Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистрдің өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 30 сағат


Балалар фольклорының өткені, бүгінгісі, болашағы



Pdf көрінісі
бет124/159
Дата31.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#21755
түріСеминар
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   159
Байланысты:
Фольклор типологиясы

Балалар фольклорының өткені, бүгінгісі, болашағы. 
Балалар  фольклорының  ерекшеліктері.  Идеялық-көркемдік  табиғаты, 
атқаратын 
қызметі. 
Халық 
педагогикасымен 
байланысы. 
Балалар 
фольклорының жанрлары мен жанрлық түрлері. 
Бөбектерге  арналған  өлеңдер:  бесік  жыры,  сəбилік  салт  жырлары 
/"Бесікке бөлеу", "Бесікті аластау", "Тұсау кесу", "Өс-өс!" т.б./, уату өлеңдері. 
Айтылатын мезгілі мен себебі, тақырыбы мен стильдік өрнегі. 
Балалардың  өзі  орындайтын  өлең-жырлар:  арнау-тілек  өлеңдер,  сұрамақ, 
өтірік 
өлеңдер, 
тақпақтар, 
жұмбақтар. 
Жыл 
мезгілдеріне, 
табиғат 
құбылыстарына  /"Күн  шыққанда",  "Тұманға",  "Айға",  "Жаңбыр  жауғанда", 
"Күзде",  "Қыста",  "Жазда",  "Желге"  т.б./  бағытталып  айтылатын  арнау-тілек 
өлеңдеріндегі  ескі  магиялық  түсініктердің  көрінісі.  Сұрамақ  өлеңдерінің 
танымдық қызметі. Олардағы сұрақ пен жауап. Өтірік өлеңдердің көркемдік 
шарты. Жаңылтпаш пен мазақтау өлеңдерінің тəрбиелік мəні. 
Ойын  өлеңдері:  санамақ,  қаламақ  /жеребьевки/.  Олардың  атқаратын 
қызметі  мен  құрылысы.  Түрлі  ойындардың  арасында  айтылатын  өлең-
жырлар  /"Соқыр  теке",  "Ақ  сүйек",  "Қуыр-қуыр,  қуырмаш",  "Қалай  айтуды 
білмеймін" т.б./. 
Жұмбақ,  жаңылтпаш,  төрт  түлік,  өтірік  өлеңдер  мен  ертегі,  аңыз 
əңгімелер  жанрларының  балалар  мен  үлкендер  фольклорына  ортақтығы. 
Балалар 
фольклорының 
поэтикасы. 
Жинақылық 
/лаконичность/, 
қарапайымдылық, ойнақылык. Көркемдік бейнелеу құралдары мен тəсілдері. 
Əдебиеттер:  1.4.  бөлімдегі  «Балалар  фольклоры»  атты  12-дəріс 
жоспарында көрсетілген.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет