Семинар (практикалық) сабақтарын өткізуге байланысты әдістемелік нұСҚаулар


-апта. Әдебиеттанудағы ғылыми мектептер



бет2/5
Дата31.10.2022
өлшемі18,35 Kb.
#46512
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
ӘТэс семинар 23 (1)

4-апта. Әдебиеттанудағы ғылыми мектептер
Я.Гримм мен В.Гримм негізін қалаған мифологиялық мектептің өнердің арғы тегін сана ырқынан тыс психология заңдылықтарымен сабақтастыруы. К.-Г.Юнгтің архетип туралы идеясы. И.Тэн және тарихи-мәдени мектептің ұстанымдары. Әдебиет және өнер туындыларын бағалауда жаратылыстану ғылымдарының әдіс-тәсілдерін пайдалану жайлы ой. Нәсіл, орта, мезет факторларының көркемдік дамуда алатын орны. Т.Бенфей және әдебиеттанудағы компаративизм бағыты. Көркемдік құбылыстарды салыстырмалық тұрғыдан зерттеу. А.Потебня және психологиялық мектеп. Автордың шығарма болмысындағы рөлі, көркем туындыны қабылдаудағы оқырман, дәуір талаптарымен тамырластық. Фреидизм және интуитивизм бағыттарының өзара сабақтастығы. Формализм өкілдері: В.Шкловский, Ю.Тынянов, Б.Эйхенбаум. Структуралистік зерттеулердің мақсат, міндеттері. – 1сағат.

5-апта. Әдебиет теориясы және эстетикалық категориялар
“Эстетикалық” ұғымы туралы И.Кант, Ю.Борев тұжырымдамалары. Эстетикалық пен көркемдік ұғымдары жайлы Ю.Борев, Г.Поспелов пікірлері. Эстетикалық пен әсемдік ұғымдарының арақатынасы. Ажарлылық пен әсемдіктің айырмашылықтары. Көне грек философтары. әсемдік хақында. Орта ғасыр, қайта өрлеу дәуіріндегі әсемдікке байланысты түсініктер. Ағарту дәуіріндегі әсемдік пен сәнділік (изящность) туралы ойлар. Әсемдіктің табиғат құбылыстары және қоғамдық құндылықтармен байланысы. Әсемдік сезімді қалыптастырудағы талғамның мәні. Асқақтық пен әсемдіктің ортақ қасиеттері мен ерекшеліктері. Асқақтық жайлы И.Кант, Н.Чернышевскийдің тұжырымдары. Асқақтықтың табиғат құбылыстарымен сабақтастығы. – 1 сағат.

6-апта. Әдебиет теориясы және эстетикалық категориялар
Трагедиялық пен қаһармандықтың айырмашылықтары. Трагедиялықтың тарихи тәжірибе, адам санасымен сабақтастығы. Трагедиялықтың әдебиеттегі трагедия жанрымен байланысы. Үмітшілдік (оптимизм) сарынының трагедиялық жағдайдан алатын орны. Мінез және трагизм. Комедиялық ахуал және әрекет, оқиға. Фольклорлық әдебиеттердегі комедиялық құбылыстар. Комедия жанрының ерекшеліктері. Сатирадағы комедиялық құбылыстардың әлеуметтік мәні. Трагикомикалық жағдайлар сипаты. Келеңсіздіктің мінез, дүниетаныммен байланысы. Сұрқайлық ұғымының қоғам, тарихи оқиғалар арқылы бағалануы. Сұрқайлық және сорақылық (ужасное) ұғымдарының көркем әдебиеттегі көріністері. – 1 сағат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет