13-апта. Көркемдік мәтін қабаттары Көркем шығарма және көркемдік мәтін. Мәтіннің филология және гуманитарлық ғылымдардағы анықтамасы. Мәтін жайлы М.Бахтин, Ю.ЛОтман, Ж.Деррида пікірлері. Мәтін шексіздігі туралы постмодернистік тұжырым. Көркемдік мәтіннің таңбалар жүйесімен тамырластығы. Автор көзқарасының мәтін астарларындағы мәні. Бейтарап және тенденциялық баяндаудың шығарма көркемдігіне әсері. Әлқисса (сказ), пародия, стилизация, тәсілдері. Реминисценцияның автор, кейіпкер тұлғасын ашудағы мәні. Мәтін және интертекстің мәдени тәжірибемен, әдеби ағым, мектеппен сабақтастығы. – 1 сағат.
14-апта. Сюжет, тартыс және композиция түрлері Фабула және сюжет. Оқиға, әрекет, және сюжет табиғаты. Тақырып, идея және сюжет. Сюжет элементтері. Сюжет құрудағы В.Шекспир, Л.Толстой, Н.Гоголь, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов тәжірибесі. Новеллалық сюжет. Лирика мен сюжеттің арақатынасы. Сюжет қалыптастыру жолдары. Ортақ сюжетке арналған шығармалар (Г.Флобер, Л.Толстой, Ә.Шәріпов пен Т.Ахтанов тәжірибесі). Тартыс түрлері және оның сюжеттік көрінісі. Композиция және шығарма құрылымындағы реттілік пен үйлесім. Эстетикалық әсер және қайталаулар. Жасыру мен тану тәсілдері. Ой астары. Монтаж. Сыртқы композиция. Қосымша әңгіме, лирикалық шегініс. Пролог пен эпилог. – 1 сағат.
15-апта. Көркемдік әдіс және стиль, әдеби бағыттар Көркемдік әдіс және жазушы дүниетанымы. Дүниетаным мен ойлау типінің байланысы. Көне дәуір әдебиетіндегі реализм нышандары. Реализмнің даму жолдары және түрлері. Романтизм, модернизм және постмодернизм эстетикасына тән сипаттар. Стиль туралы ғылыми түсініктің даму жолдары. Тақырып пен бейнелеу нысаны және стиль. Стиль және сюжет мазмұны мен құрылымы. Стиль және композиция тәсілдері. Стиль және эпикалық, лирикалық, драмалық баяндау жүйесі. Стиль және көркемдік деталь. Авторлық көзқарас және стиль. Стильдің шығарма көлемімен, дүниені қабылдау үдерістерімен, сезім әлемі, ұлттық психологиямен, ойлау ерекшеліктерімен байланысы. Стиль және композиция. Стиль және көркемдік мекеншақ. – 1 сағат.