Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат СӨЖ 45



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата03.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#6488
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
ИНТЕРНЕТ САЙДТАРЫ. 
1. 
www.testent.ru/load/testy/istorija_...  
2. 
kaz-ekzams.ru/index.php?newsid=236  
3. 
kaz-ekzams.ru/237-voprosy-i-otvety-...  
4. 
ru.wikipedia.org/wiki/История_Казах...  
5. 
ibrain.kz/mod/book/view.php?id=207&...  
6. 
veep.kz/rus/referat/hiskaz/50-drevn...  
7. 
www.twirpx.com/files/historic/kazah...  
8. 
www.kazakhistory.ru/post23.html  
9. 
panasia.ru/main/kazakhstan/sight/1....  
10. 
kazhistory.ru  
11. 
referaty.kz/referat/istoriya-drevne...  
12. 
www.kazakhstan.orexca.com/rus/kazak...  
13. 
www.tarih.ru  
14. 
www.centrasia.ru/newsA.php?st=12876...  
15. 
d-klevyj.narod.ru/ioydvgkat.html  
16. 
www.kazhistory.ru;  
17. 
catalog.kazakh.ru/sites/316/8715  
 
 
 
 
5. ПƏН БОЙЫНША ДƏРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ 
Дəріс №1 
Тақырыптың атауы: Кіріспе. Қазақстан тарихы курсының пəні жəне міндеттері. 
Дəрістің  мақсаты:  Студенттерге  “Тарих”  ұғымына  түсінік  бере  отырып,  оның 
гуманитарлық ғылым ретінде даму барысын, мақсат-міндеттерін, білімдік-тəрбиелік 
мəнін аша отырып, тарихи үрдістің заңдалықтарын меңгеруге негіз қалыптастыру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Тарих ғылымының пəні, қалыптасуы. 
2. Қазақстан тарихы жəне оның гуманитарлық ғылымдар саласындағы орны. 
Тарих-адамзат  қоғамының  дамуындағы  халықтар  арасындағы  дүниетанымды 
кемелдендіретін  ғылым.  Дүниетаным  арқылы  халықтар  өзара  түсініседі,  қатынас 

орнатады.  Тарих  өткен  кезеңді  суреттеумен  қатар  бүгінге  жəне  болашаққа  қызмет 
жасайды. Бұл тарихтың өміртанудың, қоғамтанудың мектебі екенін көрсетеді. 
Ал  Отан  тарихынының  жағдайына  келер  болсақ,  өтпелі  кезеңнің 
қиыншылықтары  мен  қайшылықтары  мол  болды.  Кеңестік  дəуірде  ол  жалпы 
одақтық  тарих  ғылымының  арасында  дамыды,  оның  құрамдас  бөлігі  болды. 
Көптеген  тарихи  зерттеулерге  тарихи  үрдісті  шамадан  тыс  идеологияландыру, 
қарадүрсін-тікелей  түсіну,  схематизм  тəн  еді.  Тыйым  салу  жүйесі  зерттеулердің 
дерекнама базасын шектеп отырды. Қоғам өмірінің барлық құбылыстары бойынша 
таптар мен тап күресін маркстік-лениндік тұрғыдан түсіндіруге негізделген таптық-
əлеуметтік көзқарасты негіз етіп алған методолгия үстемдік етті. 
Бүгінгі  таңда,  Қазақстан  тарихы  Əлем  тарихының,  Еуразия  тарихының, 
Көшпелілер  өркениетінің,  Түркі  халықтар  тарихының  жəне  Орталық  Азия 
тарихының  шеңберінде  қарастыру  туралы  ұғым  қалыптасты.  Қазақстан  тарихы 
ұлттық бірлік, тəуелсіз мемлекеттілік жəне Отаншылдық сезімді тəрбиелеудің басты 
факторына айналып отыр.  
Гуманитарлық  білім  беру  ісінің  мақсаты-қоғам  мүшесінде  сезім,  көңіл-күй 
мəдениетін  тəрбиелейтін,  адам  дамуындағы  кемшілікті,  сыңаржақтылықты  жоюға 
жəне  адамның  ішкі  мүмкіндігін  ашуға  əсер  ететін,  өмірлік  құндылықты,  бағдарды 
жүйеге  келтіретін  көп  салалы  процесс.  Сондықтан  гуманитарлық  пəндердің  бірі 
ретінде тарих пəні үлкен маңызға ие болды. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. “Тарих” ұғымының түсінігі. 
2.  Кеңестік дəуірде Отан тарихының дерекнамалық шеңбері неге тар болды? 
3.  Қазіргі таңда Отан тарихының Əлем тарихындағы орны? 
4.  Гуманитарлық пəндердің мақсаты? 
 
Дəріс №2 
Тақырыптың  атауы:  Қазақстан  тарихына  хронологиялық  жəне  дерекнамалық 
шолу. 
Дəрістің  мақсаты:Студенттерге  М.Қозыбаевтың  Қазақстан  тарихын  кезеңдеуін 
бере  отырып,  ондағы  кезеңдеу  принциптерін  түсіндіру,  əр  кезеңге  қысқаша 
түсініктеме беру. 
Негізгі  сұрақтар  жəне  қысқаша  мазмұны:  1.  Қазақстан  тарихына  
хронологиялық,  дерекнамалық  жəне  тарихнамалық  шолу.  2.  Отандық 
тарихымыздың өзекті мəселелері.  
1992жылғы  дүниежүзілік  құрылтайда  жасалған  баяндамада  тарихшы 
М.Қозыбаев Қазақстан Республикасының тарихын он кезеңге бөліп көрсетті: 
1.  Ерте кезең(б.з.б. ХҮІІ-ҮІІІғғ.) немесе ХІІІ-ҮІІІғғ. 
2.  Сақ-савромат(ерте көшпенділер кезеңі) кезеңі-б.з.д. ҮІІ-ІҮғғ. 
3.  Антикалық  кезең:ғұн,  қаңлы,  үйсін,  алан  тайпалар  өмір  сүрді-б.з.д.  ІІІғ.б.-б.з. 
Үғ. 
4.  Түркі кезеңі-б.з. ҮІ-Хғғ. 
5.  Қыпшақ дəуірі -ХІғ.б.-1219ж. 
6.  Монғол дəуірі -1219 жылдан -ХҮғ. І-ші жартысы 

7.  Қазақ халқы жəне хандық дəуірі-ХҮғ. ІІ-ші жартысынан -ХҮІІІғ. 30жж. 
8.  Қазақстан Ресей империясының құрамында - ХҮІІІғ. 30жж.- 1917ж. дейін 
9.  Кеңес дəуірі-1917-1990жж. 
10.  Тəуелсіздік дəуірі-1991ж. 16 желтоқсаннан-бүгінгі күнге дейін 
Бүгінгі таңда тарихтың əр кезеңіндегі проблемалардың ашылуы əр түрлі, пікір 
қайшылығы көп. Отандық тарих ғылымының дамуына 1998 жылы үлкен бетбұрыс 
əкелді.  Ұлттық  тарих  жылы,  соңғы  қорытынды  шығарылды,  жаңа  міндет 
нақтыланды,  жаңа  басылымдар  жарық  көрді.  “Қазақтар”  (  “Казахи”)  ІХ  томдық 
анықтама,  “Қазақстан  тарихы”  журналы,  ҮІ  томдық  “Қазақстан”  энциклопедиясы 
т.б. жарық көруде. 
Қазіргі кезде басты үш проблема өзекті мəселелер болып отыр: 
1.  Тарихтағы Еуразия көшпелілерінің алатын орны; 
2.  Қазақтың шығу тегі (этногенез процесі); 
3.  Қазақ мемлекеттілігі, оның даму эволюциясы 
Отан тарихы алдында тұрған екі міндет бар: 
1.  Тарихты аңызға айналдырып, дəріптеуден сақтану; 
2.  Обьективті бағалау. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. М.Қозыбаев Қазақстан тарихын неше кезеңге бөліп қарастырады? 
2. Қай жылы Ұлттық тарих жылы деп аталды? 
3.Қазақстан тарихының өзекті мəселелері? 
4.Отан тарихы алдында тұрған екі міндет? 
 
Дəріс №3 
Тақырыптың  атауы:  Қазақстанның  ежелгі  дəуірінің  археологиялық  жəне  жазба 
деректері. 
Дəрістің  мақсаты:Студенттерге  Қазақстанның  көне  дəуіріне  байланысты  əр 
кезеңнің  археологиялық  зерттеулерінің  нəтижелері,  маңызы  туралы  мəліметтер 
беру. 
Негізгі  сұрақтар  жəне  қысқаша  мазмұны:  1.  Қазақстанның  көне  тарихын 
зерттеуге  арналған  ХІІІғ.  археологиялық  зерттеулер.  2.  ХІХғ.  І  жартысындағы 
археологиялық  зерттеулер.  3.  1917ж.  революциядан  кейінгі  археологиялық 
экспедициялар  нəтижелері.  4.  60-80жж.  археологиялық  экспедициялардың 
қорытындылары.  
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға ұқыпты 
қарауға  ,  оларды  суреттеу  мен  жинаға  əмір  берген  жарлықтары,  сондай-ақ  оның 
бастамасы  бойынша  Сібірді  жəне  Ресейге  жапсарлас  жатқан  Қазақстан  жерін 
зерттеу мақсатымен қолданылған шаралар маңызды роль атқарады. Осы əрекеттер 
нəтижесінде  1707ж.  Тобыл  боярының  ұлы  С.Ремезов  жазған  “Сібірдің  сызба 
кітабы”  жарық  көрді.  Онда  географиялық  деректермен  қатар  қазақ  даласының 
археологиялық  есекрткіштері  туралы  мəліметтер  де  келтірілген.  Келесі 
археологиялық  қызықты  мəліметтер  1733ж.  Сібірге  академик  Г.Ф.Миллердің 
басқаруымен  жасалған  І-ші  академиялық  экспедицияның  есептерінде  айтылған. 
Экспедиция  құрамында  белгілі  ғалымдар  Л.Делаклоер,  И.Фишер,  геодезистер 
А.Красильников, А.Иванов, М.Ушаков жұмыс істеген еді. 

1768-1774жж.  Еділ  бойының,  Оралдың,  Сібір  мен  Қазақстанның  тарихын, 
географиясын  жəне  олардағы  халықтардың  этонграфиясын  зерттеу  мақсатымен 
ұйымдастырылған  ІІ-ші  академиялық  экпедиция  Қазақстанда  археологиялық 
зерттеу  ісін  жалғастырды.  Экспедицияға  сол  кездегі  аса  көрнекті  ғалымдар 
П.С.Паллас, И.П.Фальк, И.Г.Георги, П.И.Рычков, Х.Барданес қатысты.   
ХІХғ.  І-ші  жартысында  Ресейде  Орталық  жəне  Шығыс  Қазақстанның  табиғи 
байлықтарына  қызығушылық  күшейе  түсті.  Геологтар,  кен  инженерлері  жол-
жөнекей  көненің  көздеріне  де  назар  аударып,  оларды  сипаттап  жазып  отырды, 
сөйтіп бұл аудандардың ескерткітері туралы мəліметтер қорын молайта түсті.  
ХХғ.  орта  шеніне  қарай  негізіне  Орталық,  Солтүстік  жəне  Шығыс  Қазақстан 
бойынша едəуір материал жинақталды. 
1862ж.  Қазақстанда  В.В.Радлов  археологиялық  жұмыстар  жүргізе  бастады, 
қола  ғасыр  көнбелерін  алғаш  рет  ғылыми  негізде  қазу  жұмыстарын  жүргізу  ісі 
соның  есімімен  байланысты.  В.В.Радлов  Солтүстік-шығыс  Қазақстан  мен  Сібірдің 
ертедегі ескерткіштерін топтауды жəне кезең-кезеңге бөлуді ұсынды. Бұл аудандар 
мəдениетінің тарихын ол мыс жəне қола ғасыры, ертедегі темір ғасыры, жаңа темір 
ғасыры  жəне  ертедегі  ортағасырлар  кезеңдеріне  бөлді.  Бұл  ғалымның  еңбектері 
Қазақстан археологиялсының ілгері басқан үлкен қадамы болып оны дамыта түсті. 
1867ж.  археологиялық  комиссияның  тапсыруымен  орыстың  белгілі 
шығыстанушысы  П.И.Лерх  Түркістан  өлкесін  зерттеді.  Ол  Сырдария  бойындағы 
Сауран,  Сығанақ  қалаларын  орындарын  қарап  шықты.  Талас  алқабының  бірқатар 
қалаларының  орындарында  болып,  Жанкент  қаласының  орнын  қазды.  Ол  өзі 
кездестірген  ескерткіштерді  тіркеумен,  мұқият  сипаттаумен  қоса  олар  туралы 
жазбаша хабарлады, іріктеп, осы үзінділерге талдау жасады жəне түсініктеме берді. 
1893-1894жж.  В.В.Бартольдтің  осы  аймаққа  іс-сапармен  келуі,  археологиялық 
мен  шығыстану  ісін  дамытуда  зор  рөл  атқарған  уақиға  болды.  Ол  Шу  жəне  Талас 
алқабының,  Ыстықкөл  ойпаты  мен  Іле  өзені  алқабының  ескерткіштерін  көріп 
шықты. Ол жазған “Ғылыми мақсатпен Орта Азияға сапар туралы есеп” осы кезге 
дейін  тарихи  ақпарттың  үлгісі  болып  қалып  отыр.  Көптеген  жазбаша 
деректемелерге  сүйене отырып  В.В.Бартольд  зерттеген ауданының  топографиялық 
көрінісін суреттеп, археологиялық жағынан болашағы зор есекрткіштерді анықтады 
жəне  оларды  ортағасырдағы  белгілі  қалалармен  салыстырды.  Атап  айтқанда  ол 
Таразды, Əулиеата(Жамбыл) орынында деп белгіледі.  
ХХғ.  басында  құрылған  Орыс  географиялық  қоғамының  Батыс  Сібір,  Семей 
жəне Орынбор бөлімдері, Орынбор ғылыми архив комиссиясы, Орталық Солтүстік-
шығыс  Қазақстанды  археологиялық  зерттеу  ісінде  елеулі  рөл  атқарды.  Соның 
нəтижеснде  ХІХ-ХХғғ.  басында  нақтылы,  мол  материал  жинақталып,  ол  кейбір 
дəрежеде жүйеге келтірілді. 
1917ж. революциядан кейінгі археологиялық зерттеулер жалғастырылды, бірақ 
олар  енді  мемлекеттік  негізде  жүргізілді.  1919ж.  Материалдық  мəдениет  тарихы 
академиясы, ал 1920ж. Мұражайлар жəне өнер, табиғат, көне ескерткіштерді қорғау 
істері  жөніндегі  Түркістан  комитеті  құрылды.  В.В.Бартольдтің  ұсыныс  бойынша, 
комитеттің  ең  таяудағы  міндеті  археологиялық  карта  жасау  болды.  Сөйтіп  ежелгі 
ескерткіштерді есепке алудың, зерттеудің, сақтаудың негізі қаланды. 

Революциядан  кейінгі  алғашқы  жылдардағы  еңбектер  ішінде  археологтар 
П.П.Ивановтың  Сайрамда  жəне  В.Д.Городецкийдің  Жетісуда,  Қазақстанның 
оңтүстігінде жүргізген зерттеулері, Орта Азияның ертедегі тарихын ең ірі зерттеуші 
М.Е.Массонның  Сайрам  қала  жұртына  жəне  Түркістандағы  Ахмет  Иассауи 
кесенесіне  арналған  мақалалар  бар.  Батыс  Қазақстанда  1926ж.  М.П.Грязновтың  І 
Киргильд  пен  ІІ  Киргильд  қабірлерін,  Орал  сайды,  Құнанбай  сайды  ашып,  қазба 
жұмыстарын  жүргізуі  бай  материал  берді  жəне  андронов  мəдениеті  тек  Батыс 
Сібірге ғана деп орныққан пікірді өзгертті. 
1946ж.  Қазақстанда  Ғылым  академиясының  құрылуына  байланысты 
археологиялық  жұмыстардың  көпшілігін  Ш.Ш.Уəлиханов  атындағы  тарих, 
археология жəне этнография институтының археология бөлімі жүргізді. Сол кезден 
бастап  археологиялық  зерттеулер  ауыртпалығының  орталығы  Алматыға  ауысады, 
Қазақ археология мектебі қалыптасады. 
Құрылған  бөлімнің  алғаш  ұйымдастырған  археологиялық  экспедициясы 
Орталық  Қазақстан  экспедициясы  облды,  оны  сол  кезде  академик  Ə.Х.Марғұлан 
басқарды. 
Экспедиция  неолит  жəне  энеолит  дəуірлерінің  тұрақтарын,  андронов  жəне 
дəндібай-беғазы мəдениеттерінің қоныстары мен зираттарын, б.з.б. ҮІІ-Іғғ. Жерлеу 
ғимараттарын,  түрік  заманы  қорғандарын,  ортағасырлық  қалалар  мен  қоныстарды 
тауып, зерттеді. 
Соғыстан  кейінгі  екінші  экспедиция-А.НБернштам  мен  Е.И.Агеева  басқарған 
Оңтүстік  Қазақстан  экспедициясы.  Оның  жұмысының  қорытындысы  Отырар 
оазисіндегі,  Шу-Талас  өзендерінің  аралығындағы,  Қаратаудың  солтүстік 
беткеіндегі,  Сырдария  алқабындағы  қалалар  мен  қоныстар  орныдарының  үлкен 
тобын зерттеу, картаға түсіту болды. 
1945ж.  бастап,  Орталық  Қазақстан  археологиялық  экспедициясымен  жəне 
Оңтүстік  Қазақстан  археологиялық  экспедициясымен  қатар  дерлік  КСРО  Ғылым 
академиясының 
С.П.Толстов 
басшылық 
еткен 
Хорезм 
археологиялық-
этнографиялық  экспедициясы  Қызылорда  облысында  археологиялық  зерттеу  ісін 
жүргізді. 
1947ж.  С.С.Черников  басшылығымен  Шығыс  Қазақстан  археологиялық 
экспедициясы  жұмыс  істей  бастады.  Экспедицияның  мақсаты  Өскемен  мен 
Бұқтырма  су  электр  станцияларының  суы  астында  қалатын  аймақта  орналасқан 
ескерткіштерді  анықтап,  зерттеу  болған.  Мұнда  неолит  дəуірінен  орта  ғасырларға 
дейінгі  көптеген  ескерткіштер  анықталып,  Шығыс  Қазақстанның  тарихи 
өткендегісін сипаттайтын материал алынды. 
60-жылдардың  орта  шенінде  Қазақстан  нумизматикасы  дами  бастайды. 
Отырарды,  Құйрықтөбені  қазу  кезінде  көптеген  тенге  материалы  жинақталды. 
Соның қорытындысында Қазақстанда Отырарда, Испиджабта, Түркістанда, Жентте, 
Сығанақта,  Таразда  тенге  сарайыларының  жұмыс  істегені  анықталды.  Экспедиция 
жұмысының қорытындылары бойынша бірнеше монография жарияланды.  
Екінші  кезеңдегі  археологиялық  жұмыстардың  қорытындысы  бес  томдық 
“Қазақ  ССР  тарихының”  екі  томының  шығарылуы  болды,  онда  археологиялық 
деректемелерге  талдау  жасалып,  ертедегі  жəне  орта  ғасырлардағы  Қазақстанның 
тарихи үрдісі көрсетілді. 

Қазақ  археологиясы  тарихының  жаңа  зерттеу  кезеңі  80-жылдардан  басталды. 
Орталық  Қазақстан  археологиялық  экспедициясы  қола  жəне  ерте  темір дəуіріндегі 
палеоэкономикасы бойынша мал шаруашылығы, кен ісі жəне ертедегі металлургия, 
қыш өндірісі жөніндегі материалдарға талдау жасалды. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.  Қашан Тобыл боярының ұлы С.Ремезов жазған “Сібірдің сызба кітабы” жарық 
көрді? 
2.  Еділ бойының, Оралдың, Сібір мен Қазақстанның тарихын, географиясын жəне 
олардағы халықтардың этонграфиясын зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған 
ІІ-ші академиялық экпедиция қашан өз жұмыстарын жүргізді? 
3.  Қазақстанда қола ғасыр көнбелерін алғаш рет ғылыми негізде қазу 
жұмыстарын жүргізу ісі кімнің есімімен байланысты? 
4.  Қашан археологиялық комиссияның тапсыруымен орыстың белгілі 
шығыстанушысы П.И.Лерх Түркістан өлкесін зерттеді? 
5.  “Ғылыми мақсатпен Орта Азияға сапар туралы есеп”  еңбегінің авторы? 
6.  Кім Батыс Қазақстанда 1926ж.  І Киргильд пен ІІ Киргильд қабірлерін, Орал 
сайды, Құнанбай сайды ашып, қазба жұмыстарының бай материалдарына 
сүйене отырып,  андронов мəдениеті тек Батыс Сібірге ғана деп орныққан 
пікірді өзгертті? 
7.  1947ж. С.С.Черников басшылығымен қандай экспедиция жұмыс істеді? 
 
Дəріс №4 
Тақырыптың атауы: Қазақстан ерте жəне орта  тас дəуірінде. 
Дəрістің  мақсаты:  Студенттерге  олдувэй,  ашель,  мустье  кезеңдеріндегі  табиғи 
жағдай мен адамзаттың қалыптасу сатыларына-австралопитектер, епті адам (Homo 
habilis), тік жүретін адам (Homo erektus), саналы адам (Homo sapiens) түрлері, еңбек 
құралдарының  түрлері  мен  алғашқы  адамдардың  қоғамдық  ұйымы,  шаруашылық 
түрлері  мен  тұрақ-мекендері  сипаттай  отырып,    «Өтпелі  кезең»  табиғи 
жағдайындағы  өзгерістерді,  мезолит  дəуірінің  басты  жетістіктері  –  садақ  пен 
жебенің  пайда  болу,  егіншілік,  мал  шаруашылық  элементтердің  пайда  болу, 
аңшылық шаруашылығының қалыптасу жағдайын түсіндіру. 
Негізгі  сұрақтар  жəне  қысқаша  мазмұны:  1.Табиғат  жағдайлары  жəне  ертедегі 
гоминидтер мекендеген орта. 2. Ежелгі палеолит. 3. Соңғы палеолит. 4. Мезолит. 
 
Дəріс мазмұнын көрсететін сызбалар: 
Дəуір  Тарихи 
шеңбері 
Ауа-
райы 
Еңб
ек 
құр
алда
ры 
Тасты 
өңдеу 
техникас
ы 
Шаруаш
ы 
лығы 
Қоғамд
ық 
құрыл
ысы 
Қон
ыста
нған 
жері 
Арх
еол
оги
ялы
қ 
еске
рткі
ште
рі 
Қос
ым
шал
ар 
Ерте 
Б.з.б. ІІ 
Жылы  Чоп
Жұмыр 
Аңшылық  Алғашқ
Шығ
Ша
От 

палеол
ит 
млн. 140 
мың 
жылдар 
бұрын 
пер 
(шап
қы-
салм
ақты 
қара
бай
ыр 
кеск
іш), 
чопл
инг 
тас 
сынығын 
екінші 
таспен 
ұрып бір 
жақ шетін 
жұқалап 
сындыру 
арқылы; 
жұмыр 
тастың 
екі жағын 
қашау 
арқылы 
пен 
терімшілі
к 
ы 
қауымд
ық 
табын 
(тобыр) 
ыс 
жəне 
Солт
үстік 
Афри
ка; 
Алды
ңғы 
жəне 
Орта 
Азия; 
Оңтү
стік, 
Орта
лық 
Қазақ
стан 
бақт
ы, 
Бөрі
қазғ
ан, 
Тəңі
рқаз
ған, 
Қаз
анға
п, 
Қар
асу 
жағу
ды 
үйре
ну 
Орта 
палеол
ит 
Б.з.б. 
140-40 
мың 
жылдар 
бұрын 
Мұз 
басты 
Тілгі
ште
р 
мен 
кеск
іште
р 
жаса
лды 
Дөңгелек 
өзектасты 
(нуклеус) 
шетінен 
ортасына 
қарай 
жару 
арқылы 
тас 
жарықша
қтардан 
еңбек 
құралдар
ын жасау 
Аңшылық 
пен 
терімшілі
к 
Аналық 
рулық 
қауымн
ың 
алғашқы 
белгілер
і 
Оңтү
стік 
Қарат
у 
жота
сына
н 
Солт
үстік 
Есіл 
өзені
нің 
жоға
рғы 
ағыс
ы, 
Сары
су 
бойы 
Топ
алы, 
Қыз
ылр
ысб
ек, 
Ары
стан
ды, 
Оба
лыс
ай, 
Мұз
бел 
 
Кейінг
і 
палеол
ит 
Б.з.б. 40-
12 мың 
жылдар 
бұрын 
Мұз 
басу 
одан 
əрі 
жалғас
ты 
Нук
леус
тен 
онда
ған 
жұқ
а 
өткі
р 
Сынық 
тастың 
жүзіндегі 
артық 
қабыршақ
тарды 
сүйектен 
жəне 
мүйізден 
Аңшылық 
пен 
терімшілі
к 
Аналық 
рулық 
қауым 
Солт
үстік 
Тунд
раға 
қоны
с 
аудар
а 
баста
Ащ
ыса
й, 
Бат
пақ, 
Үші
нші 
Қар
абас 
Суре
т 
салу, 
мүсі
н 
жаса
у 
өнер
і 

тілік
тер 
алу 
арқ
ылы 
пыш
ақ 
тілік
тер 
жаса
қтал
ды 
 
істелген 
құралдар
мен 
тазалау-
ретушь 
түзету 
əдісі 
ды 
Мезол
ит 
Б.з.б. 12-
5 мың 
жылдар 
бұрын 
Ауа-
райы 
күрт 
өзгерді

мұздар  
еріді 
Ең 
алға
шқы 
меха
низ
м-
сада
қ 
пен 
жебе

буме
ранг

гарп
ун-
шан
ышқ
ы 
Қырнап 
түзету, 
тесу, кесу 
Аңшылық

терімшілі
к, балық 
аулау 
 
Евро
па 
мен 
Азия
ның  
Қиыр 
Солт
үстігі
не, 
Сібір
ден 
Бери
нг 
бұғаз
ы 
арқы
лы 
Солт
үстік 
Амер
икаға 
дейін  
 
Қай
ық 
ойла
п 
тапт
ы 
 
 
 
 
 
АДАМЗАТТЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ 
 
№  Ғылыми атауы 
Өмір сүрген кезі 
Табылған аймағы 

Рампитек 
Б.з.д. 14-9 млн. жылдар 
Индияда 

Австралопитек 
Б.з.б. 5-2 млн жылдар 
Эфиопияда 


Питекантроп 
Б.з.б. 800-500 мың 
жылдар 
Индонезиядағы Ява 
аралында 

Синантроп 
Б.з.б. 500-200 мың 
жылдар 
Қытайда Пекин 
маңындағы Чжо-коу-дянь 
үңгірінен 

Неандерталь 
адамы 
Б.з.б. 150-140 мың 
жылдар 
Германияда, Өзбекстанда 
6  Кроманьон адамы 
(саналы адам) 
Б.з.б. 20-10 мың 
жылдар 
Францияда Кро-Маньон 
 
     Еңбекке бейімі бар адам-презинджантроп деген атпен белгілі. Оның қалдықтары 
Шығыс  Африкадан  табылған.  Ол  ғылымда  епті  адам  (Homo  habilis)  деп  аталып 
кеткен. Адамзаттың дамуындағы тас дəуірінің орта жəне соңғы кезеңдеріне сəйкес 
келетін келесі өкілі - ғылымда тік жүретін адам (Homo erektus) деп аталады. Оның 
екі түрі бар-синантроп жəне питекантроп. Келесі даму сатысындағы адамның түрі-
саналы адам (Homo sapiens).    
     Палеолит  екі  дəуірге-ежелгі  дəуір  жəне  соңғы  дəуірге(мустье  мен  соңғы 
палеолит арасына меже қойылады) бөлінеді. Ежелгі дəуір бұл күнде олдувэй дəуірі 
деп аталады. Ол б.з.ж. 2,5 млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі 
екі  дəуірі-шелль  мен  ашель  800  мың  жылдан  140  мың  жылға  дейінгі  дəуірді 
қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) б.з.б.  
140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың 
жылдыққа  дейінгі  уақытқа  сəйкес  келеді.  Бұл  дəуірде  адамдар  иемденуші 
шаруашылық-аңдарды  аулаумен  жəне  жабайы  өсімдіктерді  терумен  айналысты.  
Ерте палеолитте адамдар аңдарды аулау үшін, олардан қорғану үшін тобыр болып 
өмір  сүреді.  Соңғы  палеолитте  адамдардың  рулық  қауымы  қалыптасқан.  Рулық 
қауым  алдымен  отбасының  қамқоршысы,  бала  өсіруші  ананың  төңірегінде 
топтасты,  осыған  байланысты  əйелдер  алғашқы  қауымда  үстемдік  етті,  мұның  өзі 
матриархаттық дəуір деп аталды.   
Орта  тас  дəуірінде  мезолитте  табиғи  жағдай  өзгерді.  Ауа-райы  жылып,  мұздар 
ериді.    Мезолит  б.з.б.  12-5  мың  жылдықтарды  қамтиды.  Жануарлар  дүниесінің 
құрамы  өзгеріп,  енді  ұсақ  аңдар  түрлері  пайда  болды.  Бұл  кезде  адамдардың 
алғашқы  механизмі-садақ  пен  жебе  пайда  болды  жəне  олар  еңбек  құралдарын 
жасауда  микролиттер-үшбұрыш,  ромб,  трапеция,  сегмент-тəрізді  ұсақ  қалақтар 
қолданған.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет