Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)



бет30/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

6-апта. ҚАБІЛЕТ ЖӘНЕ МҮМКІНДІК.
ГРАММАТИКА: МЕЗГІЛ МӘНДІ ҚҰРЫЛЫМ, -ҒАНДА, -ҒАН, СОҢ,
КЕЙІН/ УАҚЫТТА/ ШАҚТА ҚҰРЫЛЫМДАРЫ

Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды. Қабілеттілік екіге бөлінеді:


1. Жалпы қабілет. Жалпы қабілет дегеніміз – адамның ақыл-ой ерекшеліктерінің жеке жақтарын көрсететін қабілет (зейінділік, бақылағыштық, зеректік, тапқырлық).
2. Арнайы қабілет. Арнайы қабілет дегеніміз – іс-әрекеттің жеке жақтары көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілет. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, ақынның, жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.
Қабілетсіз адам болмайды. Барлық адамда да қабілет болады. Қабілет кей адамда күшті, кей адамда шамалы болуы мүмкін.
Бір адамның бойында бірнеше қабілеттің түрлері болуы мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзгешеленеді.
Адам неғұрлым еңбек сүйгіш болса, ойлаған ісін ешбір ерінбей, жалықпай орындайтын болса, оның қабілеті соғұрлым жақсы дамитын болады.
Қабілет дегеніміз іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Мысалы: оқуға бар ықыласымен берілетін студенттерді біз қабілетті студент екен дейміз. Пәнді жақсы үлгеріне байланысты мынау студенттің математикаға, екіншісі әдебиетке, үшіншісі географияға қабілеті бар екен дейміз.
Қабілеттің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіншілік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі) т.б. болуы.
Мүмкіндік – әлі болмаған, бірақ белгілі бір жағдайларда пайда болып, шындыққа айналып, өмір сүре алатын дүниенің болашағы.


1-тапсырма. Сөздермен жұмыс істеңіз (сөздікті пайдаланыңыз).
Қабілет, іс-әрекет, қасиеттері, ақыл-ой, ерекшеліктері, зейінділік, зеректік, бақылағыштық, тапқырлық, икемділік, айрықша, деңгейлері, ерінбеу, епті, ықыласымен, мүмкіндік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет