Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат СӨЖ 45



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата03.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#6488
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дəріс №20 
Тақырыптың атауы: Кимек қағанаты (IX-XI ғ.ғ. б.). 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге Гардизи аңызына т.б. араб-парсы деректері 
негізінде кимектердің мекен еткен территориясы, этникалық құрамы, мемлекеттік 
ұйымы, қоғамдық құрылысы жөнінде мəліметтер беру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Араб-парсы деректері қимақтар 
жайында. 2. Кимектердің шығу тегі, территориялық орналасуы, тайпалық құрамы. 
3. Қағанаттың құрылуы. Қоғамдық құрылысы. 
Қимақтар  тарихының  алғашқы  кезеңі  қытай  деректерінде  ұшырасатын  яньмо 
тайпасы  атауымен  тығыз  байланысты.  Яньмо  ҮІІғ.  басында  Монғолияның 
солтүстік-батысында  өмір  сүрген.  ҮІІ,.  Ортасында  олар  Алтайдың  солтүстік 
бөктеріне,  Ертіс  маңына  қарай  қоныс  аударды.  656ж.  Батыс  Түрік  қағанаты 
құлағаннан кейін көзге түсе бастайды.  
ҮІІІғ.  ІІ  жартысы-ХІғ.  басында  қимақ  тайпалары  үш  бағытта:солтүстік-
батыстағы  Оңтүстік  Оралға,  оңтүстік-батыстағы  Сырдария  алабы  мен  Оңтүстік 
Қазақстанға  жəне  оңтүстік  бағыттағы  Солтүстік-Шығыс  Жетісу  шегіне  қарай 
жылжиды.  766-840жж.  аралығында  қимақтар  Батыс  Алтайды,  Тарбағатай  мен 
Алакөл  ойысы  аумағын  иемденіп,  Шығыс  Түркістанды  жайлаған  тоғыз  оғыздар 
жерінің солтүстігіне таяп келді. 
Қимақтар  тегінің  шығуы  жайлы  аңыз  бірден-бір  дерек-ХІғ.  парсы  тарихшысы 
Гардизидің еңбегінде сақталған. Бұл аңыз бойынша қимақтар татарлардан тарайды. 
Татарлардан  қимақ  тайпалар  одағына  енуі  ІХғ.  басталған.  Қимақтар  мен 
татарлардың этносаяси жəне мəдени байланыстары болған. 
840ж.  Ұйғыр  қағанаты  құлағаннан  кейін  оның  құрамындағы  тайпалардың 
біразы қимақ бірлестігіне қосылды. Осы кезде бірлестіктің құрамында эймур, имақ, 
қыпшақ,  татар,  баяндур,  ланиказ  жəне  ажлар  сияқты  жеті  тайпа  болды.  Қимақ 
тайпасының  басшысы  қарлұқ,  оғыз,  ұйғыр  жəне  т.б.  түркі  тілдес  халықтардың 
билеушілері  сияқты  жабғу(ябғу)  атағын  иемденді.  ІХғ.  ІІ  жартысында  қимақ 
одағының  12  тайпа  енді.  Қимақ  қағанатындағы  ең  ірі  əрі  ықпалды  қыпшақтар 
болды.  ҮІІІғ.  соңы-ХІғ.  басына  дейін  олар  Алтайдан  Ертіске  дейінгі,  батыста 
Оңтүстік Орал таулары мен Еділ өзеніне дейінгі кең-байтақ аумақты алып жатты.  
ІХғ.  соңы-Хғ.  басында  Оңтүстік  Орал  тау  бөктерінде  жəне  одан  оңтүстікке 
қарай  имақтарға  туыстас  құман  тайпалары  өмір  сүрді.  Олар  негізінен  Мұғалжар 
тауларында  көшіп-қонып  жүрді,  астаналары  да  сол  жерде  болды.  Олардың  оң 
жақтағы  көршілері  оғыздар  мен  қимақтар  болса,  батысында-печенегтермен, 

солтүстік-батысында-бұлғарлармен, 
солтүстік-шығысында-қыпшақтармен 
шекаралас өмір сүрді. 
Қимақ  тайпаларының  одағы  аумақтық-əкімшілік  қатынас  принципінде 
құрылған. Одақта тайпалар бір-бірімен діни жəне тəуелділік байланыста болды. 
Қимақ  қағанаты  құрылып,  күшейген  кезде  құдыретті  қимақ  билеушісі 
түркілердегі  ең  жоғарғы  атақ-қаған  атағын  иемденді.  Қимақ  қағанының  билігі 
шексіз  болды.  Ол  тайпа  ақсүйектерінен  үлесті  жер  билеушілерін  тағайындады. 
Қаған мен билеушілердің билігі атадан балаға мұра боп қалып отырды. 
Қағанатта  тайпалардың  үлесті  жерге  билік  ету  жүйесі  қалыптасты.  Бұл 
патриархаттық-феодалдық  қатынастардың  пайда  болуынан  туындаған  еді.  Үлесті 
жер билеушілері қимақ қағанына бағынды. Ал ірі тайпа бірлестіктерінің көсемдері 
өзінің  көшпелі  шаруашылығын  нығайтуға,  саяси  жағдайын  жақсартуға  ұмтылды. 
Олардың  кейбіреулері  мемлекет  басшылығын  тартып  алуға  таласа  алатын, 
жартылай тəуелсіз хан дəрежесіне дейін көтерілді. 
Қимақ  қоғамында  əлеуметтік  жіктелу  болды.  Деректерге  қарағанда  салық 
жинау  жүйесі  бойынша  халық  қолындағы  алтыннан  қағанға  тиісті  үлесін  бөліп 
беріп, қалғанын қанағат тұтатын болған.  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.Гардизи аңызында кимектер кімдерден таратылады? 
2. Кимек мемлекетінің орталығы қайда орналасқан? 
3. Кимек конфедерациясына кірген тайпалар?  
4. Кимек мемлекетінің құрылысы? 
5.  Кимек қоғамында əлеуметтік теңсіздік белгілері неден білінген?   
 
Дəріс №21 
Тақырыптың атауы: Кимек қағанаты. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге кимектердің оғыздармен, қыпшақтармен 
қақтығыстары, кимектер қағанатының құлауына əкелген саяси себептер жөнінде 
мəліметтер беру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Мемлекеттің сыртқы саяси жағдайы. 
2. Кимектер қағанатының құлауы. 
Қимақ  билеушілері  жүргізген  жаулаушылық  жорықтар  сəтті  болып  отырды. 
Тоғыз  оғыздардың  біраз  жерін  тартып  алды,  олардың  Шығыс  Түркістандағы 
қалаларынан  мол  олжамен  оралды.  Қимақ  қағаны  Енисейдегі  қырғыздар  еліне  де 
шабуыл  жасады.  Сонымен  қатар  қимақтар  жеріне  де  қару  асынған  көршілес 
тайпалар жие келіп тұрды.  
ҮІІІ-ІХғғ. қимақ тайпалары орта Ертістен Жоңғар қақпаларына дейнгі аумаққа 
берік  орнығып,  батыста  Оңтүстік  Оралға  жəне  Сырдария  өңіріне  дейін  жылжып 
өрісін кеңейте түсті. Хғ. басында қимақ мемлекетінің шекарасы тұрақтана бастады. 
Қимақтарға  Бұлғариядан,  Орта  Азиядан  оғыз,  қарлұқ,  тоғыз  оғыз  жəне 
қырғыздардан  сауда  керуендері  келіп  тұрды.  Ұлы  Жібек  жолынан  Ертістегі  қимақ 
қағанының  ордасы  орналасқан  Қимақияға(Имақия)  апаратын  керуен  жолының  бір 
тармағы пайда болды.  
Қимақ қағанаты ХІғ. басында құлады. Оның себебі: одақтағы қыпшақ хандары 
күшейіп  дара  билікке  ұмтыла  бастауынан  жəне  Орталық  Азиядағы  көшпелі 

тайпалар  арасында  қақтығыстар  жиелеп  жат  жерлік  тайпалардың  қоныс  аударып 
келе бастауынан еді.  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Кимектердің оғыздармен қарым-қатынасы? 
2. Кимек қағанатының құлауына əсер еткен саяси-экономикалық факторлар? 
3. Кимек қағанаты қашан құлады? 
 
Дəріс №22 
Тақырыптың атауы: Қарахан əулетінің мемлекеті (942-1210 ж.ж.) 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге қарлұқтар орнына келген Қарахан мемлекетінің 
территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы, өкімет ұйымы жөніде мəліметтер 
беру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1. Қарахан мемлекетінің құрылуы. 2. 
Саманилер мемлекетін жаулап алу. 3. Саяси құрылысы. Өкімет ұйымы. 4.  Əулеттік 
соғыстар жəне мемлекеттің ыдырауы.  
Қарахандықтар  мемлекетінің  қалыптасуында  Х-ХІғғ.  Жетісуды  жайлаған 
қарлұқ  бірлестігінің  тайпалары  басты  рөл  атқарды.  Қарахан  əулетінің  негізін 
салушы  Сатұқ  Боғра  хан(915-955жж.)  болды,  ол  942ж.  Баласағұн  билеушісін 
құлатып, өзін жоғары қағанмын деп жариялайды. 
Хғ.  аяғында  қарахандықтар  Саманилер  иелігі  мен  Бұхарды  жаулап  алды. 
Солтүстіктегі  қарахандықтармен  қыпшақ  хандығының  шекарасы  Тараз  қаласы 
маңынан  өтті.  Солтүстік-шығыста  қарахандықтар  иелігі  Балхаш  жəне  Алакөлге 
дейін  жетті,  ал  шығысында  олар  ұйғырлармен  шектесіп  жатты.  Қарахандықтар 
батысқа қарайғы жолында селжұқтардың жəне Хорезм шахының қарсылығына тап 
болды.  
Х-ХІІғғ.  қарахандықтар  иелігі  батыстағы  Мауереннахрдан  шығыстағы 
Қашғарға дейін созылып жатты. 
Қарахандықтар  мемлекеті  көптеген  жер  үлестеріне  бөлінді.  Үлесті  жер 
шекаралары  өзгеріссіз  болды,  ал  билеушілерінің  құқығы  шексіз  болғаны  сонша, 
олар тіпті өз атынан теңге шығарып отырды. 
ХІғ.  30жж.  мемлекет  екіге  бөлінді.  Батыс  хандық  Мауереннахрды  қоса 
Ходжентке  дейінгі  жерде  орнады.  Астанасы  Бұхар  қаласы  болды.  Шығыс 
хандығына  Тараз,  Испиджаб,  Шаш,  Ферғана,  Жетісу  мен  Қашғар  кірді.  Астанасы 
Баласағұн қаласы болып белгіленді. 
ХІғ.  Батыс  жəне  шығыс  хандықтардың  арасындағы  шекара  Сырдария  өзені 
бойымен  өтті.  1089ж.  қарахандықтар  селжұқ  сұлтаны  Мəлік  шахқа  вассалдық 
тəуелділікке  түсіп  қалды.  1102ж.  Баласағұн  мен  Тараздың  билеушісі  Қадыр  хан 
Жебірейіл  Мауереннахрға  шабуыл  жасады.  Ол  Амударияға  дейінгі  жерді  түгел 
өзіне қаратып, селжұқтардан Термезді тартып алуға тырысты, алайда жеңіліс тауып, 
қолға түсті де, қазаға ұшырады. 
ХІІғ.  бірінші  жартысында  саны  көп  халық  қарақытайлар  əуелі  Жетісуды, 
кейіннен Шығыс қарахандықтардың барлық иелігін жаулап алып, Батыс хандығына 
қауіп  төндірді.  1141ж.  қарахан-селжұқтардың  əскері  қирай  жеңіліп,  екі  хандық 
билігі де қарақытайлардың қолына көшті. 

Қарахандықтардың  дініне  жəне  қоғамдық  құрылысына  келер  блсақ,  960ж. 
қарахандықтарда  ислам  діні  мемлекеттік  дін  ретінде  жарияланды.  Мемлекеттік  - 
əкімшілік  төмендегілердің  жоғарғы  шенділеріне  бағынуы  жүйесі  бойынша 
құрылды. 
Хандар  өз  туысқандары  мен  жақындарына  белгілі  бір  ауданнан  немесе  қала 
халқынан  салық  жинау  құқысын  сыйлады,  бұған  дейін  бұл  салықтар  мемлекет 
пайдасына  жыйналып  келген  болатын.  Бұл  артықшылық  ихта  деп  аталды,  ал  оны 
иемденуші ихтадар деген ат алды.  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.Қарахан əулетінің негізін салушы? 
2. Саманилер мемлекеті қашан жəне қай территорияда өмір сүрген мемлекет? 
3. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген тайпалар? 
4. Қарахан мемлекеті қашан батыс жəне шығыс болып бөлінеді? 
5.Қарахандарда мемлекеттік дін ислам діні болып кімнің тұсында жəне қашан 
қабылданды? 
5.  Қарахандарда салық жинаушының лауазымы қандай? 
6.  Қарахандардың екі хандығының да билігі қарақытайлар қолына қашан көшті? 
 
Дəріс №23 
Тақырыптың атауы:Қарақытайлар мемлекеті. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс жəне Оңтүстік 
өңірлеріне қидандардың жорықтары, Елұй Дашының мемлекеттің негізін қалаудағы 
рөлі, мемлекет басқарудағы ерекшеліктер туралы мəліметтер беру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Қидандар, олардың Оңтүстік-Шығыс 
жəне Оңтүстік Қазақстанға жорықтары. 2. Жетісуда қарақытайлар мемлекетінің 
орнауы. Елұй Дашы. 3. Қарқытай мемлекетінің басқару құрылымының 
ерекшеліктері. 
Қарақытайлар мемлекетінің құрылуына қидандар б.з.б. ІҮғ. жазба деректерінде 
монғол  тілдес  тайпа  деп  аталатын  Орталық  Азиядағы  тайпа  басты  рөл  атқарады. 
Олар  Қытайдың  солтүстігінде,  Маньчжурия  мен  Уссури  өлкесі  аумағында  өмір 
сүрген. 924ж. Алтайдан Тынық мұхитқа дейінгі кең-байтақ өлке қидан мемлекетінің 
(Ляо  империясы)  қол  астына  қарады.  Қидандардың  билеуші  əулеті  Солтүстік 
Қытайда тұрды.  
1125ж. жауларының шабуылынан Ляо империясы құлады. Қидандар қолбасшы 
Елұй  Дашының  басшылығымен  Еміл  өзенінің  жағасына  қашып  барып,  сол  жерде 
қала тұрғызады. Жетісудағы билікті қолына алып, жергілікті түркі тілдес халықпен 
араласа бастаған қидандар осы кезден бастап қарақытайлар деп аталып кетеді. 
1128ж. қарахандықтар əулетінің Баласағұндағы билеушісі өздерімен жауласып 
отырған қаңлылар мен қарлұқтарға  қарсы  күресте қарақытайлармен  одақ  жасасты. 
Елұй Дашы Баласағұнға енген соң оның қарахандық билеушісін құлатып, Жетісуда 
өз  мемлекетін  орнатты.  Содан  кейін  жаулаушылық  жорықтар  жасап.  өз 
мемлекетінің  шекарасын  шығыста  Енисейге,  батыста  Таласқа  дейін  кеңейтеді. 
Бұдан  кейін  қарақытайлар  қаңлыларды  бағындырып,  Шығыс  Түркістанды  да 
өздеріне  қосып  алады.  1137ж.  олар  Мауереннахрдың  билеушісі  Махмуд  ханды,  ал 
1141ж. селжұқ-қарахандықтар əскерін жеңеді. Сөйтіп, қарақытайлар Бұхарды жəне 

бүкіл  орталық  Мауереннахрды  бағындырып,  Хорезм  шахын  жылына  3  мың  динар 
алтын алым-салық төлеп тұруға міндеттеді. 
Қарақытайлар  мемлекетінің  астанасы  Баласағұн  қаласы  болды.  Басшысы 
горхан  атағын  иеленді.  Мемлекетте  түтін  басына  салық  салу  жүйесі  жұмыс  істеді, 
əрбір үйден бір динардан жиналды. 
1208ж. 
монғолдардан 
ығыстырылған 
наймандар 
Күшілік 
ханның 
басшылығымен  Жетісуға  ауып  келеді.  Ол  елдегі  алауыздықты  пайдаланып  1211ж. 
қарақытайлар  билеушісін  құлатып,  Жетісудағы  билікті  түгелдей  тартып  алады. 
Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.   
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.  Қарақытай мемлекеті қай жылдар аралығында өмір сүрді? 
2.  Қарақытай мемлекетінің құрылуында басты роль атқарған қандай 
тайпалар? 
3.  Қарақытай мемлекетінің негізін қалаушы қолбасшы кім? 
4.  Қарақытай мемлекетіндегі басшының орталығы? 
5.  Қарақытайлар дегеніміз кімдер? 
 
Дəріс №24 
Тақырыптың атауы: Наймандар, керейіттер, жалайырлар. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерді найман, керейт, жалайыр ұлысының территориясы, 
этникалық құрамы, саяси тарихы туралы теориялық біліммен қаруландыру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1. Наймандар, керейіттер, 
жалайырларда мемлекеттің құрылуы жəне олардың Шығыс Түркістанның саяси 
өміріндегі орны. 2. Шыңғыс-хан империясының құрамындағы наймандар мен 
керейіттер.  
ХІІғ. наймандардың керейлермен жəне меркіттермен одағы Орталық Азиядағы 
ірі саяси бірлестіктің бірі болды. Наймандардың пайда болуы жəне ертедегі тарихы 
жайлы  мəселе  өте  күрделі.  Бір  ғалымдар  оларды  монғол  тілдес  десе,  екіншілері-
түркі  тілдес  халық  деп  есептейді.  “Найман”  сөзі  монғолша  “сегіз”  деген  ұғымды 
береді,  ал  найман  одағына  енген  тайпалардың  саны  да  сегіз  болған.  Ежелгі  түркі 
жазуларында  айтылатын  “сегіз  оғыз”  тайпасы  ҮІІІғ.  Орхон  өзенінен  Ертістің 
жоғарғы  ағысына  дейінгі  жерді  мекендеген.  Батыс  Монғолиядағы  осы  аймақта 
кейіннен  наймандар  өмір  сүрді.  Наймандардың  батыстағы  көршісі  қаңлылар  мен 
қыпшақтар,  солтүстігінде-Енисей  қырғыздары,  оңтүстікте-ұйғырлар  болса, 
шығысында-Шығыс Монғолияны мекендеген керейлермен шектесті.  
Керейлер  туралы  ең  алғашқы  жазба  деректер  Хғ.  кездеседі.  Керейлер 
этникалық одағы түркі тілдес жəне монғол тілдес тайпалардан құралған. Керейлер 
батысында-наймандармен,  солтүстігінде-меркіттермен,  шығысында-татарлармен, 
оңтүстігінде-танғұттармен  көрші  тұрды.  Керейлер  басшысының  екі  астанасы 
болған. Солтүстік астана Орхон өзеніндегі Қатынбалық қаласында, ал оңтүстіктегісі 
Хуанхэ  өзенінің  иірімінде  орналасты.  1007ж.  керейлер  мен  наймандар 
несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады. 
ХІІғ.  аяғында  ішкі  талас-тартыстың  нəтижесінде  монғол  ақсүйектерінің 
арасынан  Темучиннің  атағы  шырқап  шыға  бастады:  ол  татарларды  жеңіп,  1203ж. 
керейлерді,  бір  жылдан  кейін  наймандарды  өзіне  бағындырды.  Жеңілген  найман 

тайпалары  Күшілік  ханның  басшылығымен  Алтайға,  Қара  Ертіс  алабына  көшіп 
барып,  сол  жерді  бұрыннан  мекендейтін  найман,  керей  топтарына  қосылды. 
Күшілік  хан  қарақытайлар  билеушісінің  сеніміне  кіріп,  шашыраңқы  наймандарды 
топтастырып, 1211ж. Жетісудағы билікті тартып алды. Ал 1218ж. ол монғолдардан 
жеңіліс  тауып,  Бадахшанға  қашады  да,  ұзамай  Сарыкөл  деген  жерде  монғолдар 
қолынан қаза табады.  
Жалайырлар-қазақтың ұлы жүзінен тарайтын тоғыз арыс елдің бірі. 
Көне  жазбалар  бойынша,  жалайырдың  арғы  атасы  мерке,  одан-шуанақ  пен 
сырманақ,  бұл  ағайынды  екі рудың  бірі  Сырдарияның, екіншісі  Шу  мен  Таластың 
бойын  мекендеген.  “Манақ”  атауы  алғаш  рет  Хғ.  “Хұдұд  əл-ғаламда”  кездеседі. 
Жалайыр  тарихы  жайында  ғалымдардың  негізіг  сүйенетін  еңбегі  -Қадырғали 
Жалайыридың “Жамих ат-тауарих”.  
Шыңғысхан  монғолдар  арасындағы  тайпаларды  бағындырған  кезде 
жалайырлар Шыңғысханға бағынып, оның əскери күшіне айналды. Шыңғысханның 
Орта  Азияға  жəне  Иранға  жасаған  жорықтарында  армия  қатарына  көптеген 
жалайырлар  қатынасқан  жəне  армияда  жалайыр  тайпасынан  шыққан  əйгілі 
қолбасылар болған. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.  Найман конфедерациясына қанша тайпа кірді? 
2.  Найман мемлекеті Х-ХІІғғ. Қай жерде орналасқан? 
3.  Керейлер туралы ең алғашқы жазбалар қай ғасырда кездеседі? 
4.  Керейлер этникалық одағы қандай тілдік топтағы тайпалардан құралған? 
5.  1007ж. найман мен керейлер қай дінді қабылдады? 
 
Дəріс №25 
Тақырыптың атауы: Қыпшақ хандығы (XI ғ. б. – 1219 ж.). 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге қыпшақтардың этникалық құрамы, географиялық 
орналасу аймағы, саяси тарихы, мемлекеттік құрылымы туралы араб, қытай, еуропа 
деректерін негізге ала отырып мəліметтер беру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Араб-парсы, қытай, еуропа, ежелгі 
орыс деректері қыпшақ тайпалары хақында. 2. Қыпшақ билеушілерінің оңтүстік 
жəне батыс бағыттарындағы белсенді қимылдары. Дешті Қыпшақ. 3. Хандықтардың 
құрылуы. 
“Қыпшақ” атауы ең бірінші рет 760ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде 
аталады.  Мұсылман  деректеріне  қыпшақтар  тұңғыш  рет  араб  географы  Ибн 
Хордадбектің  жылнамалық  жағынан  ҮІІІғ.  жататын  түрік  тайпаларының  тізімінде 
көрсетіледі.  
656ж.  Батыс  Түрік  қағанаты  құлағаннан  кейін  Алтай  тауының  солтүстік  жағы 
яғни  Ертіс  өңірін  жайлаған  қыпшақтардың  едəуір  мол  топтары  кимектердің 
басшылығымен  тайпалар  одағының  өзегін  құрайды.  Алайда  негізгі  қыпшақ 
тайпаларының  өзін-зі  билеуге  ұмтылған  талабы  ҮІІІғ.  соңында  оларды  кимек 
федерациясынан бөлініп, олардан əрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ 
қыпшақтар  түбірлі  тəуелсіздікке  жете  алмайды.  ІХ-Хғғ.  қыпшақтар  тарихы 
кимектер тарихымен қоса өрледі.  

ХІғ.  басында  кимек  қағанаты  тарағаннан  кейін,  кимек,  қыпшақ  жəне  куман 
тайпаларының  бұрын  жайлаған  жерлерінде  əскери-саяси  жетекшілік  қыпшақ 
хандарының қолына көшеді.  
ХІғ. ІІ ширегінде қыпшақ тайпаларының ақсүйектері оғыз жабғысын Сырдария 
мен орта жəне төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларына тықсырып, 
қуалап жібереді. 
Аймақтағы  этникалық-саяси  ахуалдың  өзгеруіне  сəйкес,  ХІғ.  ІІ  ширегінің  бас 
кезінде жазба деректерде бұрын аталып келген “Оғыздар даласының” орнына Дешті 
Қыпшақ аты пайда болады. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан 
кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетіп барады.  
ХІғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа жылжи 
бастайды. Батысқа қарай жылыжып өрлеген сайын кумандар тайпаларының қалың 
жұрты  бірінші  болып,  Шығыс  Еуропаны,  əсіресе  Орыс,  Византия,  Венгрия 
халықтарының тура қарым-қатынас жасауға көшеді.  
Ертістен  Днестрге  дейінгі  бүкіл  аридтік  зонаны  алып  жатқан  Дешті 
Қыпшақтың  тарихи-географиялық  облысын  шартты  түрде  Еділ  бойы  арқылы  аса 
үлкен  екі  этникалық-территориялық  бірлікке  бөлуге  болар  еді:  басында  Тоқсоба 
рулық  əулеті  тұрған  Батыс  қыпшақ  бірлестігі  жəне  Ел-бөрілі  руының  хан  əулеті 
билеген Шығыс Қыпшақ қағанаты. 
 Қыпшақ  этникалық  қауымның  қазақ  территориясында  құрылуы  күрделі  де 
ұзақ процесс болған, оның даму жолынан үш кезең айқын көрінеді. 
Бірінші  кезең  кимек  тайпалық  бірлігі  өз  елінің  құрылуына  байланысты,  онда 
ҮІІғ.  ІІ  жартысынан  бастап,  ҮІІІғ.  аяғына  дейін  қыпшақтар  елеулі  рөл  атқарады. 
Осынау  замандарда  қыпшақтар  мен  теле  тайпалары  өзара  өте  тығыз  этникалық-
мəдени байланыста болып, жақындасып кетеді. 
Екінші  кезең  ҮІІІғ.  аяғынан  ХІғ.  басына  дейін.  Осынау  күннамалық  аралықта 
қыпшақтар  бірте-бірте  еркін  жайылып,  шығысындағы  Алтай  мен  Ертістен  бастап 
батыстағы оңтүстік Орал тауларымен Еділ бойларына жетеді. 
ХІғ. басынан ХІІІғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық қауымдастығының 
құрылуы  өз  дамуының  үшінші  кезеңіне  өтеді,  бұл  ең  əуелі  қыпшақ  хандарының 
құдырет  күшінің  өсуіне  байланысты  болатын,  өйткені  олардың  өкіметі  ел-бөрілі 
руының əулеттік билігімен заңдастырылған еді. 
ХІғ.  орта  кезінде  қыпшақтар  қазіргі  Қазақстанның  шығысындағы  Алтай  мен 
Ертістен  бастап,  батысындағы  Еділ  мен  Оңтүстік  Оралға  дейін,  оңтүстігіндегі 
Балқаш  көлінен  теріскейдегі  оңтүстік-батыс  Сібірдің  орманды  дала  аймағына 
дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанады. 
ХІғ.  ІІ  жартысында  қыпшақтар  Маңғыстау  мен  Үстірт  жерлеріне  орнығады, 
олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді. 
Əл-Идрисидің  “Кіші  картасында”  ХІғ.  ІІ  жартысындағы  шындыққа  сəйкес,  Арал 
жəне  Каспий  теңізі  аралығымен  шектелген  “Қыпшақтар  даласының”  этникалық 
топонимі көрсетілді. 
Қыпшақтардың  ХІғ.  орта  кезінде  батысқа  қарай  жылжуының  бастапқы  кезеңі 
Махмуд  Қашғаридің  географиялық  картасында  бейнеленген,  ол  картада 
қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бектіндегі 
солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі қыпшақ елі ішінде қалады. 

Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз 
қаласының  маңына  дейін  жетеді,  сөйтіп  қарахандармен  шектесіп  жатқан  жерден 
Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен қарахандар арасындағы 
тарихи шекара Балқаш көлі мен Алакөл шұңқырының көлдері болады. 
Олардың  шығыс  шекарасы  Ертістің  оң  жағалауындағы  алқап  пен  Алтай 
тауларының  жоталарын  қамтыған.  Махмуд  Қашғари  имектерді  Ертіс  аймағына, 
олардың “Имек даласы” деп аталған ежелгі жеріне орналастырады. ХІғ. Алтай мен 
Ертістің жоғарғы бойында қыпшақ тайпалары наймандармен, қаңлы, керейттермен 
шектесіп жатады.  
Солтүстік-шығыс  бетте  қыпшақтар  өркениет  пен  мəдениеттің  Саян-Алтай 
ошағымен  байланысты  болған,  бұл  мəдениеттің  иелері  қырғыздар  мен  хакастар 
жəне басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қазіргі қазақ 
даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен.  
Солтүстік-батыс  жағында  қыпшақтар  Еділ  бойы  мен  Орал  өңірінің  халқымен 
этникалық-мəдени жəне саяси қарым-қатынас жасаған. Қыпшақ тайпаларының ХІғ. 
ІІ  жартысы  мен  ХІІІғ.  бас  кезінде  бұлғарлармен  жəне  башқұрттармен  өзара  алыс-
беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мəдениетінің оларға ықпал етуі 
бағытында дамып отырған. 
Қыпшақ  ақсүйектері  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  тайпаларының  қоныстық-өрістік 
жерін  едəуір  кеңейтуге  себепші  болған  жəне  Сырдария  бойындағы  Оғыздар 
мемлекетімен,  Орта  Азиядағы  Салжұқтармен,  Хорезмшахтармен  жəне  Қарахандар 
əулеттерімен  соғыстар  жəне  қақтығыстарға  əкеліп  жеткізген.  ХІғ.  І  жартысындағы 
буырқанған    дауылды  уақиғалар  қыпшақтар  мемлекетін  құрудың  объективті 
себебіне айналды. 
ХІғ.  орта  кезінде  Дешті  Қыпшақтағы  ыдыраушылықтың  көзі  болып  келген 
қыпшақ  пен  куман  тайпаларының  көптеген  топтары  көшіп  кеткеннен  кейін, 
Қыпшақ хандығының саяси тірегі едəуір күшейіп, нығая түседі.    

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет