Семинар сабағының Әдістемелік ұсынысы (барлық білім алушылар үшін)



Pdf көрінісі
бет5/56
Дата27.02.2023
өлшемі1,57 Mb.
#70147
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Тарих практика

3. Семинарды өткізу формасы 
Семинарды өткізудің формаларын таңдау түрлі факторларға, жағдайларға байланысты: 
тақырыптың мазмұнына сәйкестендіріліп көрсетілген және оқу құралдары мен деректердің 
сипатына қарай, соңдай-ақ оның көлеміне,дайындықтың деңгейіне, ұйымдастырылуына,
семинар өткізілгелі отырған оқу тобының белсенділігіне, оның мамандығы мен кәсіптік 
бағдарына, ең соңында келіп, өткен сабақтарда қолданылған әртүрлі сесеминар формаларының 
тәжірибесіне байланысты болады. Тандалған минар формасы оның барлық қызметін түгел жүзеге 
асыруға мүмкіндік беруі қажет. 
Жоғарғы оқу орыңдарында гуманитарлық пәндерден жүргізілетін практикалық 
сабақтардың көптеген формаларын қарастыруға болады: кең ауқымдағы терең, мазмұңды әңгіме, 
баяндама мен рефераттардың талқылануы, семинар-пікірталас, түсіндірмелі оқу, өз бетінше 
ойлауға негізделген жаттығу, тәлімгердің жетекшілігімен жүргізілген социологиялық 
зерттеулердің мәліметтері бойынша семинар, жазбаша бақылау жұмысы, семинар-коллоквиум 
және т. б. 
Жоғары оқу орнында гуманитарлық ғылымдар бойынша семинар формаларының 
әрқайсысына қысқаша тоқталайық. 
Кеңейтілген әңгіме — семинар сабағының ең кең тараған формаларының бірі. Ол бәріне 
бірдей көрсетілген міңдетті түрдегі және қосымша әдебиеттер арқылы студенттердің сабақ 
жоспарының әрбір сұрағына дайындығын талап етеді; студенттің өзінің оқу тобы алдында сабақ 
айтуы және олардың мәселені талқылауға салуы, оқытушының жоспарыңдағы сұрақтар бойынша 
айтқаны мен қорытындылауы. Кеңейтілген әңгіме жүргізу мәселені талқылауда студенттердің 
көпшілігін әңгімеге қатыстыруға мүмкіншілік береді, әрине, олардың белсенділігін көтеруде 
басқа да барлық мүмкіншіліктерді қолдану қажет. Семинар сабағында сөйлеген студентке және 
бүкіл топқа алдын-ала ойланып, жүйеленген сұрақтар қою, сабақ айтып тақтаға шыққан 
әріптестерінің күшті және әлсіз жақтарына студенттердің назарын аударту, оқу процесі 
барысында әрбір жаңа мәліметтерге студенттердің ерекше көңіл аударуы және т.б. жатады. 
Сонымен қатар, кеңейтілген-әңгіме кезінде, студент өз деңгейінде дайындалмаған болса, 
егер оқытушы сабақ айтатындарды, яғни кейбір сұрақтардың жауаптарын өзі толықтырып және 
туралап отыруына тура келген жағдайларда, студенттердің енжарлық танытқан сәттерінде сабақ 
мектептегідей "сұрақ жауап" тәсіліне айналып кетуі ықтимал. 
Кеңейтілген әңгіме кейде жеке студенттердің кейбір қосымша сұрақтарға байланысты 
алдын ала дайындалып, сабақ айтуын жоққа шығармайды. Мұндай жағдайларда ол республикада 
қазіргі кездегі қажеттілік ретінде жүріп жатқан өзгерістер туралы хабарлама болуы мүмкін, 
ауданның, университеттің, өздері машықтанып жүрген ғылым саласыңдағы жаңалықтар, жаңа 
ғана басылып шыққан кітап, мақала туралы айтылуы мүмкін. Бірақ мұндай хабарламалар оны 
талқылау үшін емес, талқыланған мәселеге қосымша ретінде қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет