Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат СӨЖ 45


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата03.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#6488
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.  «Қыпшақ» атауы ең бірінші қайда кездеседі? 
2.  ХІғ. ІІ ширегінің бас кезінде жазба деректерде бұрын аталып келген “Оғыздар 
даласының” орнына қандай атау пайда болады? 
3.  Қыпшақ этникалық қауымның қазақ территориясында даму жолы неше 
кезеңнен  тұрады? 
4.  Қыпшақтардың шығыс шекарасы? 
5.  Солтүстік-шығыс бетте қыпшақтар қандай халықпен мəдени-этникалық 
байланыста болды? 
6.  Солтүстік-батыста қыпшақтар қыпшақтар қандай халықпен мəдени-этникалық 
байланыста болды? 
 
Дəріс №26 
Тақырыптың атауы: Қыпшақ мемлекеті. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге қыпшақтар-салжұқтар, қыпшақтар-хорезмдіктер 
арасындағы шиеліністер, Жент, Сауран, Хорасан, Сығанақ қалалары үшін күрес, 
қоғамдық ұйымы жөнінде мəліметтер берді. 

Негізгі  сұрақтар  жəне  қысқаша  мазмұны:  1.Қыпшақтардың  өзара  саяси, 
əлеуметтік  қарым-қатынасы.  2.  Хорезм  мемлекетімен  жəне  орыс  княздықтарымен 
Дешті  Қыпшақтың  экономикалық,  əскери-саяси,  мəдени  жəне  қандастық 
байланыстары.  
Қыпшақ  қоғамы  əлеуметтік  жəне  жіктік  жағынан  да  тең  болмаған.  Мүліктік 
теңсіздіктің  негізі-малға  жеке  меншік  болып  табылады.  Негізгі байлық  жылқының 
саны  болған.  Жазба  деректер  хабарына  сүйенсек,  қыпшақтар  еліндегі  көптеген 
кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 
10 мыңға жеткен жəне одан да көп болған деседі. Жеке меншікті бұзған адам қатал 
жазаланған,  кəуділгі  құқықтың(төрелік  айту)  нормасы  олар  айыпталуға  тиіс  деп 
есептеген.  Қыпшақ  отбасының  меншігіндегі  малға  ру-тайпа  белгілері-таңбалар 
басылған. 
Қисапсыз  көп  малы  бар  ақсүйектер  жеке  меншігіне  заң  жолымен  бекітіп 
берлілмесе  де,  мал  жайылатын  өрістің  бəрін  меншіктенген.  Жайылымдарды  бөліп 
беруді, көші-қон мəселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері 
уысынан шығармаған. 
Қоғамның  қатардағы  мүшелерінің  басым  көпшілігі  еркін  де  ерікті  болған. 
Малдан  айырлғаннан  кейін,  ол  көшу-қону  мүмкіндігінен  де  айырылатын  болған, 
сөйтіп  отырықшылар-жатақтар  қатарына  қосылған.  Бірақ  жарлы  жатаққа  қайтадан 
мал  бітіп,  малы  көбейген  соң  ол  көшпелі  шаруашылық  аясына  қайта  барып,  еніп 
отырған. 
Соғыс  тұтқындары  есебінен  толықтырылып  жататын  құлдар-қыпшақ 
қоғамының  ешбір  құқығы  жоқ  тобы  болған.  Олар  көбінесе  сатылып  отырған, 
олардың тек бір бөлігі ғана шаруашылықта жалшы малай ретінде пайдаланылған. 
1065ж.  салжықтардың  билеушісі  Алып  Арсылан  қыпшақтарға  қарсы 
Маңғыстауға жорық жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент 
пен  Сауранға  жортуылға  шығады.  Осынау  соғыс  науқанынан  кейін  қыпшақ 
тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжықтарына тəуелді болып қалады. 
ХІғ.  соңғы  ширегінде  Маңғыстау  мен  Каспий  теңізінің  шығыс  жағалауында 
қыпшақтар  бұрынғыша  өз  өктемділігін  жүргізіп  тұрады,  оғыз  бен  түркмен 
тайпаларының  кейбір  топтары  оларға  саяси  жағынан  кіріптар  болады.  1096ж. 
“құдыретті”  хан  бастаған  қыпшақ  бірлестігінің  тайпалары  Хорезмге  қарсы  жорық 
ашады.  Бірақ,  хорезмшахтар  қамқоршысы  болып  келген  салжықтар  оларды 
Маңғыстауға қайтып кетуге күшпен көндіреді. 
ХІғ.  аяғы  мен  ХІІғ.  алғашқы  жартысында  Жент,  Янгикент,  төменгі 
Сырдарияның  т.б.  қалалары да  қыпшақ  көсемдерінің  қолына  қараған.  Алайда ХІІғ 
алғашқы  жартысында  осынау  қалалар  қыпшақ  хандары  мен  соларды  қайтсе  де 
басып  алғысы  келгенОрта  Азияның  мұсылмандық  əулеттері  арасында  қиян-кескі 
күрес жүрді. Ислам дінін таратуды ту қылып көтерген Хорезм шахы Атсыз Жентті 
жаулап  алады,  сосын  солтүстікке  қарай  бет  алып,  өз  қарауына  Маңғыстауды  да 
қосады. 
1133ж.  Жент  қаласынан  Дешті  Қыпшақ  даласына  тереңдеп  жорық  жасаған 
Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді.  

ХІІғ.  екінші  жартысынан  əсіресе  Текеш(1172-1200жж.)  билеген  дəуірден 
бастап,  Хорезм  ақсүйектерімен  жақындаса  түсуді  мақсат  еткен  арнаулы  саясат 
жүргізеді. 
Бүкіл  мұсылман  Азиясы  ішінде  бірінші  орын  алуға  ұмтылған  Хорезмшах 
Мұхаммед(1200-1220жж.)  мемлекеті  құрамына  ХІІІғ.  бас  кезінде  Сығанақ  облысы 
да  кіреді.  Сығанақ  иелігінен  айырылып  қалғанына  қарамастан,  қыпшақ  хандары 
Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке 
қарай  Мұхаммед  Хорезмшах  бірнеше  рет  жорық  жасайды.  1216ж.  Қадырханға 
қарсы  аттанған  əскери  жорықтарының  бірінде  ол  Ырғызға  дейін  жетіп,  Торғай 
даласында  қыпшақтар  еліне  қашып  кірген  меркіттерді  қуалап  келе  жатқан 
Шыңғысхан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады.     
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.  Қыпшақтарда мүліктік теңсіздіктің негізі-жеке меншік неге болды? 
2.  Қыпшақтарда негізгі байлық не болды? 
3.  Қыпшақтар қоғамында ешбір құқығы болмаған тобы? 
4.  1065ж.  қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға кім жорық жасайды? 
5.  1133ж. Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жасаған Атсыздың 
жорығының нəтижесі?  
 
 
Дəріс №27 
Тақырыптың атауы: Алғашқы жəне дамыған ортағасырлық мемлекеттердегі 
мəдени даму. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге қазақтың тұрғын үйі, ұлттық киімі, ұлттық тағамы, 
дəстүрі жөнінде мəлімет беру арқылы ұлттық құндылықты қадірлеуге үйрету. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Көшпелі жəне отырықшы 
мəдениеттердің өзара əсері2. Көшпелілердің материалдық мəдениеті. 
ХҮ-ХҮІІғғ.  Қазақтың  дамыған  ұлттық  мəдениеті  болды.  Материалдық 
ескерткіштер Қазақстанда мəдени дамудың біркелкі болғандығын көрсетеді. 
Отырықшы жəне жартылай отырықшы тайпалар Сырдария бойы мен Қаратауға 
орын тепті, ірі қолөнер жəне сауда орталықтары-Сығанақ, Сауран, Түркістан болды. 
Феодалдық  соғыстардың  жиі  тұтануы  өндіргіш  күштердің  дамуына,  мəдениеттің 
өркендеуіне үлкен кедергі жасады.  
Үй, киім жəне тамақ. Қазақстан аумағында тұратын халықтарда тұрғын үйдің 
екі  түрі  болды.  Жазды  күндері  тасымалы  жеңіл  киіз  үйлерде  тұрса,  қыстүгіні  жер 
үйде-шымнан,  балшықтан  немесе  тастан  салынған  жылы  кəдімгі  киіз  үй,  екіншісі 
дөңгелек үстіне орнатылған жылжымалы үй-күйме еді. 
Киіз  үй-жайылымнан-жайылымға  көшіп  отыру  жағдайында  қолайлы  жеңіл 
құрама үй.  Бұл  үш  бөлімнен  тұрады,  қабырғасын-кереге  деп  атады.  Одан  жоғарғы 
құрама  бөлігі-уықтар,  ең  жоғарғы  түйісу  тұсы-шаңырақ  деп  аталды.  Кереге 
сыртынан тоқылған ши ұсталды. Үйді жауып тұратын киіздер-туырлық, үзік, түндік 
деп аталды. Түндік шаңыраққа жабылды. 
Қазақтардың қыстүгіні тұратын жер үйлері шымнан, балшықтан немесе тастан 
салынды.  Бұдан басқа  солтүстікте  тұратындары  ағаштан  да  үйлер  салды.  Қазақтар 
тұрғын  үйдің  сыртын  төрт  бұрышты  дуалмен  қоршайтын  болған.  Оны  саз 

балшықтан,  шымнан  немесе  тастан  қалап  көтерген.  Солтүстікте  мұндай  дуал 
шарбақтан жасалды, оңтүстікте қамысты да пайдаланды. 
Сол  замандағы  қазақ  мəдениетінің  кейбір  өзіндік  ерекшеліктері  киім 
түрлерінен  де  жақсы  көрінді.  Қазақтар  жазғұтырым  көбінесе  көйлек  сыртынан 
бешпент,  камзол  немесе  шапан  киді.  Қыстыгүні  қойдың  немесе  түйенің 
жабағасынан қалың матамен тыстап, кең тігілген күпі немесе шидем  шекпен, тон, 
құлын терісінен тігілген жағалы жарғақ шекпен, қой терісінен түгін ішіне қаратып 
тіккен шалбар киді. 
Ұлттық  тағамдар.  Мал  шаруашылығымен  шұғылданған  қазақтардың  басты 
ұлттық  тағамдары-ет,  сүт,  май,  қымыз,  шұбат,  т.б.  мал  өнімдері  болды.  Жылқы 
етінен  қазы,  қарта,  жал-жая,  шұжық  даярланды.  Отырықшы  қазақ  халқы  егін  егіп, 
бидай, күріш, тары, жүгері өнімдерінің түрлі ас даярлай білді.  
Қазақтар  жылқы  сүтінен-қымыз,  сиыр  мен  қой  сүтінен-айран,  қатық,түйе 
сүтінен-шұбат жасады.  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.  Қазақтардың тұрғын үйі? 
2.  Киіз үйдің құрылысы? 
3.  Қазақтардың ұлттық киімдері? 
4.  Қазақтардың ұлттық тағамдары? 
5.  Қазақтардың діни наым-сенімдері? 
 
Дəріс №28 
Тақырыптың атауы: Оратағасырлық қала мəдениетінің дамуы. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге ҮІ-ХІІІғғ. қалалардың саяси, экономикалық, 
мəдени қызметтері жөнінде мəліметтер беру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.YI ғ. мен IX ғ.  I- ші жартысындағы 
қалалар мен мекендер. 2.  IX ғ.  II-ші жартысы мен XIII ғ. басындағы қалалар мен 
елді – мекендер. 
ҮІ-ҮІІІғғ.  қалалардың  басты  міндеті  əкімшілік  орталығы  болу  еді,  ал  сауда, 
қолөнер қызметі екінші орында тұрды. Бұл жөнінде біз жазба деректерден білеміз. 
Деректер  əр  қаланың  тəуелсіз  өмір  сүргендігін,  əрқайсысының  дербес  өз 
билеушілері  болғандығын  мəлімдейді.  Мысалы,  ҮІІІғ.б.  Сырдарияның  бойындағы 
Отырартөбеде орналасқан Фараб аймағының жеке өз “патшасы” болған. 
Аймақтағы 
қалалар 
бір-бірінен 
өзгеше 
дамыған. 
Қала 
мəдениеті 
қалыптасуының  екі  түрі  белгілі.  Оңтүстік  Қазақстандағы  отырықшы-егіншілік 
мəдениеттің сақтар мен қаңлылар заманынан бастау алатын ежелгі дəстүрлері бар.  
ҮІІ-ҮІІІғғ.  бұл  жерде  ежелгі  дəстүрлер  мен  шет  жерлік  жаңалықтары  тамаша 
үйлестірген  қала  мəдениеті  қалыптасты.  Оңтүстік  Қазақстанға  тəн  қаланың 
дөңгелете  салынуы  ортағасырлық  қалалар  ежелгі  қоныстардың  дөңгелек  жобасын 
сақтап қалғандығын білдіреді.  
Сондай-ақ Соғды қалалалық мəдениетінің жаңа элементтері таралып, Оңтүстік 
Қазақстандағы ерте ортағасырлық қалалық мəдениетті байыта түсті.  
Оңтүстік-Батыс  Жетісуда  қала  құрылымының  басқаша  түрлері  байқалады. 
Мұнда  Қазақстанның  оңтүстігіндей  дамыған  отырықшылық  жəне  егіншлік 
дəстүрлері  болған  жоқ.    Бұл  арадан  Ұлы  Жібек  жолының  өтуі  қалалық  жəне 

отырықшы-егіншілік  мəденеттің  дамуында  маңызды  рөл  атқарды.  Алайда  бұл 
жерде  қалалар  орнауының  басты  себебі  сауда  болғанымен,  ол  қалалардың 
əкімшілік,  қолөнер  жəне  ауылшаруашылық  қызметтерінің  өркендеуіне  кедергі 
болған жоқ. 
ІХ-ХІІІғғ.  Орта  Азияда  қала  мəдениетінің  өрлеу  кезеңі  болды.  Қалалар  саны 
арта  түсті,  олардың  көлемі  кеңейді,  қолөнер  мен  сауда  өркендеді.    Осындай 
құбылыс  Қазақстанда  да  жүріп  жатты.  Жетісудың  солтүстік-шығысында  қалалық 
мəдениеттің  жаңа  үшінші  ауданы  пайда  болды.  Бұл  аймақта  ҮІІІғ.  пайда  болған 
қалалардың  көлемі  ІХ-ХІІғғ.  айналасынан  жаңа  рабадтар  салынуы  есебінен  ұлғая 
түсті,  орталықтағы  ескі  үйлердің  орнына  жаңа  құрылыстар  салынып,  бұл  қалалар 
ірілене  түсті.  Əуелде  олар  ірі  шонжарлардың  тұрағы  əрі  қатер  төнген  кезде  бас 
сауғалайтын қамалы ретінде салынды. Мұнда рудың беделді, бай адамдары тұрды. 
Кейін қолөнер мен сауда өркендеді, қарапайым халық көшіп келе бастады. 
ІХ-ХІІғғ.  қалалар  халықаралық  жəне  жергілікті  сауданың  орталығы  болды. 
Қала  мен  даланың  арасындағы  сауда  қызу  жүрді.  Испиджаб,  Отырар,  Йасы,  Тараз 
жəне  Баласағұн  қалаларында  теңге  сарайлары  жұмыс  істеді.  Қала  халқы  арасында 
ислам діні тарала бастады.    
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. ҮІ-ІХғғ. қалалық мəдениет қай жерде өркендеген? 
2. ҮІІ-ҮІІІғғ. қалалардың басты міндеті не болды? 
3. ҮІІ-ҮІІІғғ. қалалардың екінші орында тұрған міндеті? 
 4. Қала мəдениеті қалыптасуының түрлерін ата? 
5. ІХғ. ІІ жартысы-ХІІІғ.б. қалалық мəдениеттің жаңа үшінші ауданы пайда болған 
аймақ? 
6. Ерте ортағасырлық Қазақстан  қалаларының ішінен адам санының көптігі 
жөнінен бірінші орын алатын қай қала? 
7. “Цитадель” деген не? 
8. “Рабад” деген не? 
 
Дəріс №29 
Тақырыптың атауы: Тіл жəне жазу, əдебиет, дін. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге көне түрік ескерткіштерін мазмұны мен зерттелу 
барысы, түрік халықтарының əдеби шығармаларының маңызы, Қазақстанда көне 
заманда тараған  дін тармақтары туралы мəліметтер беру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Көне түрік жазба ескерткіштері жəне 
оның маңызы. 2. «Құтаду білік» - түрік халықтарының зайырлы əдебиетінің тұңғыш 
ескерткіші. 3. Махмуд Қашғари жəне оның «Диуан лұғат ат -түрік» еңбегі. 4. Діни 
наным-сенімдер. Тəңірге табыну. Исламның таралуы.  
Түріктер өзге мемлекеттермен елшілік қатынастарда ресми қағаздарды кеңінен 
қолданған.  Түріктердің  жазуы  туралы  алғашқы  деректі  Менандр  Протектор 
қалдырған.  Византия  императоры  І  Юстиннің  түрік  елшісі  Маниахты  қабылдауын 
суреттей отырып, Менандр қағанның “скиф жазуымен” хат жолдағанын айта кетеді. 
Ежелгі  түрік  жазуының  ең  белгілі  ескерткіштері  деп  Солтүстік  Монғолиядан, 
Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынан табылған тастағы жазуларды айтамыз. 

Əріпті жазуды ойлап табу идеясын жəне ежелгі түрік руна алфавитінің негізіне 
алынған  оның  үлгісін  түріктер  өздерінің  батыстағы  көршілері–арамей  жазуының 
алфавитін  пайдаланатын  Орта  Азиядағы  иран  тілдес  тайпалардан  немесе  ең 
сенімдісі, соғды алфавитінен қабылдап алған. Түрік тіліне бейімделген кезде соғды 
алфавиті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. 
ҮІ-Хғғ. Қазақстанда руна жазуымен қатар соғды жазуы да кеңінен қолданылды. 
Соғды тілінің таралуына сол тілде жазылған діни кітаптар көп əсер етті. 
Қалалардағы біраз халық сондай-ақ сирия мен ұйғыр алфавитін пайдаланды. 
ІХ-ХІІғғ.  Исламның  таралуына  байланысты  араб  тілі  кеңінен  қолданыла 
бастады.  Əдеби  жəне  ғылыми  шығармалар  араб  тілінде  жазылды.  Шығыстың 
атақты  ғалымы  Əбу  Насыр  əл-Фараби  (870-950жж.)  арабша  жазды.  Ол 
Фараб(Отырар) қаласында туған. 
Əл-Фараби  ғылымда  теориялық(логика,  жаратылыстану,  математика)  жəне 
практикалық  (этика,  саясат)  деп  бөлді.  Ол  өз  еңбектерінде  адам  сезім  жəне  ақыл 
арқылы əлемді, оның мəн-мазмұнын тани алатынын дəлелдеді. 
ХІғ.  сол  кездегі  аса  маңызды  тарихи  жəне  əдеби  шығармалардың  бірі-Жүсіп 
Баласағұнның  “Құтты  білік”  дастаны  жазылды.  Онда  ақын  өмір  сүрген  орта 
шындығы, белгілі бір əлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымдары 
берілген, ХІғ. түркі əдебиетінің жазу тілінің үлгілері көрініс тапқан.   
Ыстықкөл  жағасындағы  Барысхан  қаласынан  шыққан  Махмұд  Қашғари  ұзақ 
уақыт  саяхаттан  кейін  1074ж.  “Диуани  лұғат  ат-түрікті”  құрастырды.  Автор  бұл 
еңбегімен  тілтану  ғылымына  үлкен  үлес  қосты.  Бұл  шығарма  түркі  тілдес 
халықтардың тұрмыс- тіршілігі, əдет-ғұрпы жəне тілі туралы, сондай-ақ сол кездегі 
тіршіліктану  ғылымы  жайлы  ұғым  беретін  теңдесі  жоқ  тарихи  ескерткіш  болып 
табылады. 
ХІІғ. Йасы(Түркістан) қаласында туған Қожа Ахмет Йассауи атақты ойшыл əрі 
ақын  болған.  Ол  Қазақстан  жеріне  мұсылман  дінін  таратуға  ат  салысқан,  кейін 
ХІҮғ.  оның  моласының  басына  Ақсақ  Темірдің  пəрменімен  зəулім  кесене 
тұрғызылды.  Ахмет  Йассауи  түрік  тілінде  “Диуани  Хикмет”  өлеңдер  жинағын 
шығарған. Онда жаратушыға мадақ, көнбістік жəне тақуалық насихатталып, мəдени 
жəне этнологиялық көптеген мағлұматтар беріледі. 
Ерте ортағасырлық түркі тайпалары пұтқа табынған. Олар Көкке(Тəңірі) жəне 
Жер  мен  Суға(Иер-Су)  табынған.  Қағандар  жеңіске  жеткен  жəне  жеңіліске 
ұшыраған. 
Маңызы  жағынан  екінші  орында  Ұмай  құдай-ана  тұрады.  Ол  ошақ  пен 
балалардың қамқоршысы. Қасиетті тауларға табыну да кеңінен таралған. 
Түріктер өлгендерді ежелгі шаман дəстүрімен жерленген. 
ІХ-ХІғғ. Қазақстан халқы арасында өз сенім-нанымдарымен қатар зороастризм, 
буддизм,  манихейлік,  христинадық  сияқты  дүниежүзілік  дін  жүйелері  кеңінен 
таралған.  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. “Құтаду білік” еңбегінің авторы? 
2. Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректі қалдырған кім? 
3. Ежелгі түрік руна алфавиті негізін қандай алфавиттен алды? 

4 Жүсіп – Баласағұнның “Қалай бақытты болу жайындағы ғылым ” атты дастаны 
қашан жазылды? 
5. Қожа Ахмет Яссауи қай қалада дүниеге келген жəне оның атақты еңбегі? 
6. Орта Азия мен Қазақстандағы мұсылмандар дəріптейтін қасиетті тұлғалардың 
арасындағы ең көрнектісі кім? 
7. Түріктерде маңызы жағынан екінші орында тұрған құдай? 
8. Қазақстанда поэзиялық сопылық бағытын кім дамытты? 
 
Дəріс №30 
Тақырыптың атауы: Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге Ұлы Жібек жолының бағыттары, Ұлы Жібек 
жолының бойында өсіп шыққан қалалар, Ұлы Жібек жолдындағы мəдениеттердің 
өзара ықпалы жөнінде мəліметтер беру. 
Тірек сөздер:Ұлы Жібек жолы, жібек, халықаралық сауда. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. 
2. Ұлы Жібек жолындағы мəдениеттердің өзара ықпалы мен бірін-бірі байытуы. 
Шаштан  шыққан  жол  Тұрбат  асуынан  асып  Испиджабқа  барады.  Ал 
Испиджабтың  сауда  адамдары  Бағдат  қаласында  Мерв,  Бұхар,  Балх  жəне  Хорезм 
көпестерімен  қатар  өз  сауда  орныдарын  ашқан.    Испиджабтан  шыққан  керуендер 
шығысқа  қарай  Шараб,  Будухкет,  Керуен-Сарай,  Тамтадж,  Абардадж  қалалары 
арқылы  Таразға  беттеген.  Олар  құлдарды,  боялмаған  мата,  қару-жарақ,  мыс  пен 
темір тасыды. 
Талас  жазығында  кездесетін  ең  алғашқы  ірі  қала  Жамукет,  содан  кейін  барып 
керуен Таразға жетеді. Тараз ҮІ ғасырдан белгілі ежелгі қала. Нақ осы қалада 568ж. 
түрік  қағаны  Дизабұл.  Византиядағы  ІІ  Юстиннің  Земарх  бастаған  елшілігін 
қабылдап,  Иранға  қарсы  əскери  одақ  құру  жəне  жібек  саудасына  байланысты 
мəселелерді қараған. 
Талас  аңғары  мен  Таразға  керуендер  Ферғана  аңғарынан  Шайтал  жотасындағы 
Шапаш асуы жəне Талас Алатауындағы Қарабура асулары арқылы да келіп тұрды. 
Бұл жол тармақтарын Жібек жолының  “ферғаналық” жəне “жетісулық” бағыттары 
байланыстырды.  
Тараздан əрі жол шығысқа қарай шөл даламен Құлан қаласына жеткізеді. Тараз 
бен  Құланның  арасындағы  жер  қарлұқтар  иелігінде  болды.  Бұл  екі  арада  жол 
Касрибас, Кулшуб жəне Жұлшуб қалаларын басып өтеді.  
Жұлдан шыққан жол Сарыгқа, одан кейін “түрік қағанының қаласы” Кирмирауға 
апарады. 
Кирмурадан кейін жол Жетісудағы ірі қалалардың бірі Науабетке жеткізеді. Бұл 
жаңа  қала  дегенді  білдіреді.  Науакеттен  кейін  жол  Жетісудағы  ірі  қала  Суябқа 
əкеледі.  Суябтан  кейін  Жібек  жолы  Ыстықкөлдің  бірде  солтүстік,  бірде  оңтүстік 
жағалауын  бойлай  жүрді.  Бұл  екі  тармақ  жол  Бедел  асуында  қосылады  да,  одан 
асып барып Жібек жолы Қашқар мен Ақсуға жетеді. 
Ыстықкөл  қазаншұңқырында  Санташ  асуынан  жəне  Қарқара  өзені  аңғарынан 
өткен жол Іле аңғарына келеді, Іленің оң жағалауымен Өсек жəне Қорғас өзендері 
аңғарынан  өтіп  Алмалыққа,  одан  Такла-Макан  шөлінің  солтүстік  жиегімен,  Хами 
жəне Тұрапн жазиралары арқылы Дуньхуан мен Қытайға жетеді. 

Жібек  жолының  қазақстандық  бөлігіндегі  тірек  нүктелерінің  бірі-Испиджаб 
қаласы. 
Испиджабтан  шыққан  керуен  Арыс  өзеніндегі  Арсубаникетке,  Отырарға  тоқтап 
одан  əрі  Сырдарияны  бойлап  Арал  маңына  беттейді.  Сырдарияны  бойлай  жүретін 
керуен жолындағы ең ірі қалалар-Отырар мен Шауғар. 
Шауғардан  шыққан  жол  оғыздардың  астанасы  Жаңакент  қаласына,  одан  əрі 
Қызылқұм арқылы Хорезмге барды. 
Шауғардан  кейінірек  Йасыда  Тұрпан  асуы  арқылы  жол  Қаратаудан  солтүстік 
баурайына  шығып,  Сырдарияны  бойлай  созылып  жатқан  жолмен  түзу  параллель 
жасай жүріп отырды. Бұл жол ХІІІ-ХІҮғғ. қызу қозғалысқа толы болды.  
Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  арқылы  өткен  негізгі Жібек  жолынан  солтүстік 
пен  шығыс  Қазақстанға  да  тармақтар  шығады.  Олар  Орталық  жəне  Шығыс 
Қазақстандағы  Дешті  Қыпшақ,  кейіннен  Сарыарқа  аталған  далаға,  Ертіс 
жағалауына,  Алтай  мен  Молнғолияға  апарды.  Бұл  жерде  атты  көшпелілер  салған 
Дала жолы болатын. 
Отырардан  шыққан  жол  Арсубаникент  қаласын,  Арыстанды,  Шаян  өзендері 
аңғарын,  Қаратаудан  аласа  жоталарын  басып  өтіп,  Шауғар  мен  Йасыдан  шыққан 
жол  Тұрпан  асуы  арқылы,  Сауран  мен  Сығанақтан,  Янгикенттен  шыққан  жолдар 
Орталық  Қазақстан  далаларына  жетіп,  Сарысу  мен  Кеңгір,  Торғай  мен  Есіл 
жағалауларын жалғастырған. 
Янгикенттен  шыққан  жол  солтүстік-шығысқа  беттеп,  Білеуті  өзенін  жағалай 
Қоңырат  пен  Қарсақпайға  əкелді.  Орталық  Қазақстанға  əкелетін  сондай-ақ 
Отырардан  шығып  Шауғар  мен  Ақсүмдегі  Торғай  асуы  арқылы  Сарысу  сағасына, 
одан əрі Ұлытау өзенін өрлеп барып Есіл мен Ертіс өзендеріне кететін Сарысу жолы 
болды. 
Жібек  жолы  əуелде  Қытай  жібегін  батыс  елдеріне  тасу  үшін  салынған.  Ал 
шығысқа  Римнен,  Византиядан,  Үндістан,  Иран,  Араб  халифаттарынан,  кейінірек 
Еуропа  мен  Русьтен  осы  елдерде  өндірілетін  тауарлар  тасылды.  Осынау 
таңғажайып,  жат  жерлік  тауарлардың  тізімі  шексіз  мол.  Бұлар-хош  иісті  дəрілік 
шөптер,  кілемдер  мен  маталар,  бояғыш  заттар  мен  минералдық  шикізаттар, 
алмаздар мен яшма, янтар мен маржандар, піл сүйегі, алтын мен күміс құймалары, 
аң  терілері  мен  тенгелер,  садақ  пен  жебелер,  семсер  мен  найзалар  т.б.  көптеген 
заттар. 
Жібек  жолымен  сатуға  таза  қанды  Ферғана,  араб  сəйгүліктері,  түйелер,  пілдер, 
мүйізтұмсық пен арыстандар, сілеусін мен қарақұйрықтар, қаршыға мен бүркіттер, 
тауыстар мен тотықұстар, түйеқұстар əкелінді. 
Жібек жолы арқылы екпе өсімдіктер: жүзім, шабдалы мен қауын, дəм-татымдық 
шөптер мен қант, көкөкністер мен жемістер таралды.  
Алайда  саудадағы  басты  тауар  жібек  болды.  Жібек  алтын  сияқты  халықаралық 
валютаға  айналды,  оны  патшалар  мен  елшілерге  сыйлық  ретінде  ұсынды, 
жалдамалы əскер ақысына жəне мемлекеттік борышты өтеуге пайдаланды. 
Ұлы  Жібек  жолындағы  мəдениеттердің  өзара  ықпалы  мен  бірін-бірі  байытты. 
Орта ғасырлардың басында Азияда кең-байтақ аймақтар мен елдерді қамтитын төрт 
“дүниежүзілік  патшалық”  болды  деген  тұжырым  бар.  Бұлар  Ганг  бойындағы 
Канауджа  қаласы  орталығы  болған  үнді  билеушілерінің  патшалығы-пілдер 

патшасы, батыстағы  құнды байлықтар  патшасы(Иран  мен  Византия),  солтүстіктегі 
жылқы  патшасы(Түрік  қағанаты),  шығыстағы  адамдар  патшасы  (Қытай) 
империялары.  Бұл  тұжырым  Самрқан  төңірегіндегі  Кушания  елді  мекеніндегі 
құрылыстың  қабырғасына  салынған  суреттерден  байқалды,  мұнда  қытай 
императорлары,  түрік  хандары  мен  үнді  брахмандары,  үшіншісінде-парсы 
патшалары мен рим императорлары бейнеленген. 
Талас  аңғарындағы  Жамукетке  ұқсас  Қостөбе  жұртын  қазғанда  ашылған  діни 
үйдің  қабырғасы(ҮІІІ-ІХғғ.)  қалың  сылаққа  ойып  салынған  суреттермен 
əшекейленген.  Ою  мəнері,  өрнектің  кейбір  элементтері,  стилі  Афрасиаб  пен 
Варахши,  Самгарр  мен  Фустани  сарайларының  қабырғарларының  əшекейлеріне 
ұқсас. Бұл Бағдат шеберлерінің өнері мен Бағдаттың астаналық стильдік сəні Жібек 
жолы арқылы таралып, мұсылман елдеріне берік орныққандығын көрсетеді. 
Жібек жолы арқылы заттар, мəдени үлгілер мен қолданбалы өнер, сəулет өнері, 
қабырға суреті мəдениетімен қатар Батыс пен Шығыс елдері арасында саз жəне би 
өнері,  түрлі  ойын-сауық  түрлері  де  таралды.  Өнер  иелерін  Греция  басилевсі, Киев 
князі, Түрік қағаны, Қытай императоры тамашалады.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет