Пайдаланылған әдебиеттер: Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы,ISBN 9965-32-491-3 2007.
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.– Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
13-апта. Ақпараттар кеңістігі Ақпараттық кеңістік дегеніміз – айналадағы ақпарат туындайтын, орын ауыстыратын және қолданылатын кеңістік. Ақпарат тасқынының бағыты мен жылдамдығы, оны қолдану және құру амалдары акпартгык кеңістік құрылымын аныктайды. Бұл кеңістіктің құрылымы ғылым,бұқаралық ақпарат құралдары , білім беру кіретін қоғамның ақпараттық инфрақұрылымын көрсетеді. Бұл ақпараттық кеңістік ұғымын, ғалым В.И. Костюк енгізген. Адамзат өркениетінің даму сатысында бірнеше ақпараттық серпілістер болды. Олардың алғашқысы – жазу арқылы ақпараттың ұрпақтан - ұрпаққа жетуі. Екіншісі – баспалардың пайда болуы. Үшінші серпіліс – электрдің пайда болу нәтижесінде қалыптасқан телефон, теледидар, радио секілді т.б. ақпарат тарату құралдарының дамуымен ерекшеленеді. Ал ХХ ғасырдың соңынан басталатын төртінші серпіліс – компьютерлік технологияның желілік технологиямен бірігуі нәтижесінде қалыптасып, ақпараттық – коммуникациялық технологиясы атанған жаңа ақпараттық серпіліс. Бүгінде осы ақпараттық серпіліс дәуірді таңқаларлық өзгерістерге бастар басты күшке айналып келеді. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түпқазық болып табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі Интернеттің құрылуы аса маңызды кезең болды. Интернет желісі – бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртұтас ақпарат кеңістігі. Интернетті қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын, радио, теледидар, электронды пошта, электрондық коммерция, телеконференциялар, хабарландырулар тақтасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды және т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады. (188 сөз)
Тапсырмалар: Мәтінді оқыңыз.
Мәтіннен он жаңа сөзді теріп жазып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
Мәтін бойынша 10 сұрақ , жауап жазыңыз.
Қимыл-сын үстеулерін қолданып 3-4 сөйлем жазыңыз.
«Ақпараттық кеңістігі» тақырыбына шағын әңгіме әзірлеңіз.
Мәтін бойынша үш сұрақтан тұратын тест құрастырыңыз.
Сөйлемді өз сөзіңізбен толықтырыңыз: Интернетті қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын, ........ ...... ...... ..... ..... ...... ..... чаттарды және т. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады.