Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Алғаш рет ежелгі адамның қалдықтары қай жерден табылды?
2. Ең ежелгі адам қалай аталады?
3. “Тік жүретін” адамның неше өкілі бар?
4. Адамның алғаш еңбек құралдары қандай материалдан жасалды?
5. Ерте палеолит дəуірі қанша мың жылға созылды?
6. Орта палеолит (мустье) дəуірі қандай жыл аралықтарын қамтиды?
7. Кейінгі палеолит дəуірі қай жыл аралықтарын қамтиды?
8. Мезолит кезеңі қай жыл аралықтарын қамтиды?
9. Аналық рулық қоғамның белгілері қай дəуірде қалыптаса бастады?
10. Ең алғашқы механизм-садақ пен жебе қашан пайда болды?
11. Өнердің пайда қай дəуірге сəйкес келеді?
Дəріс №5
Тақырыптың атауы: Жаңа тас ғасырындағы Қазақстан.
Дəрістің мақсаты:Студенттерге “Неолиттік төңкеріс” ұғымының мəнін аша
отырып, жаңа тас дəуіріндегі мəдениеттер жөнінде мəліметтер беру.
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Неолит дəуіріне жалпы сипаттама. 2.
“Неолит төңкерісі”, өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы. 3. Неолиттік
ескерткіштер, Атбасар жəне Маханжар мəдениеті.
Дəріс мазмұнын көрсететін сызбалар:
Дəу
ір
Тар
ихи
шең
бері
Ауа-
райы
Еңбек
құралд
ары
Тасты
өңдеу
техникас
ы
Шаруаш
ылығы
Қоғам
дық
құрыл
ысы
Қоныс
тан
ған
жері
Археол
огиял
ық
ескерт
кіштер
і
Қосым
шалар
Нео
лит
Б.з.б
. 5-3
мың
жыл
дар
бұры
н
Табиғи
орта
осы
заманғы
бейнеде
болды
Керами
ка, тас
қалақта
рдан
сына
жасау,
дəн
үккішт
ер
Кесу,
жону,
жылтырат
а тегістеу,
сүйек
өңдеу
Кен
кəсібі,
мал
шаруашы
лығы,
егіншілік
(өндіруш
і
шаруашы
лық)
Аналы
қ
рулық
қауым-
матриа
рхат
Амери
каға
қоныс
аударғ
ан
Арал
өңірінд
егі
Сексеуі
л
тұрағы,
Солтүс
тік
Қазақст
андағы
Желези
нка
Керам
ика
жасау,
тоқыма
шылық
Біздің заманымыздан бұрынғы 5 –3 мың жылдықтар арасын қамтыған неолит-тас
құралдарын пайдаланған дəуір. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан
бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық
əдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа
пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, келілер, дəн үккіштер, келсаптар жасала
бастады. Неолит дəуірінде Қазақстан жерінде кен кəсібі мен тоқымашылықтың
бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса
бастады. Əлеуметтік жағынан алғанда неолит кезеңі рулық қауым дəуірі еді. Онда
бірігіп еңбек ету жəне өндіріс құрал жабдықтарына ортақ меншік үстемдік етті. Осы
кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағынан жəне
шаруашылықтың түріне қарай негізделді. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар
аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе
олар мал өсірумен, егіншілікпен жəне кен өнеркəсібімен айналыса бастады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Неолит дəуірі қандай жыл аралықтарын қамтиды?
2. Неолит дəуірінде тас өңдеудің қандай əдістері қалыптасты?
3. Неолит дəуіріндегі керамика бұйымдарына қандай өрнектер тəн болды?
4. “Неолит төңкерісі” дегеніміз не?
4. Неолит дəуірінің археологиялық ескерткіштері?
Дəріс №6
Тақырыптың атауы: Қазақстан мыс дəуірінде.
Дəрістің мақсаты:Студенттерге мыс дəуірінің алғашқы еңбек бөлінісі, аталық
рулық қауым қалыптасқан кез ретінде сипаттай отырып, Ботай мəдениетінің даму
ерекшелігіне тоқталу.
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1. Энеолит дəуіріне жалпы сипаттама.
2. Энеолиттік Ботай мəдениеті.
Б.з.б. ІҮ жəне ІІІ мыңжылдықтар аралығында тас дəуірінің адамдары құрал-
сайман жасағанда металл пайдалануды үйренеді. Олардың алғашқы пайдаланған
металы мыс болатын. Энеолит деген сөздің қазақша мағынасы мысты-тас дегенді
білдіреді.
Мыс құралдарының пайда болуы адамдар қоғамына үлкен екі өзгерісті ала
келді. Оның біріншісі-еңбек бөлінісінің пайда болуы. Енді негізінен тек
егіншілікпен жəне бірыңғай мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар пайда
болды. Екіншісі-мұннан былай адамдар қоғамында аталық рулық (патриархат)
үстемдік ете бастады.
Қазақстан жеріндегі бұл дəуір ескерткіштерінің көрнекілерінің бірі-Ботай
мəдениеті. Ол бұрынғы Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың
атымен аталған. Бұл мəдениет Солтүстік Қазақстанның Жайық, Ертіс өзені
аралығындағы кең алқаптың мыс ғасырындағы өзіне тəн ерекшеліктерін
сипаттайды. Мерзімі б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтар, шамамен бір мың жылдай болған.
Қазба жұмыстарының нəтижесінде бұл мəдениеттің 15 гектардай жерді алып
жатқаны анықталды, 158 тұрғын үйдің жұрты табылды.
Бұл ескерткіш 1981 жылдан бері қазыла бастады. Қазу кезінде табылған тас
құралдар:найзалар, қанжарлар, пышақтар, балталар, қысқыштар, сүйектен жасалған
инелер, түйреуіштер, қыш ыдыстың сынақтары т.б.
Кейінгі кезде мыстытас ғасырының ескерткіштері Маңғыстаудан да табылды.
Мұндағы адамдар мекендеген ең елеулі тұрақ Бозашы түбегіндегі көшпелі құм
өңіріндегі Шебір елді мекені маңынан кезікті. Мəдени қабатты аршу кезінде 105
ұсақ сынықтар мен қалашықтар толтырылған табынушылық мəні бар шұңқырлар
кездесті. Олардың арасында тері өңдеу үшін жасалған қырғыштар, қашау тəрізді
құралдар, бір жүзді пышақтар, бұғылар бар. Бұл құралдарды дайындау үшін
жергілікті кеніштердің шақпақ тастары шикізат ретінде пайдаланылған.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мыс дəуірі қай жылдықтар аралықтарын қамтиды?
2. Ботай мəдениеті кезеңі?
3. Ботай мəдениеті қалыптасқан аймақ?
4. Ботай мəдениетінің ескерткіштері?
Дəріс №7
Тақырыптың атауы: Қола дəуіріндегі Қазақстан.
Дəрістің мақсаты:Студенттерге қола дəуірінің басты үш ерекшелігі, даму
кезеңдері, Андронов, Беғазы-Дəндібай мəдениеттерінің даму барысы, ескерткіштері
туралы мəліметтер беру.
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Қола дəуірінің ерекшеліктері мен
даму кезеңдері. 2. Қола дəуірі мəдениеттері:Андронов мəдениеті.
Беғазы-Дəндібай мəдениеті.
Дəріс мазмұнын көрсететін сызбалар:
Дəу
ір
Тарих
и
шеңбе
рі
Ауа-
райы
Ең
бек
құр
алд
ар
ы
Шар
уаш
ылы
ғы
Қоғамды
қ
құрылыс
ы
Мəдени ошақтары
Археологиял
ық
ескерткіштер
і
Қол
а
дəуі
рі
Б.з.б.
ІІ-І
мың
жылды
қтар
Б.з.б. І
мың
жылдық
тың
басында
Қазақста
н жері
шөлейтт
і
аймаққа
айнала
бастады
Тес
е
(ба
сын
а
тас
нем
есе
мүй
із
орн
аты
лға
н,
жер
өңд
ейт
ін
құр
ал)
Ежел
гі
қола
мета
ллург
иясы,
бақта
шыл
ық
мал
шару
ашыл
ығы,
тесел
і
егінш
ілік
Аталық
отбасылы
қ рулық
қатынас
Андронов мəдениеті-
Оңтүстік Сібірдегі
Андронов қонысының
атына байланысты
Беғазы-Дəндібай-
Қарағанды маңындағы
Дəндібай ауылы жəне
Балқаш (б.з.б. 11-8ғғ.)
Батыс
Қазақстандағ
ы Алексеевка,
Ұралысай,
Тастыбұтақ,
Қостанай мен
Челябинск
түйіскен
жеріндегі
Арқайым
қалашығы,
Сырдарияның
төменгі
ағысындағы
Түгіскен
кесенесі,
Бұғылы,
Мыңшұңқыр,
Алакөл
Б.з.б. екінші мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын
жасауды меңгерген. Қола - əр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің,
күшаланың, қорғасының қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты жəне
балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты əдемі болып келеді. Ол еңбек
құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылады.
Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, əсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл
бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында –1 мың жылдықтың басында дала
халықтары шаруашылықтың жаңа түрі-көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
Қола дəуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы
мен металл өңдеу кəсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті.
Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне əкелді. Сөйтіп патриархат пайда
болды.
Қола дəуірінде Сібірдің, Қазақстанның жəне Орта Азияның кең-байтақ
далаларын тегі жəне тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекен
етті. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мəдениет қалдырды. Олар
қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андронов
селосының атымен ғылымда шартты түрде “Андронов мəдениеті” деп аталды.
Андронов мəдениеті қола дəуірінің алғашқы кезеңін б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. жəне орта
кезеңін б.з.б. ХҮ-Хғғ. түгелдей қамтиды. Орталық Қазақстанда қола дəуірінің соңғы
кезеңінде б.з.б. Х-ҮІІІғғ. Дəндібай-Беғазы мəдениеті болған. Бұл мəдениет Атасу
өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен
сипатталынады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қола дəуірінің қай жылдықтар аралықтарын қамтиды?
2. Аналық рулық қатынас аталық отбасылық рулық қатынасқа қашан орын берді?
3. Қола дəуірінің ерте кезеңі?
4. Қола дəуірінің орта кезеңі?
5. Қола дəуірінің кейінгі кезеңі?
6. Қола дəуірінің мəдениетін атаңыз?
7. Қола дəуірі кезінде Қазақстанның шаруашылығында қандай өзгерістер болды?
8. Андронов мəдениетінің бірінші ескерткіші қашан қай жерден табылды?
9. Киіз үйдің прототипі болып не саналады?
10. Ең алғашқы еңбек бөлінісі болып не есептеледі?
Дəріс №8
Тақырыптың атауы: Қола дəуірі.
Дəрістің мақсаты:Студенттерге Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік, Жетісу
аймақтарындағы қола дəуірінің ерекшеліктері, археологилық ескерткіштері туралы
мəліметтер беру.
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1. Солтүстік Қазақстан қола дəуірінде.
2. Шығыс Қазақстан қола дəуірінде. 3. Оңтүстік Қазақстан жəне Жетісу аймағы қола
дəуірінде.
Солтүстік Қазақстан қола дəуірінде. Бұл өңірден 80-нен аса қоныс, 90-ға тарта
қорым ашылған. Петропавл қаласы маңындағы Вишневка қонысында қазба
жұмыстары жүргізілді. Жердің үстіне салынған ауданы 126 шаршы метр тұрғын үй
табылды. Оның ағаш шатырына ағаш бағаналардан тіреу қойылған. Осы қоныспен
тұстас салынған бірқатар қоныстарды ежелгі қалалардың алғашқы белгілері деуге
болады. Солардың бірі-Қостанай мен Чельябі облыстарымен шекарадағы Арқайым
қонысы.
Шығыс Қазақстан қола дəуірінде. Ертіс пен Бұқтырманың, Күршімнің көгарай
шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандарынан, Тарбағатайдың
далаларынан қола дəуірінің ондаған қоныстары табылды.
Мало-Красноярка селосы жанындағы қоныс кейінгі қола дəуірінде салыныпты.
Бұл жерден қора-қопсысы бар, жапсарлас салынған екі тұрғын үй ашылды. Үйдің
аумағы 160 шаршы метр. Бұрыштары иіліп келген тікбұрыш, жартылай жертөле
үлгісімен салынған Ортадағы екі қатар тіреулер үйдің шатырын тіреп тұр. Үйдің
ортасынан екі ошақ қазылған, түрі сопақша. Оның қасынан граниттен жабылған
келі шықты. Үйдің солтүстік-шығыс жақтағы қабырғасына дəліз сияқты екі
құрылыс жалғасқан. Олар да жерден қазылып тереңдетілген. Бұлар жабық аула
сияқты. Екі құрылыс та күрке тəрізді жабылған.
Тұрғын жайлар мен қор-қопсылардан қоладан жасалған шоттар, пышақтар,
орақтар, біздер, инелер, тоғалар қазалып алынды.
Саз балшықтан жасалған ыдыстар, қоладан соғылған еңбек құралдары көптеп
табылды.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу тайпаларының мəдени ескерткіштері.
Қазақстанның басқа аудандарымен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісуда қола дəуірінің ескерткіштері аз зерттелген. Əр жерден табылған бірнеше
қорым мен кездейсоқ табылған заттардың қола дəуіріне жататыны мəлім болып
отыр. Бұлар-Алакөл ойпатындағы Қарақұдық қорымы, бірен-саран бейіттер мен
қоныс жұрттары.
Осы екі аймақтағы қола дəуірі ескерткіштерінің ерекшелігі-салынған
құрылыстардың қарапайымдылығы жəне шағындығы. Мұнда Орталық Қазақстан
сияқты жүздеген қоршаулары мен обалары бар бейіттер жоқ. Қорымдарында көп
дегенде 10-нан 20-ға дейін қабір бар. Жерлеу мүліктері де жұпыны. Мəселен,
қоладан жасалған бұйымдар өте аз. Қыш ыдыстарға ешқандай өрнек салынбаған.
80-жылдары Жетісу өлкесінде археологиялық зерттеуге баса көңіл бөлінді.
Соның нəтижесінде Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарынан қола дəуіріне
жататын бірқатар қоныстар мен қабірлер табылды.
Оңтүстік Қазақстандағы Таутары ескерткіші Қаратаудың солтүстік баурайында
жатыр. Мұндағы қабір үстіндегі ескерткіштер-жерге қырынан қазылып қойылған
тақта тастармен, немесе қазылмай жай қойылған тастармен белгіленген. Қоршаулар
тікбұрышты, шаршы, сопақша болып келеді. Тіпті шеңбер тəрізділері де кездеседі.
Мəйіттер жерден қазылған, тақта тастармен жабылған шұңқырларға жерленген.
Өлікті өртеу ғұрпы басым болған. Өртелген сүйектердің қалдықтары шұңқырдың
батыс жағына үйілген, немесе сол батыс жаққа шашылып тасталған. Қабірдің батыс
жағына бірден беске дейін тағам салатын қыш ыдыстар қойылған. Ыдыстардың түбі
жайпақ, бітімдері екі түрлі:көзелер жəне бүйірлері ойықталып жасалған құмыралар.
Қола мен алтыннан жасалған əшекей бұйымдар да табылды.
Сырдария өзенінің төменгі жағынан, Арал теңізі алқабынан қола дəуірінің
бірегей ескерткіші Түгіскен кесенесі ашылды (Қызылорда қаласының оңтүсік-
шығысына таман). Тік-бұрышты шикі кесектен салынған құрылыстың ерекшелігі-
мұнда сəулет өнерінің озық үлгілері пайдалынған, жерлеу мүліктері де бай.
Кесенінің орталығына орналасқан бөлмелер мен дəліздерге қыш ыдыстар қойылған.
Қабірден мұнымен қоса қоладан жасалған қару-жарақтар, алтын əшекейлер
табылды.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Солтүстік Қазақстандағы қола дəуірінің археологиялық ескерткіштерін атаңыз?
2. Шығыс Қазақстандағы қола дəуірінің археологиялық ескерткіштерін атаңыз?
3. Оңтүстік Қазақстан жəне Жетісу өңіріндегі қола дəуірінің археологиялық
ескерткіштерін атаңыз?
Дəріс №9
Тақырыптың атауы: Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалық одақтар.
Дəрістің мақсаты:Студенттерге сақтар туралы парсы, грек-рим авторларының
деректері негізінде сақтар тобы, олардың орналасу аймағы, азаттық үшін болған
күрестерін баян ету.
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Сақтар туралы деректер. 2. Саяси
тарихы.
Біздің заманымыздан бұрынғы Ү ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек
тарихшысы Геродоттың “Тарих” деп аталатын еңбегінде жəне басқа да қол
жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы І мың жылдың орта шенінде Орта Азия
мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер
одағы болғаны айтылады. Бұл одақ массагеттер, каспийлер, исседондар, кейініректе
аландар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы І Дарийдің Накширустамдағы
(Персополға жақын) тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа:сақ-
хаумаваргаларға(хаома сусынын дайындайтын сақтар), сақ-тиграхаудаларға(төбесі
шошақ бас киімдері бар сақтар), сақ-парадарайандарға(теңіздің арғы бетіндегі
сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерінде мекендесе,
екіншілері Сырдарияның орта аймағы жəне Жетісу жерін жайлап, үшіншілері-
еуропалық скифтер немесе Арал теңізі жəне Сырдарияның арғы бетіне орналасқан.
Сақ əулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) болған деген деректер
бар. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білсе
де, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері
салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың аңдарды
өрнектермен дүние жүзіне əйгілі болған даналық өнері жалпы даму процесіне
елеулі əсерін тигізді.
Персия мемлекетінің патшасы Кир-Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529жж.
соғысқан кезде – сақтармен одақ жасасып, олардан көмек алған. Кейін Кир сақтар
мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын
жеңгеннен кейін Кирдің əскерлері сақтардың жеріне басып кіреді. Сақтар
парсылардың басқыншылық əрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді.
Кирдің əскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері
тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін
де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар:
Парсыларды жеңгеннен кейін Сақтардың əйел патшасы Томирис: “Сен қанға
құмартып едің, енді шөлің қансын”, - деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып,
оған Кирдің басын салдырады.
Кирдің орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын І Дарий(б.з.б. 521-486жж.)
жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз
уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық
төледі жəне парсы патшасына жасаққа жігіттер бөліп тұрды. Тіпті сақтардың біразы
парсы патшасының жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы
патшасының “өлмейтін он мың” деп аталатын ұланының құрамына кіріп қызмет
етті. Б.з.б. ҮІ ғасырдың аяғы Ү ғасырдың басында (500-449жж.) ежелгі Шығыстағы
грек-парсы соғысына сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мəселен, б.з.б. 490
жылғы грек-парсы əскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар
жағында болып, гректерге қарсы соғысты.
Б.з.б. ІҮ ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр
Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, ІІІ Дарий Кодоманның əскерлерін
талқандап, орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты(Самарқандты) алып,
Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кіші-гірім “Александр
Крайный” немесе “Шеткі Александр” деген қала салдырды.
Гректер сақтардың біраз жерлерін басып алды. Бірақ Александр Македонскийдің
əскерлері сақтардың жерінде көп тұра алмады. Ыстық күн, жолсыз шөл дала,
ержүрек сақтардың тынымсыз шабуылы, Александр Македонскийдің сырқаттанып
қалуы гректерді қашуға мəжбүр етті. Олар Сыр бойындағы “Шеткі Александрді”
тастап, Самарқанд қаласына шегінді. Сөйтіп, Сырдария сыртындағы сақ тайпалары
грек басқыншылығына қарсы күресте өз тəуелсіздігін сақтап қалды.
Александр Македонский б.з.б. 323 жылы сүзектен қайтыс болды. Ол өлгеннен
кейін, оның ұлан-байтақ империясы ыдырай бастады. Өйткені ол берік
экономикалық жəне саяси байланыс бірлігі жоқ əр түрлі тайпалар мен халықтардан
құрылған мемлекет еді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Б.з.б. ҮІІ-ІҮғғ. Қазақстан жеріндегі құдыретті тайпалық бірлестік қалай аталды?
2. Сақтарды “Азиялық скифтер” деп атаған кімдер?
3. Иранның алғашқы мəліметттерінде сақтарды қалай атаған?
4. Үнділер сақтарды қалай атаған?
5. Дарийдің Бехистун жазбаларында сақтардың неше түрі аталады?
6. Сақтарға қарсы соғыста жеңіліп, өлтірілген парсы патшасы кім?
7. Парсы патшасы Дарий қай жылы сақтарға қарсы жорық жасап, оларды өзіне
бағындырды?
8. Қай ғасырда Александр Македонский сақтармен соғысты?
Дəріс №10
Тақырыптың атауы: Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері.
Дəрістің мақсаты:Студенттерге Тасмола, Ұлыбай-Тасмола мəдениеттері, олардың
тарихи шеңберлері, ескеркіштері, жерлеу ғұрпының, инвентарының ерекшеліктері
туралы мəліметтер беру.
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Орталық Қазақстан. 2. Батыс жəне
Солтүстік Қазақстан.
Орталық Қазақстан ЕТД.
Орталық Қазақстанның ерте темір дəуірінің
ескерткіштері негізінен обалы қорымдар түрінде сақталған. Олардың үлкендерінің
диаметрі 20 метрден, биіктігі бір жарым метрден асады. Көпшілік обалардың ені 6
метрден 13 метрге дейін, ал биіктігі 25 сантиметрден 1 метрге дейін болып келеді.
Сонымен қатар, Орталық Қазақстанның осы дəуіріне тəн ескерткіштерге “мұртты”
обалар жатады.
Сарыарқаның ерте темір дəуірі ескерткіштері тасмола мəдениеті деген атпен
белгілі. Бұл мəдениеттің алғашқы ескерткіштері Павлодар облысының Екібастұз
ауданындағы Тасмола өңірінен табылды. Сондықтан да Орталық Қазақстанның осы
ескерткішке ұқсас басқа да жерлеу орындары кейін тасмола мəдениеті деп аталды.
Тасмола мəдениеті ескерткіштерінің басты ерекшелігі-“мұртты” обалар екі
жерлеу орнынан тұрады. Əдетте, бұл бір-бірінен 2-5 метр қашық жатқан тас пен
топырақтан үйілген орташа обалар. Обалар не қатар, не бірінен кейін бірі тізбектеле
орналасқан. Обалардан тура шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас доға
тəрізді екі тас құрылыс тартылған. Тастан салынған “мұрт” сияқты құрылыстың ені
50 сантиметрден 2 метрге дейін, ал ұзындағы 10 метрден 30-40 метрге дейін
созылады.
Орталық Қазақстанда “мұртты” обалардың төрт түрі кездеседі. Бірінші түрі-
үлкендеу қорғанның шығыс жағынан тағы бір кішілеу қорған салынған обалар.
Екінші түрінде –екі қорған оңтүстіктен солтүстікке қараған бағытта қатар
салынады. Содан соң екі қорғанның оңтүстік жəне солтүстік шегінен шығысқа
қарай мұрт сияқты тас құрылыс жүргізіледі. Үшінші түрінде, алдымен бір үлкендеу
қорған салынып, соның үстінен тағы бір кіші қорған тұрғызылады. Төртінші түрі
үшіншіге ұқсас, яғни бірінің үстінен бірі салынған екі қорғаннан тұрады.
Тасмола мəдениеті үш даму кезеңінен тұрады. Бірінші кезеңі б.з.б. ҮІІ-ҮІғғ.
қамтиды. Екінші кезеңі б.з.б. Ү-ІІІғғ., үшінші кезеңі б.з.б. ІІІ-Іғғ. аралыған қамтиды.
Солтүстік Қазақстан ЕТД.
Ерте темір дəуірінде Жайық-Ертіс өзендері
арасында сақ үлгісіндегі мəдениет қалыптаса бастады.
Ұлыбай-Тасмола мəдениеті өз дамуында үш хронологиялық кезеңнен өткен.
Бірінші кезең-б.з.б. ҮІІІ-ҮІІғғ., екінші кезең-б.з.б. ҮІ-Үғғ., үшінші кезең-б.з.б. ІҮ-
ІІғғ. қамтиды. Осы кезеңдердің ішінде ескерткіштері көп зерттелгені-бірінші кезең.
Сақтар заманының алғашқы кезеңінен бұл өңірде жақсы зерттелгендері
мынандай обалар: Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз. Бұл ескерткіштерден садақ
жебелері, жалпақ пышақтар, сыртында ілмешегі бар дөңгелек қола айналар, қыш
ыдыстар т.б. заттар табылды.
Екінші кезеңге жататын жерлеу ескерткіштеріне Сарғара, Бектеңіз, Ақшиат
обалары жатады. Бұл обаларға тəн заттар мыналар:үш қырлы, ұнғылы жебе ұшы,
сабының сағасында алқымы бар пышақтар, мүйіз тəріздес, алқымында көбелекке
ұқсаған ойығы бар қанжарлар, сыртында ұстайтын тұтқасы бар қола айналар.
Үшінші хронологиялық кезеңді қамтитын ескерткіштерге Бірлік-6, Бағанаты,
Өрнек обалар кешені, Бөркі, Ақтау қоныстары жатады. Бұл кезеңде кездесетін
жебелер бұрынғыдай емес, темірден жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |