мазмұнымен танысып шығады. Мұндай семинардың да әдістемесінің әлсіз жағы бар.
Баяндамашы, оппоненттен басқа студенттер семинарға дайындықсыз келуі мүмкін.
Баяңдамашының өзі бір ғана мәселені қарастырып келетіндігін де ұмытпаған жөн. Сондықтан
әрбір студенттің баяндамаға қосымша ретіңде сөйлеуге, оппонент ретінде пікір айтуға дайын
болуын қадағалау керек. Оның үстіне кейде мұндай сабақ, студенттерге әдеттегі семинарда
жасалған баяндама, зірленуі-студенттің ғылыми зерттеу жұмысына араласуының негізгі бір
таталмыш тақырыптан тыс мәселелерге арналған және тақырыптан өзге мәселелерді қамтитын
сияқты болып та көрінеді.
Кеңейтілген әңгімелесу мен баяндамашылар жүйесін шартты түрде дербес форма ретінде
қарастыра отырып, олардың арасындағы ұқсастықтарды да ажыратуға болады. Кеңейтілген
түрдегі әңгімелесуде оқу тобы алдында сөйлеу, өте кең ауқымды материалдардың болуы және өз
бетінше іздену жағдайларында, іс жүзіңде баяндамаға айналады. Семинар сабағының деңгейін
көтеруге әрдайым назар аударылуы қажет. Ал баяндама тақырыбы барынша алуан түрлі болады.
Ол семинар сабағының жоспары сұрақтарының жүйесіне сай келуі мүмкін. Әсіресе семинар
тақырыбы мазмұны жағынан қандай да бір ғылыми мақала немесе монография туралы
хабарлама-баяндама студенттердің көбірек назарын аудартады. Кеңейтілген әңгімелесуде оқу
тобының барлығына консультация берген тәрізді етіп баяндамашымен де жұмыс жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: