Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


-апта. Еңбек нарығы дегеніміз не?



бет5/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

4-апта. Еңбек нарығы дегеніміз не?
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату-сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің көтерілуіне әсер етеді, сол себепті әр жұмыс орнының бағасы артып, жұмыс жасаушыларға және олардың еңбек сапасына талап күшейтіледі. Еңбек нарығында қабілетті, іскер қызметкерлерді іріктеу қатаң түрде жүргізіледі. Жалқаулар, әлсіздер, еңбекке жарамсыздар жұмысқа алынбайды. Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының көлемін белгілейді. Еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ол оны өндіріс құрал-жабдықтармен қосу нарықтық тәсілмен сату, сатып алу арқылы жүзеге асады.
Еңбек нарығы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарлауына, еңбек етуге ынтаның өсуіне квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады. Еңбек нарығында субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және пайда табуды көздегенімен білгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды.Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді. Икемді нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы озара әсерлерімен белгіленеді.

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Еңбек нарығы дегеніміз не?

  2. Еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымдарды атаңыз?

  3. Нарықтың агенттері арасындағы қарым-қатынас қандай болады?

  4. Еңбек нарығының басты екі қызметі қандай?

  5. Жұмыспен қамту немен өлшенеді?

  6. Сіздің мамандығыңыздың еңбек нарығындағы ролі қандай?

3-тапсырма. Берілген сурет бойынша еңбек үрдісін қамтитын әрекеттерді толықтырып, жазыңыз.

4-тапсырма. Жұмыссыздық түрлерімен танысып, орыс тіліне аударыңыз.

5-тапсырма. Берілген суретті пайдаланып, болжалды сан есім + ға/ге жуық, сан есім +(-даған, -дап); етістік+уға тура кел құрылымына сөйлемдер жазыңыз.
Үлгі: Бүгін беске жуық студенттің тісін емдеп, ондаған кеңестер беруге тура келді.

6-тапсырма. Еңбек ете отырып адам бойына қандай қасиеттерді жинайды?

7-тапсырма. Тақырып бойынша суреттерді пайдалана отырып, ақпаратты анықтаңыз, болжам жасаңыз, өз ойыңызды анық жеткізіп, сараптама жасаңыз.




8-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.
Сабақ үстінде студент кенеттен сұрады: «Дана Мадиевна, Сіздің жалақыңыз қанша?» -деп сұрады. Қалай жауап беру керек?
1.Әзілдеу: «Бұл коммерциялық құпия».
2.Шындықты айту: «Көп емес».
3.Абыроймен жауап беру: «Көп те емес, аз да емес, бірақ өзіме жетеді».
4.Сұраққа сұрақпен жауап беру: « Бұл сені не үшін қызықтырады?»
5.Таңданыс білдіру: «Сұрағың қиын екен. Оңайырақ бірнәрсе сұрасаңшы».
6.Сұрақты естімеген кейіп таныту.
7.Өз нұсқаңызды ұсыныңыз. Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
СӨЖ тапсырмасы: «Біздің түлектеріміз қайда жұмыс істеп жүр?» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет