7-апта. Әдебиет пен өнер түрлерінің байланысы Көне дәуірлердегі магиялық түсініктердің үстемдігі. Табиғат құбылыстарын жан бітіре қабылдау, анимизм, тотемизмнің тарихи-философиялық мәні. Жарытылыс, географиялық, тұрмыстық ахуалдар жайлы жартылай фантастикалық, мистикалық әңгімелердің пайда болуы. Аңшылық туралы ертегілердің этномәдени сипаты. Батырлар жырының тууы. Корифей және эпикалық баяндау. Диқаншылық дәстүрге байланысты драма жанрларының пайда болуы. Пантомима, сурет, мүсін, саз өнерлері мен әдебиеттің тұтастық және ажырау кезеңдері. Әскери марштар және еңбек жырлары. Би және саз өнері. Жеке орындаушылық және лириканың өмірге келуі. Драма жанрларының жіктелуі. Трагедия мен комедияның көне мифпен сабақтасуы. Театр өнерінің, әдеби жанрлардың дамуы. – 1 сағат.
8-апта. Көркем әдебиеттің ерекшелігі және танымдық сипаты Көркем әдебиет пен өнер түрлерінің әсер етушілік (эмоционалдық) қасиеті. Гегельдің мұрат, В.Белинскийдің ойлау айшықтары жайлы пікірі. Көркем әдебиетке тән бейнелілік және ғылымдағы дәлелдіктің айырмашылығы. Сөз көркемдігінің жетілу жолдары. Көркем образдың “бейзаттық” (невещественность) сипаты. Елес, сезім, қиялдың рөлі. Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі әсерлі бедерлеу шеберлігі. Әдебди шығармадағы уақыт пен кеңістіктің ерекше қызметі. Көркем әдебиет – тарихи-әлеуметтік құбылыс. Әдебиет пен өнердің қоғамдық санамен байланысы. Көркем шығарманың ұлттық және жалпыхалықтық сипаты. – 1сағат.
9-апта. Көркем образ поэтикасы Көркем шығармадағы жазушы мақсаты мен идеясы. Идеяның тақырыппен сабақтастығы. Тақырып және тұрмыстық-әлеуметтік мәселелер. Идея және өмір шындығы. Көркем әдебиетте персонаж категориясының пайда болу, жетілу кезеңдері. Постмодернистік тұжырымдама және персонаж табиғаты. Типтендіру және қаламгер шеберлігі. Прототип пен даралаудың арақатынасы. Өмірлік материалды іріктеу. Сюжет табу. Қиялдап қосудың жекелеген жазушыларға тән ерекшеліктері. Мінез бен көркем образдың айырмашылықтары. Көркем образдың эстетикалық мәні. Идеяны дамыту және персонаждар жүйесі арқылы ашу жолдары. Авторлық баяндау тәсілдерінің рөлі. – 1 сағат.