ертегілердің көркемдік-эстетикалық бітімі, композициясы, оқиғаларының
бірсызықты /однолинейность/ дамуы, кездейсоқтығы, баяндау тəсіліндегі
стильдік формулалар.
Батырлық ертегі. Ол туралы В.М.Жирмунскийдің, М.О.Əуезовтің,
Е.М.Мелетинскийдің,
С.О.Неклюдовтың,
С.Қасқабасовтың
пікірлері.
Тақырыбы ерлікпен үйлену жəне жауыз күштермен соғысу екендігі.
Кейіпкерлердің ғажайып тууы мен өсуі, таңдап ат мінуі, некелік сынақтардан
өтуі, жаумен соғысуы, оны жеңуі. Қиял-ғажайып ертегілер мен көне эпосқа
қатысы. "Ер Төстік", "Керқұла атты Кендебай" ертегілерінің идеялық-
көркемдік ерекшелігі, сюжеті мен композициясы.
Новеллалық ертегі.
Жанрлық белгілері. Қиял-ғажайып ертегілермен
байланысы. Шытырман оқиғалылығы жəне ондағы қиялдың /вымысел/
атқаратын қызметі. Тақырыбы отбасы, ерлі-зайыптылардың адалдығы
/"Уəзірдің қызы", "Үш өсиет", "Əділ патша туралы ертегі"/, түрлі
қиыншылықта жол табатын ақыл мен тапқырлықты /"Аяз би", "Балтекей
бидің соты"/ дəріптеу болып келетіндігі. Композициялық құрылымы, көп
эпизодтты болуы, оқиғаларының өтетін жері, кейіпкерлері.
Сатиралық ертегілердің жанрлық
сипаты. Қоғамдық-əлеуметтік қарым-
қатынастардың, таптық теңсіздіктің, тұрмыс-тіршіліктің бейнеленуі. Сатира
мен юмор. Аңқаулық пен қулықтың көрінісі. Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша
бала бейнелері. Əділетсіздікті əшкерлеу: бай, молда, қарақшы образдары.
Сюжеттік құрылымы мен тартымдылығы, күлкілі жағдай, стильдік
ерекшеліктері.
Əдебиеттер: 1.4. бөлімдегі «Ертегілер» атты 6-дəріс жоспарында
көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: