Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистрдің өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 30 сағат


Ертегіден тыс прозалық жанрлар немесе ертегі емес жанрлар



Pdf көрінісі
бет123/159
Дата31.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#21755
түріСеминар
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159
Байланысты:
Фольклор типологиясы

Ертегіден тыс прозалық жанрлар немесе ертегі емес жанрлар 
 
Миф. 
Мифологияны 
зерттеудегі 
натуралистік, 
антропологиялық, 
əлеуметтік,  структуралық-антропологиялық  т.б.  мектептердің  табыстары. 
Мифтің  жанрлық  ерекшеліктері.  Мифтік  дəуір.  Алғашқы  бабалар 
(первопредки),  демиург,  мəдени  қаһарман  туралы  түсінік.  Этиологиялық 
генеологиялық жəне аспан денелері /космогониялык/ туралы мифтер. Мифтің 
танымдық қызметі. Қазақ мифтерінің архаикалық сипаты. 
Аңыз-əңгімелер.  Жанрлық  сипаты.  Анықтамасы.  Тарихи,  мекендік 
/топонимикалык/ жəне күй аңыздары. Қиял мен шындықтың көрінісі. Тарихи 
аңыздардың сюжеті мен қаһармандары: Асан Қайғы, Жиренше, Жəнібек т.б. 
Жер-су,  елді  мекен,  тау-тас,  өзен-көл  туралы  аңыздар.  Күй  аңыздарындағы 
тарихи  жəне  жер-су,  елді  мекен  жайындағы  əңгімелердің  орайлас  келуі. 
Аңыздардың композициясы мен баяндау тəсілдері. 
Əпсана  /легенда/.  Жанрдың  анықтамасы.  Əпсананың  түрлері.  Аңыз-
əңгімеден айырмашылығы. Дүниенің жаратылысы, жерұйық, əулие-əнбиелер 
туралы 
сюжет. 
Қорқыт, 
Ескендір 
туралы 
əпсаналар. 
Көркемдік 
ерекшелікгері. 


Ертегісімек 
/Былички/. 
Анықтамасы. 
Ескі 
наным-сенім, 
халық 
демонологиясының  көрінісі:  албасты,  үббе,  күлдіргіш,  жезтырнақ,  жын-
шайтан т.б. Тақырыбы мен баяндау тəсілдері. 
Əдебиеттер: 1.4. «Ертегіден тыс прозалық жанрлар(аңыздық проза)» атты 
7 -дəріс жоспарында көрсетілді. 
 
  Эпостық жырлардағы тарихи уақыт пен кеңістік мəселесі 
 
Қазақ  эпосының  жанрлық  құрамы.  Классификациясы.  Жанрлық-
стадиялық белгілеріне қарай жеткізу. Көне эпос, батырлар жыры, лиро-эпос, 
тарихи  жырлар.  Зерттелу  тарихы.  Шындықтың  бейнеленуі.  Эпос  пен  тарих. 
Өлең құрылысы. 
Көне  эпос.  Анықтамасы  мен  негізгі  белгілері.  Сюжеттік  құрамы  мен 
тақырыбы.  Қаһармандық  үйлену,  ғажайып  туу,  өліп  тірілу  мотивтері.  Миф, 
аңыз  ертегілермен  байланысы.  Матриархат  жəне  патриархат  дəуірлерінің 
көрінісі. Образдар жүйесі: бас қаһарман мен адамзатқа қас күштер /дию, пері, 
дəу, мыстан кемпір т.б./. Əйелдер бейнесі. "Құламерген-Жоямерген", "Дотан 
батыр"  жырлары  –  көне  эпостың  үлгілері.  "Алпамыс  батыр"  жырындағы 
архаикалық сипат. Көркемдік ерекшеліктері. Ұлғайту мен əсірелеу. 
Батырлар  жыры.  Жанрлық  белгілері.  Жиналу,  жариялану,  зерттелу 
тарихы.  Шығу  мезгілдері  туралы.  Түркі  қағанаты,  оғыз-қыпшақ,  ноғайлар 
дəуірлері  мен  жоңғар  шапқыншъшығы  кезіндегі  оқиғалардың  бейнеленуі. 
Батырлар  жырының  идеялық  нысанасы,  тақырыбы,  халықтық  сипаты. 
Историзм  /тарихилық/  мəселесі.  Батырлар  жыры  мен  көне  эпостың 
байланысы,  бір-бірімен  сабақтастығы.  Батырлар  жырындагы  уақыт. 
Жырлаушы  уақыты,  сюжеттік  уақыт.  Эпикалық  уақыт  дəстүрі.  Батырлар 
жырындағы эпикалық кеңістік. Эпостық кеңістік концепциясы. "Қобылынды 
батыр", "Ер Көкше - Ер Қосай", "Арқалық батыр" жырларының сюжеттері, ел 
қорғау,  сыртқы  жауларға  қарсы  күресу  идеясы,  образдар  жүйесі.  Бас 
қаһармандар,  эпикалық  жаулар.  Əйелдер  образы.  Тұлпар  бейнесі. 
Кейіпкерлерді  типтендіру  мен  идеализациялау.  Батырлар  жырының 
циклизациялау  /тұтастану/  жолдары:  өмірбаяндық,  генеологиялық,  мекендік 
/эпикалық  орталық/  жəне  мезгілдік  белгілеріне  қарай  тұтастануы.  Жырау 
М.Сеңгірбековтің "Қырымның қырық батыры" жырының циклдену жолдары. 
Эпос  шығарушы  жəне  таратушы  жыршы,  жыраулардың  өнері.  Батырлар 
жырының  варианттары  мен  версиялары.  Өзге  халықтар  фольклорымен 
байланысының болу себептері: генетикалық, қарым-қатынастық жəне жалпы 
типологиялық  ұқсастықтар.  Батырлар  жырындағы  халықтың  саяси-
əлеуметтік жағдайының, жер-су, елді мекен, табиғат тұрмыс-тіршілік, рухани 
тұрмысының  сəулеленуі.  Батырлар  жырының  поэтикасы.  Тізбектеп  жырлау. 
Негізгі  мотивтер  /ғажайып  туу,  жедел  өсу,  үйлену,  жекпе-жекке  шығу, 
соғысу,  түс  көру  т.б./.  Ұқсас  жерлер  /общие  места/,  қайталаудың  түрлері, 
ауызша  жырлау  дəстүрі  мен  стильдің  формулалығы.  Əсірелеу  мен  теңеу. 
Өлең құрылысы. Аллитерация, ассонанс. 


Лиро-эпос.  Жанрлық  сипаты.  Жиналуы  мен  зерттелуі.  Сюжеті  мен 
тақырыбы.  Əдет-ғүрып,  салт-сананың  лиро-эпос  сюжетінен  алатын  орны, 
кейіпкерлер тағдырымен сабақтастығы. Əлеуметтік қайшылықтар. Трагедия, 
оның  болу  себептері.  Образдар  жасау  ерекшеліктері.  Идеализациялау  мен 
даралау /индивидуализация/. Əлеуметтік-тұрмыстық /"Айман-Шолпан"/ жəне 
махаббат  тақырыбы  /"Қозы  Көрпеш  -  Баян  сүлу",  "Қыз  Жібек"/.  Көшпелі 
тұрмыс-тіршіліктен  туған  жырлар  мен  шығыс  елдерінің  өмірінен  алынған 
қазақ  дастандары  немесе  романдық  эпостары  /"Бозжігіт",  Таһир-Зухра",               
"Мұңлық-Зарлық",  "Жүсіл-Зылиха",  "Сейфүлмəлік",  "Иранғайып  шаһ 
Ғаббас",  "Шəкір-Шəкірат"  т.б./.  Романдық  эпостағы  ертегілік,  мифтік 
сарындар.  Көркемдік  ерекшеліктері,  стилі,  поэтикалық,  тілдік  өрнегі.  Халық 
кітаптары /народные книги/ туралы түсінік. 
Тарихи жырлар. Жанрлық ерекшеліктері. Батырлар жырымен байланысы. 
Тарихи  оқиғалар  мен  тарихи  жырлардың  ара  қатысы.  Тарихи  каһармандық 
жырлар  /"Едіге  батыр"  т.б./  жəне  олардың  полистадиялылығы.  Тарихи 
тұлғалар  мен  жыр  кейіпкерлері  /Абылай,  Олжабай,  Бөгенбай,  Қабанбай, 
Кенесары,  Досан,  Бекет,  Жанқожа  т.б./.  Сюжеті  мен  тақырыбы.  Жоңғар 
феодалдарына,  Қоқан,  Хиуа  хандықтарына,  ішкі  қанаушыларға  қарсы 
/"Исатай-Махамбет"/ күрес пен 1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар. ХҮІІ-
XX ғасырлар арасындағы тарихи оқиғалардың бейнеленуі. Тарихи жыр /эпос/ 
пен 
тарихи 
өлеңнін 
/мəселен, 
"Елім-ай"/ 
ұқсастықтары 
мен 
айырмашылықтары. Тарихи жырдың поэтикасы, композициялық құрылымы. 
Діни  дастандар.  Жанрлық  ерекшеліктері.  Тарихи  негіздері.  Батырлық 
жыр  өрнектерінің  молдығы  /"Дариға  қыз",  "Зарқұм"  т.б./.  Тарихи 
қайраткерлер  іс-əрекетінің  ерекше  əсіреленіп  берілуі.  Діни  дастандардың 
ислам  құндылықтарын  таныстыру  мен  насихаттаудағы,  имандылық 
тағлымын таратудағы мəні. Көркемдік ерекшеліктері. 
Əдебиеттер: 1.4. бөлімдегі «Эпостық жырлар.Көне эпос.Батырлар жыры» 
атты 8-дəрістің жұмыс жоспарында көрсетілді.  
                          Айтыс жанрының бейнелеушілік шеберлігі. 
Зерттелу  тарихы.  Жанрдың  сипаттамасы.  Айтысты  мазмұны  мен 
тақырыбына,  түріне  қарай  жіктеу.  Əдет-ғұрыппен,  салтпен  байланысты 
айтылатын 
айтыстар: 
бəдік, 
жұмбақ 
айтыстары. 
Айтыс 
үлгісінде 
орындалатын  мал  мен  иесі,  өлі  мен  тірі,  жар-жар,  мысал  өлеңдерінің  осы 
жанрға қатысы. Салтпен байланысты айтыстардың көне екендігі. Сүре айтыс, 
түре  айтыс,  қайым  айтыс.  Жазба  айтыс,  қыз  бен  жігіт  айтысы  /"Біржан  мен 
Сара",  "Кеншінбай  мен  Айсұлу",  "Манат  қыз  бен  молда  Мүса"  т.б./. 
Айтыстың  айрықша  дамыған  түрі  -  ақындар  айтысы.  Атақты  ақындар 
айтысының даралық сипаты, əдебиетке ұласуы /Сүйінбай, Шөже, Кемпірбай, 
Əсет,  Нұржан,  Сара,  Жамбыл  т.б./  айтыстары.  Айтыста  саяси-əлеуметтік 
мəселелердің 
көтерілуі, 
теңсіздіктің, 
əділетсіздіктің, 
қоғамдық 
кемшіліктердің  сыналуы.  Айтыстың  тамашалық  сипаты.  Ақындық  шеберлік 
пен тапқырлық. Кеңес дəуіріндегі айтыстардың дамуы, қазіргі даму сипаты. 
Əдебиеттер:  1.4.  бөлімдегі  «Айтыс»  атты  11  -  дəрістің  жоспарында 
көрсетілген. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет