Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да. (М.Шоқай)
Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма? Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс. (М. Дулатов)
Сөйлесім. Топпен жұмыс. Жағдаяттық тапсырма:
1топ Жексенбіде топпен бірге балалар үйіне бардыңыз. Бір кішкентай бала сізбен ойнағысы келді. Баланы қуанту керек. Әрекет жасаңыз. 2 топ Университетке асығып бара жатырсыз. Сабақ басталуға аз уақыт қалды. Жолда қарт әже емханаға жеткізіп салуды өтінді. Не істей аласыз? Жазылым. Досыңыздың бойындағы адамгершілік қасиеттерді нақты істерімен дәлелдеп жазыңыз.
Айтылым. Қазақ халқы тәрбие мектебінде жаман әдеттерден аулақ болып, адамгершілік қасиеттерді адамның бойына сіңіруде тыйым сөздерді күнделікті тұрмыста қолданған. Адамгершілік әліппесінің қалыптасуында тыйым сөздердің мәні зор.