Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистрдің өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 30 сағат


Фольклор мен авторлы əдебиеттің байланысы



Pdf көрінісі
бет125/159
Дата31.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#21755
түріСеминар
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159
Байланысты:
Фольклор типологиясы

 
Фольклор мен авторлы əдебиеттің байланысы 
Фольклор мен əдебиеттің бір-бірімен тектес, туыстастығы. Фольклордың 
əдебиетке, əдебиеттің фольклорга əсері. Өзара байланыс, əдеби-фольклорлық 
процестердің  түрлі  деңгейінде,  түрлі  сипатта  болатындығы  /халықтығы, 
идеясы,  тақырыбы,  жанры,  сюжеті,  мотиві,  көркемдік  бейнелеу  құралдары 
мен тəсілдері, образ жүйесі, құрылысы т.б. бойынша/. 
Түркі халықтарына ортақ ежелгі əдебиеттегі /Ү-ХҮғғ./ фольклордың рөлі. 
Мифтер,  аңыз-əңгімелер,  халық  өлеңдері,  мақал-мəтелдердің  түркі  жазба 
ескерткіштерінен  алатын  орны.  Олардың  қолданылу  себептері.  Орхон-
Енисей  жазбаларындагы  ерлік  пафос  пен  эпостық  жырлардың  үндестігі. 
"Қорқыт  ата  кітабы",  "Оғыз  наме"  т.б.  кітаптарда  кездесетін  қазақтың  миф, 
ертегі, хикая, эпос жырларындағы сюжеттер. 
ХҮ-ХҮІ  ғасырлардағы  жыраулық  поэзия  мен  фольклордың  байланысы. 
Жыраулар  шығармашылығының  əдебиеттік  жəне  фольклорлық  сипаттары. 
Олардың  репертуарларына  ұжымдық  пен  жеке  авторлық  шығармалардың 
ортақ  болуы.  Ауызша  айтылуына  байланысты  бұл  дəуірдегі  əдебиетте  ұқсас 
қайталаулардың,  ортақ  көркемдік  тəсілдердің  кездесетіндігі.  Стильдегі 
формулалық  өзгешеліктер.  Толғау,  арнау  өлендерінің  фольклорға  қатысы. 


Жыраулар  поэзиясында  елдің  азаттық,  бірлік,  ерлік  үшін  күресінің  асқақ 
бейнеленуі. 
ХҮШ-ХІХ  ғасырлардағы  əдебиет  пен  фольклор.  Ақындық  өнердің 
өркендеуі.  Лирикалық  өлендердің  қанат  жаюы.  Терме,  толғау,  арнау 
өлеңдеріндегі  даралық  жəне  ұжымдық  белгілер.  Əдебиет  пен  фольклордағы 
дидактикалық 
мотивтер, 
варианттылықтар. 
Ағартушы-демократтар  
Ш.Уəлиханов, 
Ы.Алтынсарии, 
А.Құнанбаев 
шығармашылығындағы 
фольклордың  көрінісі,  қолданылу  сипаты.  Шығыс  халықтарының  əдебиеті 
мен  фольклорындағы  сюжеттердің  XIX  ғасырда  қазақ  даласында  жазбаша 
жəне 
ауызша 
таралуы. 
Қисса-дастандардың 
кітап 
болып 
шығуы 
/Ж.Шайхсламұлы, Ш.Жеңгірүлы, А.Сабалұлы т.б. шыгармалары/. Ағайынды 
Каримовтардың  жинаушылық,  редакторлық,  баспагерлік жұмыстары.  Айтыс 
жанрының əдебиетке қатысы. Жазба айтыстың пайда болуы. Мысал жанры. 
XX  ғасыр  басындагы  қазақ  əдебиетінің  фольклормен  байланысы.  Роман 
жанрының  қалыптасуыңдағы  халық  прозасының  дəстүрі.  Мысалдардың 
өркендеуі.  Поэма  жанрыңдағы  эпикалық  үрдіс  /И.Дəукебаев  "Бекболат 
батыр",  К.Əзірбаев  "Əли  батыр",  О.Шипин  "Амангелді",  "Торғай  соғысы" 
т.б./. 
Қазіргі  қазақ  əдебиеті  жəне  фольклор.  20-30  жылдардағы  көркемдік 
ізденістер  мен  ауыз  əдебиетінің  байланысы.  Ж.Жабаев,  Н.Байғанин, 
И.Байзақов,  К.Əзірбаев  шығармашылығында  фольклор  мен  əдебиеттің 
қанаттас  болуы.  Халық  ақындарына  əдебиеттің  əсері.  Ақын,  жазушылар 
шығармашылығының 
фольклормен 
тікелей 
жəне 
жанамалы 
түрде 
байланысты 
болатындығы. 
Фольклор 
мен 
поэмалар 
/С.Сейфуллин 
"Көкшетау",  М.Жұмабаев  "Батыр  Баян",  "Қорқыт",  С.Мұқанов  "Сұлушаш", 
І.Жансүгірів  "Күйші"  т.б./,  лирикалық  өлендер.  Фольклор  мен  проза 
жанрлары  /аңыз,  ертегі,  əпсана,  миф  сюжеттерін  пайдалану/.  Əн-өлеңдер. 
Қазіргі қазақ əдебиетінде фольклор сарынын пайдалану  деңгейлері.  Мифтік, 
аңыздық мотивтердің жазба əдебиетте адамзаттық мəні бар идеялар көтеруге 
жұмсалуы.  /"Көшпенділер",  "Алтын  Орда",  "Аңыздың  ақыры"  т.б./. 
Фольклоршылық 
күллі 
əлем 
əдебиетін 
көркейту 
жолындағы 
тенденциялардың біріне айналуы. 
Əдебиеттер:  1.4.  бөлімдегі  «Фольклор  жəне  əдебиет»  атты  13-дəріс 
сағатында көрсетілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет