Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистрдің өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 30 сағат



Pdf көрінісі
бет122/159
Дата31.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#21755
түріСеминар
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   159
Байланысты:
Фольклор типологиясы

Ертегілердегі көркемдік таным 
Халық  прозасы  туралы  түсінік.  Оның  ертегілер  жəне  ертегілерден  тыс 
көптеген  түрлерінің  бар  екендігі.  Айырмашылығы  мен  ұқсастықтары. 
Ертегілердің  өзіндік  ерекшеліктері.  Жиналуы  мен  зерттелуі.  Ертегілердің 
халықтық  сипаты,  ондағы  қиялдың  шығу  негіздері,  шындықсыз  қатысы. 
Ертегілердің классификациясы. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері. 
Хайуанаттар  жайындағы  ертегілердің  пайда  болу  жолдары.  Ондағы  миф 
пен  тотемизмнің  көрінісі.  Астарлау  /иносказание/  мен  кейіптеудің 
/олицетворение/  атқаратын  қызметі.  Əлеуметтік,  халықтық  сипаттары. 
Сюжеті  мен  тақырыбына  қарай  хайуанаттар  ертегілерін  этиологиялық 
/"Үркер", "Хайуандар жыл басына таласуы", "Қоянның қүйрығы неге қысқа, 
түлкінің  құйрығы  неге  үзын"  т.б./,  классикалық  /"Арыстан,  қасқыр,  түйе, 
түлкі",  "Арыстан  мен  түлкі",  "Батыл  есек",  "Қотыр  торғай",  "Айлакер 
тышқан"  т.б./  жəне  мысал  ертегілеріне  /"Бақа  мен  құмырсқа",  "Қарға  мен 
лашын",  "Торғайдың  өсиеті",  "Үш  дос  немесе  аққу,  шортан",  "Кім  неден 
күшті"  т.б./  жіктелуі.  Сатира  мен  юмор.  Көркемдік  ерекшеліктері,         
композициясы,  сюжетінің  тізбекті  /кумулятивті/  құрылымы,  диалог,  қара 
сөздің өлеңмен алмасып келуі /"Бес ешкі", "Айлакер түлкі", "Бозінген", "Бақа 
мен кірпі" т.б./. 
Қиял-ғажайып 
ертегілердің 
жанрлық 
ерекшеліктері. 
Олардың 
сюжетіндегі  қиял  мен  мифтің  сабақтастығы.  Ежелгі  замандардағы 
түсініктердің, 
наным-сенімдердің 
көрінісі. 
Əлеуметтік 
процестердің 
бейнеленуі.  Образдар  жүйесі.  Бас  қаһарман  жəне  оның  оқиғаларды 
топтастырудағы  қызметі.  Оқиғаның  сапарнамалылығы  /"Адам  білмес  тас", 
"Сиқырлы құс", "Күн астындагы күнекей қыз"/. Фантастикалық жəне мифтік 
кейіпкерлер.  Тақырыптық  кұрамының  алуан  түрлі  болуы.  Əлеуметтік 
теңсіздікті,  халықтың  арман-тілегін  /"Үшқыш  кілем",  "Үр  тоқпақ",  "Жеті 
өнерпаз", "Жігіт пен өнерлі қыз"/ жауыздық пен қас күштерге қарсы күресті 
/"Жалмауыз  кемпір",  "Алтын  сақа",  "Жақсылық  пен  жамандық",  "Қорқау 
шал"/,  тапқырлық  /"Қаңбақ  шал",  "Тоғыз  тоңқылдақ,  бір  шіңкілдек"  т.б./ 
бейнелеуі. Сюжеттердің халықаралық сипаты. Оларды ғылымда жүйелеу мен 
классификациялау.  Сюжеттердің  көрсеткіштері  /указатели/.  Қиял-ғажайып 


ертегілердің  көркемдік-эстетикалық  бітімі,  композициясы,  оқиғаларының 
бірсызықты  /однолинейность/  дамуы,  кездейсоқтығы,  баяндау  тəсіліндегі 
стильдік формулалар. 
Батырлық  ертегі.  Ол  туралы  В.М.Жирмунскийдің,  М.О.Əуезовтің, 
Е.М.Мелетинскийдің, 
С.О.Неклюдовтың, 
С.Қасқабасовтың 
пікірлері. 
Тақырыбы  ерлікпен  үйлену  жəне  жауыз  күштермен  соғысу  екендігі. 
Кейіпкерлердің ғажайып тууы мен өсуі, таңдап ат мінуі, некелік сынақтардан 
өтуі,  жаумен  соғысуы,  оны  жеңуі.  Қиял-ғажайып  ертегілер  мен  көне  эпосқа 
қатысы.  "Ер  Төстік",  "Керқұла  атты  Кендебай"  ертегілерінің  идеялық-
көркемдік ерекшелігі, сюжеті мен композициясы. 
Новеллалық  ертегі.  Жанрлық  белгілері.  Қиял-ғажайып  ертегілермен 
байланысы.  Шытырман  оқиғалылығы  жəне  ондағы  қиялдың  /вымысел/ 
атқаратын  қызметі.  Тақырыбы  отбасы,  ерлі-зайыптылардың  адалдығы 
/"Уəзірдің  қызы",  "Үш  өсиет",  "Əділ  патша  туралы  ертегі"/,  түрлі 
қиыншылықта  жол  табатын  ақыл  мен  тапқырлықты  /"Аяз  би",  "Балтекей 
бидің  соты"/  дəріптеу  болып  келетіндігі.  Композициялық  құрылымы,  көп 
эпизодтты болуы, оқиғаларының өтетін жері, кейіпкерлері. 
Сатиралық  ертегілердің  жанрлық  сипаты.  Қоғамдық-əлеуметтік  қарым-
қатынастардың,  таптық  теңсіздіктің,  тұрмыс-тіршіліктің  бейнеленуі.  Сатира 
мен юмор. Аңқаулық пен қулықтың көрінісі. Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша 
бала  бейнелері.  Əділетсіздікті  əшкерлеу:  бай,  молда,  қарақшы  образдары. 
Сюжеттік  құрылымы  мен  тартымдылығы,  күлкілі  жағдай,  стильдік 
ерекшеліктері. 
Əдебиеттер:  1.4.  бөлімдегі  «Ертегілер»  атты  6-дəріс  жоспарында 
көрсетілді. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет