производстве».
Дощенко И.И. Воздушная среда и здоровье. – Львов, 1981 ж.
Панкратов А.Я. Микрофлора воздуха. – М.: Издательство с/х литер., журналов и плакатов, 1962ж.
Санитарная микробиология. Учебник для ВУЗов под ред Л. Лобашенко –М.: Пищевая 
промышленность, 1980 ж.
Токин Б.П. Губетели микробов – фитонциды.- М.: Советская Россия, 1960 ж.
Тульчинская В.Н., Юргелайтис Н.Г. Растения против микробов, Киев, «Урожай»,1987 ж.
В.И.Артамонова. Растения и чистота природной среды./ Москва. «Наука» 1986 ж. 
Г.И. Белянкин. Город где мы живём/ Свердловск. Среднее-Уральское книжное издательство, 1981 ж.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР – ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Канибетова Елена Валерьевна. 9”Б”сынып
Ж.Жабаев атындағы облыстық 
мамандырылған мектеп-интернаты
Жетекшісі:  Бекбауова Айнаш Толеухановна
Бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – ұлттың
денсаулығы.   Елбасымыз   Н.   Назарбаевтың   «Қазақстан   2030»   стратениялық   бағдарламасында
денсаулықты нығайту үшін салауатты өмір салтын насихаттап, дұрыс тамақтануымызға , тазалық пен
санитарлық шараларын сақтауымызға бағытталған ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек,-деп атап
көрсеткен. Өркениетті елдерде халық денсаулығы –мемлекеттің басты құндылығы болып саналады.
Ал   денсаулықты   сақтау-дұрыс   тамақтанудан   басталады.Дүниежүзілік   денсаулық   ұйымы   жүргізген
зерттеулер   адамзат   өлімінің   60   пайызы   тағамды   дұрыс   пайдаланбаудан   туындайтынын   атап
көрсетті.Денсаулыққа қатер төндіретін 10 фактордың жетеуі тамақтануға байланысты./6, 16бет/  Адам
293

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жаны мен тәнінің саулығы сауатты тамақтанумен   қатар өмір сүріп отырған ортаның экологиясына
тікелей байланысты екені анық. Екінің бірі - анемия, екінің бірі -зоб, аллергия. Бұрын құрт ауруы
туралы қөп айтушы едік, енді ел ішінде сарып, іш қату, қан қысымы тағы басқа кеселдер бой көтере
бастады. Аталған мәселелердің, әсіресе, еліміздің жергілікті тұрғындарының арасында кеңінен етек
алуы ұлтын сүйетін әрбір саналы азаматтың қай-қайсысында бей-жай қалдырмасы анық. Ауру анадан
туылған дімкәс сәби өсе келе түрлі сырқатқа ұшырамасына кім кепіл? Келешегіміз деп үміт артып
отырған   жастарымыздың   денсаулығы   сын   көтермейді   ,олардың   бойында   ұлтжандылық   пен
намыстың, имандылық, адамгершілік сияқты қасиеттердің жойылып бара жатқаны жасырын емес.
Мұндай халге душар болуымызға не себеп? Бұдан шығатын жол қайсы? 
Зерттеу жұмысының мақсаты:  Жаңа технологиялармен дәнді дақылдарымызды   өңдеу оның
құрамындағы минералды заттар мен  дәрумендердің  азаюына себеп екенін көрсету және ұмытылып
бара жатқан ұлттық тағамдарымыздың аурудың  алдын алудағы маңызын ашу.
 Зерттеу жұмысының  міндеті: 
      -  Ұлттық тағамдарымыз туралы әдебиеттермен, ақпараттық құралдармен жұмыс жасау
      -  Көне көз қариялардан емдік ашытпалардың жасалу технологиясын білу 
      -  Ашытылған тағамдардың тағамдық құнын көтеру жұмысты жазу әдісі   
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Тамақ өнеркәсәбіндегі азық-түлік дақылдарын өндірістік
жолмен   өңдеуінің   кейбір   келеңсіздіктерін   көрсету   және   ұмытылып   бара   жатқан   ұлттық
тағамдарымызды қайта жаңғырту.
Зерттеу жұмысының әдістемесі: 
Ғылыми әдебиеттерге, ақпараттық құралдарға шолу жасау;
Аудандық, ауылдық денсаулық орталыктарынан  мәлімет алу
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: 
Азық-түлік дақылдарын өндірістік жолмен өңдеу (ақтау, аршу, ұнтақтау)  қажетті пайдалы заттарды
жойып жіберіп отырғанына дәлелдер келтірілді;
Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарымыздың  құрамы мен жасалу жолы көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
-  Ақпараттық құралдарға, ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, азық-түлік  дақылдарын   өндірістік
жолмен   өңдеуден   ұтылатын   тұстарымызды   көрсету   және   ұмытылып   бара   жатқан   ұлттық
тағамдарымыздың емдік қасиетін ашу жұмысымыздың теориялық мәні

Ұлттық   тағамдарымызды     тұрмыстық   жағдайда   жасаудың   оңтайлылығы   жұмысымыздың
практикалық мәні болап табылады.

Аурудың   бәрі   –   дұрыс   тамақтанбаудан.  Елбасымыз   Жолдауында   халықтың   денсаулық
жағдайын   бақылаудың   ұлттық   бағдарламалары   кешенін   енгізу,   аурудың   алдын   алуға   шындап
кірісуіміз керек. Бірінші кезекте, олар балалар, жас-өспірімдер, бала туу жасындағы әйелдер  деп атап
көрсетті.Кез–келген   елдің   болашағы   оның   ден-саулығына   байланысты   екендігі   даусыз.Денсаулық-
қоғамдық байлық..Олай болса әр адам өзінің денсаулығын сақтауды азаматтық парызы деп түсінуі
тиіс.
Өзіммен   қатарлас   құрбы-құрдастарымның   арасында     көп   кездесетін   әрі   халық   онша   мән
бермейтін   аурудың   бірі   қаназдық   (анемия).   Міне,   осы   тұрғыдан   біз   ертеректе   өмір   сүрген   ата-
әжелеріміздің қаназдық ауруымен аз ауруының себебін анықтап, аурудың алдын алудың қарапайым
жолдарын насихат-тауды мақсат еттік. Халқымыздың тамақтануы мен түрлі ауруларға шалдығуының
арасында   бай-ланыс   бары   анық..   Ал   қаназдық   (анемия)   ауруы-   алаштың   бір   қатері.   Анемиямен
ауыратындардың   көбі   қазақтар.   Көбі   -әйелдер.   Бізде   іс   жүзінде   әрбір   үшінші   әйелде,   ал   кейбір
өңірлерде әр екі бо-лашақ ананың біреуінде қан жетіспейді.Содан барып нәресте ана сүтінен ерте
айырылады./6,16 бет/   Қаназдықтың не екендігін түсіну үшін қан жөнінде сөз қозғау керек. Ересек
адамда   5   литр   қан   болады.   Оның   55%   плазмадан,   ал   45%   қан   клеткаларынан   эритроцит   пен
лейкоциттен   және   қан   пластинкасынан   тұрады.   Қаназдық   ауруының   пайда   болуы   бірнеше
жағдайларға байланысты. Бірінші жағдай – жілік майында эритроциттердің аз жасалып шығарылуы.
Оның   себебі   эритро-циттер   түзілу   үшін   қоректік   заттар,   дәрумендер,   темір   жетіспеуі   және   жілік
майында   түрлі   улы   қосылыстардың   әсер   етуі.   Екінші   жағдай   –   эритроциттер   құрамында
294

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
гемоглобиннің аз болуы. Гемоглобинде темір атомының аз болуы және В
12
  дәруменінің жетіспеуі,
оттегінің гемоглобинге қосылуын нашарлатады. Үшінші жағдай – адам көп қан жоғалтқанда және
безгек   ауруымен   ауырғанда   қаназдық   ауруы   пайда   болады.   Қаназдық   деп   эритроциттер   санының
азайып оның құрамындағы гемоглобиннің төмендеуін айтады.
              Бұл сырқаттың алғашқы белгілері:

Жалпы әлсіздік, кішкене ақыл-ой және денеге салмақ түсу барысында тез шаршау.

Ентігу, жүректің жиі соғысы.

Құлақтың шулауы,көздің қарауытуы.

Бастың ауруы,ұйқысыздық.

Тіл,ерін,шырышты қабақ, тырнақтың бозаруы.

Дәмнің, тәбеттің болмауы.

Ауыр түрінде аяқ, бет ісініп,жүрек соғысы жиілейді,демігу пайда болады.
Өткен ғасырдың басында тамақ өнеркәсібінің оқымыстылары адам баласы сан ғасырлар бойы
пайдаланып   келген   азық-түлік   құрамындағы   талшықтарды,   кебектерді   зиянды   деп,   минералдық
элеметтерді   қажетсіз   деп   санаған   болатын.   Сол   жылдары   құрылған   тамақ   өнеркәсәбі   азық-түлік
дақылдарын   өндірістік   жолмен   өңдейміз   (ақтаймыз,   аршимыз,   ұнтақтаймыз)   деп   бізге   қажетті
пайдалы заттардың 80% жойып жіберіп отырғанын өздері де білмеді, осындай сорақылықтың кесірі
осы күнге дейін жалғасуда. Олар бізге тек белок, май және көмірсутегі болса жеткілікті деп санайтын.
Соңғы жылдары оқымыстыларымыздың дәрумен мен минаралсыз өмір сүруге болмайтынына көздері
жетті. Тамақтану гигиенасы бойынша алғашқы кезде 20 шақты ғана микроэлемент жеткілікті десе,
соңғы уақытта олардың саны 70-тен асып барады. Ағзаның қажет-тілігін тек біз тұтынып жүрген ақ
ұнмен, картоппен, күрішпен қанағаттандыруға болмайды. Ағза-мызды қажетті барлық элементтермен
қамтамасыз ету үшін 100-ден аса дақыл мен жабайы өсімдікті пайдалануымыз қажет екен.Ғылыми
деректерге сүйенсек қара бидайда ,арпада белок 10-12%       болса, олардан жасалған нандарда 5-8%
ғана. Көмірсулар бидайда 50-60% болса, оның нанында 33-45% қалады.Жаңа технологиямен бидайды
ұнға   айналдыру   кезінде   құрамындағы   пайдалы   заттың   80%   шаң   болып   ұшып   немесе   кебегінде
қалатыны дәлелденген.Қазіргі   технология  бойынша   бидайды  суға   жуып,  оны  катоктармен қысып,
ортасындағы ұлпасын ұн етіп береді. Барлық   дәрумен мен пайдалы минералдар, оның ұрығы мен
қабығында   мол   екені   белгілі.   Сөйтіп   бұл   технология   бойынша   оның   барлық   нәрін   кебегінде
қалдырып,   малға   беріп   жүрміз.   Бұрын   тас   диірменге   қанша   бидай   тартсақ,   сонша   мөлшерде   ұн
алатынбыз. Қазір 30-35% кебекке кетуде. Зиян шегіп отырғанымыз – міне осы тұс. Өйткені ағзада  қан
түзілуі үшін  оған қажетті пайдалы заттардан өзіміз қолдан айырылып, аурудың сан түріне душар
болудамыз.   Қан   аздыққа   шалдығудың   басты   себебі   оның   құрамына   қажетті   дәрумендер   мен
минералдардың   жеткілікті   мөлшерде   жетпеуінде.   Әсіресе   пайда-зиянын   білмей,   бидайдың   орта
бөлігінен алынған «манная» ботқасын сәбилерге береміз. Мұның бәрі баланы әлсіретіп келешекте
оның денсаулығына кері әсер ететінін біле бермейміз.  Ірі тартылған ұн тек қуат көзі ғана емес,
адам ағзасындағы көптеген аурудың жолын кесетін қасиетке де ие.  Әсіресе, иммунитет жүйесін
күшейтіп,   сырқатпен   күресу   қабілетін   артырып,   денсаулықты   нығайтады.   Қан   қысымын
реттеуге ықпал етеді. Ал ұн құрамында пайдалы заттар жетпегендіктен,оны басқамен ауыстыруға
болмайды. Сондықтан бір қатар елде ірі тартылған ұнға сұраныстың артуы түсінікті. Қан қысымын
көтеретін холестерин де бұл жағдайда азаяды. Енді тұрмысымызда   көп пайдаланатын дақылдарға
келейік   (№1 кесте)./5/
Дәнді   дақылдардағы   микроэлеметтер   және  витаминдер құрамы
                                                                                                                                  №1 кесте
Оо
т
Р/с
Астық
 
және
бұршақ дақылдары
Микроэлементтер мен витаминдер құрамы мг  %
Са
К
Mg
Р
В
1
В
2
В
3
/РР/
1
Үрмебұршақ
150
1100
103
480
0,50
0,18
0,10
2
Аршылмаған
115
873
107
329
0,81
0,15
2,20
295

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
асбұршақ
3
Аршылған асб-қ  
99
246
127
298
0,46
0,16
3,30
4
Қонақ жүгері
93
453
150
353
0,33
0,13
4,88
5
Арпа жармасы
83
672
80
390
0,50
0,21
1,80
6
Жасымақ
59
424
120
366
0,44
0,20
1,30
7
Қара бидай
35
245
47
158
0,18
0,08
0,67
8
Кәдімгі нан
62
325
114
368
0,37
0,10
4,94
9
Ұн наны
19
97
13
68
0,11
0,03
0,98
10
Макарон
19
123
16
87
0,17
0,04
1,21
11
Кебек
150
1260
448
950
0,75
0,26
10,50
12
Жүгері
  34
 340
 104
 301
 0,38
 0,14
 2,10
13
Тары  жармасы
  27
 211
  83
 233
 0,42
 0,04
 1,55
Кестеде   көрініп   тұрғандай,   біздің   халықтың   күнделікті   тұтынатын   азық-түлігі   (   күріш,
тары,макарон   ,   өңделген   жарма   ,   ақ   ұн)   олардан   пісірілген   нан   тағамдарында   қажетті   заттардың
аздығынан, кестенің соңында қалған.
Мысалы, Кәдімгі нанда  кальций 62 мг ғана болса, кебекте 150 мг, яғни 3 есе көп. Калий ұнда
325 мг болса, кебекте 1260 мг, демек, 10 есе көп. Сол сияқты магний ұнда 114 мг , кебекте 448 мг, яғни
5   есе   көп.   Сондай-   ақ   басқа   да   биологиялық   белсенді   элементтердің   кебекте   көп   екені   ,   ал
өнеркәсіптік жолмен дайындалған ақ ұнымызда, жармаларымызда адам ағзасының барлық мүшелерін
физиологиялық   жағынан   азда   болса   қанағаттандыру   үшін   қажетті   дәрумендер   мен
микроэлементтердің аз екені көрініп тұр. 
Біздің кейбір мамандарымыздың кебекте ешнәрсе жоқ екені қашаннан белгілі деуі үлкен қателік.
Шетел ғалымдарынң дәлелдеуі   бойынша, жүрек- қан тамырлары, қан қысымы кеселдерінің алдын
алу үшін күніне 30 грамм кебек жеу керек екен. Ол үшін 2-3 ас қасық кебекті ыдысқа салып, оған
қайнаған су құйып 10-15 минут бұқтырып, содан кейін сүзіп, күнделікті пайдаланатын ботқаға қосып
жеген дұрыс/5/. Сол сияқты қол ашытқымен 10-20 кебек қосып , нан пісіріп жесең дәмі өзгеріп сала
береді.   Пайдасынан   зияны   қөп   макарон,   вермишель,   ақталған   күріштен   гөрі   кебек   қосып,   кеспе
жасаған дұрыс. Бұл әрі арзан, әрі денсаулыққа пайдалы. 
Егер күнделікті тұтынатын тағамдарымызда витаминдер мен минералдар жетіспесе, адам ағзасында
зат алмасу нашарлайды, нәтижесінде дене мүшелерінің өсіп дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы,
микроэлементтер  калий,   магний,   кобальт  жүректің   жұмысын   жақсартып,   қан   қысымын
төмендетеді. Кальций нанда жетіспесе, сүйектің нашар жетілуі, темір жетіспеуі – кемтар баланың
дүниеге келуіне,  мырыштың  аздығы бала бойының қысқалығына, жүйке жүйесінің дамуына кері
әсер етеді. №2 кестеге назар аударсақ../5/

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет