Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат СӨЖ 45



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата03.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#6488
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дəріс №13 
Тақырыптың атауы: Қаңлы мемлекеті. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге қаңлы туралы жазба деректер негізінде орналасу 
мекені, саяси тарихы, археологиялық ескерткіштері туралы мəліметтер беру. 

Негізгі  сұрақтар  жəне  қысқаша  мазмұны:  1.  Қаңлылардың  мемлекеттік 
құрылысы,  əскери  ұйымы.  2.  Мемлекеттегі  шаруашылық-экономикалық 
қатынастар, сауда. 
      Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырда “Кангют” деген атпен қытайға белгілі 
қаңлы  түрік  тұқымдас  тайпалар  да  өмір  сүрген.  Сырдария  жəне  Талас  өзендерінің 
бойында мекендеген қаңлылардың астанасы Битянь деген қала. Жаңа заман шегінде 
Кангюй  княздігінен  600  мың  адамның  120  мыңы  соғысқа  шығатын  жауынгерлер 
екен. Қаңлылар үйсіндер тарапынан қысым көріп, ғұндардың жəрдем сұрап, көмек 
алып отырған. Қаңлы тайпасы өзінің сауда, əскери жəне саяси қызметінде ешқашан 
шығысқа ұмтылған емес, өз байланыстарын олар батыс бағытта дамытқан. 
Қаңлы  тайпасының  қандай  кəсіппен  шұғылданғаны  жөнінде  мағлұмат  аз.  Бірақ 
оларда  мал  шаруашылығы  кеңінен  дамыған,  егіншілік  кəсібімен  айналысқан, 
қолөнер  ісінде  олар  алтын,  күміс  жəне  темірден  бұйым  жасауды  білген.  Үйсіндер 
мен  қаңлылар  Алтай,  Орта  Азия  жəне  Сібір  халықтарымен    саяси  жəне 
экономикалық  байланыс  жасап  тұрған.  Үйсіндер  мен  қаңлылардың  арасында 
табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни таным көп тараған. 
Олар  табиғаттан  тыс  құдіретті  күш  бар  деп  сеніп,  құрбан  шалған.  Сонымен  қатар 
олар күнге, айға, жұлдызға табынған. 
Бертін  келе  үйсіндер  мен  қаңлылардың  алғашқы  қауымдық  құрылысының 
ыдырай  бастағаны  байқалады,  қоғам  байлар  мен  кедейлерге,  еркін  жандар  мен 
құлдарға бөлінеді. Бай көсемдер тобы шұрайлы жайылымдарды пайдаланады, оны 
өзінің  меншігі  деп  есептеді.  Үйсіндер  мен  қаңлылардың  бай  қожайындары  өлсе, 
онда  олардың  құлдарын  да  өлтіріп  бірге  көметін  болған.  Мұның  өзі  сол  кезде 
қоғамның таптық жікке бөлінгенін айқын дəлелдейді. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Қаңлы тайпалық бірлестігінің территориясы? 
2.  Қаңлы тайпалық бірлестігінің астанасы болған қай қала? 
3.  Б.з.б. І ғ. Қандай тайпалар арасында қырқыстар басталған? 
4.  Қаңлы тайпалық бірлестігі қандай шаруашылық түрімен айналысты? 
 
Дəріс №14 
Тақырыптың атауы: Түрік қағанаты – Қазақстан тарихындағы алғашқы 
ортағасырлық мемлекет. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге түріктердің шығу тегі туралы қытай аңызының екі 
версиясын талқылай отырып, түрік-теле, түрік-авар, түрік-иран, түрік-византиялық 
қақтығыстар,  Түрік  қағанатының  құлауына  əсер  еткен  саяси-экономикалық 
себептер жөнінде мəліметтер беру. 
Негізгі  сұрақтар  жəне  қысқаша  мазмұны:  1.Түрік  этногенезі  туралы  деректер 
мен зерттеулер. 2. 552 ж. Түрік қағанатының құрылуы. Бумын қаған. 3. Мемлекеттің 
Мұқан  қаған  тұсында  Орталық  Азияда  саяси  үстемдікке  жетуі.  4.  Естеми  қаған 
тұсындағы  Батысқа  жорық.  Түріктердің  Византия,  Иран  жəне  Қытаймен  қарым-
қатынасы. 5. Қағанаттың əлсіреуі жəне екіге бөлінуі. 
Ү  ғасырға  қарай  Солтүстік  Монғолиядан  Орта  Азиядағы  Əмудария  өзенінің 
бойына  дейін  созылған  кең  байтақ  жердің  бəрін  тирек(телэ)  деген  жалпы  атпен 
бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі-түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш 

рет  542-ші  жылы  аталады.  Қытайдың  солтүстік  батысында  орналасқан  Вэй 
княздігіне  түріктер(туцюе)  жыл  сайын  шабуыл  жасап,  ойрандап  отырғандығы 
жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. 
552-шы жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды 
күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Бумын 
түрік  билеп-төстеушілердің  қағаны  деген  атағын  алады.  Бумын  553-ші  жылы 
қайтыс болады. 
Бумын  өлгеннен  кейін,  таққа  оның  інісі  Қара-Еске  отырады.  Ол  Орхонның 
жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер 
інісі  Еркінді-Мұқан  деген  атпен  қаған  болады.  Оның  ел  билеген  кезі  553-572 
жылдар.  Мұқанның  тұсында  аз  уақыт  ішінде  (553-554жж.)  түріктер  шығыста 
қайлар,  қидандар  жəне  оғыз-татар  тайпаларын,  солтүстікте  Енесей  қырғыздарын, 
Жетісу  жеріндегі  түргештерді  өздеріне  қаратты.  563-567жж.  Эфталит  патшалығын 
басып алды. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға 
жəне Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.  
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек 
жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы 
Византиямен  одақтасты.  571  жылы  түріктердің  əскери  қолбасшысы  Естеми 
Солтүстік  Кавказды  басып  алды,  сөйтіп  Керчь  түбегіне(Боспорға)  шықты.  Оның 
баласы  Түркісанаф  Керчті  басып  алып,  576-шы  жылы  Қырымға  шабуыл  жасады. 
Бірақ  Естеми  өлгеннен  кейін,  582-593жж.  бүлік  үшін  қырқыс  басталды.  Өзара 
қырқыс  пен  əлеуметтік  қайшылықтар  қағанатты  қатты  əлсіретті.  Күшейіп  алған 
Иран 588ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды 
қайтадан жаулап алады.  
Түріктер  Персия  арқылы  Византияға  жібек  жəне  басқа  заттар  өткізуге  рұқсат 
сұрап, 568 жылы Соғды көпесі Маниахтың басқаруымен елшілік жібереді. Осы елші 
Кавказ жері арқылы Константинопольге келіп, екі елдің арасында жібекпен тікелей 
сауда  жүргізу  туралы  жəне  олардың  бірігіп,  Сасанидтер  Иранына  қарсы  қимыл 
жасау жөнінде келіссөз жүргізеді.   
Түрік қағанатының ыдырау себептері: 
1.  581-588  жылдары  бұған  дейін  ыдыраңқы  күйде  болған  Қытай  жұрты  Суй 
династиясының  қол  астына  біріктірілді;  онда  жасалған  экономикалық  реформалар 
Қытайдың  экономикалық  жəне  əскери  қуатының  тез  өсуін  қамтамасыз  етті; 
нəтижесінде күшейіп, үздіксіз соққы беріп отырды; 
2.  581-583жж.  жұттың  болуы  жəне  үздіксіз  соғыстар  жүргізіп,  басып  алған 
жерлерінде  жеке  билік  орнатуға  ұмтылу  саясаты  қарапайым  көшпенді  халықты 
қалжыратты. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. “Ашина”, “түрік ” ұғымдарына түсініктеме беріңіз? 
2.561-563жж. түріктер кімдермен кімдерге қарсы одақ жасасты? 
3.Қай қаған тұсында Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті? 
4.568ж.  түрік  қағанаты  мен  Византия  империясы  арасында  қандай  келісімге  қол 
қойылды? 
 
Дəріс №15 

Тақырыптың атауы: Батыс Түрік қағанаты. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге Батыс Түрік қағанатының территориясы, 
этникалық құрамы-он оқ будун, саяяси тарихы туралы мəліметтер беру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Батыс Түрік қағанатының құрылуы. 
2. Қағанаттың экономикалық саяси өзегі. Он оқ будун. 3. Жеғұй қаған мен Тон 
жабғу қаған кезіндегі мемлекеттің күшеюі. 4. Дулу жəне нушиби тайпалық 
бірлестіктерінің  арасындағы күрес (640-657 ж.ж.). 5. Тан империясының 
басқыншылығына қарсы күрес жəне қағанаттың құлауы. 
Батыс  Түрік  қағанаты(603-704жж.)-қазіргі  Қазақстанның  территориясын, 
Жоңғария  жəне  Шығыс  Түркістанды  қамтиды.  Ал  Шығыс  Түрік  қағанаты 
Монғолияда орналасқан.  
Этникалық  құрамы:  он  оқ  будун-Шу  өзенінен  шығысқа  қарай бес  тайпа дулу, 
батысқа қарай нушиби жайлады.  
Жеғұй  қаған(610-618жж.)  жəне  оның  інісі  Тон-жабғу  қаған(618-630жж.) 
күшейді.  Мемлекеттің  шекарасын  Тоқарыстан  мен  Ауғанстанға  жорық  жасау 
арқылы  Үндістанның  солтүстік-батысына  дейін  кеңейтті.  Ал  Тон-жабғу 
қағандықтың  аумағын  кеңейту  жөнінде  саясатты  одан  əрі  жалғастырып,  əкімшілік 
орталығын  сол  кездегі  қолөнер  мен  сауданың  маңызды  орталығы  болған    Суяб 
қаласына  көшірілді,  ал  жазғы  қонысы-Мыңбұлақта  болды.  Жаңа  жорықтар 
қағанның  аумағын  Гиндикуш  пен  Амударияның  жоғарғы  ағысына  дейін  кеңейтті. 
Тянь-Шаньның  оңтүстігі,  Мауереннахрдағы,  Орта  Азия  жеріндегі  отырықшы 
аймақтар  мен  қалалар  Батыс  Түрік  қағандығына  тəуелді  болды.  Батыс  Түрік 
қағандығы  Византиямен  дипломатиялық  қатынас  орнатады.  Тон-жабғу  император 
Ираклидің  Кавказ  сыртына  627-628жж.  жасаған  жорығына  қатысып,  еншіге  Чоре 
мен  Тбилисиді  алады.  Қызы  Евдокияға  үйленді.  Осы  ұлан-ғайыр  аумақты 
мекендеген  түркі  тілдес  үйсін,  қаңлы,  қарлұқ,  оғыз,  қыпшақ  т.б.  тайпалар  Батыс 
Түрік қағандығының құрамына енді. 
Тон-жабғу 
билігінің 
диспотиялық 
сипаты 
күшейеді. 
Бұл 
тайпа 
басшылықтардың наразылығын күшейтеді. Қағанттың саяси өмірінің ішкі жағдайы 
шиеленіседі.  630-634жж.  қағанат  Мауереннахрдан  айырылады.  634ж.  нушиби 
өкілдері  Ышбыра  Елтеріш  Ширді  қаған  қылып  сайлайды.  Ол  реформа  жасайды. 
Жаңа  реформалар  тайпа  көсемдерін  қағанға  бағынышты  етіп  қояды.  Алайда 
қағандықтың  əскери-саяси  диктатурасы  тайпаларды  бағыныштылықта  ұстауға 
жеткіліксіз  болып  шығады.  638ж.  дулу  тайпасы  өздеріне  келген  шадтардың  бірін 
қаған сайлау дулу мен нушибилер арасында қантөгіс соғыстың тууына себеп болды. 
Осыдан кейін қағандық екіге бөлінді. Олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы 
өтті. 
  Мемлекет  ішкі  он  алты  жылға  созылған(640-657жж.)  соғыстардың 
нəтижесінде əлсіреді. Мұны пайдаланған Тан империясның əскері Жетісуды басып 
алады.  Қытайлармен  жүргізілген  соғыстардың  нəтижесінде  түргештер  жеңіске 
жетіп, саяси күшке айналды. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Батыс түрік қағанаты Түрік қағанатынан қашан бөлініп шықты? 
2. Батыс Түрік қағанатындағы Шу өзенінен шығысқа қарай бес тайпа ел қалай 
аталды? 

3. Батыс Түрік қағанатындағы Шу өзенінен батысқа қарай бес тайпа ел қалай 
аталды? 
5.  Батыс Түрік қағанатының астанасы? 
 
Дəріс №16 
Тақырыптың атауы: Түргеш қағанаты. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге түркеш қағанатының территориясы, этникалық 
тарихы, түркеш-араб, түркеш-қытай, қарлұқ-түркеш шиеліністері жөнінде 
мəліметтер беру.  
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1. Түргеш қағанаты – Батыс Түрік 
мемлекетінің заңды жалғасы. 2. Түргеш халқының Қытай жəне араб агрессиясына 
қарсы күресі. 3. Қарлұқ-түргеш шиеленісі. 
       Түркеш  қағанаты  704-756  жылдар  аралығында  өмір  сүрді.  Бұл  кезде  Жетісу 
аймағында  араб  басқыншыларына  қарсы  күрес  жүріп  жатқан  болатын.  Жетісуда 
Түркеш  қағанаты  билеушілерінің  негізін  қалаушы  Үшелік-қаған.  Оның  билік 
жүргізген  кезі-699-706  жылдар.  Ол  Жетісудан  Батыс  Түрік  билеушісі  Бөрішадты 
қуып, Ташкенттен Турфанға жəне Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның 
басты саяси орталығы-Шу өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа 
бөліп, олардың əр қайсысында 7 мыңнан əскер ұстады. 
705 жылы арабтар шабуыл жасап, Əмударияның шығысындағы Мауереннахрды 
жаулап  алуға  кірісті.  Хорасанды  билеуші  Күтеиб-ибн-Мүсілім  Балхы  жерін  басып 
алып,  Бұхараға  аттанады.  Осындай  қиын  кезеңде  түргештер  Соғды  еліне  көмекке 
келеді,  Күтеибке  тойтарыс  береді.  709  жылы  Күтеиб  Мауереннахрға  қайтадан 
жорық  ұйымдастырады.  Ол  Соғдиана  патшасы  Тархунды  алдап,  оны  түріктердің 
көмегінен бастартуға мəжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны басып алады. 
Түркеш  қағанатында  Үшелік  өлгеннен  кейін  билеуші  оның  баласы  Сақал-қаған 
болды.  Оның  ел  билеген  кезі  706-711  жылдар.  Бұл  кезде  елдің  ішкі  жəне  сыртқы 
жағдайы  өте  күрделі  еді,  бірлік  болмады.  Батыста  түркештер  соғдылармен  бірігіп 
арабтарға  қарсы  күрес  жүргізді.  Оңтүстіктен  оған  Қытайдың  Тан  империясы, 
шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс Түрік қағанаты 
Қапаған  Жоңғария  жерінде(Болучи  түбегінде)  түркештерге  соққы  беріп, 
Сырдариядан  өтті.  Бұл  кезде  арабтарға  қарсы  самархандықтар  мен  Орталық  Азия 
түріктері  көтерілді.  712-713  жылдары  арабтарға  қарсы  түріктер,  соғдылар,  Шаш 
қаласы  тұрғындары  жəне  ферғаналықтар  бірігіп  күш  көрсетті.  Мауереннахрдағы 
араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Кутеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы 
ол Исфиджабқа шабуыл ұйымдастырды. 
Көптеген  қиындықтардан  кейін  Түркеш  қағанаты  Сұлу  қағанның(715-738жж.) 
тұсында  қайта  күшейе  бастады.  Сұлу  екі  майданда:  Батыста  арабтарға  қарсы, 
шығыста  Тан  империясымен  күрес  жүргізді.  723  жылы  түркештер  Ферғана 
қарлұқтармен  жəне  Шаш  тұрғындарымен  бірігіп,  арбтарға  күйрете  соққы  берді. 
Дегенмен  732  жылы  өз  əскерлерін  біріктіріп,  түркештерді  қирата  жеңіп,  Бұхара 
қаласын  басып  алды.  737  жылы  Сұлу  арабтарға  қарсы  жорық  ұйымдастырып, 
Тохарстанға  дейін  жетті,  бірақ  кейін  жеңіліп  қалды.  Қайтып  келе  жатқанда,  оны 
өзінің əскери басшысы Баға-тархан өлтірді. 

Түркеш  мемлекеті  өз  ішіндегі  күрестің  нəтижесінде  едəуір  əлсіреді,  оның  осы 
жағдайын  Тан  империясы ұтымды пайдаланды.  Оның  Шығыс  Түркістан  жеріндегі 
билеушісі 748 жылы түркештердің басты қаласы Суябқа əскер жіберіп, оны басып 
алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның баласы арабтардан көмек сұрады. 
751  жылы  Тараздың  қасындағы  Атлах  қаласы  жанында  Зияд-ибн-Салых  бастаған 
араб  əскерлері  мен  Гао-Сяньчжи  басқарған  қытай  əскерлерінің  арасында  5  күнге 
созылған  қырғын  соғыс  жүрді.  Қытайлықтарға  қарсы  оның  тылындағы  қарлұқтар 
көтерілді.  Нəтижесінде  қытай  əскерлері  жеңіліске  ұшырады.  Олар  Жетісуды  ғана 
емес,  Шығыс  Түркістан  жерін  тастап  кетуге  мəжбүр  болды.  Сондай-ақ  арабтар 
Талас  жерін  қалдырып,  Шаш  қаласына  шегінде.  Бірақ  өз  ішінен  əлсіреген  Түркеш 
мемлекеті 756 жылы құлады. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Түркеш қағанаты қай жылдары өмір  сүрді? 
2. Түркеш қағанатының ең алғашқы қағаны? 
3. Түркеш қағанатының ұлы астанасы? 
4. Түркеш қағанатының кіші астанасы? 
6.  Батыста арабтардың жəне оңтүстікте қытайлардың агрессиялық 
басқыншылығынан елді құтқарған түркештердің билеушісі? 
7.  Түркештердің əлсіреу себептері? 
 
Дəріс №17 
Тақырыптың атауы: Қарлұқ мемлекеті. 
Дəрістің мақсаты:Студенттерге қарлұқтар туралы жазба деректерді талдай 
отырып, мемлекетінің құрылу барысы, саяси тарихы туралы мəліметтер беру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Қарлұқтар туралы жазба деректер 
жəне олардың шығу тегі. 2. Мемлекеттің құрылуы. 3. Қарлұқтардың сыртқы 
саясаты. 4. Қарлұқ мемлекетінің əлсіреуі жəне құлауы. 
ҮІІІ  ғасырдың  орта  кезінде  Қазақстан  жеріндегі  Түркеш  қағанатын  қарлұқтар 
талқандап  жеңіп,  оның  орнына  756  жылы  түркі  тілді  олардың  тайпалары  келіп 
орналасты.  Қарлұқтар  Батыс  Алтайдан  көшіп  келіп,  Жетісу  жерлерін  өздеріне 
қаратып басып алды. Қарлұқ тайпаларының əуелгі орналасқан аймағы-Батыс Алтай 
мен Тарбағатай арасындағы өлке. 
Жазба  деректерге  қарағанда,  Қарлұқ  туралы  алғашқы  деректер  “Суй  əулеті 
тарихында”  581-618  жылдары  кездеседі.  Онда  қарлұқтар  өздерінің  басты  руының 
атымен Ақтағ(Алтай) баурайларында мекендеген бұлақ деп аталған. 
Қарлұқ  тайпалары  ҮІІІ-Х  ғасырларда  Қазақстанның  Жоңғар  Алатауынан  бастап, 
Сырдарияның  орта  бойына  дейінгі  кең  байтақ  жерлердің  бəріне  де  қоныстанды. 
Олар  Балқаш  пен  Ыстықкөлдің  арасын,  Ыстықкөлдің  айналасын,  Іле,  Шу,  Талас 
аңғарларын, Тянь-Шаньнің баурайларын мекендеді. 
Қарлұқтардың  құрамына  үш  ірі  ру  бірлестіктері  кірді-бұлақ,  шігіл,  ташлық. 
Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы-Қойлық қаласы. 
Қарлұқтардың  бір  тобы  766-775  жылдары  Қашғарды  басып  алған,  ал  ҮІІІ 
ғасырдың  аяғында  олардың  екінші  бөлігі-Ферғанаға  өзінің  үстемдігін  жүргізіп 
отырған.  Қарлұқтар  көбінесе  ұйғырлармен  жəне  қырғыздармен  соғысып  тұрды. 
Олар  батыста  Мауереннахрдың  араб  жаулаушыларымен  жан  аямай  күреседі.  ІХ 

ғасырдың  бас  кезінде  қарлұқтар  арабтарға  қарсы  бағытталған  əртүрлі  қимыл-
əрекеттерді  белсене  қолдайды.  810  жылы  арабатар  қарлұқтарға  қарсы  шабуыл 
жасап,  Құлан(қазіргі  Луговой  станциясы)  қаласына  жетеді.  812  жылы  арабатар 
Отырарға  жорыққа  шығып,  қарлұқтар  қолын  қирата  жеңеді.  Олардың  жабғысы 
қимақ еліне қашып кетуге мəжбүр болған. 
840  жылы  Орталық  Азия  даласында  аса  маңызды  тарихи  оқиға  болады.  Енисей 
қырғыздарды Ұйғыр қағанатын жойып, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу 
ауданында  еріксіз  көшіреді.  Бұл  оқиғаны  Исфиджаб  билеушісі,  қарлұқ  жабғысы 
Білге  құл  Қадырхан  шебер  пайдаланады.  Ол  жабғысы  Білге  құл  Қадырхан  шебер 
пайдаланады.  Ол  жаңадан  қаған  атын  алып,  өзінің  жоғарғы  өкіметті  алуға  қақысы 
бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Бірақ осы жылы Орта Азия саманилері оған 
қарсы шығып, Исфиджабты басып алды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-
Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғандарымен 
ақырында  қала  құлап,  халқы  ислам  дінін  қабылдайды.  Оғұлшақ  өз  ордасын 
Тараздан  Қашқарға  көшіреді  де,  саманилерге  қарсы  соғыс  əрекеттерін  одан  əрі 
жүргізе берді. Бұған қоса Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп 
қоймай,  олардың  мемлекетіне  жорықтар  жасап  тұрды.  904  жылы  олар 
Мауереннахрға басып кіреді, бірақ біраздан кейін кетуге мəжбүр болады.    
Дегенмен Қарлұқ қағанаты өз қолына берік саяси-экономикалық байланыс орната 
алмады. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-
тартыс оның береке-құтын қашырды. Міне, осындай қиын жағдайда шын мəніндегі 
қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашқар жағынан келді. 940 жылы олар Баласағұнды 
басып алады да, қарлұқтар мемлекеті құлайды. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Қарлұқтар туралы алғашқы деректер қандай атпен белгілі жəне қай ғасырға 
жатады? 
2. Қарлұқтардың көсемдері қандай атаққа иеленген? 
3. Қарлұқ конфедериясына кірген тайпалар? 
4. Қарлұқ қағанының ордасының Тараздан Қашғарға көшірілуінің себебі неде? 
5. Қарлұқ қағанаты қай жылы, қандай себептерден құлады? 
 
Дəріс №18 
Тақырыптың атауы: Оғыз мемлекеті. 
Дəрістің мақсаты: Студенттерге түркештер байлығы үшін болған оғыз-қарлұқ 
қақтығыстары, оғыздардың Сырдария мен Арал өңіріне, Еділ-Жайық мекеніне 
қоныстанып, дербес мемлекет құруы жөнінде мəліметтер беру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Түрік қағанатының құрамындағы 
оғыздар. 2. Этникалық жəне тайпалық құрамы. 3. Оғыздардың Жетісуда 
қарлұқтармен күресі. 4.Оғыздардың кангар-печенег бірлестігін күйретуі жəне 
Сырдария мен Арал өңірін, Еділ - Жайықты қоныстанып дербес мемлекет құруы. 
ҮІІІғ. ортасында қарлұқтар мен түргештердің байлығына таласып жеңіліс тапқан 
оғыздар Жетісудан Шу өзенінің аңғары мен тау бөктеріне қарай қоныс аударды. ІХ 
ғасыр  басында  қарлұқтармен,  қимақтармен  одақтасып,  қанғар-печенег  бірлестігіне 
соққы  берген  оғыздар  Сырдарияның  төменгі  ағысы  мен  Арал  өңірін  басып  алады, 

ІХ ғасыр аяғы хазарлармен бірлесіп печенегтермен соғысу нəтижесінде Жайық пен 
Еділ өзендерінің аралығын өзіне қаратты.   
Этникалық құрамы: халаж, жағра, жарук, қарлұқ, имур, баяндур, қай тайпалары. 
М.Қашғаридің  жазуынша(ХІғ.)  жиырма  төрт  тайпа  болған  екі  фратрияға  бұзұқтар 
мен ұшықтарға бөлінген. 
Х ғасырда Батыс Хазарияға дейінгі Солтүстік Каспий маңы, Орталық, Оңтүстік-
шығыс  Қарақұм  жəне  Арал  маңындағы  Қызылқұм  Оғыз  даласы  деп  аталады.  Х 
ғасыр астанасы Янгикент қаласы болған. 965 жылы Киев князы Святославпен бірге 
Еуропа  мен  Азияны  жалғастыратын  Еділ  бойы,  Маңғыстау,  Үстірт  арқылы  өтетін 
сауда  магистральдары  үшін,  жайылым  үшін  маңызды  Дон  жəне  Қаратеңіз 
жазықтықтары  үшін  хазарларға  қарсы  одақ  құрды.  Хазар  қағанатын  талқандады. 
985 жылы князь Владимирмен бірігіп Еділ бұлғарларын талқандайды. Х-ХІ ғғ. Əли 
хан  кезінде  шектен  тыс  алым-салықнаразы  болған  сюбашылар  оғыз  көтерілісі 
болады. Оның мұрагері Шахмəлік тұсында 1041 жылы Хорезмді жаулап алды. Екі 
жылдан соң Шахмəлік селжұқтардың қолынан қаза табады. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Оғыздардың өмір сүрген уақыты? 
2. Оғыз этникалық қоғамдастығына кірген қандай тайпалар? 
3. Оғыздар екі əлеуметтік топқа бөлінді, қандай? 
4. Оғыз мемлекетінің негізгі территориясы? 
5. Оғыздар ІХғ. Аяғында хазарлармен бірігіп, кімдермен соғысу нəтижесінде Орал 
мен Еділ өзендерінің аралығын өзіне қаратты? 
 
Дəріс №19 
Тақырыптың атауы: Оғыз мемлекеті. 
Дəрістің мақсаты: Студенттерге 965ж., 985ж. болған оғыз-хазар, оғыз-Еділ 
бұлғарлары арасындағы қақтығыстар, оғыз мемлекетінің əлсіреуіне əкелген ішкі 
жəне сыртқы саяси факторлар жөнінде мəліметтер беру. 
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны: 1.Оғыз-хазар, оғыз-қыпшақ 
байланыстары. 2. Оғыз мемлекетінің əлсіреуі жəне құлауы. 
 ҮІІІғ.  ортасында  қарлұқтар  мен  түргештердің  байлығына  таласып  жеңіліс 
тапқан  оғыздар  Жетісудан  Шу  өзенінің  аңғары  мен  тау  бөктеріне  қарай  қоныс 
аударды. ІХ ғасыр басында қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег 
бірлестігіне  соққы  берген  оғыздар  Сырдарияның  төменгі  ағысы  мен  Арал  өңірін 
басып  алады,  ІХ  ғасыр  аяғы  хазарлармен  бірлесіп  печенегтермен  соғысу 
нəтижесінде Жайық пен Еділ өзендерінің аралығын өзіне қаратты.   
Этникалық құрамы: халаж, жағра, жарук, қарлұқ, имур, баяндур, қай тайпалары. 
М.Қашғаридің  жазуынша(ХІғ.)  жиырма  төрт  тайпа  болған  екі  фратрияға  бұзұқтар 
мен ұшықтарға бөлінген. 
Х ғасырда Батыс Хазарияға дейінгі Солтүстік Каспий маңы, Орталық, Оңтүстік-
шығыс  Қарақұм  жəне  Арал  маңындағы  Қызылқұм  Оғыз  даласы  деп  аталады.  Х 
ғасыр астанасы Янгикент қаласы болған. 965 жылы Киев князы Святославпен бірге 
Еуропа  мен  Азияны  жалғастыратын  Еділ  бойы,  Маңғыстау,  Үстірт  арқылы  өтетін 
сауда  магистральдары  үшін,  жайылым  үшін  маңызды  Дон  жəне  Қаратеңіз 
жазықтықтары  үшін  хазарларға  қарсы  одақ  құрды.  Хазар  қағанатын  талқандады. 

985 жылы князь Владимирмен бірігіп Еділ бұлғарларын талқандайды. Х-ХІ ғғ. Əли 
хан  кезінде  шектен  тыс  алым-салықнаразы  болған  сюбашылар  оғыз  көтерілісі 
болады. Оның мұрагері Шахмəлік тұсында 1041 жылы Хорезмді жаулап алды. Екі 
жылдан соң Шахмəлік селжұқтардың қолынан қаза табады. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. 965ж. оғыздар Хазар қағанатын талқандауда кімдермен одақтасты? 
2. 985ж. оғыздар кімдермен бірігіп, кімдерге үлкен соққы берді? 
3. Оғыздар көтерілісі кезіндегі жабғу болған кім? 
4. Оғыз мемлекеті қандай себептерге байланысты əлсіреп құлады? 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет