классификациялаудың принциптері. Тұрмыс-салт жанрларында календарлық
мейрамдар мен əдеп-ғұрыптарға байланысты өлең-жырлар. Наурызға, айтқа,
оразаға, мəуліт күніне қатысты фольклорлық туындылар. Шілдехана, үйлену,
жерлеу салтында орындалатын өлең-жырлар. Алғыс, қарғыс, бата, арбау,
бақсы /шаман/ сарындарының түркі халықтарындағы сипаты.
Ертегілердің, аңыз-əңгімелердің, мифтердің сюжеттеріндегі /"Оғызнама"/
ортақ белгілер. Шығыстық мотивтердің таралу сипаты. Типтік қаһармандар.
Ер Төстік, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала бейнелері.
Эпостық жырлар. Жанрлық-стадиялық түрлерінің алуан сипатта болуы.
Алтай, Сібір түркілерінің фольклорында архаикалық /көне/ эпостардың, ал
Орта Азия, Батыс түркілерінде романдық эпостар мен тарихи жырлардың
мол таралуы. "Қорқыт ата кітабы", "Алпамыс", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу",
"Көрұғлы", "Едіге батыр" сюжеттерінің ортақтығы. Дастандардың түрлері
мен таралу ауданы. Қаһармандық, ғашықтық, діни дастандар.
Мақал-мəтел, жұмбақ жанрларының түркі халықтарының фольклорынан
алатын орны. Түркі халықтары фольклорының жиналу, зерттелу тарихы.
Ш.Уəлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, Ə.Диваев, М.Көпеев, В.Жирмунский
еңбектері. Тюркология жəне фольклор. Жалпы фольклорлық процестер.
Зерттеу саласындағы міндеттер: көп томдық жинақтар /свод/ əзірлеу,
жүйелеу /систематизация/, жан-жақты типологиялық зерттеулер жүргізу.
Əдебиеттер: 1.4. бөлімдегі «Қазақ фольклоры жəне түркі халықтарының
ауыз əдебиеті» атты 14-дəріс сабағының жоспарында көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: