Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат –
мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея. Дәріс барысында «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен
түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болмақ.Студенттердіңрухани-
адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға,
қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық,
Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.
Елбасы тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың
сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызды айта келе, «Егер ұлт өзінің мәдени кодын
жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады», – деп атап көрсетті. Тақырыптың әдістемелік аясы
монистік біржақты көзқарастан плюрализмге, жалаң, тар түсініктен көп деңгейлі талдауға және
пәнаралық түсіністікке өту кезінде қалыптасады, ауқымын кеңейтеді.«Мәңгілік Ел» идеясының
мазмұны ұлттық идеяның маңызды құраушыларын (этносты қалыптастырушылық, азаматттық
және жалпымемлекеттік), сонымен қатар Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құруда
басшылыққа алынатын «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізі айқын нақтыланып,
атқарылуы тиіс бағыттарға ерекше назар аудару қажет: жаңа қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеу,барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі, Қазақ тілінің дамуы және
тілдердің үш тұғырлылығы, мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету,ұлттық зиялы
қауым рөлін көтеру, мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының
маңызды шарты.
Достарыңызбен бөлісу: